ПОӘК 042-18-21 91/03-2015 10. 06. 2015ж. №2 басылым


Қырыққабаттың түтікше бактериозы



бет3/3
Дата19.05.2017
өлшемі1,03 Mb.
#16386
1   2   3
Қырыққабаттың түтікше бактериозы. Қоздырғышы Xanthomonas campestris Dows бактериясы. Крестгүлділердің мәдени және жабайы түрлерін залалдайды.

 Қырыққабат өсіп дамудың барлық кезеңінде зақымданады. Ересек өсімдіктерде зақымдану жапырақ шеттерінің сарғаюынан басталады да, негізгі тарамды бойлай тарайды. Сарғайған ұлпа бойындағы тарамдар қарайып, тор түзіледі. Жапырақ сағағының кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Зақымданған жапырақтар қурайды, үгітіледі, түсіп қалады, ал қаудандар ұсақ болып қалыптасады. Ауру тұқым жарнағының сарғаюы және өлуі түрінде өскіндерде де байқалуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштары тұқымда және құрамында ауру өсімдіктердің қалдықтары бар топырақта сақталады.



Бактериялар жаңбыр тамшыларымен, жәндіктермен, топырақ түйіршіктерімен тарайды. Өсімдікке жапырақтардағы жаралар мен табиғи тесіктері арқылы енеді. Ауа-райы жылы, ылғалды болғанда және өсімдіктер жәндіктермен зақымданғанда аурудың дамуына қолайлы жағдай туады.

Қырыққабаттың шырышты  бактериозы. Ауру қоздырғышы Erwinia carotovora Holl бактериясы. Өсіп даму кезеңінде барлық көкөніс дақылдарын залалдайды.

Аурудың белгілері алғашқы жапырақтарда да, жас жапырақтарда да байқалады. Алғашқыда сыртқы жапырақтар шіріп кілегейленеді, ал кейін қауданның іші де шіриді. Қауданы шіріген өсімдік өліп қалады. Ауру кейде топырақтан немесе жәндіктермен зақымданған қауданның өзегінен басталуы мүмкін. Бұндайда қаудан жұмсарып, сұрғылт түстенеді. Ауру қоймаларға салынған қаудандарды да шірітіп жібереді. Аурудың қоздырғыштары зақымданған өсімдік қалдықтарында, жапырақтары мен қаудандарында  сақталады.

        Пияз  мозайкасы. Аурудың қоздырғышы Allium virus I  вирусы.

 Оның вириондары жіпше түрінде болады. Алғашқыда ауру өсімдіктің жапырақтарында ұзынша келген ақ-сары жолақтар пайда болады, кейін олардың түстері ақшылттанып қатайып кетеді. Ауру өсімдіктер нашар өседі. Аурудың қоздырғыштары баданада сақталып, бітелер, кенелер арқылы тарайды.



 Қызанақтың төбе шірігі.

 Ауру өсімдік қолайсыз жағдайларда (күн ыстық болғанда және ылғал мен қоректік заттар жетіспегенде) өскенде пайда болады. Жемістің бетінде кейін қоңырланатын, суланған, қара-жасыл түсті дақ дамиды. Ал зақымданған ұлпа қыртыстанады, қатаяды, әрі құрғақ болады. Ылғал көп болғанда шіріктің сулы шірікке айналуы мүмкін. Ауруға көбіне алғашқы жемістер шалдығады. Төбе шірігіне ұқсас қызанақ жемістерінің зақымдануын Pseudomonas lycopersicum, Bacterium lycopersicum бактериялары да туғызуы мүмкін. Бактериялық төбе шірігі пісіп келе жатқан жемістерде суланған дақтар түрінде білінеді

Қызанақтың бактериялық қатерлі ісігі. Қоздырғышы Corynebacterium michiganense Jensen бактериясы.

Өсімдіктің жер үстіндегі барлық мүшелері кез-келген уақытта зақымданады. Жемістерінде «құс көзі» сияқты – ортасы қара сары түсті дақтар пайда болады. Зақымданған жемістер біртіндеп түсе бастайды. Ауру дамыған сабақтарда қара түсті жолақ дақтарды, ал кесіндісінде шіріп кеткен өткізгіш ұлпаларды көреміз. Қатерлі ісіктің қоздырғыштары топырақта, тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталады.

Күресу шаралары: себуге сау тұқымды пайдалану, дезинфекциялау үшін тұқымды 20 минут ыстық суда (48-50° С) ұстау, өсімдік қалдықтарын жою, төзімді сорттарды өсіру, «Тізім...» бойынша рұқсат етілген фунгицидтерді пайдалану.

 

Қызанақ мозаикасы. Қоздырғышы - Tobacco mosaic tobamovirus вирусы.



        Аурудың алғашқы белгілері жапырақта байқалады. Жапырақтың бетінде қара немесе ақшыл-жасыл түсті мозаика пайда болады. Жапырақтар өзгеріске түседі, қыртыстанады. Мозаиканың қоздырғыштары  тұқымда және топырақта сақталады.



Қызанақтың стригі. Ауруды Tobacco mosaic tobamovirus вирусы, кейде

картоптың Х-вирусы мен қияр мозаикасы вирустарының қосындысы тудырады. Жемістерінде, жапырақтарында, жапырақ сағағы мен сабақтарында кейін тұтасып кететін жаралар пайда болады. Аурудың әсерінен жемістер жарылып, тұқымдары сыртқа шашылып кетеді. Таратушылары – бітелер,  цикадалар.



Бүлдірген жапырақтарының қоңыр дағы. Ауру қоздырғышы – Marssonina potentillae Magn. саңырауқұлағы (Deuteromycetes класы, Melanconiales қатары).

Ауру жаздың екінші жартысында байқалады. Жапырақтарда торларымен шектелген, дөңгелек пішінді, қара-қоңыр түсті, жайылған дақтар пайда болады. Дақтардың үстінде саңырауқұлақтың конидийлік споратүзгіштері түріндегі кішкене жастықшалар түзіледі. Ауру желмен, жауынмен және жәндіктер арқылы тарайды. Саңырауқұлақ, конидилік споратүзгіш бүлдіргеннің өліп қалған немесе жасыл жапырақтарында қыстайды.

 

Қарақаттың түктілігі (реверсия). Вирустық ауру (Currant reversion virus).



Бұл ауруға қарақат егу кезінде шалдығады, сонымен қатар өсімдіктен өсімдікке қарақаттың бүршік кенесі арқылы және өсімдікпен қоректенетін қандаламен тарайды. Жекелеген өркендер, тұтас түптер жеміс бермей қояды. Жапырақтар ұзарып бөліктері азаяды, түстері бозғылттанады. Өркендер көбейіп түптер қалыңдайды. Гүлдері  ақшыл қызғылт түсті болады. Жемістер өспейді.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет