ПОӘК 042-14-3-01 20. 16/03-2012 Басылым №2


Тақырып 9. Несие операцияларының есебі



бет4/5
Дата10.06.2017
өлшемі1,82 Mb.
#18595
1   2   3   4   5

Тақырып 9. Несие операцияларының есебі

Дәріс сұрақтары:

1. Несие операциялары есебін ұйымдастыру және тәртібі.

2. Қысқа мерзімді несиелердің бухгалтерлік есебі.

3. Кепілдік беру есебі және вексельдік несиелер есебі.

4. Орталықтандырылған және банкаралық несиелер есебі.
1. Несие операциялары есебін ұйымдастыру және тәртібі.
Несиелік операциялар коммерциялық мекеме ретінде банк қызметінің негізгі дәстүрлі активті қызметі болып табылады.

Несиелер ұсыну фирмалардың, кәсіпкерлік компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыру үшін жүзеге асырылатын оның басты экономикалық функциясы болып табылады. Банктер табыстың негізгі мөлшерін несиелік операциядан алады. Көптеген банктерде ссудалық операциялар олардың жиынтық активтерінің жартысынан көбін құрайды және табыстың 70 пайызына жуығын құрайды.

Несиелер несиелендіру процесінде банк пен оның клиентінің өзара қатынасы алдымен келісімдік сипатта жасалады, яғни несие сомасы және проценттік ставкалар мөлшері, оны көрсету әдісі және қайтару мерзімі несиелік келісім-шартта көрсетіледі. Несиелер тек несие қабілетті қарыз алушыларға беріледі.

Ссудалық шоттар жай ссудалық шот және арнайы ссудалық шот болады. Жай ссудалық шоттар бір реттік ссудалар қарыз алушының ағымдағы және есеп айырысу шоттарға есептелгенде және одан жою жүргізілгенде болады; арнайы ссудалық шот сауда, сауда-делдалдық ұйымдармен жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттарын төлеумен және жабдықтаушылардан табысты аударумен, сонымен қарыз жойылуында ашылады.

Әрбір 10-15күнде банк пен клиент арасындағы келісім шартқа сәйкес арнайы ссудалық шотты реттеу жүргізіледі. Бұл үшін дебет және кредит бойынша айналымдар салыстырылады, ал айырма есеп айырысу шотына жазылады немесе одан қажетсіздендіріледі.

Несиелер мерзімі бойынша келесідей түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді.

Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалдық құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.

Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі бір жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі құралдардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне беріледі.

Банкте ссуданы рәсімдеу үшін арнайы бөлім – несие бөлімі бар. Оның жұмысшылары несиелік келісім жасауға дейін клиентті зерттейді және талдайды

Осы мақсатта банкке клиент келесілерді ұсынады:

-есепті кезеңнің соңғы күніне бухгалтерлік баланс;

-ссуданың қажетті мөлшері және оны жоюдың техника-экономикалық негізділігі;

-қарыз алушының реквизиттері, ссуда сомасы, мақсаты, қайтару мерзімі көрсетілген өтініш;

-жедел міндеттеме.

Банк клиенке несиені рәсімдеуде кәсіпорынның нотариалды расталған жарғы көшірмесін, құрылтайшылық келісімді, жетекшілердің қолдары және мөрлердің үлгілері бар карточка талап етеді.

Ссудалық операцияларды рәсімдеу келесі тәртіппен жүргізіледі:

-несиелік өтінішті алу;

-өтінішті тіркеу журналындағы есеп;

-несиелік іс рәсімдеу және бөлімге немесе комитетке қарауға жіберу;

-ссудалық шот ашу және ссуданы беру.




2. Қысқа мерзімді несиелердің бухгалтерлік есебі.
Қысқа мерзімді ссуданың синтетикалық есебін жүргізу үшін шоттардың жоспары бойынша қарыз алушыдан тәуелді келесідей баланстық активті шоттар және несиелер түрлері арналған.

1411 “Клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер”; шоттың белгіленуі – клиенттерге бір жылға дейін берілген несиелер есебі. Шоттың дебеті бойынша клиенттерге берілген несие сомасы, сонымен қатар басқа банктердің қысқа мерзімді несиелері бойынша алынған талаптар сомасы көрсетіледі.

Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге қысқа мерзімді несиелер бойынша берілген талаптар сомалары кредиті бойынша қарызды жоюға түскен сомалар, сонымен қатар 1424 “Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі” немесе 1427 “ Банк қарыздары бойынша клиенттердің оқшауланған берешегі ” баланстық шоттарына жатқызылған қарыз сомалары жүргізіледі.

Бірінші топтағы синтетикалық шоттар ішінде 1411 екінші тәртіптегі шоттар бойынша қарыз алушының құқықтық құрылымынан тәуелді есеп құрылады: Қазақстан Республикасы қаржы министрлігіне көрсетілетін несиелер; жергілікті қаржылық органдарға көрсетілетін несиелер; мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға көрсетілетін несиелер; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға көрсетілетін несиелер; коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарға көрсетілетін несиелер; жеке тұлғаларға – резидент еместерге көрсетілетін несиелер, т.б.

Екінші тәртіптегі осы шоттар ішінен мерзімнен тәуелді есеп құрылады: 30 күнге дейін; 31 күннен 90 күнге дейін; 90 күннен 180 күнге дейін; 180 күннен 1 жылға дейін.

Ссудалық операциялардың аналитикалық есебі әрбір қарыз алушыға және әрбір жеке несиелік келісімге ашылатын жеке дербес шоттарда жүргізіледі.

Қарыз алушының жедел міндеттемесі 6125 шотта теңгемен, сондай-ақ валюта түрінде кірістеледі (көрсетілген несие және депозит бойынша болашақтағы талаптар). Ұлттық Банктегі ресми курстың өзгеруі шамасында жедел міндеттеме сомасы валютада қайта саналады. Кірістеу бойынша жазбаларды жүргізу үшін кіріс-шығыс баланстан тыс ордер екі данада жазылады. Жедел міндеттемелер несиелік операциялар есебі бөлімінде сақталады.
3. Кепілдік беру есебі және вексельдік несиелер есебі.
Берілген кепілдік хат бойынша банк міндеттемелерінің есебі үшін 6055 “Шығарылған немесе бекітілген кепілдіктер бойынша мүмкін талаптар” баланстан тыс шоттың кірісі бойынша мемориальді ордер жазылады.

Кепілдік хаттар 6055 шотта теңге, сондай-ақ валюта түрінде кірістеледі. Ұлттық Банктің валютаның ресми курсының өзгеруі шамасында кепілдік сомасы шетелдік валютада қайта есептеледі. Қарыз алушының міндеттерін орындау келісім бойынша мерзімі болған кезде және қарыз алушымен осы міндеттерді орындамауда несиелік операциялар есебінің бөлімі келесі жұмыстарды атқарады: қарыз алушы есеп айырысу шотында ақшалай қаржылардың бар болуында оперативтік бөлімге шотынан қаржыларды бенифицар шотына аудару туралы төлем тапсырмасын көрсетеді және келесідей жазбалар жасалады:

А) Дебет 2203 (клиенттің ағымдағы есеп шоты)

Кредит 1051 (ҚР Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоты);

Б) Дебет 2203 (клиенттің ағымдағы есеп шоты)

Кредит 2870 (басқа да транзиттік шоттар)

Дебет 2870 (басқа да транзиттік шоттар)

Кредит 1858 және бір уақытта

Дебет 1859 соманы шегерумен

Кредит 1051 конвертация үшін комиссия

Дебет 1859 комиссия сомасына

Кредит 4802 конвертация үшін.

Қарыз алушының шотында қаржының жоқ болуында операциялық бөлімге шот ашу туралы бұйрық береді:

А) Дебет 1861 берілген кепілдік бойынша шетелдік валютада және теңгеле дебиторлар

Б) 1861

және жазбаны жүзеге асыруда



Дебет 1861 Кредит 1051

Несиелік операциялар есебі бөлімінде ары қарай несиелік келісімге сәйкес пеня есептеу бойынша жұмыс жүргізіледі және кепілдіктер көрсету туралы келісім бойынша және операциондық бөлімдегі №1 картотекада орналастырылатын оның кепілдік хаты бойынша гарант шоттары бойынша міндеттемелер сомасына қарыз алушының шотында инкассалық бұйрық қойылады.

Берілген кепілдік хат бойынша міндеттемелерді уақытында орындамау үшін пеня есептеу уақыты өткен қарыз бойынша қарыз сомасынан 7130 баланстық шотта жүргізіледі, ол келесідей тәртіппен орындалады:

Қарыз қалдығы * пеня * кезеңдегі күндер саны.

Вексельдік несие банк клиентіне банктік жай вексельді беру жолымен көрсетіледі. Вексельдік несие бойынша қаржыландыру объекті тауарларды және қызметтерді сатып алу болып табылады. Банктік вексельдер банктің меншікті капиталының 25 пайызынан аспайтын сомада берілуі мүмкін.

Банктік вексельді беру жолымен көрсетілген несиені қайтаруды қамтамасыз ету залог немесе сенімді банктің кепілі формасында веквельдік несие туралы келісіммен қарастырылады. Қарыз алушы банкке несие алу үшін келеді. Клиент несиелік келісімнің сомасына банктен вексельдер пакетін алады. Клиент банк вексельдерін тауарлар және қызметтерді төлеу үшін қолданылады.

Вексельдік несиелендіру бойынша операциялар есебі үшін 1409 “Клиентке көрсетілген вексельдік несиелер” активті баланстық шоты ашылады, оның дебеті бойынша берілген вексельдік несиелер сомасы, ал кредиті бойынша мерзімінде жойылған несие сомалары және уақыты өткен шотқа жатқызылатын сомалар жүргізіледі.
4. Орталықтандырылған және банкаралық несиелер есебі.

Орталықтандырылған несиелік ресурстардың таратудың қатаң тәртібі бар: ол мақсатты пайдалануға бөлінеді және оның уақытында қайтарылуына жауапкершілікті тікелей коммерциялық банктер алады.

Екінші деңгейдегі банктер орталықтандырылған ресми негізде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұйымдастыратын несиелік аукциондардан алады. Аукционға банктік қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі пруденциальді нормативтерін орындайтын екінші деңгейдегі банктер қатыса алады.

Несиелік аукционға қатысу үшін келесідей құжаттар ұсынады:

-жылдық есеп бойынша аудиторлық қорытынды;

-Ұлттық банк бөлімшелерінде корреспонденттік шоттың бары туралы анықтама және онда дебеттік қалдықтың жоқтығы туралы анықтама.

Аукцион нәтижелрі бойынша Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктер арасында несиелік келісім жасалады. Орталықтандырылған несиелік ресурстар ақылы, банктер Ұлттық Банкке реқаржыландыру ставкасы бойынша процент төлейді.

Соңғы кездерде Ұлттық Банк несиелік аукциондар ұйымдастырмайды , ол коммерциялық банктердің өтімділігін реттеу мақсатында ломбардтық несиелер бере бастады.

Орталықтандырылған несиелер есебі Ұлттық Банкте ашылған активті “Банктерге көрсетілген несиелер мен аванстар” шотында және несиелік ұйымның пассивті 2051 “Ұлттық Банктен алынған несиелер” шотында жүргізіледі. Ұлттық Банкпен көрсетілген несиелер бойынша мерзімі өткен қарыздар есебі пассивті 2059 “Ұлттық Банктен және халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған несиелер бойынша банктің мерзімі өткен қарызы” шотында жүргізіледі.

Қазіргі кезде банкаралық несие кеңінен таралған. Ол банктер арасында несиелік ресурстарды сату- сатып алу туралы келісім жасалғанда пайда болады.

Банкаралық несие алу үшін қарыз алушы- банк банк және кредитор несиелік бөліміне келесідей құжаттар көрсетеді:

-өтініш, онда несие сомасы, оны пайдалану мақсаты және қайтару мерзімі көрсетіледі;

-нотариалды расталған жарғы көшірмесі;

-бір жылдың және несие алуға берілген күнге бухгалтерлік баланс;

-экономикалық нормативтер есебі;

-баланстың жеке баптары бойынша өңдеу кестелері;

-несиені қайтаруды қамтамасыз ететіндігі туралы дәлелдің болуы, яғни басқа банктердің олардың баланстары мен кепілдері.

Аналитикалық есеп банк-қарыз алушылармен, несиені жою мерзімдері және проценттік ставкалар деңгейі бойынша жүргізіледі.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Несиелердің қандай түрлерін білесіз?

2.Несие алу үшін банкке қандай құжаттар тапсыру керек?

3.Орталықтандырылған несие туралы не айтасыз?

4.Несиелік аукционға қатысу үшін қандай құжаттар ұсынылады?

5.Банкаралық несиелер деген не?

Әдебиеттер: (1) 295-324 бет, (2) 93-115 бет



Тақырып 10. Депозиттік операциялар есебі.

Дәріс сұрақтары:

1. Депозиттік операциялардың бухгалтерлік есебінің жалпы сипаттамасы.

2. Депозиттерді тарту және қайтару есебі.

3. Мерзімді және талап етуге дейінгі депозиттер.

4 . Банкаралық депозиттік операциялар.

1. Депозиттік операциялардың бухгалтерлік есебінің жалпы сипаттамасы.
Банктер өздерінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.

Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:

-банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;

-басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;

-депозиттік операциялар.

Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.

Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:

-мерзімді депозиттер;

-талап етілмелі депозиттер;

-жинақ салымдары;

-бағалы қағаздар.

Талап етілмелі депозиттер чектік депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады. Чектік депозит – бұл міндетті түрде өтелуге тиісті , салымшыға чек жазуға құқы беретін шот.

Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін контокоррент – біріңғай шот болып табылады. Контокорентте банк қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі.

Сонымен қатар талап ету депозитіне овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт – банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес , банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бұл да несие алмасуды білдіреді.

Талап ету депозитінің тағы бір түрі – нау-шоттар – пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау- шоттар – бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін ұсынады.

Депозиттік шоттардың келесі бір түрі – автоматтық аудару шоттары. Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін депозиттің түрі. Бұл депозиттерден басқа банктер баланстық есеп берулерінде «банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер» деп аталатын шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер – банк қызметкері беретін төлемі кепілденген чектер.

Жинақ депозит туралы келісім негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.

Жинақ кітапшаларындағы шоттар – бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін чектік емес депозиттер.

Мерзімдік салымдарға мерзімдік салымдар және салымды алу туралы алдын-ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге салынады. Депозиттің бұл түрін ашу үшін мерзімдік депозит туралы келісім жасалады. Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4 топқа бөлінеді:

-30 күннен 89 күнге дейін;

-90 күннен 179 күнге дейін;

-180 күннен 359 күнге дейін;

-360 күннен жоғары.

Бағалы қағаздар депозиттер түрінде былай бөлінеді:

-аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары мен облигациялары;

-сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен облигациялар;

-шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар (шетел валютасындағы аккредитивтер);

-депозиттік сертификаттар.

Депозиттік сертификат қаржылық құралдардың ең көп таралған түрі.

Депозиттік сертификат – эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы, салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша куәлік.


2. Депозиттерді тарту және қайтару есебі.
Депозиттерді тарту банк үшін маңызды міндет, сондай- ақ депозиттік

операциялардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру керек. Салым операцияларының есебін ұйымдастырудың міндеті - әр салым бойынша ақша қаржыларының дәл есебін қамтамасыз ету және банк мекемесінің қызметін басқару үшін қажетті ақпаратты алу. Бұл міндетті орындауға депозиттік операциялардың тиісті синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі. Аналитикалық есептің мәні нақты салымшы депозиттері, ал синтетикалық есептің мәні – депозиттердің анықталған түріне жататын депозиттер. Депозиттік салымдар есебі үшін қолданылатын шоттар:

2211 – Клиенттердің талап ету бойынша салымдары;

2215 – Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары;

2217 - Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары;

2219 – Клиенттердің шартты салымдары;

2221 – Клиенттердің арнайы салымдары;

2222 – Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың кепілдік –салымдары;

2223 – Клиенттердің кепілдік –салымдары.

Барлық шоттар пассивті: кредиттік сальдо банктің клиент алдындағы берешегін білдіреді: айналым дебет бойынша бұрын қабылданған депозит сомасында берешекті өтеу және пайыздарды қосу; кредит бойынша айналым бұрын қабылданған салымдар бойынша пайыздарды есептеу және жаңадан қабылданған салымдар.

Депозиттерді кіріс құжаттары негізінде, қолма-қол ақша негізінде тарту кезінде келесі шоттар корреспонденциясы қолданылады:

Дебет 1001 “Кассадағы ақша”

Кредит 2211-2229 “Тартылған салымдар”.

Депозитор – заңды тұлғалардан депозит қабылдау кезінде:

Дебет 2203 “Клиенттердің есеп айырысу шоты”

Кредит 2211-2229 “Тартылған салымдар”.

Басқа банктер қызмет көрсететін клиенттерден депозиттер тарту кезінде, тиісті ақша қаржылары корреспонденттік шоттар арқылы түседі. Бұл кезде келесі жазба жасалады:

Дебет 1051-1052 “Корреспонденттік шоттар”

Кредит 2211-2229 “Тартылған салымдар”.

Депозиттер бойынша тартылған қаржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік жазба жасалады:

Дебет 2211-2229 “Тартылған салымдар”

Кредит 1001 “Кассадағы нақта ақша”

2203 “Клиенттің ағымды шоттары”

1051-1052 “Корреспонденттік шоттар”.

Банк тартылған депозиттерді қайтармаған жағдайда мерзімі өткен депозиттер қатарына жатқызады және оған келесі жазба жасалады:

Дебет 2211-2229 “Тартылған салымдар”

Кредит 2224-2226 “Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз”.

Мерзімі өткен салымдар сомасын қайтарған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:

Дебет 2224-2226 “Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз”

Кредит 1001 “Кассадағы нақта ақша”

2203 “Клиенттің ағымды шоттары”

1051-1052 “Корреспонденттік шоттар”.


3. Мерзімді және талап етуге дейінгі депозиттер.
Мерзімді депозиттерге банк шоттарында анықталған мерзімде клиенттермен жасалған депозиттік келісім-шарттар негізінде сақталатын ақшалай қаржылар жатады. Банктер мұндай қаржылармен осы мерзім ішінде еркін пайдалана алады. Депозиттің бұл түрі ақылы, келісім-шартта төленетін процент түрі көрсетіледі. Осы депозитті пайдаланғаннан алынған проценттен депозит салушыға төленетін проценттен кем болады, яғни несиелік ресурс ретінде пайдаланады. Несие үшін алынған және депозит үшін клиенке төленген проценттер арасындағы айырма банк пайдасын құрайды.

1 жылға дейінгі мерзімді депозиттер есебі үшін 2015 “Клиенттердің мерзімді депозиттері” шоты арналған, шоттың кредиті бойынша 1 жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді депозитке түскен сомалар көрсетіледі, ал дебеті бойынша қысқа мерзімді депозиттерді жою үшін төленген сомалар көрсетіледі. Шот пассивті, кредиттік сальдо клиенттердің банк алдындағы қарызын көрсетеді.

Мысалы, банк клиенті- заңды тұлғаға қысқа мерзімді депозит 181 күннен 1 жылға дейінгі мерзімге 50 мың теңгені сақтау жағдайында ашылды, келісім соңында проценттерді есептеу – 30% жылдық.

Келесідей жазбалар жасалады:

1. Дебет 2203 “Клиенттің ағымдағы шоттары”

Дебет 1051 “Ұлттық банктің корреспонденттік шоты”

Кредит 2215 “Клиенттің қысқа мерзімді депозиттері” (50000 теңге)

2. Мерзімі біткен соң 15000 теңге процент есептеу (50000*30%)

Дебет 5215 “Қысқа мерзімді депозиттер бойынша проценттік шығындар”

Кредит 2720 “Клиенттердің депозиттері бойынша есептелген шығындар”

3. Келісім- шарт мерзімі біткен соң 15000 теңге депозит қайтарылады:

Дебет 2215 “Клиенттің қысқа мерзімді депозиттері”

Кредит 1051 “Ұлттық банктің корреспонденттік шоты”

Кредит 2203 “Клиенттің ағымдағы шоттары” 50000 теңге.

4. Есептелген процент сомасын төлеуде:

Дебет 2720 “Клиенттердің депозиттері бойынша есептелген шығындар”

Кредит 2203 “Клиенттің ағымдағы шоттары”

Кредит 1051 “Ұлттық банктің корреспонденттік шоты”.

1 жылдан жоғары депозиттердің есебі үшін 2217 “Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары” шоты арналған . Шот пассивті, кредиттік сальдо банк алдындағы клиенттің қарызын, ал дебеті бойынша – депозиттер мен проценттерді жою сомалары көрсетіледі.

Талап ету депозиттері клиентпен банкті ескертусіз кез келген уақытта алынуы мүмкін. Талап ету депозиттері есебі үшін 2211 “ Клиенттердің талап ету депозиттері” шоты арналған, шоттың кредиті бойынша клиенттерден алынған талап ету депозиттері, ал дебеті бойынша клиенттерге талап ету депозиттерін жою үшін төленген сомалар есептеледі.

Клиенттердің талап ету депозиттері бойынша проценттік шығындар 5211 “ Клиенттердің талап ету депозиттері бойынша проценттік шығындар” синтетикалық шотында жүргізіледі, шоттың дебеті бойынша талап етуге дейінгі депозиттер бойынша проценттік шығындар сомасы, ал кредиті бойынша 4999 “Салық салуға дейінгі табыс” шотына қажетсіздендірілген сомалар көрсетіледі.

Депозиттік операциялар бойынша аналитикалық есеп депозиттік келісімге сәйкес қатысушылармен ашылған дербес шоттарда жүргізіледі. Қатысушылар заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.

Дербес шоттардағы жазбалар негізі банктік жинақтың келісім – шарты болып табылады.

Аналитикалық есеп шоттары бойынша проценттерді есептеу үшін депозиттік шоттың әрбір иесіне сақтау мерзімі және проценттік ставкалар мөлшері бойынша жеке дербес шот ашады. Депозиттік жинақ бойынша есептелген проценттер сол кезеңнің балансында жүргізіледі.


4. Банкаралық депозиттік операциялар.
Банкаралық депозиттік операциялар да мерзімді және талап етілген болып бөлінеді. Мұндай операциялар, ережеге сәйкес баланстың өтімділігі деңгейі мен есеп айырысуларды реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

Басқа банктерден алынған несиелер сомасы 2051 “ҚР Ұлттық банкінен алынған несиелер”, 2052 “Шетелдік орталық банктен алынған несиелер”, 2053 “Халықаралық қаржылық ұйымдардан банкпен алынған несиелер”, 2054 “Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді несиелер”, 2056 “Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді несиелер”, 2058 “Басқа банктерден алынған қарыздар және несиелер бойынша банктің мерзімі өткен қарызы”, 2059 “ҚР Ұлттық банкінен алынған несиелер бойынша банктің мерзімі өткен қарызы” баланстық шоттарында есептеледі.

Банкаралық несиелер бойынша есептеу мен сыйақылар төлеу келесідей банктік шоттарда есепке алынады:

5110 – Қарыздар боынша сыйақы төлеуге байланысты шығындар;

5111 – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің овернайт қарыздары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығындары;

5112 – Шетелдік орталық банктердің овернайт қарыздары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5113 – Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5121 - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5122 - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5123 – Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5124 – Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5125 – Басқа банктердің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5126 – Басқа банктердің қысқа мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары (бір айға дейінгі);

5127 – Басқа банктердің қысқа мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары (бір жылға дейінгі);

5128 – Басқа банктердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары.

Аналитикалық есеп әрбір дербес шот бойынша қаржыларды орналастыру мерзімі және проценттік ставкалар дейгейі бойынша жүргізіледі.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Депозиттердің қандай түрлері бар?

2.Мерзімді депозиттердің есебі қалай жүргізіледі?

3.Банкаралық депозиттердің қандай түрлері бар?

4.Қарыздық пайыз деген не?

5.Талап ету депозиттерінің есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

6.Депозиттік сертификат деген не?



Әдебиеттер: (1) 245-265 бет, (2) 162-170 бет

Тақырып 11. Бағалы қағаздар есебі
Дәріс сұрақтары:

1. Бағалы қағаздар есебінің тәртібі.

2. Қайта қаржыландыру операциясының есебі.

3. «Репо» операциясының есебі.



  1. 4. Өтелгенге дейінгі, сатуға арналған және сатуға жарамды бағалы

  2. қағаздардың есебі.


1. Бағалы қағаздар есебінің тәртібі.
Бағалы қағаздар мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтайтай отырып куәландыратын құжат.

Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн- оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

Атаулы баға дивидендтерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға – бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға – бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.

Бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданылатын әртүрлі құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері онда көрсетілге мүліктік құқты өткізу үшін ұсыну қажеттігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Бағалы қағаздармен операцияларды жүргізудің тәртібі Қазақстан республикасының заңдылықтарымен реттеліп отырады.

Бағалы қағаздармен операциялар – келесідей мақсатарға жету үшін қор нарығында ақшалай қаржылармен немесе бағалы қағаздармен аяқтаған іс-әрекет немесе әрекеттер қатары:



  • банк қызметін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету – меншікті капиталды қалыптастыру және арттыру, қарыздық капиталды немесе ресурстарды айналымға тарту – эмиссиондық операциялар;

  • өз клиентінен меншікті және тартылған ресурстарды қор активіне салу – инвестициялық операциялар.

Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.

Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір төменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция -– бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.

Бағалы қағаздар мерзімді және мерзімсіз болады. Мерзімді – оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Олар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Мерзімсіз – айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар шексіз мерзім етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.

Инвестициялық (капиталдық) – капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т.б.).

Инвестициялық емес – тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, консаменттер).

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:


  • мемлекеттік;

  • муниципалдық;

  • мемлекеттік емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны;

эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікті өкімет органдарының қарыздық міндеттемелері жатады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.

Банк өзінің қызметтерін жүзеге асыру үрдісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:


  • акциялар;

  • депозиттік сертификаттар;

  • облигациялар;

  • бағалы қағаздардың басқа түрлері.

Бухгалтерлік есеп қызметі сәйкес баланстық шоттарда бағалы қағаздармен

операциялардың дұрыс бейнеленуін бақылауды және жалпыланған есебін, мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және сатып алу көлемі бойынша лимиттің сақталуын және алынған өтініштер негізінде дербес шоттар ашуды жүзеге асырады.



2. Қайта қаржыландыру операциясының есебі.
Қайта қаржыландыру1) мемлекеттік қарызды заемның жаңа түрін шығару арқылы өтеу, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға ауыстыру арқылы;

2) компанияның бағалы қағаздарды айналыстан шығару үшін алынған ақшаларды пайдалану мақсатында жаңа бағалы қағаздарды сатуы. Пайыздарды төлеу және заемдарды өтеу мерзімін ұзарту бойынша шығындардың үнемделуін қамтамасыз етеді.

Қайта қаржыландыру операцияларының есебі баланста алынған несие ретінде көрінеді. Қайта қаржыландыру операциялары бойынша пайыздық шығындар ай сайын есептеледі:

Жоғары өтімді бағалы қағаздарды қолданумен банктерді қайта қаржыландыруда банкте мынадай жазба жасалады:

Дебет 1050 “Банктердің корреспонденттік есеп шоттары” (1550, 2550)

Дебет 1751 “Алынған несиелер және депозиттер бойынша пайыздардың алдын ала төленуі”

Кредит 2300 “Айналысқа шығырылған басқа да бағалы қағаздар”.

Әрбір айдың соңында пайыздар шығындар шотына келесі жазба арқылы жатқызылады:

Дебет 5300 “Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығындар”

Кредит 1751 “Алынған несиелер және депозиттер бойынша пайыздардың алдын ала төленуі”.

Банк ломбардтық несиені жоюда келесідей жазба жасайды:

Дебет 2300 “Айналысқа шығырылған басқа да бағалы қағаздар”

Кредит 1050 “Банктердің корреспонденттік есеп шоттары” (1550, 2550).

Егер банк несиені өтемесе немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жоғары өтімді мемлекеттік бағалы қағаздарды кірістейтін болса, онда банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен хабарлама лағаннан кейін бағалы қағаздарды баланс есебінен шығарады:



  • табыс алу кезінде:

Дебет 2300 “Айналысқа шығырылған басқа да бағалы қағаздар”

2803 “Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны

мен олардың сату бағасы арасындағы айырма”

1751 “Алынған несиелер және депозиттер бойынша пайыздардың алдын ала төленуі” (ломбардтық несие бойынша дисконт сомасына)

Кредит 1201 “Саудаға арналған бағалы қағаздар”

1751 “Алынған несиелер және депозиттер бойынша пайыздардың алдын ала төленуі” (есептелген сыйақы сомасына)

4510 “Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша кірістер” (алынған табыс сомасына);


  • шығынға ұшыраған жағдайда:

Дебет 2300 “Айналысқа шығырылған басқа да бағалы қағаздар”

2803 “Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны

мен олардың сату бағасы арасындағы айырма” (жеңілдік сомасына)

5510 “Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша шығыстар”

(бағалы қағаздар құнының сомасына)

Кредит 1751 “Алынған несиелер және депозиттер бойынша пайыздардың

алдын ала төленуі”.


3. «Репо» операциясының есебі.

Екінші нарықта мемлкеттік бағалы қағаздардың өтімділігін қолдану үшін сатып алу- сату мәмілесінен басқа қайтадан сатып алу келісімі немесе РЕПО және кері РЕПО операциясының мәмлесі жүзеге асырылады. РЕПО және кері РЕПО операциялары мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығындағы екінші деңгейдегі банктер – алғашқы делдалдардың өтімділігіне демеу жасау бойынша басты құрал болып отыр, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында өзінің жалпы өтімділігіне оңтайлы әсер етеді.

РЕПО операциялары – екі бөлімнен тұратын қаржылық операция: бірінші бөлімде Ұлттық банк бағалы қағаздарды қатысушылардың бір мерзімді міндеттемелерімен бірге алғашқы делдалға сатады, екінші бөлімде Ұлттық банк аталған бағалы қағаздарды сатып алуға міндеттенеді, ал алғашқы делдал – РЕПО келісімшартында белгіленген мерзім ішінде Ұлттық банкке оларды ақша қаражаттарына ауыстыру арқылы қайтарады.

Кері РЕПО операциясы екі бөлімнен тұратын қаржылық операция: бірінші бөлімде (РЕПО – ны ашу) Ұлттық банк бағалы қағаздарды қатысушылардың бір мерзімді міндеттемелерімен бірге екінші бөлімде (РЕПО –ны жабу) алғашқы делдалдан сатып алады, онда Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатуға міндеттенсе, ал алғашқы делдал – РЕПО келісім-шартында белгіленген мерзім ішінде оларды ақша қаражаттарына ауыстыру арқылы сатып алуға міндеттенеді.

РЕПО операцияларының тағы бір анықтамасы – бұл бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген несие немесе бағалы қағаздарды кепілге ала отырып несиелеу.

Қызмет ету мерзіміне байланысты РЕПО үш түрге бөлінеді: түнгі (бір күнге), ашық (операция мерзімі белгіленбеген), мерзімді (бір күннен жоғары белгіленеген мерзіммен, мысалы, 7 жеті күн).

РЕПО операциясын жүргізу кезінде сату бағасы бойынша корреспонденция жасалады:

Дебет 1050 “Банктің корреспонденттік есеп шоттары”

Кредит 2231 “Клиенттерден “РЕПО” операциялары бойынша алынған қарыздар”.

Ай сайын сыйақы есептелінеді:

Дебет 5231 “ Клиенттерден “РЕПО” операциялары бойынша алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар”

Кредит 2730 “Айналысқа шығарылған өзге де бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар”.

Бағалы қағаздарды қайтадан сатып алу кезінде:

Дебет 2231 “Клиенттерден “РЕПО” операциялары бойынша алынған қарыздар”

Кредит 2730 “Айналысқа шығарылған өзге де бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар”

5231 “ Клиенттерден “РЕПО” операциялары бойынша алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар”

1050 “Банктің корреспонденттік есеп шоттары”.

Егер банктер өздерінің бағалы қағаздарын қайта сатып алмайтын болса, онда олар баланстан шығарылу қажет:

Дебет 2231 “Клиенттерден “РЕПО” операциялары бойынша алынған қарыздар”

2730 “Айналысқа шығарылған өзге де бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар” (РЕПО шығыстар сомасына)

Кредит 5510 “Бағалы қағаздарды сатып алу- сату бойынша шығыстар”

“Саудаға арналған бағалы қағаздар”.



4. Өтелгенге дейінгі, сатуға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың есебі.

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың есебі 1451 «Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар» баланстық шотында жүргізіледі. Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар өз кезегінде келесідей түрлерге бөлінеді:



  • табыс табу мақсатына арналған бағалы қағаздар;

  • хеджирлендіру мақсатына пайдаланылатын бағалы қағаздар. Оған облигациялар, депозиттік сертификаттар және т.б. жатады.

Бағалы қағаздар баланста номинальдық құны бойынша есепке алынады,

қайта бағалау жүргізілмейді. Номинальдық құны мен сату бағасы арасындағы айырма жеңілдік немесе сыйақы ретінде есептеледі.

Бағалы қағаздарды сатып алуда келесідей жазба жасалады:

1) бағалы қағазды жеңілдікпен сатып алу кезінде:

Дебет 1451

Кредит 1050

номинальдық құн мен сату бағасы арасындағы айырма сомасына:

Дебет 1804

Кредит 2802.

2) бағалы қағаздарды сыйақымен сату кезінде:

Дебет 1451

Кредит 1050

номинальдық құн мен сату бағасы арасындағы айырма сомасына:

Дебет 1802

Кредит 2804.

Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/ күн сайын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы есептелгенде келесідей жазба жасалады:

Дебет 1745 «Басқа бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер»

Кредит 4451 «Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Саудаға арналған бағалы қағаздар есебі 1201 шотта есепке алынады. Ал сатуға жарамды бағалы қағаздардың есебі 1452 шотта жүргізіледі. Бағалы қағаздарды сатып алу кезінде сатып алу бағасына келесідей жазба жасалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дебет 1201

Кредит 1050

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

Дебет 1452

Кредит 1050.

Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/ күн сайын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы есептелгенде келесідей жазба жасалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дебет 1201

Кредит 4201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер»

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

Дебет 1452

Кредит 4452 «Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер».

Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын бағалы қағаздардың құны нарықта белгілеуге немесе әділ құнын есептеуге сәйкес қайта бағаланады.

Бағалы қағаздар бойынша сыйақыны төлеу келесі жазба негізінде жүргізіледі:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дебет 1050

Кредит 1201

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

Дебет 1050

Кредит 1452.

Банк бағалы қағаздарды сатуға шешім қабылдағанда келесідей жазбалар жасалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дебет 1050

Кредит 1201

4510 «Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша кірістер»

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

Дебет 1050

Кредит 1452.

4510 «Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша кірістер» және бір уақытта капитал шотында жинақталған қайта бағалауға дейінгі қалдық табыс шотына жатқызылады.

Дебет 3561 «Сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері»

Кредит 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс».

Есепті жыл соңында 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс», 5709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнының өзгерісін қайта бағалау шығысы», 4510 «Бағалы қағаздарды сатып-алу сату бойынша кірістер» және 5510 «Бағалы қағаздарды сатып-алу сату бойынша шығыстар» шоттарында есептелген сомалар 4999 «Салыққа дейінгі табыс» шотына ауыстырылады.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Бағалы қағаздармен операциялар есебін жүргізудің тәртібі қандай?

2.Қайта қаржыландыру деген не?

3.Өтелуге дейінгі бағалы қағаздардың қандай түрлері бар?

4.Бағалы қағаздардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

5. «Репо» операциясы туралы не айтасыз.

6.Сатуға жарамды бағалы қағаздардың есебін жүргізу тәртібі қалай?

7.Саудаға арналған бағалы қағаздардың есебін жүргізу тәртібі қалай?
Әдебиеттер: (1) 529-575 бет, (2) 149-161 бет

Тақырып 12. Шетелдік валютасымен операциялар есебі
Дәріс сұрақтары:

1. Валюталық операциялар түрлері.

2. Шетелдік валютадағы сауда операцияларының және қайта бағалау бойынша операциялар есебі.

3.Валюталық-айырбастау операцияларының есебі.

4.СВОП және ОПЦИОН операцияларының есебі.


  1. 5. Халықаралық есеп айырысулар бойынша операциялар есебі.

1. Валюталық операциялар түрлері.
Қазақстан экономикасының халықаралық қатынастарға көшуі жағдайында валюталық операцияларды жүзеге асыру қажеттілігі туындады. Осындай мақсатта еліміз реттеудің тура (заңдылық актілерін шығару), сондай-ақ жанама (валюталық нарықтың субъектілеріне экономикалық әрекет) әдістерді қолданады.

Валюталық қатынастардың субъектілеріне Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары жатады.

Валюталық реттеулердің объектілері валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар болып табылады. Оларға шетел валютасы және бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем құжаттары, қарыздық міндеттеме, қымбат металдар) жатады.

Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар екі түрге бөлінеді: ағымдағы валюталық операциялар, яғни елден валюта аудару және валюта қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық несиелер және капитал қозғалысымен байланысты операциялар жатады.

Шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензияларды Ұлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші тұлғаларға берілмейді. Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге құқысы бар:


  • шетел валютасындағы қаражаттарды заңды және жеке тұлғалардың шотына және салымына орналастыруға және қабылдауға;

  • банктер мен ұйымдарға шетел валютасында несие және қарыздарды тарту және ұсыну;

  • заңды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сатуды жүзеге асыру;

  • валюталарды сатып-алу және сатуды жүргізу;

  • шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қатынастарды белгілеу;

  • өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;

  • шетел валютасында саудалық және саудалық емес операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;

  • халықаралық банктік тәжірибеге сәйкес басқа да опеарцияларды жүзеге асыру.

Валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін банктер уәкілетті

деп аталады. Валюталық реттеудің негізін құраушы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде заңдылықтарды сақтауын қамтамасыз ету.

Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар банктен валюталық шот ашады. Шот ашу үшін өтініш жазылып, тиісті құжаттар ұсынылуы керек.

Елуінші жылдардың соңынан бастап өнеркәсібі дамыған елдерде валютаны жедел ұсыну (“спот”) және мерзімді (форвардтық) мәмілелер кеңінен қолданыла бастады. Жетпісінші жылдардан бері биржада фъючерстік және опционды валюталық мәмілелер дамыды.



Шетел валютасындағы мерзімді мәмілелер (форвардтық, фъючерстік) – шарт жасаған кезде тіркелген бағам бойынша шетел валютасының сомасын белгіленген уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын валюталық мәміле.

Валюталық опцион сатып алу- сату – келісілген мерзім аяқталғанға дейін мәмілені жасау кезінде белгіленген бағам бойынша белгілі бір валюта көлемін тараптардың бір жағы сатып алу-сату мәмілесі кезінде сатып алу немесе сату құқығын таңдауға мүмкіндік беретін белгіленген комиссияны төлеу шарты кезіндегі келісім.

Валюталық фъючерс – мәмілеге отыру кезінде алдын ала белгіленген бағам бойынша белгілі бір мерзімге белгілі бір валютаның стандарттық көлемін сатып алу немесе сату міндеттемесін білдіретін келісім.

Своп” – бұл белгілі бір мерзімге сол валюталармен бір уақыты шартты мәміле бойынша жедел жеткізу жағдайындағы екі валюталық сатылу – сатып алуын қарастыратын валюталық опеарция болып табылады.


2. Шетелдік валютадағы сауда операцияларының және қайта бағалау бойынша операциялар есебі.



Валюталық операциялармен байланысты неарықтық қызметтің белгілі бір түрі – бұл төрелік – пайда табу мақсатында валютаны бір нарықтан сатып алу және сол нарықта оны сату. Төреліктің айтарлықтай маңызды нысаны – олардың қамтамасыз етілу икемділігін жоғарылату үшін пайыздық мөлшерлеме мен форвардтық сыйақы немесе дисконт айырмасы арасындағы қатынастарды банктер пайдаланатын және валюталық айырбас тәуекеліне ұшырамаған пайданы алу жағдайы кезіндегі пайыздық арбитраж.

«Спот» немесе «Форвард» жағдайында шетел валюталарын немесе бағалы металдарды сатып алу шартына банк қол қойған кезде келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады:

Дебет 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты талаптары»

Кредит 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».

Және бір уақытта осы өткізбеден теңге эквивалентінде келесідей жазба жасалады:

Дебет 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»

Кредит 6905 «Банктің шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты міндеттемелер».

«Спот» немесе «Форвард» жағдайында шетел валюталарын бағалы металдарды сату шартына банк қол қойған кезде, шоттар корреспонденциясы келесі түрде болады:

Дебет 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»

Кредит 6905 «Банктің шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты міндеттемелер».

Және бір уақытта теңгеде:

Дебет 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты талаптары»

Кредит 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».

Одан әрі валюта бойынша дербес шот ашылады. Валюталау күні есебінде нарықтық Валюталық күні – валюталық белгілеудің өзгеруі кезінде талаптар мен міндеттемелерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалаудан пайда алу кезінде баланстан тыс шотта мынадай жазу жасалады:

Дебет 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты талаптары»

Кредит 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».

Шығын болған кезде:

Дебет 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»

Кредит 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты талаптары».

Баланстық шотта бір уақытта қайта бағалау сомасына келесідей жазбалар жасалады:



  • пайда сомасына:

Дебет 3560 «Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құраларды қайта

бағалау резерві»

Кредит 4570 «Шетел валютас бойынша жұмсалмаған кіріс».


  • шығын сомасына:

Дебет 5570 «Шетел валютасындағы форвард операцияларын қайта

бағалаудан іске асырылмаған шығыстар»

Кредит 3560 «Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құраларды қайта

бағалау резерві».


3. Валюталық-айырбастау операцияларының есебі.



Қолма-қол шетел валютасындағы айырбас операцияларын уәкілетті ұйымдар, оның ішінде қолма-қол шетел валютасында айырбас операцияларын ұйымдастыруға Ұлттық банк лицензиясы берілген банктер жүзеге асыра алады. Олар банк орналасқан жерде немесе одан тыс жерде айырбас орындарын ашуға болады.

Айырбас орындары валюталық айырбас операцияларының келесідей түрлерін жүзеге асырады:



  • қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату;

  • шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;

  • қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау үшін қабылдау;

  • бір мемлекеттің валютасын екінші мемлекеттің валютасына айырбастау;

  • щетел мемлекетінің төлемсіз ақша белгісін сол шетел мемлекетінің төлемді ақша белгісіне айырбастау және т.б.

Айырбас орындары уәкілетті банк басқарушысының жазбаша өкімі

негізінде бекітілген сатып алу, сату бағамы және кросс- бағамына сәйкес сатып алу, сату және айырбас операцияларын жүргізеді. Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын бір жолғы сатып алу тіркеу журналына тіркейді. 200 және одан жоғары АҚШ долларындағы сомадағы шетел валютасын сатып алу және сату кезінде міндетті түрде қатаң есептеме бланкісінде анықтама- сертификат толтырылады.

Әрбір айырбас орындарында банк бір күн ішіндегі жұмысты қамтамасыз ететін қолма- қол теңге және шетел валютасында аванс көлемін белгілейді. Аванс көлемі айырбас орынының жұмысы бойынша міндетті тұлға қолы қойылған аванстық өтінішпен белгіленеді.

Авансты қолма-қол теңге немесе шетел валютасында беру шығыс кассалық ордер бойынша жүргізіледі.

Айырбас орындарының барлық операциялары банктің бухгалтерлік есебінде қай күні жасалды, сол күні көрсетілуі қажет. Айырбас орындарында жүргізілетін қолма-қол шетел валюталарын сатып алу және сату операциялары белгіленген нысан бойынша сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімі журналында опеарцияны жүргізу кезінде көрсетіледі.

Валюта –айырбас операцияларының аналитикалық есебі әрбір қолма-қол шетел валютасының, шетел валютасындағы төлем құжатының, шетел мемлекетінің төлемді және төлемсіз ақша белгісі және шетел валютасындағы төлем құжатының түрі бойынша , сондай-ақ ашылатын дербес шоттарында жүргізіледі. Дербес шоттар кіріс және шығыс кассалық ордерлер, сондай-ақ тізім негізінде жүргізіледі. Синтетикалық есеп құралдарына күнделікті баланстар, кассалық және бухгалтерлік журналдар, тексеру және айналым тізімдемесі жатады.

Жұмыс күнінің соңында сол күн ішіндегі операциялар бойынша нәтижелерді есептейді және келесі күнге қалдық шығарады. Жұмыс күні аяқталған соң айырбас орнының қызметкері шетел валютасын және түсімді сатып алу немесе сату туралы айырбас орнының күнделікті есеп беруін жасайды, валюталық және басқа да құндылықтарды есептейді, кассалық аппарат немесе компьютердің есептік құжат мәліметтерімен сәйкестігін салыстыруы және әрбір құндылықтары бар инкассаторлық сөмкеге үш данада жөнелтпе тізімдемесін жасайды.

Айырбас орнының бухгалтерлік есебіндегі операциялар келесі жағдайда көрініс табады:

-айырбас орнына теңге және шетел валютасында аванс ретінде берілген сомаға келесі жазба жасалады:

Дебет 1003 «Айырбас орынындағы қолма-қол ақшалар»

Кредит 1001 «Кассадағы қолма-қол ақшалар».

-айырбас орындарына түскен түсім сомасына:

Дебет 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ ұстанымның)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа ұстанымның)»

Кредит 4530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер».

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін қолма-қол қаражаттардың қалдығын банк инкассациялаған кезде:

-егер айырбас орнының қайтарған шетел валютасындағы сома есепке берілген сомадан асып түссе:

Дебет 1001 «Кассадағы қолма-қол ақшалар»

Кредит 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»

1003 «Айырбас орынындағы қолма-қол ақшалар».

-егер есепке берілген сома қайтарылған шетел валютасындағы сомадан асып түссе:

Дебет 1001 «Кассадағы қолма-қол ақшалар»



  1. «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

Кредит 1003 «Айырбас орынындағы қолма-қол ақшалар».

-Теңгеде өткізілген қалдық сомасы есепке берілген теңгедегі аванс сомасынан көп болса:

Дебет 1001 «Кассадағы қолма-қол ақшалар»

1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ ұстанымның)»

Кредит 1003 «Айырбас орынындағы қолма-қол ақшалар».

-Теңгеде берілген аванс сомасы теңгеде өткізілген қалдық сомасынан асып түссе:

Дебет 1001 «Кассадағы қолма-қол ақшалар»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа ұстанымның)»

Кредит 1003 «Айырбас орынындағы қолма-қол ақшалар».
4.СВОП және ОПЦИОН операцияларының есебі.




«Своп» опеарциясы – бұл «спот» және «форвард» опеарцияларының үйлесуі. «Своп» опеарциясы баланстан тыс есеп берудің бөлек дербес шотында көрсетіледі. Валюталық позицияның баланстық шотында «своп» операциялары бойынша бөлек дербес шот ашылады. Бұл шот шетел валютасының ағымдағы балансының өзгеруі кезінде қайталанбайды.

Шетел валютасындағы «своп» операциясы бойынша шартқа қол қою кезінде банк «спот» сатып алу кезінде келесі жазбаларды жүргізеді.

Дебет 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты талаптары»

Кредит 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»



  • және бір уақытта сатылатын валюталарға келесі жазулар жасалады:

Дебет 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»

Кредит 6905 «Шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты

міндеттемелер".

Сонымен бірге әрбір валюта бойынша бөлек дербес шот ашады. «Спот» сатып алу (сату) бойынша дербес есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде банк сату валютасы бойынша келесі жазба жасайды:

Дебет 6905 «Шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты

міндеттемелер"

Кредит 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»

Және барлық уақытта сатып алу валютасында:

Дебет 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»

Кредит 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты талаптары». Баланстық шот бойынша келесі жазба жасалады:

-сатып алынатын валютада:

Дебет 1001, 1050

Кредит 1858

-сатылған валютада:

Дебет 1858, 2858

Кредит 1001, 1050.

Бухгалтерлік есепте опциондарды жүргізу үшін баланстық және баланстан тыс дербес шоттар ашылады.

Банк опционды сатып алу кезінде оның бағасын төлейді және келесі жазбамен рәсімдейді:

Дебет 1870 «Банктің басқа транзиттік шоттары»

Кредит 1050 «Банктің корреспонденттік есеп шоттары»

-бір уақытта талап валютасында «спот» бағамы бойынша опционнның жалпы сомасына:

Дебет 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу- сату бойынша шартты талаптары»

Кредит 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы»

-және шартты міндеттеме валютасында:

Дебет 6999

Кредит 6905.

Бұдан әрі банк «спот» бойынша қайта бағалауды және ай аяғындағы «спот» және «форвард» бағамының арасындағы айырма негізінде опцион бағасын есептеу керек.

Банк опцион бойынша баланстан тыс шоттар бойынша есеп айырысуды жүргізген кезде кері жазбалар жасалады және бір уақытта баланстық шоттар бойынша келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады:

-валюталарды ресми сатып алған бағамынан жоғары сатқан кезде:

Дебет 1001, 1858 ,2858

Кредит 4530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер»;


  • валюталарды ресми сатып алған бағамынан төмен сатқан кезде:

Дебет 1858, 2858

Кредит 1001, 4530.

Банк опционды сатқан кезде опцион бағасы көлемінде ақша қаражаттарын

алады және келесі жазбаларды жүргізеді:

Дебет 1050, 2870

Кредит 2870.

Бір уақытта «спот» бағамы бойынша опцоинның жалпы сомасына:

Дебет 6405

Кредит 6999

және шартты міндеттеме валютасында:

Дебет 6999

Кредит 6905.

Банк опцион бойынша есептесу кезінде баланстан тыс шоттар бойынша кері өткізбелері жасалады, ол баланстық шот бойынша:

-сатып алу валютасын ресми бағамынан төмен шетел валютасын сатқан кезде:

Дебет 1001, 5530

Кредит 1858, 2858

-сатылған валютасн ресми сатып алған бағамынан жоғары шетел валютасын сатып алу кезінде:

Дебет 5530, 1858, 2858

Кредит 1001.
5. Халықаралық есеп айырысулар бойынша операциялар есебі.
Экспорт – импорт опеарцияларын жүзеге асыру кезінде халықаралық банктік есеп айырысудың келесідей нысандары қолданылады:


  • құжаттамалық аккредитив;

  • құжаттамалық инкассо;

  • банктік аударым.

Құжаттамалық аккредитив – экспортшы (траттаны акцептеу) пайдасына

төлемді жүргізу туралы клиент –импортшы тапсырысы бойынша берілетін бакнтің шартты ақшалай міндеттемесі немесе аккредитивте көрсетілген анықталған сомада және бекітілген мерзімде басқа банктің төлемді (тратта акцепті) жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Құжатты аккредитив өз кезегінде банктің бенефициарға өзінің тапсырыс берушісінің есебінен егер бенефициар аккредитивте көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынған жағдайда келісілген валютада белгілі соманы төлеуге беруі.

Инкассо – банктердің келесі мақсаттарда алынған нұсқаулықтар негізіндегі құжаттармен жүзеге асырылатын операция.



  • акцепт немесе төлемді алу;

  • акцептке немесе төлемге қарсы коммерциялық құжаттар беру;

  • басқа да жағдайларға байланысты коммерциялық құжаттарды беру.

Банктік аударым – банктің өзінің банк- корреспондентке өтініш бойынша

белгілі бір ақша сомасын төлеуді тапсыру.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қандай банктер шетелдік валютамен операцияларды жүргізе алады?

2.Шетелдік валютамен операциялардың аналитикалық және синтетикалық тәртібін айтыңыз?

3.Аккредитив деген не?

4.Айырбас пунктінде шетел валютасымен операциялардың есебі қалай

5.Берілген аванстардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?
Әдебиеттер: (1) 459-507 бет, (2) 129-148 бет

Тақырып 13. Банктің негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар, материалдық емес активтері операцияларының есебі
Дәріс сұрақтары:

1. Негізгі құралдардың есебі.

2. Тауарлық- материалдық қорлардың есебі.

3. Материалдық емес активтердің есебі.



1. Негізгі құралдардың есебі.
Негізгі құралдарға Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен тағайындалған есеп көрсеткіші 40 еседен кем емес құнымен ұзақ мерзім пайдаланылатын материалдық активтер жатады. Сонымен қатар құнынан тәуелсіз негізгі құралдарға ғимараттар мен құрылыстар; автокөлік құралдары; қарулар, сейфтер, кітаптар, есепке қойылған ксерокс, телефакс, телефон, өрт қорғау сигнализациялары; тұрмыс мұздатқыштары, элетр аспаптары, жазу машиналары, мебель, кассалық аппарат; есептеу техниклары және ірі банктік офис жабдықтары.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.

Өндірістік емес бағытқа – жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Өндірістік бағыты бойынша – жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады.

Банктегі негізгі құралдар келесі топтарға бөлінеді:

-ғимарат және құрылыс;

-компьютерлер;

-көлік құралдары;

-құралдар және басқа шаруашылық саймандар;

-басқа да негізгі құралдар.

Негізгі құралдарды бағалауда бастапқы, ағымдағы, баланстық және өтімділік құндары қолданылады. Баланста негізгі құралдар бастапқы құны бойынша көрсетіледі. Ол объектіні қайта жабдықтауда, яғни кеңейтуде, модернизациялауда, реконструкциялауда,, сонымен қатар өкімет қаулысына байланысты қалған негізгі құралға қайта бағалау жүргізгенде өзгеруі мүмкін.

Банк филиалдары негізгі құралдарды өздері жеткізілген лимитке сәйкес алады немесе орталықтанған тәртіпке сәйкес бас банктен алады.

Банктер негізгі құралдарды екі тәртіппен алады:

1) тауарлар үшін жабдықтаушыға алдын-ала төлеу арқылы. Алдын-ала төлем бекітілген аванс мөлшерінде (30 пайыз) жүргізіледі, қалған сома негізгі құралдарды алған соң төленеді.

2) Банк факт бойынша негізгі құралға төлеуде жабдықтаушыдан тауар алғаннан кейін төлейді.

Негізгі құралдарды қабылдағанда негізгі құралдарды қабылдау актісі толтырылады. Есепке алынған әрбір негізгі құралдардың әрбір объектісіне түгендеу номерін жазады. Негізгі құралдардың аналитикалық есебі түгендеу карточкаларда (теңгемен) әрбір затқа жеке жүргізіледі, сонымен қатар негізгі құралдардың есебі журналында да жүргізіледі. Онда объект аты, типі, маркасы, шығарылған жылы, шифрі, аналитикалық шот номері, инвентарлық номері, алғашқы құны, амортизация сомасы, т.б. көрсетіледі.

Ешқандай алдын ала төлеусіз құрастыруды қажет етпейтін негізгі құралдарды алуда келесідей жазба жасалады:

Дебет 1652 “Жер, үйлер, ғимараттар”



  1. “Компьютер жабдықтары”

  2. “Өзге негізгі құралдар”

Кредит 2856 “Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар”.

Негізгі құралдардың құрылысы шаруашылық немесе мердігерлік әдіспен

жүргізіледі. Негізгі құралдарды уақытынан бұрын тозуын болдырмау үшін оларды жөндеп отырады. Жөндеудің күрделі және ағымдағы түрлері бар.

Банкте негізгі құралдарды амортизациясын есептеу үшін құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі, құнды орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді түрде есептен шығару (өндірістік), құды сандар сомасы бойынша есептен шығару (кумулятивтік) және қалдықты азайту әдістерінің бірін қолданады.

Анықталған күні бағаға сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құнын келтіру мақсатында объектілердің қайта бағалануы жүргізіледі, нәтижесінде есеп және есеп беруде ағымдағы құн бойынша негізгі құраладр көрсетіледі. Негізгі құралдарды қайта бағалау жылына кем дегенде бір рет жүргізілуі керек.

Банк негізгі құралдарды қалпына келтіру мүмкін болмағанда немесе экономикалық тиімсіз болған жағдайда ғана есептен шығаруға жататын объектілерді анықтайды.

Негізгі құралдарды жою кезінде жою актісі толтырылады.

Амортизацияланған негізгі құралдарды есептен шығарғанда оның баланстық құнына келесідей жазба жасалады:

Дебет шот 1692 “Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген амортизация”

1693 “Компьютерлік жабдықтар бойынша амортизация”

1694 ”Басқа да негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация ”

Кредит шот 1652 “Жер, үйлер, ғимараттар”



  1. “Компьютер жабдықтары”

  2. “Өзге негізгі құралдар”.

Банктерде негізгі құралдардың қолда барын анықтау және олардың

сақтығына бақылау жасау мақсатында


2. Тауарлық- материалдық қорлардың есебі.
Банк қызметі үшін қажетті материалдар (отын, машинаға қосалқы бөлшектер, шина, инкассаторлық сумкалар, пломбаорау материалдары және т.б.) бухгалтерлік есепте 1602 “Басқа материалдық қорлар” шотында есептеледі.

Аналитикалық есеп материалдар қозғалысын басқару және бақылау қажеттілігіне қарай жүргізіледі.

Бухгалтерлік есепте материалдар үшін ақшалай қаржыларды төлеу келесідей жазбамен бейнеленеді:

Дебет 2856 “Күрделі салулар бойынша кредиторлар”

Кредит 2550 “Төлемдер бойынша есеп айырысулар” корреспонденттік шоты, есеп айырысу шоты.

Жабдықтаушылардан ере жүретін құжаттармен (накладной, шот-фактура) материалдардың түсуінде олардың түсуі және кірістелуі келесі жазбамен бейнеленеді:

Дебет 1620 “Басқа материалдар”

Кредит 1856 “Күрделі салулар бойынша дебиторлар”

2856 “Күрделі салулар бойынша кредиторлар”.
3. Материалдық емес активтердің есебі.
Материалдық емес активтер – басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін немесе тауарлар мен қызметтер көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және есеп берушілік туралы заңына сәйкес банктің материалдық емес активтеріне бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, лицензия, тауарлық белгі ,тауарлық марка және басқа активтерге құқықтар жатады.

Материалдық емес активтерді айырбастауға болатын және айырбастауға болмайтын деп екі үлкен топқа бөлуге болады.

Материалдық емес активтерді бағалауда бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни, материалдық емес активтер сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады.

Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады.

Материалдық емес активтердің есебі үшін 1659 “Материалдық емес активтер” шоты арналған.

Материалдық емес активтерді есептеуде келесідей жазбалар жасалады:

А) сатып алынған материалдық емес активтерді төлегенде

Дебет 1856 “Күрделі салулар бойынша дебиторлар”

Кредит 1001 “Кассадағы қолма-қол ақшалар”

1081 “Банктің корреспонденттік шоты”

2010 “Сыйақы алмай талап еткенге дейінгі депозиттер”

2203 “Басқа банктердің корреспонденттік шоты”;

б) материалдық емес активтерді кірістегенде

Дебет 1659 “Материалдық емес активтер”

Кредит 1856 “Күрделі салулар бойынша дебиторлар”


  1. “Күрделі салулар бойынша кредиторлар”;

в) амортизацияны есептеу:

Дебет 5788 “Материалдық емес активтер бойынша амортизациялық

аударымдар”

Кредит 1699 “Материалдық емес активтерге есептелген амортизация”;

Г) есептелген амортизация сомасына материалдық емес активтерді есептен шығару кезінде:

Дебет 1699 “ Материалдық емес активтерге есептелген амортизация ”

Кредит 1659 “ Материалдық емес активтер ”;

Д) қалдық құнға:

Дебет 5852 “Негізгі құрал-жабдықтарды материалдық емес активтерді сату шығыстары ”

Кредит 1659 “ Материалдық емес активтер”.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Материалдық емес активтер деген не және оған не жатады?

2.Материалдық емес активтер қалай бағаланады?

3.Материалдық емес активтер есебі бойынша қандай құжаттар толтырылады?

4.Материалдық емес активтер қай шотта есептеледі?

5.Материалдық емес активтердің кірістелуінде қандай жазба жасалады?

Әдебиеттер: (1) 413-437 бет, (2) 171-188

Тақырып 14. Банктің кірістері мен шығыстарының есебі.

Дәріс сұрақтары:

1. Банктің кірістері мен шығыстарының түсінігі және негізгі түрлері.

2. Банк кірістерінің есебі.

3. Банк шығыстарының есебі.

4. Бөлінбеген табыс есебі.

5. Банктегі салықтар есебі.



1. Банктің кірістері мен шығыстарының түсінігі және негізгі түрлері
Кез келген кәсіпкерлік қызметтің маңызды мақсаты – табыс табу болып табылады. Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең.

Шығындар – бұл шаруашылық жүргізуші субъектіге тиесілі келісімшарттар және оқиғалардың нәтижесінде, сонымен қатар шығынның немесе акционерлік капиталды үлестірудің нәтижесі болып табылатындарын қоспағандағы субъектіге әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер, оқиғалар мен жағдайлар нәтижесінен капталдың азаюы.

Банк шығыстары теңгемен есептеледі оған жататындар:

-проценттік төлемдер;

-комиссиондық төлемдер;

-алынған несиелер бойынша ;

-депозиттер бойынша;

-форвардты операциялар бойынша;

-лизингтік операциялар бойынша;

-бағалы қағаздарды сату – сатып алумен байланысты шығындар.

Табыс – есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе банк қызметінің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына сәйкес өлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы экономикалық пайданың көбеюі.

Шығыс - есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағыны немесе пайдалануы түріндегі азаюына әкелетін қарыздардың пайда болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлінетіндерінен ерекше болады.

Табыстан негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен болады. Табыстар проценттік және проценттік емес болып бөлінеді.

Табыстар, әдетте операция орындалған және түсімді алу және оны өлшеу мүмкіндіктеріне қатысты қатаң сенімділік болған жағдайда мойындалады. Шығындар шығыс немесе алдында мойындалған актив болашақтағы экономикалық пайданы ұстай алмаған жағдайда мойындалады.

Өнімді өткізу кезінде табыс танылған болса, онда табыс пен шығыстарды тану қағидаларын қолдану келесідей болуы мүмкін:

-өткізгенге дейін;

-өткізу кезінде;

-өткізгеннен кейін.


2. Банк кірістерінің есебі.

Несиелерге проценттер есептеу, төлеу мерзімі аяқталуына дейін, әрбір ай соңында келесі жазбалармен көрсетіледі:

Дебет 1730 “Есептелген табыстар”

Кредит 4302 “Проценттік табыстар”.

Есептелген проценттерді төлеуге түскен ақшалай қаржыларын есепке алу үшін келесі жазбамен көрсетіледі:

Дебет 2203 «Есеп айырысу шоты»

Кредит 1703 «Есептелген проценттер»

Қарыздарды жапқаннан кейін есептеулерді істен шығару:

Дебет 4302 “Проценттік табыстар”

Дебет 1730 “Есептелген проценттерден табыстар”

Кіріс 7130 “Шығындарға жатқызылған қарыздар”.

Комиссиондық табыстар төленген кезде немесе төлеуші оларды танып, мойындаған кезде ғана бекітіледі.

Несие берген кезде банк комиссиондық төлемдер алып отырады:

А) егер комиссиондық төлемдер көлемі банк балансына айтарлықтай әсер етпесе, оларды бірден комиссиондық төлемдерге жатқызуға болады және келесідей жазбамен бейнеленеді:

Дебет 2203, 1051 (есеп айырысу шоты, корреспонденттік шот)

Кредит 4349 (несие бойынша комиссиондық сыйақылар)Ү

Б) егер комиссиондық төлемдер сомасы банк балансына әсер етсе, онда оларды табыстар қатарына біртіндеп жатқызады:

Дебет 2203, 1051 (есеп айырысу шоты, корреспонденттік шот)

Кредит 2751 (Алдын-ала төленген проценттер).

Одан кейін жалпы сомадан белгілі бір процентті табыстар шотына аударып отырады:

Дебет 2751 (Алдын-ала төленген проценттер)

Кредит 4349 (Несиелер бойынша комиссиондық сыйақылар).

Бағалы қағаздарды және шетелдік валюталарды мойындау, тек оларды қайта бағалаудан кейін ғана жүргізіледі:

Дебет 1859 (Валюталық тұрғыдан шетелдік бағамдардың контробағасы)

Кредит 4530 (Шетелдік валюталарды қайта бағалау бойынша сату – сатып алудан табыстар).

Негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдық қорларды сатудан табыстар меншік құқығы берілгенде және төлеуші қарызды танып мойындаған кезде ғана бекітіледі:

Дебет 1001, 2203, 2860 (Кассадағы нақты ақша, есеп айырысу шоты, басқа да дебиторлық қарыздар)

Кредит 4852, 4853, 4854 (Негізгі құралдарды, бағасы арзан, тез тозатын заттарды, материалдарды өкізуден табыс).

Резервтік қамтамасыз ету бойынша табыстар , ерекше жағдайларға байланысты ғана жойылады:

Дебет 1339 (Есептелген несиелер мен депозиттер бойынша төленген қарыздар)

Кредит 4920 (басқа да табыстар).
3. Банк шығыстарының есебі.
Міндеттемелерге есептелген және проценттік шығындар 2000-2499 шоттарында, проценттік шығындар – 5000-5499 шотында есептеледі.

Әрбір міндеттеме шотына сәйкес проценттік шығындар шоты болады, онда міндеттемелер шотының соңғы үш саны шығындар шотының соңғы үш санына сәйкес болады.

Мысалы, Ұлттық Банктен алынған несиелер – 2051, несиелер бойынша процент шығындары –5051, тұтынушылардың қысқа мерзімді несиелері –2215, қысқа мерзімді несиелер бойынша проценттік шығындар –5215 және т.б.

Болашақ кезең шығындарын төлеу үшін әрбір банк ай сайын несиелер мен депозиттер бойынша проценттер есептеп отыруы қажет.

Есептелген шығындарды төлеу үшін 2700 топ шоттары арналған. Шығындар мен оларға проценттерді төлеу үшін олардың сәйкес сандары болады.

Мысалы, банктердің корреспонденттік шотын есепке алу үшін: проценттер есебі –2020, осы топ бойынша шығындар есебі –2720, тұтынушылардың міндеттемелері есебі- 200, 2720 шоттары және т.б.

Тек келесі шоттар ғана есептелмейді:

-2010 (проценттік емес депозиттер);

-5091 (басқа да шығындар);

-2749 (мерзімі өткен проценттер есебі);

-5304 (своптар бойынша есеп айырысулар);

-5024 (банктің корреспонденттік шоты бойынша проценттік шығындар).

Несиелер мен депозиттер бойынша шығындар дегеніміз ақша қаражаттарын қарызға алумен байланысты проценттік төлемдер мен басқа шығындар. Проценттер алдын- ала белгіленген кезеңнің басы мен соңына қарай төленеді. Басқа банктерден, қаржылық және қаржылық емес ұйымдардан несие немесе депозиттер алу келесідей жазбамен рәсімделеді:

Дебет 1051, 2203 (корреспонденттік шот, есеп айырысу шоты)

Кредит 2054 (несие немесе депозит шоты)Есептеулер депозит немесе несиелер алған кезде, келесі айда жүргізіле бастайды:

Дебет 5054, 5215 (проценттік шығындар)

Кредит 2705, 2720 (есептелген шығындар).

Есептелген проценттер төленгенде:

Дебет 2705, 2720 (есептелген шығындар)

Кредит 1051, 2203 (корреспонденттік шот, есеп айырысу шоты).

Комиссиондық шығындар , оларды төлегенде немесе оларды төлеуші мойындағанда есеп жүргізіледі:

Дебет 5601, 5008 (комиссиондық шығындар)

Кредит 1051, 2203 (корреспонденттік шот, есеп айырысу шоты).

Шетелдік валюта мен бағалы қағаздарды қайта бағалаудан шығындар:

Дебет 5530, 5510 (шетел валютасы және бағалы қағаздарды қайта бағалаудан кейін сату- сатып алу шығыны)

Кредит 2859, 2730 (шетел валютасының контроқұны, бағалы қағаздар бойынша есептелген шығындар).

Айналымға шығарылған бағалы қағаздар бойынша проценттер банк шығындарына есептелген проценттерге жатқызу жолымен ай сайын жүргізіледі және келесі жазбамен бейнеленеді:

Дебет 5250 (бағалы қағаздар бойынша проценттік шығындар)

Кредит 2250 (есептелген, бірақ төленбеген шығындар).

Резервтік қамтамасыз ету оларды құру уақытында мойындалады:

Дебет 2451 (төленген несиелер бойынша ассигнация)

Кредит 1439 (несиелерді қамтамасыз ету).

Қаржылық жылдың соңында барлық кірістер және шығындар шоттары нәтижелік шоттарға жабылады.
4. Бөлінбеген табыс есебі.

4999 «Салыққа дейінгі пайда» шоты бюджетке салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленгенге дейін банк табыстарының сомасын есептеуге арналған. Дебет бойынша шығыстардың баланстық шоттары жабылған кездегі банк шығыстарының сомалары және «Бөлінбеген таза табыс (өтелмеген шығындар) 3599 баланстық шотына есептен шығарылған сомалар жүргізіледі.

4999 шоттың дебет бойынша қалдық өз алдына шығыстардың табыстардан асып кетуі нәтижесінде алынған шығынды көрсетеді, кері жағдайда 4999 шоттың кредиті бойынша табыс тұрақтанады.

Шығын шеккен жағдайда келесі жазба жасалады:

Дебет 3599 Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

Кредит 4999 (салыққа дейінгі табыс)

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шоты алдыңғы жылдардағы бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) сомасын көрсетеді. Бұл шот өткен жылдың пайдасы сомасына жаңа жылда соңғы айналымдарды жүргізгеннен кейін бірінші жұмыс күніне кредиттеледі және келесі жазбамен көрсетіледі:

Дебет 4999 (салыққа дейінгі табыс)

Кредит 3599 (бөлінбеген табыс).

Алынған қаржылық нәтиже дивидендтерді төлеуге жұмсалуы, резервтік қорларға аударылуы немесе қайта инвестициялануы, яғни банк қызметін кеңейтуге қолданылуы мүмкін.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Банктің кірістері деген не?

2.Банк кірістер қандай әдіспен есептеледі?

3.Банк шығыстары деген не?

4.Банк шығыстары қандай төлемдерден тұрады?

5.Комиссиондық шығындар қалай танылады?
Әдебиеттер: (1) 605-614 бет, (2) 193-199 бет

Тақырып 15. Банктің меншікті капиталымен операциялар есебі
Дәріс сұрақтары:

1. Банктің меншікті және акционерлік капиталының жалпы түсінігі.

2. Бағалы қағаздарды шығаруды тіркеу есебі және дивидендтерді есептеу.

3. Пайданы тарату есебі. Қорлардың пайда болуы және оларды пайдалану.


1. Банктің меншікті және акционерлік капиталының жалпы түсінігі.
Банктің меншікті капиталы – бұл банктің міндеттемелері шегерілген активтерінің құны. Меншікті капитал пассивті операцияларға жатады және мыналарды қамтиды:

    • акционерлік капитал – жай (мерзімсіз бағалы қағаздар), артықшылығы бар акциялар (дауыс беру құқығы жоқ);

    • банктік резервтер – күтілмеген жағдайларға дивидендтер төлеуге, өтелмеген несиелер шығындарын жабуға арналған резервтер;

    • қосымша төленген капитал, жай және артықшылығы бар акцияларды сату бағамы мен олардың номиналы арасындағы айырма есебінен құралады;

    • қосымша төленбеген капитал активтерді қайта есептеу есебінен құралады;

    • бөлінбеген пайда – банктің өз еркінде қалатын жинақталатын пайда сомасы.

Меншікті капитал бірнеше қызметтерді атқарады: қорғау, оперативті,

реттеуші айналым және резервтік қызмет.

Жарғылық капитал немесе қор банктің меншікті құралдарын қалыптастырудың негізгі қайнар көзі болып табылады және акционерлермен салынған қаржылардың жиынтығын көрсетеді.

Баланста жарғылық қор хабарланған жарғылық қор сомасында талап етілмеген және сатып алынатын акцияларды шегерумен көрсетіледі.

Банктің жарғылық қоры баланста 3000 “Банктің жарғылық қоры” шотында көрсетіледі.

Тіркелген капиталдың төленбеген жарғылық капитал мөлшері баланстық шоттарда есептеледі, 3001 “Жарияланған жарғылық капитал – жай акциялар”, 3025 “ Жарияланған жарғылық капитал – артықшылығы бар акциялар ”. Төленбеген жарғылық капитал сомасы жай акциялар – 3002 “Төленбеген жарғылық капитал – жай акциялар” шотта және 3026 “Төленбеген жарғылық капитал – артықшылығы бар акциялар ”.

Банктің жарғылық қорының қаржысын арттыру мақсатында жаңа акционерлерді тартумен қосымша қаржыларды мобилизациялайды.

Жарғылық қордың мөлшерін өсуінде келесідей жазба жасалады:

Дебет 3002 “Төленбеген жарғылық капитал – жай акциялар”

3026 “Төленбеген жарғылық капитал – артықшылығы бар акциялар ”

Кредит 3001 “Жарияланған жарғылық капитал – жай акциялар”,

3025 “ Жарияланған жарғылық капитал – артықшылығы бар акция ”.

Жарғылық капиталға салымдар төленуі:

Дебет 2860 “Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар”

Кредит 3002 “Төленбеген жарғылық капитал – жай акциялар”

3026 “Төленбеген жарғылық капитал – артықшылығы бар акциялар ” және

Дебет 1001 “Кассадағы қолма-қол ақшалар”

1051”Банктің ҚР Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп шоты” – сату бағасы бойынша

Кредит 3002 “Төленбеген жарғылық капитал – жай акциялар”- атаулы құны бойынша

3026 “Төленбеген жарғылық капитал – артықшылығы бар акциялар ” – атаулы құны бойынша

3101 “Акциялар бойынша сыйақылар” – сату бағасы мен атаулы құн арасындағы айырма.

Резервтік капитал – бөлінбеген табыстан аударым есебінен қалыптасатын банктің меншікті қаражаттарының бір бөлігі. Резервтік капиталды пайдалану және қалыптастыру тәртібі қолданылып жүрген заңмен және құрылтай құжаттарымен анықталады. Резервтік қор банктің әртүрлі шығындарын жабу үшін, сонымен қатар артықшылығы бар акция иелеріне дивидендтер төлеуге қаражаттар жетіспеген жағдайға құрылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің талаптарына сәйкес резервтік қор мөлшері сыныптауға жатпайтын активтер сомасының 5 пайызы мөлшерінде анықталады.

Резервтік капитал құру кезінде келесі жазба жасалады:

Дебет 3599 “Бөлінбеген табыс (өтелмеген шығын)”

Кредит 3510 “Банктің резервтік капиталы”

Дивидендтерді төлеу үшін қаражаттар жетіспеген кезде олар резервтік капитал қаражаттары есебінен төленеді эжәне келесі жазбамен рәсімделеді:

Дебет 3510 “Банктің резервтік капиталы”

Кредит 1853 “Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)”.

Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) сомасы оның алдыңғы жылдар сомасын көрсетеді.
2. Бағалы қағаздарды шығаруды тіркеу есебі және дивидендтерді есептеу.
Банктің жарғылық қоры мөлшерінің өсуінде банк акцияларды – бағалы қағаздарды шығару туралы жариялайды.

Эмиссия проспектін және акцияларды шығару нәтижелері туралы есеп жасайды және бекітеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне қарауға көрсетеді және бағалы қағаздар бойынша эмиссиялар проспектісін Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясында және Қазақстан Республикасы Заң министрлігінде тіркеу жүргізеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссия бағалы қағаздар бойынша эмиссия проспектісін және акцияларды шығару нәтижесі туралы есепті тексеріп, банкке сәйкес хат және тіркелген есептің бір данасын береді және Заң министрлігіне акция шығарудың мемлекеттік тіркеу номерін бекіту үшін жібереді.

Акция бланкі номинальдық құны бойынша 7360 “Сақтауға акциялар және басқа бағалы қағаздар” баланстан тыс шотында есептеледі. Шоттың кірісі бойынша акция алынған бланкілерінің құны бейнеленеді. Шығысы бойынша таратылған акциялардың құны қажетсіздендіріледі.

Сатылған құрылтайшылық акциялар сомасы 3001 “Жарияланған жарғылық қор – қарапайым акциялар” шотында, 3025 “ Жарияланған жарғылық қор – артықшылығы бар акциялар” шоттарында бейнеленеді.

Дивидендтер – бұл акционерлер арасында бөлінуі тиіс таза табыс бөлігі. Әдетте таза табыс санына сәйкес үлестіріледі. Жай дивидендтер бұл банктің өз табысынан акционерлері үшін жүргізетін қолма-қол төлемдері. Артықшылығы бар акциялар жай акцияларға қарағанда ұнамдырақ болып келеді: белгілі бір дивиденд сомасы артықшылығы бар акциялар иелеріне жай акциялар иелері өз үлесін алғанға дейін төленеді. Төлемдер сомасы акцияның атаулы құнына пайыздық қатынаста анықталады. Банк қаржылық жылды қалай аяқтағанына байланыссыз артықшылығы бар акциялар иелері қанағаттануы тиіс.

Акционерлерге дивидендтер квартал сайын есептеледі, төлем жылдың соңында акционерлер жиналысында бекітілгеннен кейін жүргізіледі және келесі жазбамен бейнеленеді:

Дебет 4999 (салыққа дейінгі пайда)

Кредит 1860 (басқа дебиторлар)

Есептелген дивидендтерді төлеуде:

Дебет 1853 “Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)”

Кредит 1001, 2003 (кассадағы ақша, есеп айырысу шоты).

Табыстан дивидендті төлеуге жетпеген жағдайда артықшылығы бар акциялар бойынша резервтік қордан төленеді:

Дебет 3510 резервтік қор

Кредит 1853 “Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)”.


3. Пайданы тарату есебі. Қорлардың пайда болуы және оларды пайдалану.
Пайда жылдың нәтижелері бойынша банктің табысы мен шығындарының айырмасы ретінде қалыптасады.

Пайданы бөлу есепті жыл нәтижелері бойынша акционерлердің жалпы жиналысы шешімі бойынша келесідей тәртіпте жүргізіледі: 30% -бюджетке төлемдер; пайданың қалған бөлігі банктің қадағалау кеңесімен бекітілген пайданы қалыптастыру және бөлу туралы ережеге сәйкес 1) резервтік қор құруға - 20%; 2) дивидендтер төлеуге -40%; 3) жинақтау қорына -25%; 4) тұтыну қорына -15%.

Пайданы бөлуде келесідей жазба жасалады:

Дебет 3599 (бөлінбеген табыс)

Кредит 2581 (салық бойынша есеп айырысулар)

Кредит 3510 (резервтік қор)

Кредит 2853 (акционерлермен есеп айырысулар)

Кредит 3580 (өндірістік және әлеуметтік даму қоры).

Банктің резервтік қоры банк қызметін жүзеге асырумен байланысты зиянды жабу үшін құрылады. Резервтік қордың мөлшері Ұлттық банктің талаптарына сәйкес келуі керек. Қазіргі кезде ол қазақстан Республикасы Ұлттық банкі талаптарына сәйкес жіктеуге жатпайтын активтер сомасынынң 5%-і мөлшерінде анықталады.

Тұтыну және жинақтау қоры өз қалаулары бойынша құрылады, яғни оның шамасы банк басқармасымен анықталады. Тұтыну және жинақтау қоры банк басқармасымен бекітілген смета бойынша шығындалады.

Тұтыну қоры банкке салық инспекциясымен заңдылықтарды бұзумен байланысты айыппұлдарды төлеу бойынша шығындарды жабуға; жұмысшыларға тұтынушылық несиелер ұсыну үшін; материалдық көмек көрсету үшін; банктің жұмысшыларына мәдени-бұқаралық шаралар жүргізуге қор құруға қолданылады.

Жинақтау қоры жалпы банктік инвестицияларға, банкті компьютерлендіру және автоматтандырудың біріңғай кешенді жүйесін өңдеу және енгізуге, қызмет ғимараттарын, тұрғын-үй және т.б. жұмсалуы мүмкін.

Заңды тұлғалардан табыс салығы жыл ағымында аванспен төленеді және келесі жазбамен бейнеленеді:

Дебет 2851 (салық бойынша есеп айырысу)

Кредит 1051 (корреспонденттік шот)

Табыс салығы бойынша есеп айырысулар жасалғаннан кейін әрбір квартал сомасы 5999 «Табыс салығы» шотына жатқызылады.

Алдыңғы жылда банкпен алынған зиянды жабуда келесідей жазба жасалады:

Дебет 3510 (резервтік қор)

Кредит 3599 (бөлінбеген табыс немесе зиян)

Тауар немесе қызмет үшін беру немесе төлем, сонымен қатар басқа қажеттіліктерге өндірістік және әлеуметтік даму қорынан төлемдер келесі жазбамен көрсетіледі:

Дебет 3580 (өндірістік және әлеуметтік даму қоры)

Кредит 2203,1001 (есеп айырысу шоты, кассадағы ақша).



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Банктің меншікті капиталы деген не?

2.Банктің меншікті құраладрын қалыптастырудың негізгі қайнар көзі не болып табылады?

3.Банк акциялар қандай формада шығарылады?

4.Банктің жарғылық қоры баланста қандай сомамен көрсетіледі?

5.Жарғылық қордың мөлшерін жоғарылатуда қандай жазба жасалады?

6.Акциялар бланкі қайда есептеледі?

7.Акционерлерге дивидендтер қалай есептеледі?

8.Банк пайдасын бөлу қалай жүргізіледі?

9.Банктің резервтік қоры не үшін құрылады?

10.Тұтыну қоры қандай мақсаттарға пайдаланылады?



Әдебиеттер: (1) 585-602 бет, (2) 189-192 бет

Тақырып 16. Банктің салық салу есебі
Дәріс сұрақтары:

1. Салық мәні және салық есебінің принциптері

2. Корпорациялық табыс салығы

3. Қосылған құн салығы

4. Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқа да салықтар
1. Салық мәні және салық есебінің принциптері
Банктер 2002 жылдың 1- қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12- мауысдағы №210-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес салық саясатын жүргізеді.

Осы Кодексті іске қосумен байланысты Қазақстанда бухгалтерлік есептің салық салу жүйесінен заң негізінде бөлінуі жүзеге асты, осыған байланысты, бір уақытта екі есеп түрін бірге жүргізу қажеттілігі туындады: бухгалтерлік және салықтық. Салық есебі салық міндеттемелрінің пайда болуын және шамасын дұрыс анықтау, табыстар мен шегерімдерді есепті кезеңдерге жатқызу және ақырында заңмен бекітілген мерзімді бюджетке төленуі тиіс салық сомасын алу мақсатында туындайды.

Қазақстан Республикасының салық заңы салық салу принциптеріне негізделеді.


    • міндеттілік;

    • анықтаушылық;

    • әділдік;

    • біртұтастық;

    • жариялылық.

Банк салық салу мақсатында табыстар мен шығыстарды Қазақстан Республикасының салық заңымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда есептеу әдісі бойынша анықтайды. Салық салу базасын анықтау бойынша салық есебі мемлекеттің қазыналық саясатына негізделіп жүргізіледі және салық әкімшілігінің құралы болып табылады.

Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама:



    • салықтың әрбір түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай- ақ жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті төлемдер бойынша салық төлеуші жасайтын салық декларациясы, есеп айырысу;

    • арнаулы салық режимін қолдануға патент алуға өтініштер;

    • салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды тіркеу карточкаларын алуға өтініштер;

    • қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;

    • қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдер нормаларын қолдануға берілген өтініштер;

    • осы кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.

Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген салықтар, жиындар және міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңымен анықталған тәртіпке сәйкес тиісті бюджеттерге түсіп отырады:

1. корпоративтік табыс салығы;

2. жеке табыс салығы

3. қосылған құн салығы

4. акциздер

5. кен орындарын пайдаанушылардың салықтары мен арнайы төлемдері;

6 әлеуметтік салық

7. жер салығы

8. көлік құралдарына салынатын салық

9. мүлік салығы

10.заңмен қарастырылған арнайы алымдар мен баждар.
2. Корпорациялық табыс салығы
Корпорациялық табыс салығының объектісі жылдық жиынтық табыс пен белгіленген шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген салық салынатын табыс болып табылады.

Корпорациялық табыс салығын төлеушілер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен мемлекеттік мекемелерден басқа Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын бейрезидент заңды тұлғалар.

Банктің жылдық жиынтық табысы Кодекске сәйкес жүргізілетін түзетулер есебімен Қазақстан Республикасында және одан тыс жерден алуға тиіс табыстардан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа келесілер кіреді:

банк қызметінен:



    • пайыздық;

    • дилингтік операциялар бойынша;

    • комиссиялық;

    • басқа да операциялық,

    • төтенше;

    • айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық шығындары түрінде;

үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс;

жалпы үлестік меншіктен табысты бөлу кезінде алынатын табыс;

өтеусіз алынған мүліктер;

мүлікті жалға беруден түскен табыс;

банктер жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түскен табыс;

күмәнді міндеттемелер бойынша;

міндеттемелер мен талаптарды есептен шығарудан түсетін табыстар;

айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері;

дивидендтер;

сыйақылар;

бағамдық оң айырма;

ұтыстар;


әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан артылуы;

шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынған табыстар.

Банк заңды тұлға ретінде жылдық жиынтық табыстан табыс салығын төлейді.

Табыс салығы квартал ағымында аванс ретінде төленеді және келесі жазбамен рәсімделеді:

Дебет 1851 (882) салықтар бойынша есеп айырысулар

Кредит 1051 (161).

Квартал аяқталған соң бас банкте квартал үшін табыс салығын есептеу бойынша есеп жасайды және салық сомасына келесі жазба жасалады:

Дебет 5999 (972) табыс салығы

Кредит 1851 (882)

Салықтар теңгемен белгіленген мерзімде қарастырылған заңдарға сәйкес есептеледі және төленеді.

Табыс салығы алдын ала және мерзімі өткен болуы мүмкін. Жылдық жиынтық табыс туралы және ағымдағы жылдағы жүргізілген шегерістер жайында Декларацияға сәйкес жыл соңында бухгалтерлік есепте соңғы жазба жүргізіледі. Егер кеңес шешімі бойынша есептелген корпорациялық табыс салығы сомасы бюджетке аударылатын болса:

Дебет 2851 (салық және басқа да төлем бойынша есеп айырысу)

Кредит 1051 (банктің ҚР ҰлттықБанкіндегі корреспонденттік есеп шоты).

Бухгалтерлік есепте салық әсері бойынша жазба тек уақыт айырмасы сомасына жылына бір рет жүргізіледі.

Уақыт айырмалары сомаларын анықтау кезінде:

-Егер бухгалтерлік есепте сома салық есебіне қарағанда аз болса:

Дебет 5999 (табыс салығы)

Кредит 2857 (кейінге қалдырылған табыс салығы)

-Егер есептелінген уақыт айырмалары сомасы бухгалтерлік есепте сома салық есебіне қарағанда көп болса:

Дебет 1857 (мерзімінен бұрын салынған табыс салығы)

Кредит 5999 (табыс салығы).

Банк табысын әрі қарай бөлу акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүргізеді:

Дебет 3599 (бөлінбеген табыс)

Кредит 3510,1853, 2853 (резервтік қор, акционерлермен есеп айырысулар)


3. Қосылған құн салығы
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыс және қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы үдерісінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуы, сондай –ақ Қазақстан Республикасынның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын аударым бойынша бюджетке төленуі тиіс ҚҚС сатылған тауарлар, жұмысы мен қызмет көрсеткені үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар, жұмысы мен қызмет көрсеткені үшін төленуге тиісті қосылған құн салығы сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады.

Бұл салықтың төлеушілері болып ҚҚС бойынша есепке тұрған тұлғалары болып табылады. Сату бойынша айналымның ең аз мөлшері соңғы айда 12 000 есе айлық көрсеткішті құрайды.

Қосылған құн салығының салық салу объектілері болып салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын айналым қосылған құн салығынан бостылған және өзінің өндірістік қажеттіліктері үшін жасалатын, қосылған құн салығын төлеуден бостылғандарын есепке алмағандағы, Қазақстан Республикасының шегінде жүзеге асырылатын, тауарларды өткізу, жұмысы мен қызмет көрсетуі бойынша жасаған айналымы, сонымен қатар қатысушысы Қазақстан болып табылатын халықаралық келісімшарттарда қарастырылған жағдайларға сәйкес анықталынған айналым болып табылады. Сонымен қатар, бір кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында тауарларды тиеп жөнелтуде қосылған құн салығы салынатын айналымға жатады.

Қосылған құн салығының салық салу мөлшерлемесі салық салынатын айналымның 15 пайызына тең мөлшерде анықталады.

Бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелінген қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

ҚҚС салынатын тауарларды тиеп жөнелтуді жүзеге асыратын салық төлеуші тауарларды алатын тұлғаны ,белгіленген нысанда жазылған, барлық ҚҚС төлеушілеріне міндетті құжат болып табылатын шот-фактура көрсетуі керек.

ҚҚС төлеуші болып табылмайтын тұлға «Қосылған құн салығынсыз» деген белгісі бар шот-фактура жазып беруге міндетті. Салықтан босатылған тауарлар (қызметтер, жұмыстар) бойынша жазылған фактура-шотқа да осындай талап қойылады.

Қосылған құн салығын есептеу және төлеу кезінде келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:



    • ағымдағы төлемдерді есептеген кезде:

Дебет шот 5761 «Қосылған құн салығы»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»



    • ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп шоты».

Әр салық төлеуші:

а) әр есепті жыл кезеңінде есепті жылдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей 300.00 нысандағы 300.01 және 300.02 нысандағы қосымшалар қосылған құн салығы бойынша Декларация ұсынылуы қажет;

б) декларацияны ұсынылуы бойынша белгіленген мерзімге дейін немесе сол күні бюджетке әр есепті кезең салығын төлеуге;

в) салық салынатын айналымның 150000 теңгеден асқан кезінде декларациямен бірге фактура-шот тізіліміне ұсынуға міндетті.


4. Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқа да салықтар
Жеке табыс салығының төлеушілері салық жылында салық салынатын табысы бар тұлғалар болып табылады.

Салық Кодексінде көрсетілген табыстарды есептемегендегі, жеке табыс салығының салық салу объектісі болып келесілер табылады:

- төлем көзінен салық салынатын (қызметкерлер табысы, бір жолғы төлемдерден алынатын табыс, жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері, ұтыстар түріндегі табыс, стипендиялар, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы);

- төлем көзінен салық салынбайтын (мүліктік, жеке кәсіпкердің, адвокаттар мен жеке нотариустардың салық салынатын табысы, т.б.)


Жеке тұлғалардың салық салынатын табысына мөлшерлемелер

15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

Салық салынатын табыс сомасынан 5 пайыз

15 еселенген 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8 пайыз

40 еселенген есептік көрсеткіш 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 13 пайыз

200-600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен

60 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20 пайыз

600-ден жоғары жылдық есептік көрсеткіштен

200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз

Жеке табыс салығын банк қызметкерлерімен төлеу табыс көзінен салықты ұстап қалу арқылы жүзеге асырылады. Төлемді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар оны есептеуді жүзеге асыруға міндетті. Төлеушілер орналасқан жері бойынша салықты төлейді.

Жеке табыс салығы банк шығыстарына жатады. Бұлар бойынша шығындар есептелінген жағдайда банк келесі жазбаларды жасайды:


    • еңбекақыны есептеу:

Дебет шот 5720 «Еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар»

Кредит шот 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» - табыс салығы сомасына

- кейіннен жалақы берген кезде

Дебет шот 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

Кредит шот 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

- жеке табыс салығын аударған кезде:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».

Банк әлеуметтік салық төлеушісі болып табылады. Салық салу объектісі ретінде жұмыс берушіге материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе басқа да материалдық пайда түрінде көрсетілген табыстарды қоса алғандағы жұмысшыларға ақшалай немесе заттай нысанда төленетін жұмыс берушінің шығыстары саналады. Натуралды түрде алынған қызметкердің табысы:



    • натуралды түрде төленегн еңбек ақы;

    • қызметкердің пайдасына орындалған жұмыс, қызметкер алынған тауарлар;

    • қызметкерлерге тегін көрсетілген қызметтер;

    • Қызметкердің үшінші тұлғадан алынған тауарларының жұмыс берушінің төлеуі.

Материалдық пайда түрінде алынған қызметкердің табысына жататындар:

    • қызметкерге сатылған тауардың құны мен оны сатып алу құнының арасындағы айырма;

    • жұмыс берушінің шешімі бойынша, қызметкердің қарызы немесе міндеттемесі есептен шығарылса;

    • жұмыс берушінің өзінің қызметкерлерін сақтандыру келісім-шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеу бойынша шығыстары;

    • жұмыс берушінің қызметімен байланыссыз шығындарын, қызметкерге жұмыс беруші өтеп бергенде.


Әлеуметтік салық ставкалары


15 есе жылдық есептік көрсеткішке дейін

Салық салынатын табыс сомасынан 20 пайыз

15 еседен 40 есеге дейінгі жылдық есептік көрсеткіштер

15 есе жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы артылған сомадан 15 пайыз

40 еседен 200 есеге дейінгі жылдық есептік көрсеткіштер

40 есе жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы артылған сомадан 12 пайыз

200 еседен 600 есеге дейінгі жылдық есептік көрсеткіштер

200 есе жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы артылған сомадан 9 пайыз

600 еседен жоғары жылдық есептік көрсеткіштер

600 есе жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы артылған сомадан 7 пайыз

Салық салынатын соманы анықтау кезінде төленген әлеуметтік салық сомасы есептелінген салық сомасы шегінде шегерімдерге жатқызылады.

Шегерім мына өткізбеде көрініс табады:

Дебет шот 5763 «Әлеуметтік салық»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».

Әлеуметтік салықты бюджетке аудару:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».

Осы салықтардан басқа банктер мүлік салығын, жер салығын және көлік құралдарына салынатын салықтарды және т.б. төлейді.

Мүлік салығының салық салу объектісі болып негізгі құралдар және материалдық емес активтер табылады.

Мүлік салығын есептеу және төлеу кезінде келесі бухгалтерлік өткізбелер жүргізіледі:

- ағымдағы төлемдерді есептеген кезде:

Дебет шот 5765 «Заңды тұлғалардың мүлік салығы»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».

- ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».

Банк балансында көлік құралдары болған жағдайда көлік құралдары салығының төлеушісі болып табылады. Салық салу объектісіне мемлекеттік тіркеуге жататын тіркемелер жатпайды.

Банктің бухгалтерлік есебіндегі көлік құралдары салығы бойынша өткізбелер жүргізілу тәртібі:

- ағымдағы төлемдерді есептеген кезде:

Дебет шот 5766 «Көлік құралдарының салығы»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».

- ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».

Жер үшін төлем жер салығы түрінде алынады. Салық салу базасы жер учаскесінің ауданы болып табылады.

Банктің бухгалтерлік есебіндегі жер салығы бойынша өткізбелер жүргізілу тәртібі:

- ағымдағы төлемдерді есептеген кезде:

Дебет шот 5764 «Жер салығы»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».

- ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Салық есебінің принциптерін атаңыз.

2.Банктер Салық Кодексіне сәйкес салықтың қандай түрлерін төлейді ?

3.Корпортативтік табыс салығы туралы не айтасыз.

4.Қосылған құн салығын төлеушілер кімдер, салық ставкасы қандай?

5.Жеке таыс салығының ставкалары қандай ?

6.Әлеуметтік салық ставкаларын айтыңыз.

7.Жер салығын есептеуде қандай бухгалтерлік жазба жасалады?

8.Мүлік салығын есептеуде және төлеуде қандай бухгалтерлік жазба жасалады?

9.Көлік құралдарына салық салудың объектісі не?

Әдебиеттер: (1) 633-666 бет

Тақырып 17. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық есеп беруі

Дәріс сұрақтары:

1. Қаржылық есеп берудің маңызы.

2. Банктің есеп беруінің негізгі формалары.

3. Айлық есеп беру құрамы және оны банктің жоғары мекемесіне және ҚР Ұлттық банкіне ұсыну.


1. Қаржылық есеп берудің маңызы.
Қаржылық есеп беруді ұсыну пайдаланушыларды банктің қаржылық жағдайы, қызмет нәтижесі және есепті кезеңдегі оның жағдайының өзгеруі туралы маңызды, қажетті және анық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Екінші деңгейлі банктер үшін жылдық қаржылық есеп берудің келесідей формалары белгіленген:



    • бухгалтерлік баланс;

    • табыс және шығыс туралы есеп;

    • ақша қозғалысы туралы есеп;

    • капиталдағы қозғалыс туралы есеп;

    • түсіндірме жазбалар.

Сонымен қатар бұлардың құрамына тоқсандық, айлық, күндік

Баланстар да кіреді.

Банктер есептеу жұмыстары Департаментіне әр күндік балансты 2 жұмыс күні, ай сайынғы балансты есепті кезеңнен кейінгі айдың ішінде ұсынады. 10 асатын филиалдары бар банктер әр күндік балансты 3 жұмыс күні, ай сайынғы балансты есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.

Табыс және шығыс шоттары бойынша барлық жазбаларды жүргізгеннен кейін, қалдықтар өз араларында жабылады және 4999 «Салық салғанға дейінгі кіріс» шотына апарылады. Бұл шоттан 5999 «Табыс салығы» баланстық шотынада есептелінген табыс салығының төленуге тиіс сомасы есептен шығарылады. Табыстың қалған бөлігі бөлінбеген табыс шотына жіберіледі. Шығындардың табыстан көп болуының нәтижесінде 4999 баланстық шотта пайда болатын дебеттік қалдықтың толық сомасы 3599 баланстық шотына дербес шот ашу арқылы аударылады.

3581 «шетел валютасын өткен жылдардағы қайта бағалаудың резервтері» 3599 баланстық шотта есептелетін бөлінбеген таза табыс көлемі анықталғаннан кейін, есептік қаржылық жылдағы өз активтерін қайта бағалаудан жиналған оң курстық айырма сомасына қайта бағалау резервтері, 3582 «Тазартылған қымбат метеалдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтері», 3585 «Несиелердің валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып, несиелерді қайта бағалау бойынша өткен жылдардағы резервтері» және 3586 «Салымдардың валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып, салымдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтері» құрылады.

Акционерлер жиналысының шешіміне дейін 3599 баланстық шотында есепте тұрған бөлінбеген таза табыс сомасы келесі қаржылық жылдың басында 3580 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотына аударылады. Банктің жалпы акционерлері жиналысының шешімі бойынша есептік жылдың бөлінбеген таза табысы келесідей мақсаттарға бөлінеді:

-жіктелмеген активтер сомасын 5% кем емес көлемде резервтік капиталға;

-дивидендтер төлеуге;

-төленген жылдың капитал көлемін ұлғайтуға;

-басқа да мақсаттарға.

Дивидендтерді есептеу кезінде төленуге тиісті ақшалар 3580 шотынан есептен шығарылып, 2853 «Акционерлермен есеп айырысу» шотына жіберіледі. Оның қалдығы шегінде 1853 «Акционерлермен есеп айырысу» шотында бұрын есепте тұрған, бұрын есептелген және алдыңғы тоқсан үшін төленген дивидендтер жабылады. Қалған сома акционерлердің есеп айырысу шотына аударылады. Егер қаржылық жылдың соңында банк шығысы табысынан асып кетсе, 3599 баланстық шотында көрсетілген шығын сомасы 3580 шотында есептелінетін өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс және 3510 «Банктің резервтік капиталы» баланстық шотындағы ақша есебінен жабылуы мүмкін.
2. Банктің есеп беруінің негізгі формалары.

Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің басты нысаны болып табылады: ол есепті күндегі банктің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ұсынады. Баланс активі мен міндеттемелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп бөлуге болады. Қысқа мерзімді активтерге келесілер жатады:

-жай операциялық цикл ішінде өткізуге, стауға немесе тұтынуға ұсынылатын активтер;

-12 ай ішінде өткізуге ұсынылатын және негізінен сатуға арналған активтер;

оларды пайдалану бойынша шектеу қоймайтын ақша қаражаттары және олардың баламалары.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге келесілер жатады:

-қалыпты операциялық цикл ішінде төлеуге тиістілер;

-12 ай ішінде орындалатын.

Төлемі 12 ай ішінде жүргізілетін ұзақ мерзімді пайыздық міндеттемелер, келесі жағдайларда баланста ұзақ мерзімді ретінде жіктелуі мүмкі.:

-бастапқы мерзімі 12 айдан көп;

-міндеттемелерді қайта қайта қаржыландыру емеуріндері бар;

-емеуріндер шартпен бекітілген.

Таза активтердегі еншілес компаниялардың аздық үлесі жылдық бухгалтерлік баланста міндеттемелер мен меншікті капиталдан бөлек «аздық үлес» бабында көрсетіледі және еншілес компанияның бас банкке жатпайтын таза активтерінің көлемін бейнелейді. Жылдық бухгалтерлік балансты құру және тиісті аздық үлестің есептемесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының талабына сәйкес жүргізіледі.

Кірістер мен шығыстар жөніндегі есеп беру қорытынды айналымдарды және қаржылық есеп кестесін ескере отырып жасалған баланстың негізінде құрылады.

Банктің табыстары мен шығыстары жөніндегі есепті ашып көрсету немесе оның қаржылық есептілігіне ескертулер бухгалтерлік есептің басқа да стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын ақпаратқа қосымша оны келесідей шығыс және табыс баптарын өздеріне қосуы тиіс, бірақ мұнымен шектелмеуі керек:

-сыйақы түріндегі және ұқсас табыс;

-сыйақы түріндегі шығыс және ұқсас шығыс;

-дивиденд түріндегі табыс;

-комиссиондық және алым түріндегі табыс;

-комиссиондық және алым сомасын төлеу шығындары;

-шығындарды шегергендегі бағалы қағаздарды сату нәтижесінде алынған табыс;

-шығындарды шегергендегі басқа да бағалы қағаз бойынша табыс;

-басқа да оперциялық табыс;

-қарыз алумен байланысты шығындар;

-жалпы әкімшілік шығындар;

-басқа да операциялық шығындар.

Банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің алатын табыстарының негізгі табыстарының түрлеріне сыйақы, қызмет көрсеткені үшін алым, комиссиондық және бағалы қағаздар операцияларының нәтижесі жатады. Табыстың әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлекашып көрсетіледі.

Банктің банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болатын шығындарының негізгі түрлеріне сыйақы, комиссиондық қарыздар бойынша шығындар инвестицияның, баланстық құнының төмендеуімен байланысты шығындар, сонымен қатар жалпы әкімшілік шығындар жатады. Шығындардың да әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек қарастырылады.

Ақша қаражаты есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол ақша санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.

Ақша қаражаты жөнінде есепті дайындау кезінде пайданың көбею көздерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан банктің таза табысы – тапқан табысы – егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егер де олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе онда ақшаның азаюымен байланысты болады.

Ақша қозғалысымен байланыссыз, алынған таза табыстар мен шығыстардың көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:

-амортизациялық аударымдар;

-провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;

-есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы және сыйақы түріндегі жұмсалмаған шығындар;

-сыйақы төлеумен және алумен байланысты емес, алынбаған табыс немесе кетпеген шығындар сомасы.

Сонымен қатар, таза табыс банктің және оның еншілес ұйымының қаржылық жылды аяқтау нәтижесіне байланысты аздық үлесінің сомасына да түзетілуі қажет. Ақша қаражатының қозғалысының есебі, оларды операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері бойынша жіктей отырып (тікелей және жанама әдістерді пайдалана отырып), кезеңдегі ағымын көрсетуі керек.

Банктің қаржылық есебінде бөлек нысан ретінде көрсетілетін, меншікті капитал қозғалысының есебінде келесідей ақпараттар болуы және ашылуы керек:

-есепті кезеңдегі таза табыс және шығын;

-басқа да стандарттардың талаптары бойынша тікелей капиталға қосылатын табыстар мен шығындардың әрбір бабы және осындай баптардың жалпы сомасы;

-есеп саясатындағы өзгерістер мен түбегейлі қателердің түзетулерінің жиынтық әсері;

-құрылтайшылармен капитал бойынша операциялар және оларды орналастыру;

-кезең бойынша әрбір өзгерісті жеке аша отырып, есепті кезеңнің басында жинақталған таза табыстың немесе шығынның сомасы;

-есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы бабының баланстық құнын капиталдың әрбір акция эмиссиясынан түскен табысты және әрбір резервті өзгерісті жеке аша отырып салыстырып тексеру.

Есепті кезең ішіндегі банк капиталындағы өзгерістер таза активтердің көбеюін немесе азаюын және қабылданған және қаржылық есептілікте ашып көрсетілген бағалаудың нақты принципіне тәуелді болатын есепті кезең ішіндегі қаржылық жағдайды көрсетеді. Акционерлермен жүргізілетін капиталға инвестиция салу, дивидендтер сияқты операцияларды қоспағанда, капиталдағы жалпы өзгерістер, есепті кезең ішіндегі банк қызметінің нәтижесінде пайда болатын сомалық табыстар мен зияндарды білдіреді.



3. Айлық есеп беру құрамы және оны банктің жоғары мекемесіне және ҚР Ұлттық банкіне ұсыну.
Банктер меншікті құралдары құрамы мен олардың қалыптасу көздерін бейнелейтін бухгалтерлік есеп берушілік жасайды, оның ішінде филиалдардың, бөлімдердің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің жеке баланста көрсетілетін мүліктері және белгіленген тәртіп көлемінде және формасында есеп берушіліктер көрсетеді, сонымен қатар клиенттерге қызмет көрсетумен байланысты банк қызметінің басқа да көрсеткіштерін көрсететін есеп берушіліктерді жасайды.

Барлық банктер үшін есепті кезең 1- қаңтардан 31- желтоқсанға дейінгі кезең болып саналады. Жаңадан құрылған банктер үшін құрылған күннен 31-желтоқсанға дейінгі аралық есепті кезең болып есептеледі.

Есеп берушілік дегеніміз банктің қызметтерінің әртүрлі жақтарын сипаттайтын анықталған белгілері бойынша құрылған есептелген материалдардан алынған мәлімететрдің жиынтығы.

Есеп берушілік көрсеткіштерінің көлемі , мазмұны және көрсету мерзімі бойынша ағымдағы және жылдық болып бөлінеді.

Ағымдағы бухгалтерлік есептілік ай саыйн және жарты жыл сайын белгіленген мерзімді көрсетіледі.

Жылдық есеп беруді құру үшін банктер есеп кезеңінің соңында қажетті дайындық жұмыстарын жүргізеді. Бухгалтерлік есеп мәліметтерінің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банк меншікті мүліктері мен қаржылық міндеттемелеріне түгендеу жүргізеді. Банктің жылдық есеп беру құрамына келесілер кіреді: жылдық шоғырландырылған баланс. Ол соңғы айналымдардың есебімен жыл соңындағы қалдықтар негізінде жасалады. Жылдық шоғырландырылған баланс, баланстық есеп үш бөліктен тұрады: активтер, міндеттемелер, капитал.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Есеп және есеп берушіліктің негізгі міндеттерін атаңыздар.

2.Есеп беруді жасауда қандай принциптер басшылыққа алынады?

3.Ішкібанктік есеп берушіліктің негізгі формаларын ата?

4.Банк балансы деген не?


Әдебиеттер: (1) 657-688 бет, (2) 200-224 бет

3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тәжірибелік (семинар) сабақ 1. Банктегі бухгалтерлік есеп пәні мен міндеті
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

  1. Банктегі бухгалтерлік есептің мәні және міндеттері.

  2. Банктегі бухгалтерлік есеп элементінің негізгі әдістері.

  3. Банк мекемесіндегі бухгалтерлік есеп объектілері.


Сабақ мақсаты - банктегі бухгалтерлік есептің пәні, міндеттері, әдістері мен тәсілдерін, стандарттары, принциптері мен тұжырымдамаларын оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Негізгі әдебиеттер:

1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2009 жыл.

2. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы “Қаржы-Қаражат”, 2007 г.



Қосымша әдебиеттер:

1. Козлова Е.П., Бух.учет в коммерческих банках. - М.,1997

2. Сидельникова Л. Бух.учет в коммерческих банках. - М.,1996

3. Ширинская З.Т. Бух.учет и операционная техника в банках. - М.,1998.

4. Полищук А.И. Банковский учет и отчетность. - М.,1998

5.Смирнова Л.Р. Банк. учет. - М., 2000


Тәжірибелік (семинар) сабақ 2. Банкте есеп-операционды

жұмысты ұйымдастыру
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1. Банкте есеп-операционды жұмыстың АБЖ байланысы.

2. Банктегі қаржылық есеп мәліметтері мен жедел ақпараттарын қамтамасыз ету.

3. Банктегі басқару есеп мәліметтерімен жедел ақпараттарын қамтамасыз ету.

4. Есеп-операционды бөлім құрылымы және ұйымдастырудың әртүрлі баламаларын таңдаудың негізгі критерийлері.
Сабақ мақсаты - банктегі есеп операционды бөлімнің құрылымымен, атқаратын қызметтерімен, қызметтерлердің және басқарушылардың міндеттері мен құқықтарын оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Негізгі әдебиеттер:

1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2009 жыл.

2. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы “Қаржы-Қаражат”, 2007 г.



Қосымша әдебиеттер:

1. Козлова Е.П., Бух.учет в коммерческих банках. - М.,1997

2. Сидельникова Л. Бух.учет в коммерческих банках. - М.,1996

3. Ширинская З.Т. Бух.учет и операционная техника в банках. - М.,1998.

4. Полищук А.И. Банковский учет и отчетность. - М.,1998

5.Смирнова Л.Р. Банк. учет. - М., 2000



Тәжірибелік (семинар) сабақ 3. Банк балансы және оны құру принциптері
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1. Баланс, оның баптарының мазмұны мен түсінігі

2. Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары

3. Есеп саясаты.


Сабақ мақсаты: - банк балансының құрылымын, оның құру принциптерін жасау тәртібін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есепті құру, қорытынды жасау.
Негізгі әдебиеттер:

1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2009 жыл.

2. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы “Қаржы-Қаражат”, 2007 г.



Қосымша әдебиеттер:

1. Козлова Е.П., Бух.учет в коммерческих банках. - М.,1997

2. Сидельникова Л. Бух.учет в коммерческих банках. - М.,1996

3. Ширинская З.Т. Бух.учет и операционная техника в банках. - М.,1998.

4. Полищук А.И. Банковский учет и отчетность. - М.,1998

5.Смирнова Л.Р. Банк. учет. - М., 2000



Тәжірибелік (семинар) сабақ 4. Коммерциялық банктердегі құжат,

құжат айналымы және бақылау
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1. Құжаттар және құжат айналымы

2. Банкішілік бақылау.
Сабақтың мақсаты банктегі бухгалтерлік құжаттар, олардың айналымын және банкішілік бақылау тәртіптерін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Негізгі әдебиеттер:

1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2009 жыл.

2. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы “Қаржы-Қаражат”, 2007 г.



Қосымша әдебиеттер:

1. Козлова Е.П., Бух.учет в коммерческих банках. - М.,1997

2. Сидельникова Л. Бух.учет в коммерческих банках. - М.,1996

3. Ширинская З.Т. Бух.учет и операционная техника в банках. - М.,1998.

4. Полищук А.И. Банковский учет и отчетность. - М.,1998

5.Смирнова Л.Р. Банк. учет. - М., 2000



Тәжірибелік (семинар) сабақ 5. Есеп айырысу операцияларының есебі

Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1. Банктік есеп айырысудың мәні.

2. Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары мен ұйымдастыру принциптері.

3. Шоттар бойынша төлем кезектілігі.

4. Банктік шотты тікелей дебеттеу жолымен есеп айырысуды жүргізу тәртібі.

5. БЕҚО, ІЖТ, және БТЖ арқылы жүретін төлемдер..



Сабақ мақсаты- есепайырысу операцияларының нысандары, есеп айырысу операцияларының қозғалысын құжаттауды және шоттарда бейнеленуін, түгендеуін жүргізу тәртібін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - әдебиеттермен және бухгалтерлік есеп регистрларымен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау қорытынды жасау.

Есеп. Казкоммерцбанк «Алинұр» акционерлік қоғамына оның адресіне №1025 аккредитив шотына тауарларды төлеуге 110 000 доллар сомасында төлем түскендігі туралы хабарлама жіберді.

Тапсырма


  1. Экспортер банкке ағымдағы валюталық шотқа түсімді қабылдау үшін қандай құжаттар ұсынуы керек?

  2. Бухгалтерлік жазбаларды құрыңыздар.


Негізгі әдебиеттер:

1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2009 жыл.

2. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы “Қаржы-Қаражат”, 2007 г.



Қосымша әдебиеттер:

1. Козлова Е.П., Бух.учет в коммерческих банках. - М.,1997

2. Сидельникова Л. Бух.учет в коммерческих банках. - М.,1996

3. Ширинская З.Т. Бух.учет и операционная техника в банках. - М.,1998.

4. Полищук А.И. Банковский учет и отчетность. - М.,1998

5.Смирнова Л.Р. Банк. учет. - М., 2000



Тәжірибелік (семинар) сабақ 6. Банкаралық корреспонденттік қатынастар есебі
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1. Банкаралық қатынастарды ұйымдастыру, корреспонденттік шоттардың негізі және түрлері.

2. Өзара жабу арқылы банктер арасындағы есеп айырысулардың есебі мен рәсімделуі.

3. Коммерциялық банктердің корреспонденттік қатынастары есебінің тәртібі.

4. ЛОРО және НОСТРО шоттарын жүргізу тәртібі.

5. Клиринг арқылы банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет