ПОӘК 042-18-18 41/02-2013 №1 басылым 18. 09. 2013


Қырғи қабақ соғыстың шырқау биігі және оның аяқталуы



бет7/8
Дата09.12.2016
өлшемі2,29 Mb.
#3499
1   2   3   4   5   6   7   8

Қырғи қабақ соғыстың шырқау биігі және оның аяқталуы.

Кариб дағдарысы – «қырғи қабақ соғысының» шырқау шегі.


КСРО мен АҚШ теке тіресі Кариб теңізіндегі дағдарысқа алып келгені тарихтан мәлім. 1962 жылдың қазан айында «қырғи-қабақ соғыс» аяқ асты «қайнаған соғысқа» айналып кете жаздады. Оқиғаның ойда-жоқта бел алуы АҚШ пен НАТО-ның Түркияда баллистикалық зымырандарды орнатуы әсер етті. Осыған байланысты КСРО оған қарсы Кубада тактикалық зымырандарды орналастыруды жөн деп тапты. КСРО бұл кезде қарулану мәселесінде көп кейіндеп келе жатқан. Орыстар жай қарулану бойынша Орталық Еуропада зор артықшылыққа ие болды, бірақ олардың аса сенімді емес, небары 300 ғана алысқа ұшатын баллистикалық зымыраны болды. АҚШ-та керісінше, КСРО аумағына соққы жасай алатын 5000 ядролық зымыран бар-ды. Хрущев бұған «ассимметриялы жауап» ойлап тапты: орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды коммунистік режим билеп тұрған Куба аралына орналастырды. Әрине, социализмнің жақтаушысы Кастро оған қарсы болмады. Қайта АҚШ тарапынан болатын қауіп-қатерге қалқан болатынана бек сенді. Мәскеу жауынгер саны 43 мыңдық бірнеше зениттік-зымырандық дивизияның Куба жеріне жасырын жеткізуге тырысты. Оған 270 мыңдық Куба армиясы көмектесті. Операцияның кодтық аты «Анадырь» деп аталды. 43 мың жауынгермен зениттік-зымырандық кешендерді жеткізуге 80 кеме жұмылдырылып, олар 183 рейс жасады. Операцияның жасырын жүргізілгені соншалық жағалауды күзетіп жүрген АҚШ әскери кемелері кеңестік зымырандардың Кубаға қалай жеткізілгенін білмей қалды. Тек 1962 жылдың 14 қазан күні АҚШ барлау ұшағы алғаш реет Кубада орналасқан Кеңестік зымырандарды байқап қалды. Бұл – Ақ үйге үлкен соққы еді. Ядролық зарядтармен жарақтанған Р-12 зымырандарының ұшу қашықтығы 2 мың шақырым. Бұл АҚШ үшін өте қауіпті болды. Вашингтон санаулы сағаттар ішінде 40 мыңдық теңіз жаяу әскерімен Куба территориясындағы Гуантанамо базасында орналасқан 5 мыңдық әскерін аяғынан тік тұрғызып, соғысқа сақадай сай етті. Аралды қоршай 28 шақырымдық мина алаңын жасады. Ал санаулы күндерден кейін Кубаға шабуыл жасау үшін АҚШ Флорида штатына саны бір миллионға таяу әскерін жинақтап үлгерді. Соғыс өрті әні-міні басталып кету қауіпі туындады. Кез келген сағатта АҚШ тарапынан ядролық соққы берілуі мүмкін еді. Кариб дағдарысы 11 қыркүйектен 21 қарашаға дейін жалғасты. Мұны артынан тарихшылар «ХХ ғасырдың ең қауіпті ядролық теке тіресі» деп атады. Соғыс қаупі «қаралы сенбі» атанған 27 қазан күні шырқау шегіне жетті, бұл күні кубалықтар америкалық барлаушы-ұшақты атып түсірді, ал АҚШ әскери-теңіз күштерінің кемелері кеңестік сүңгуір қайықтың су бетіне шығуға мәжбүрледі. Дегенмен сол қараша айында КСРО мен АҚШ басшылары бейбіт келісімге келіп, дағдарысқа нүкте қойылды. КСРО амалсыз қаншама шығын жасап алып барған зымырандарын Кубадан алып кетуге мәжбүр болды. Ал АҚШ оның өтеміне Түркия, ФРГ және Италиядағы КСРО-ны көздеп қойған зымырандарын шығарды. Осылайша әлем ядролық қақтығыстан аман қалды. Ол кезде байланыс құралдары жетіліп бітпегенді, сондықтан «сол жерлердегі командирлер өз еріктерімен қару қолдануға бұйрық беруі мүмкін-ау» деген қауіп туды. Дүниежүзілік соғыстан бізді жалғыз ғана зеңбіректің атылуы бөліп тұрды. «Егер сол жерде шүріппені басып жібергенде не болар еді? Қарымта әрекеттерді қиындату үшін Лондонға бомбалар 28 қазан, жексенбі күні таңғы 8-де жауар еді. Алғашқы соққылар әскери нысандарға жасалар еді, сосын іскер және өндірістік орталықтар – қалалардың кезегі келер еді. Қарашаның ортасына қарай Британияны суық пен қараңғылық жайлап тұрар еді, тырысқақтың, сүзектің және іш өтуінің індеттері асқынар еді. Әрине, Аман қалғандарды құтқаруға, бұзылған нәрселерді қалпына келтіруге, өлгендерді жерлеуге талпыныстар жасалар еді. Тонаушылар қылмыс істеген жерінде атылар еді. Радиациялық сәуледен өлушілердің саны 1962 жылдың желтоқсанында өзінің шырқау шегіне жетер еді. Ядролық жарылыстардан, радиациялық жауын-шашыннан және суықтан 18-ден 38 миллионға дейін британдық қырылар еді. 1967 жылға қарай елдегі халық саны 4-8 миллиондай ғана болар еді», дейді Индепендент газетінде өз болжамын жасаған Стивен Бакстер атты зерттеуші.

1974-1990 жылдардағы «қырғи қабақ соғысы» жағдайындағы ақш-тың қарым-қатынастары.


Суық соғыс - тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Халықаралық қатынастарда біршама өзгерістер орын алды. Екі супер державаның яғни АҚШ пен. КСРО-ның жоғары деңгейдегі кездесулері, әсіресе ядролық қарулардың санын қысқарту келісіміндегі біршама жетістіктер «Қырғи қабақ соғысының» біраз бәсеңдеуіне алып келді. Осы кезеңде Еуропа тарихындағы аса ірі оқиға Хельсинки актісінің жүзеге асуы еді. Ол бойынша Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік кеңеске 33 мемлекет қатысты. Онда АҚШ, Канада, КСРО және басқа да Шығыс Еуропаның социалистік елдері болды. Бұл кезеңде АҚШ пен Францияның арасында бірқатар мәселелер бойынша өзара жақындасулар байқалды. Әсіресе НАТО-дағы ынтымақтастығы нығая түсті . НАТО-дағы ынтымақтастықтың кеңейе түсуі Франко-американ байланыстарына оң әсер етті. 1975 жылы АҚШ пен Франция Еуропадағы қауымдастық және ынтымақтастық кеңесінің ақтық келісіміне қол қойды. Француз президенті Жискар д’Эстен «Қырғи қабақ соғысының» бәсеңдеуі кезеңіндегі екі супер державаның қарама-қайшылығындағы саяси және психологиялық аспектілеріне зор көңіл бөлді. АҚШ пен Францияның арақатынастарының біраз жақсаруына Париж Кэмп-Дэвидскидегі (АҚШ) израиль-египет келісіміне қарсы шығып, Таяу Шығыстағы антиизраильдік араб мемлекеттерін қолдады. 80-ші жылдардың басынан бастап Франко-американ қарым-қатынастарында бетбұрыстар байқалды. Өйткені АҚШ-та сайлау бойынша президент болған республикандық Рональд Рейган мен Франциядағы сайлау бойынша президент болып сайланған социалист Франсуа Миттеран Кеңестер Одағы мен Социалистік елдерге қатаң саясат жүргізе бастады . Бұл кезең «Қырғи қабақ соғысы» тарихындағы өрлеу кезеңі болды. АҚШ президенті Рональд Рейган Кеңес Одағын «зұлымдық империясы» ретінде жария етіп, оны экономикалық жағынан әлсіретуге өз одақтастарын шақырды. Екі супер державаның қаруланудағы жарыс жаңа, жоғары сипат алды. Рейганның тұсында қымбат тұратын зерттеу жұмысы «Стратегиялық қорғаныс бастамалары» іске асырылуға көзделді. Бұл стратегиялық жоспарды сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдары «Жұлдызды соғыс» деп атады. Бірақ бұл бағдарламаны іске асыру жобасы дайындалмай қалуынан аяғына дейін жүргізілмей қалды . Осы кезеңде Франко-американ байланыстарындағы оң сәттер байқалды. Президент Франсуа Миттеран Францияның Батыс блогындағы жағдайын нығайтуға және АҚШ-пен қатынасын жақсартуға әрекет етті. Франция НАТО-мен ынтымақтастығын нығайта түсті. Миттеран Еуропадағы американдық ортақ қашықтыққа ұшатын ракеталарды орналастыруды қолдады. Кеңестер Одағын «зұлымдық империясы» деп жариялаған соң АҚШ-пен Франция жаңа қуатты еуропалық қорғанысты қамтамасыз етуді мақсат етіп, сол жолда әрекет етті. 1983 жылы Францияның инициативасымен ұзақ мерзімінен кейін өтіп, Франция бір жылға Кеңестің төрағасы болды. Осы кезде ресми Париж бен Вашингтон Кеңес Одағының Ауғаныстанға жасаған агрессиясын айыптап, ол жерден кеңес әскерін алып шығуды талап етті. Сонымен қатар АҚШ пен Франция Кеңес Одағынан Польшадағы әскери режимді жоюды, Кеңестік қару жарақтарды қысқартуды, Шығыс Еуропаның Социалистік елдеріне орналастырылған ядролық және басқа да қаруларды қысқартуды талап етті. Алайда АҚШ пен жақындасуда атлантикалық позицияны ұстанудағы күшейтілу әрекеті француз дипломатиясына жетістіктер әкелді. «Керемет жетілікте» экономикалық және саяси жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі екінші эшалонда тұрды. НАТО-мен қарым-қатынасты нығайтуының салдарынан Франция ұлттық тәуелсіздігін шектеді. Рональд Рейган екінші кезектегі сайлау нәтижесінде тағы да президент болды. Осыдан кейін АҚШ-тың сыртқы саяси курсында бетбұрыс кезеңі болды. Сондай-ақ бұл бетбұрыстың орын алуына Кеңестер одағының басшылығына жаңа тың идеямен қаруланған жас саясаткер М.С.Горбачев келді. М.С.Горбачев Батыс блогы мен және АҚШ пен қарым-қатынасын жақсартуға талпынды . Осы кезде АҚШ-тың басшылары да жаппай қаруланудың, ядролық соғыстың тек американдықтар үшін ғана емес сонымен бірге бүкіл адамзатқа өте зиянды, әрі зор қауіп екендігін түсінді. Франсуа Миттеран да сыртқы саяси курста айтарлықтай бетбұрыстардың болуын қалады. Осы жолда Франция АҚШ пен Кеңе Одағының қарым-қатынасының жақсара түсуін қолдады. Миттеран М.С.Горбачевтың «жаңаша ойлау» концепциясы мен жоғарғы деңгейдегі американ-кеңес диалогтарына зор қолдау көрсетті. Бірақ Франция жаппай қарулану инициативасына қарсы шықты. Өйткені де Голль секілді Франсуа Миттеран да жаппай қарулану тек супер державалардың міндеті деген позицияны ұстанды. Кеңес-американ байланыстарындағы қарама-қайшылықтың әлсіреуі 1986 жылғы Рейкьявиктегі келіссөздер ықпал етті. Мұнда орта қашықтықта ұшатын ракеталар мен жаппай жою қаруларын қысқартуда бірқатар келісімдерге қол жеткізеді. 1987 жылы М.С.Горбачев ресми сапармен АҚШ-қа келді. Вашингтонда М.С.Горбачев пен Рональд Рейган орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды (әсіресе Еуропадағы) жою туралы келісімге қол қойылды. 1986-1987 жылдары Миттеран Кеңес Одағының бейбітшілік бастамаларын қолдады. Осы жылы АҚШ-Франция қатынасының суу байқалды. Франсуа Миттеран АҚШ-қа Ливияны бомбалауда өз территориясынан американ ұшақтарының ұшуына рұқсат бермеді. Миттеран осыдан кейін ұлттық және еуропалық мүдделеріндегі атлантикалық курсты қайтадан қарайтындығын ашық білдірді. 1989 жылғы М.С.Горбачев пен жаңа АҚШ президенті Джодж Буштың Мальтадағы кездесуі «суық соғыстың» немесе «қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде тоқтағандығын білдірді . 1989 жылы АҚШ, Франция, Германия, Англия, ГДР және ФРГ-нің жоғарғы деңгейдегі кездесулерінің нәтижесінде Герман Демократиялық Республикасы мен Герман Федеративі Республикасы бір мемлекет болып бірікті. Сөйтіп социалистік лагерь біртіндеп ыдырай бастады. Қарама-қайшы екі блокты бөліп тұрған, «қырғи қабақ соғысының» символы Берлин қабырғасы құлады. Варшава пактісі мен өзара экономикалық көмек кеңесі таратылды. «Бархаттық революциялар» нәтижесінде Шығыс Еуропа Социалистік елдерінде коммунизм біржола құлады. «Қырғи қабақ соғысының» аяқталуымен бір кездері социалистік лидері болған аса ірі империя, коммунистік империя Кеңестер Одағы құлады. Оның құлауымен «қырғи қабақ соғысы» толық аяқталды. Сөйтіп Халықаралық қатынастардағы жағдай түбірімен өзгеріп АҚШ пен Франция енді әлемге басқаша көзбен қарай бастады.

Еуропа территориясындағы бір-біріне қарсылас әскери-саяси блоктар

Екінші дүниежүзілік әлем картасын түбегейлі өзгертіп қана қоймай сонымен қатар мемлекеттер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін де өзгертті. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін әлемде екі ірі держава қалды – АҚШ және КСРО. 1939 жылдың қыркүйегіне дейін едәуір дәрежеде басым болған үш европалық мемлекет – Ұлыбритания, Франция және Германия өз дәрежесі мен ықпал ету мүмкіндігін төмендетті. Осылайша АҚШ аумағында әскери қимылдар жүрмегендіктен ол әлемдегі ірі индустриалдық мемлекетке айналды. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемде орын алған «қырғи қабақ соғысы» негізінен социалистік және капиталистік елдердің арасында өрбіді. Коммунизм мен Кеңес Одағын тоқтату мен жою мақсатындағы негізгі әрекует етуші АҚШ және оның НАТО-дағы серіктесі болды. Кариб дағдарысы - суық соғысының тарихында әйгілі бір оқиға. АҚШ пен КСРО арасындағы қаруландыру бәсекесінің ең қауырт кезеңі. Екі мемлекеттің дипломатикалық қатынастар тарихындағы қиын кезең. Кариб дағдарысының кезінде дүниенің қауіпсіздігіне ядролық қатер туындады. Кариб дағдарысы 1962 жылы қазан айында КСРО Кубада өз ракеталарын орналастырған салдарынан туындады. Америка және Батыс Еуропаның халқы үнемі билеуші топтар тарапынан ядролық соғыстың орын алатындығы туралы үгіт-насихатынан үнемі қорқынышта болды. АҚШ «қырғи қабақ соғысы» кезінде КСРО-ға қарсы тұру үшін Батыс Еуропаның елдерімен ынтымақтастықта болды. АҚШ пен Францияның және басқа да басты державаларының «атлантикалық саясатының» немесе «атлантикалық курстарының» мәні коллективті негізде коммунизм қаупіне қарсы тұру болды. АҚШ пен Францияның осы кезеңдегі байланыстары осы және басқа да мәселелер бойынша жақсы қалыпта дамыды. 80-ші жылдардың аяғы батыс блогы үшін стратегиялық маңызды болды. Өйткені дүние жүзілік социалистік лагерь құлап, коммунизм қаупі жойылды. Біздің курстық жұмысымызда қарастырған кезеңді АҚШ әлемдік гегемонияға шешуші қадам жасаған кезең деп айтуға болады. Бұдан кейін шамамен жарты ғасырдай әлем биполярлық тепе-теңдікте өмір сүріп социалистік мемлекеттер мен капиталистік мемлекеттер жүйелері қырғиқабақ соғыс жылдарында өмір сүрді.


9. Дәріс (2 сағат)

Тақырыбы: XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер.
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы (1945-1950 жылдардың соңы). Отарлық жүйенің күйреуі.

Қырым конференциясы. БҰҰ-ның құрылуы, одақтастардың қимылдарының жемістері мен фашистік блоктың күйреуі Германияның жақын арада жеңілісін білдірді. Оның толығымен күйреуін жүзеге асыру жөнінде және босатылған Еуропадағы саясат жөнінде шешімдер шығару үшін, Сталин, Рузвельт және Черчилль 1945 жылы ақпанда Ялтада конференцияда ұйымдастырылды. Алдарына қойған мақсаттарға жету үшін олар Германияны оккупациялауды шешті. Әрбір үш держава (сонымен бірге Франция) үшін оккупациялауға тиесілі территориялар белгіленді. Қырым конференциясы барысында Сталин, Рузвельт және Черчилль құпия келісім жасасты: Кеңестер Одағы Еуропадағы соғыс қимылдардың аяқталасымен 2-3 айдан кейін Жапониямен соғысқа қатысуға уәде берді. Сонымен бірге Моңғол Халық Республикасының сол қалпында қалуын, КСРО-ге Оңтүстік Сахалин және Курил аралдарын беруді және Порт-Артурда кеңестік әскери базаны құру (Қытай) талаптарын орындаған жағдайларда ғана жүзеге асуы мүмкін болды. Қырым конференциясының жұмыс барысында жалпы халықаралық ұйымын құру мәселесіне үлкен көңіл бөлді. Ол ұйым негізінен дүниедегі тыныштық пен бейбітшілік орнатуға қажет болды, кейін ол Біріккен Ұлттар Ұйымы атауын алды. Үш ірі державалардың басшылары БҰҰ-ның қағидаларының жобасына келісті, онда ең қажетті жағдайлар қарастырылды: негізгі мәселелерді шешуді бірауыздылық заңы жұмыс істеді, яғни олардың әрбіреуі вето заңын иеленді. Бұдан кейін 1945 жылы 25 сәуірде, яғни кеңестік және американдық әскерлерінің Германия территориясында біріккен күні, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында конференция ашылды. Бұл халықаралық тарихтағы бірден-бір ірі конференция болып табылады. Оның негізгі міндеті - бейбітшілікті сақтауға арналған халықаралық ұйым құру болды. Сан-Францискодағы конференцияны Германиямен соғыстың аяқталмас бұрын шақырылуының өзі одақтастардың арасындағы жаңа халықаралық ұйымды құрудағы негізгі мәселелердің шешімін тапқандығын білдірсе керек. Бұл конференцияда 1942 жылдың 1 қаңтарында Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қойған мемлекеттердің барлығы қатысты. КСРО, АҚШ, Англия және Қытай атынан конференцияға шақыру жіберілді, олардың арасында 19 мемлекет латынамерикандық, 4 мемлекет британ доминиондары болды. Ал бейтарап саясатын ұстанған елдер (Эйре, Исландия, Португалия, Швеция), сол тұста Германия мен Жапония оккупацияланған елдер, Дания (оккупанттардан босатылғаннан кейін дат басшылығы да конференцияға шақырылды), Австрия және Тан (Сиам) конференцияға қатыспады. Сонымен қатар ағылшын және американ басшылығының арасындағы қарама-қайшылықтардың салдарынан кейбір елдердің басшылықтарын АҚШ және Англияның мойындамағандығынан (Албания, Польша, Моңғол Халық Республика-сы) олар да қатыспады. Кеңестер делегациясының іс-әрекеттерінің арқасында конференцияға Украина мен Белоруссия өкілдері қатысуына қолдары жетті. Сонымен бірге кезінде Германия мен Жапонияның одақтастары болған, бірак соғыс барысында оларға қарсы шығып, соғыс жариялаған: Италия, Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндия да конференцияға шақырылмады. Конференция барысында Аргентинаға қатысуға, мүше болуға мүмкіндік берілді. Барлығы конференцияға 50 ел қатысты.  Конференцияның төрағалары ретінде шақырушы төрт делегацияларының басшылары болып тағайындалды: КСРО( В.М.Молотов), АҚШ( Э.Стеттиниус), Англия(А.Иден) және Қытай (Сун Цзывень).
Климаттың өзгеруі

«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.

Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Yлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.

Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тарапы болады.

Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекітуінің мақсатқа сайлығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу қажет.

Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.

Киото хаттамасын бекіткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.

 

Озон қабатының бұзылуы

Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады.

1973 жылдан бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсетті.

Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөніндегі шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал етті.

Біздің ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келісімдерге 1998 жылы қосылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауіпсіз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жігердің табыстылығына көз жеткізу үшін тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу.

Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметімен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйін зерделеу жөнінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуді бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет болады.

Осы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердің озон қабатын сақтауға септігін тигізетін болды.

 

Биоәртүрлілікті сақтау

Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді.

Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлердің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды.

Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.

Биоәртүрлілікті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-ін құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10%-ті құрайтын әлемдік стандарттардан төмен.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-ін құрайды.

Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында биоәртүрлілік объектілерінің жай-күйін бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін ұлғайту және қазіргі табиғи және антропогендік процестерді ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтіру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет.

Республика аумағының небәрі 4,2%-ін алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі олардың орасан рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін 2006 жылға дейін мемлекеттік биосфералық резерваттардың желісін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу қажет.

Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді әкелу Қазақстан үшін елеулі сыртқы қатер болып отыр. Бүкіл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдердің кең таралу қауіптілігін ескере отырып, Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияның Биоқауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық өткізуімен байланысты қызметті жүзеге асырудағы жауапкершіліктерін арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ісінде өзара көмекті, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерін іске асыру қоршаған орта объектілерін сақтауды, оны белгілі бір тұрақтылық деңгейінде ұстап тұруды, өзін-өзі реттеу қабілеті мен жанды және жансыз табиғат түрлерінің, оның ішінде жойылу қаупі төнген тіpі организмдер геноқорының көптүрлілігін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жердің шөлейттенуі және тозуы

Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-і түрлі деңгейде шөлейттену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрайды.

Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуі мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкін.

2004 жылдың барысында шөлейттенудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесінде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнінде бағдарлама әзірлеу және бекіту қажет.

Бағдарламаның негізгі нәтижелері шөлейттену процестерін болдырмау және жердің тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу, ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыру болмақ.

10. Дәріс (1 сағат)



Тақырыбы: Әлемдегі шешілмеген даулы мәселелер.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азиядағы шиеленіс

Оңтүстік Азияда орналасқан Үндістанның Пәкістанмен арада 1947 жылдан бері жалғасып келе жатқан Кашмир аймағына
қатысты дауы бар. Екі ел арасындағы жанжалдан тұтанған соғыста 15000 адам, ал бір ғана Кашмир аймағының өзінен 10000 адам қаза тапқан. Соңғы келіссөз жүргізу талпынысы  Мумбайдағы шабуылдан кейін үзіліп, енді жанданғалы отыр. Дегенмен, автор Пәкістан әскерінің саны жағынан әлемде жетінші орынға ие екенін, әрі ел бюджетінің алтыдан бір бөлігі қорғанысқа бөлінетінін айтады. Бұған қоса сәуір айында Исламабадтың жаңа алыс қашықтықты көздейтін зымыран түрін сынақтан өткізетіндігін мәлімдегенін ескерсек, шиеленістің ушыға түсетінін болжау қиын емес.

1971 жылы Үндістанның қолдауымен сол кездегі біртұтас Пәкістаннан бөлініп шыққан Бангладеш енді Делидің өзіне қауіп тудырып отырған көрінеді. Себебі 1971 жылғы азамат соғысынан экономикасы тұралап қалған Бангладештен  босып кеткен 10 мен 20 миллионның аралығындағы босқын Үндістанда заңсыз тұрып жатыр.  Үндістан өзін терроризм қаупі, заңсыз мигранттар мен босқындардан қорғау үшін 25 жыл бұрын Бангладешпен арадағы шекараны дуалмен қоршауға кіріскен. Оны 2012 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Human Rights Watch ұйымының мәліметі бойынша, 2000 жылдан бері үнді шекарашылары елге заңсыз өтпек болған бангладештік мыңға жуық адамды атып тастаған.

Аймақтағы тағы бір қауіпті жер – «Әл-Қаида» мен өзге де террористік ұйымдар орналасқан Пәкістан мен Ауғанстанның арасындағы шекара. Ауғанстан Пәкістанмен арадағы 1500 мильге созылатын Дюранд сызығын мойындамай, Пәкістанның солтүстік-батысындағы пуштун территорияларын және Хайбер-Пахтунхва провинциясының бір бөлігін өзінікі деп жариялағысы келеді. Ауғанстан халқының 40 пайызын, Пәкістанның осы аймақтағы халқының 20 пайызға дейінгі тұрғындарын пуштундар құрайды. Екі елдегі Дюранд сызығы бойындағы ұлтшыл пуштундар тәуелсіз Пуштун республикасын құруды талап ететінін келтіріпті басылым. Ақ үй Ауғанстанда әскери операцияларын бастағалы бері бұл аймақ АҚШ пен Пәкістанға бірдей қарсы күресіп жүрген қарулы топтар паналайтын мекенге айналған. Екі жақ та бірін-бірі бұл қарулы топтармен күресе алмайды деп айыптайды. Автордың пайымдауынша, АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығаратын уақытта шиеленістің шешілмеген күйінде қалуы аймақтағы қауіпсіздікке қатер төндіреді.

Оңтүстік-шығыс Азиядағы тағы бір қауіпті аймақ – Камбоджа мен Тайландтың шекарасы болып отыр. Отарлық кезеңнен «мұраға» қалған Пра Вихеа ғибадатханасына қатысты даулы аймақ небәрі 1.8 шаршы шақырымды құраса да, талай адам өмірі қиылып, біразы босқынға айналды. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған дау ғибадатхана ЮНЕСКО-ның қорғауына алынса да  бәсеңдемей, екі ел арасында қақтығыс туындау қаупі күшейіп тұр.

Қос корей мемлекеті арасындағы 38-параллель сызық та әлемдегі ең қауіпті аймаққа жатады. 1953 жылы екі ел 38-параллельден әскерін алып кетіп, соғысты тоқтатуға келіскенімен, өзара ешқандай бейбіт келісімге қол қойылмады. Корей соғысы аяқталғалы алпыс жылдай  қарусызданған аймақта бүгінде екі елден 2 миллион әскер шоғырланғанын жазыпты басылым. Ал бір жарым жылдан бері екі ел арасы қайта ушыға түсті. Ақпан айында аймақта 28 мың әскері бар АҚШ-пен бірлесе жаттығу өткізген Оңтүстік Кореяны Пхеньян «АҚШ-пен бірігіп Солтүстік Корея режимін құлатпақ» деп айыптап, егер арандатушылық әрекеттер жалғаса берсе, оған қарсы тұрып, кең көлемде соғыс қимылдарын бастайтынын және Сеулге соққы беретінін айтып сес көрсетті.

«Ал Солтүстік Корей мемлекетіндегі тұрақсыздық Қытайдың тынышын алып тұр» дейді автор мақаласында. 1990 жылдардың ортасы мен соңына қарай елді жайлаған аштықтан Қытай шекарасынан 100 мыңнан 300 мыңға дейін солтүстік корейлік заңсыз өтіп кеткен. Осыдан бастап Пекин 2006 жылы шекараны сым темір және бетонмен қоршау бастайды. Шетелдік қайырымдылық ұйымдары картоп, астық сияқты өнімдері шықпай қалғандықтан 6 миллион солтүстік корейлік азық-түлік жетіспеушілігіне ұшырайды деп мәлімдеген соң, 2010 жылдың қарашасынан Пекиннің мазасы қаша түскен.

Таяу Шығыстың түйткілді аймақтары

Автор Таяу Шығыста Сауд Арабиясы мен Йеменнің және Израиль мен Сирия мемлекеттерінің арасында да түйіні шешілмеген қауіпті аймақтардың бар екенін айтады. Йеменнің солтүстігіндегі Хути көтерілісшілері, Араб түбегіндегі «Әл-Қаида» ұйымы мен Йемендегі бүкілхалықтық толқулардан босқындар легінің пайда болуы мүмкін. Эр-Рияд корольдікті Хути көтерілісшілерінен өзге Африкадан келетін заңсыз мигранттар мен контрабандалық есірткі және қару-жарақтың жолын кесу үшін шекара бойымен қорған салмақшы.  

Ал Сириядағы тұрақсыздық, Израильмен шекарадағы дау-дамай Дамаскінің өз ішіндегі мәселелерге назар аударуына кедергі келтіреді деген қауіп туғызып отыр. Израиль мен Сирияның арасындағы іс жүзіндегі шиеленісті шекара 37 жыл бойына қауіпсіз болып келген. Тель-Авив Сирияны өз ішіндегі қарсылық танытушыларды аяусыз қуып таратып жатқандығына назар аудартпау үшін толқуға шыққандарды Израиль шекарасынан өтуге дем беріп отыр деп айыптады. Израиль соңғы отыз жыл бойына Египетпен және Ливанмен арадағы шекараға қырағылық танытып келген. «Сириядағы тұрақсыздықтардан қашқан сириялықтар Израиль шекарасынан өтпекші болып, аяғы адам өліміне соқтырғандықтан, Тель-Авивтің Дамаскімен арадағы шекараға назар аударуына тура келіп отыр» дейді басылым.

"Қара құрлықтағы" қауіпті мемлекеттер

Автор Африка құрлығында да аса қауіпті шекараларды атап өтеді. Олардың қатарына Суданның оңтүстігінде жаңадан құрылған Оңтүстік Судан мемлекетімен арадағы даулы Абьей аймағы, және Чад мемлекетімен шекаралас өңір және Конго мен Ангола арасындағы жаңа  шиеленіс жатады.

Шілде айында Судан мемлекетінен басыбүтін бөлінейін деп отырған Оңтүстік Судан мемлекеті Суданның Оңтүстік Кордофан аймағына жататын Абьей жеріне таласып отыр. Ал маусымның 5-і Оңтүстік Судан Оңтүстік Кордофан аймағында әскери операция бастады. БҰҰ мәліметтері бойынша, Хартумның Абьей аймағын бомбалап, басып алу кезінде 113 мың адам босып кеткен. Келіссөздерге қарамастан Судан Көгілдір Ніл мемлекеті мен Оңтүстік Кордофан аймағына шабуыл жасауын тоқтатар емес.

Суданның Дарфур аймағындағы қақтығыс пен Чад мемлекетіндегі азаматтық соғыстың кесірінен екі елдің арасы шиеленісіп, 2010 жылдың соңында 262 мың судандық босқын Чад территориясын паналауға мәжбүр болды. Ал 180 мың адам үй-күйсіз жүр. Amnesty International ұйымы өзінің жылдық есебінде екі ел шектесетін аймақта адам құқықтарының бұзылуы, әйелдер мен қыздарды зорлау, балаларды соғысқа тарту, гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлерін ұрлап кету мен азаматтарды өлтіріп кету әлі жалғасып отырғанын келтіріпті. Ал сарапшылар бұл аймақта кез-келген сәт қақтығыс тұтануы мүмкін дейді.

Конго мен Ангола арасында теңіздегі мұнай кен орындарын иелену, шекара сызығын белгілеу мен Конгоның Уганда және Руандамен жақындасуы екі ел қарым-қатынасын ушықтырып отыр дейді басылым авторы. Қақтығыс кезінде 2009 жылы 211 мың адам Анголаға өтіп кеткен. Ал Анголадан шығарылған мыңдаған конголық қыздар мен әйелдер конголық және анголалық арнаулы қызмет тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған. БҰҰ-ның қақтығыстар кезіндегі жыныстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша арнайы өкілі Анголадан шығарылатын әйелдер өздерін анголалық және конголық қауіпсіздік органдары адамдарының зорлағанын жеткізген.
Оңтүстік және солтүстік Американың қатерлі аймақтары

Басылым Венесуэла президенті Уго Чавестің Колумбияның революциялық қарулы күштерін және ұлт-азаттық армиясын қолдап отыруы екі ел арасына сызат түсіргенін айтыпты. Колумбия тарапы ымыраластыққа емеурін танытып, қарым-қатынас қалыпқа келгендей болған. Алайда ұлт-азаттық армиясы Колумбияның мұнай-газ құбырларын жарып, темір жолдарға және қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасай бергендіктен, Колумбиямен шекаралас Араука аймағы ең қатерлі жер күйінде қалып отыр.

Мексиканың 2006 жылы сайланған президенті Филип Калдерон елдегі есірткі картелімен күресуге он мыңдаған әскер жұмылдырды. Басылым «содан бері Мексиканың бірнеше штатында есірткі бизнесімен айналысатындар мен үкімет тарапынан болған қақтығыстарда 40 мыңға жуық  адам қаза тапты» дейді. Тамаулипас пен Чиуауа штаттарында 230 мың адам үйлерін тастап кеткен. Біраз тұрғын АҚШ-қа кетіп қалған. Автордың айтуынша, есірткі картелімен күрес негізінен Мексика территориясында болып жатқанымен, оның әсері АҚШ-тың Мексикамен шектес Техас, Эль-Пасо штаттарына да тиіп отыр. Мысалы, 2010 жылы ұйымдасқан қылмыстың құрбаны болған 15 мыңнан аса адамның 3100-і Техас және Эль-Пасомен шектес Сьюдад-Хуарес қаласында зәбір шеккен.

Аймақтық күштен әлемдік державаға айналып үлгерген Қытай мен Үндістанның қарым-қатынасы Азияның ғана емес, жаһанның тынысына әсер етер деңгейге жетті. Халқының саны бойынша бірінші және екінші орынды алатын бұл елдердің «жақын болашақта экономикалық қуаты жағынан да әлемнің көшбасшылығына тайталасатын дәрежеге келеді» деп айтылатын болжамдарды құлағымыз жиі шалады. Сарапшылар бұл болжамды айтқанда әлем халқының 40 пайызына жуығы (20% - Қытайда, 17 % - Үндістанда) осы екі елде тұратынын, арзан жұмысшы күшін, биліктің инвестицияға қолайлы экономикалық климат қалыптастырып отырғаны т.с. сияқты дәйектерді  алға тартады. Сондықтан болашағы зор бұл мемлекеттердің арасындағы бәсекелестіктің саяси ойыннан әріге аспауына барлық ел мүдделі, алайда қазіргі қалыптасқан мүдде қақтығыстырының сырына үңілсек, әскери кикілжіңге апарып соқтыруы ықтимал шешілмеген 7 мәселенің бар екенін көреміз.



Шекара дауы

Ең алдымен екі елдің арасында шешімін таппаған шекара дауы бар. Оңтүстік Тибет (Аруначал-Прадеш), Ақсайчин жерлері үшін тартыстар мен пікірталастар жалғасып келеді. 1962 жылы дәл осы даулы жерлер үшін Қытай мен Үндістанның арасында кішігірім әскери қақтығыс та орын алған еді. Қазақтар ешқашан бітпейтін даудың қатарына қосқан жер дауына келгенде ортақ мәмілеге келу қиын болып тұрғандықтан, бұл мәселе уақытша назардан тыс тұр. Гималай тауларында анықталмаған территориялар бар. Әрине, мәңгілік мұз жамылып жатқан Гималай тауларының экономикадан гөрі әскери-стратегиялық маңызы басымырақ. Себебі, таудың неғұрлым биік шыңдарын өз шекараңа алсаң, соғұрлым көршіңді бақылау да оңайырақ және тауға орналастырылған ядролық қарулардың ұшу қашықтығы қысқарып қана қоймайды, дәлдігі артады, әрі бәсекелесіңді қос өкпеден қысып отырасың.



Қытайдың Пәкістанды қолдауы

Келесі бір кикілжіңнің де төркіні тереңде жатыр. Бұл мәселенің шығуына Қытайдың Пәкістанға іштартуы, ядролық қаруға қол жеткізуіне қол ұшын беруі, әрдайым Пәкістан жағын қолдауы себеп болды. Егер Қытай Пәкістанды қолдауын жалғастырса, Үндістанмен арада тығыз қарым-қатынас орнайды дегенге сену қиын.



Қытайдың көрші мемлекеттердің саясатына араласуы

Бұл мәселеде Үндістанның наразылығын тудырып отыр. Үндістан өзін қоршаған мемлекеттердің билігіне Қытайға бүйрегі бұратын адамдардың келуін қаламайтыны белгілі. Бұл мәселеде оңайлықпен шешіле салмайтыны анық. Өйткені екі ірі мемлекеттің де аймақтағы елдер үшін өзіндік мүддесі бар, ал бұл мүдделер әрдайым бір арнадан шыға бермейді. Ендеше, көрші мемлекеттер үшін мүдделер қақтығысы болашақта да жалғасуы тиіс.



Тибеттің экологиясы

Үндістан алаңдайтын басқа бір мәселе соңғы жылдары Тибет экологиясының нашарлауы болып отыр. Қарқынды даму жолына түскен Қытай барлық өңірлерде ірі жобалардың құрылысын қолға алды (кен өндіру, темір жол, аэропорт, әскери базалар салу). Мұндай ірі жобалар үшін жүргізілген құрылыстар Тибеттің флорасы мен фаунасын, табиғи қалыптасқан ландшафтын өзгертуде. Ауаның ластануы мен қоршаған ортаның бұзылуы көрші Үндістан халқының да денсаулығына әсер етуде. Сондықтан Үндістан Тибетте жүргізілген ірі жобаларға оң қабақ танытпайды. Ал Қытай жағы бұл өздерінің ішкі мәселесі деп санайды.



Қар сулары

Тек қана ірі құрылыстар ғана емес, Қытай үкіметінің Тибет және Үндістанмен шекарадағы басқа да таулардағы қар мұздықтарынан аққан суды өздерінің ауыл шаруашылығына пайдалану саясаты да көршісінің қарсылығына тап болды. Алайда қарқынды дамып келе жатқан аждаһаның бұл суларға зәрулігі артпаса кемімейтіні ашық мәселе. Демек, Үндістан жағы өздерінің экономикасы сусыз қалмауын қамтамасыз ету мақсатында Қытаймен жиі-жиі тартысуы алдағы уақытта артпаса кемімейді.



Халықаралық ұйымдарға мүше болу мәселесі

Жоғарыдағы даулы мәселелер шешілмегендіктен Қытай Үндістанның түрлі халықаралық немесе аймақтық ұйымдарға мүше болуына кедергі жасап келеді. Үндістанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелікке өтуін ұйымның тұрақты бес мүшесінің төртеуі қолдағанымен Қытайдың қарсы болуы кешеуілдетіп келеді. ШЫҰ-на да Қытай қарсы болғаннан кейін мүшелікке өте алмауда.



Қытайдың мұхит суларындағы әскери кемелерін көбейтуі

Соңғы қайшылық Қытайдың кейінгі жылдары Тынық мұхиты мен Үнді мұхитында белсендірек қимылдап, әскери кемелерін көбірек жібере бастауының нәтижесінде шығып отыр. Үндістан жағы бұл мәселеде алаңдаушылық білдіріп отыр. Алайда экономикасы нығайғаннан кейін әскери күші де артқан Қытай өз мүддесін қорғау және державалық амбициясын көрсету мақсатында жаңа әскери кемелерді жіберуін жалғастыруда.

Алып екі елдің арасындағы бұл қайшылықтардың алдағы уақытта қалай дамитыны туралы нақты бір болжам айту қиын. Дегенмен, бұл мәселелердің әл-әзір шешіле қоймайтыны немесе оларды үлкен кикілжіңге апарып, әскери қақтығыс шығаруға да екі елдің де билігінің жүрегі дауламайтыны анық. Алайда, қос мемлекеттің қуаты артқан сайын арадағы кикілжіңдердің бұдан әрі шиеленісетіндігі болжануда. Әрине, қазір барлық дерлік экономикалық, бизнестің даму көрсеткіштері бойынша Қытайдың батысындағы көршісінен әлдеқайда ілгері екені байқалады. Мүмкін сондықтан шығар, Үндістан жағының Қытайдың қытығына тиер саясатына қарсылық білдіргенімен ешқандай «әрекетке» бара алмай отырғаны...

11. Дәріс (2 сағат)



Тақырыбы: XX–XXI ғғ. тоғысындағы батыс және шығыс өркениеттері.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет