ПОӘК «Салық және салық салу» пәні бойынша


Сызба 1. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібі



бет6/12
Дата21.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#14446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сызба 1. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібі


Салық салу объектісі

Есептеу тәртібі

Бірнеше жеке тұлғаның ортақ меншігіндегі салық салу объектісі

үшін


Әрқайсысының осы мүліктегі үлесіне бара-бар.

Салық төлеуші бір жеке тұлға

болған жағдайда, бірнеше салық

салу объектілері бойынша


Әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек жүргізіледі

Жаңадан салынған салық салу

Объектілері бойынша



Салық есептеу олардың құрылу

жылынан кейінгі салық жылында

жүргізіледі


Салық салу объектісі бұзылған,

қираған кезде



Бұл фактілерді растап уәкілетті

орган беретін құжаттар болған

жағдайда қайта есептеу жүргізіледі


Салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде

Осы құқық туындаған айдан бастап

қайта есептеу жүргізіледі



Салық салу объектілеріне меншік

құқықтары берілген жағдайда



Мүлікке меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептелінеді

Бұл салық жергілікті болғандықтан, ол мүлік орналасқан аумақтың жергілікті бюджетіне төленеді. Егер жеке тұлғаның саяжайы қаланың сыртында болса мүлік салығы аумақтық салық комитетінен алынған хабарламасына сәйкес осы аумақта төленеді.Тұлға меншік құқығын сату, ауыстыру және беру кезінде салық салу объектісін іс жүзінде иелену кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Салық жылының сомасын салық салынатын объектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) бюджетке енгізуі мүмкін



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Мүлікке салынатын салықтардың экономикалық мәні неде?

  2. Салық ставкаларының түрлерін атаңыз?

  3. Салық жеңілдіктерін атаңыз?

  4. Салық базасы дегеніміз не?

  5. Салық объектіісі не болып табылады?

  6. қандай коэффициенттер пайдаланылады?

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 2,3,7,21

3.Бөлім. ТҰТЫНУҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР

6.Тақырып. Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚСС)

1.ҚҚС-ның экономикалық мәні және жіктелуіне сипаттама

2. ҚҚС негізгі құрылымы. Төлеушілер. Ставкалары.

3. Салық салынатын айналым. Салық салынатын айналым ерекшеліктері



Лекцияның мақсаты: Тұтынуға салынатын салықты оқып, үйрену, есептеу –төлеу тәртібін үйрену.

Негізгі сөздер: салық режимі, салық, объект, субъект, ставка, қосылған құн салығы.

Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық -. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығыстың орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады.Салық салу обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған құн болып өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР-ң кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған,оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ң аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады.Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сатылған тауарлар ушін төленуге тиісті ҚҚС сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС-тың салық салу обьектілері болып есептелінеді. ҚҚС-ты төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасаған айналым салық салынатын айналым болып табылады, оған салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны ҚР-сы болып табылмайтын айналым қосылмайды. Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын қоспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілген тауарлар құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың құны қандай бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі. ҚР-ң кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін және әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құға салынатын салықты қоспағанда, ҚР-на тауарлар импортты кезендегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.

Жанама салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екіншісі кеден төлемдері- әкелім, әкетілім, сондай-ақ тауарларынан, заттары мен қызметтер көрсетуден, өндіріліп алынатын баждар мен алымдар болып табылады. Жанама салықтардың үшінші тобына акциздер кіреді. Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдернде олар шамамен 2.5% құрайды.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Қосылған құнға салынатын салықтардың экономикалық мәні неде?

  2. Салық ставкаларының түрлерін атаңыз?

  3. Салық жеңілдіктерін атаңыз?

  4. Салық базасы дегеніміз не?

  5. Салық объектіісі не болып табылады?

  6. қандай коэффициенттер пайдаланылады?

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 3,6,21

7. Тақырып. Акциздер

1. Акциздердің экономикалық мәні мен табиғаты

2. Қазақстанның салық жүйесіндегі акциздердің қызмет ету ерекшеліктері

3. Акциз ставкалары және оларды қолдану ерекшеліктері



Лекцияның мақсаты: Акциз салығын оқып, үйрену, есептеу –төлеу тәртібін үйрену.

Негізгі сөздер: акциз, салық, объект, субъект, ставка, адвалорлық стака, тұрлаулы ставка.

Бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіреді. Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары акциздерді жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және оның аумағында жасырын әкелу, өндіру және өткізуді болдырмау мақсатында міндетті түрде таңбалауға жатады.

Акциз салығын төлеушілер бұл ҚР аумағында өндірілген және ҚР аумағына импортталатын тауарларға және ҚР салық заңдылығында көрсетілген тауарлар тізбегіне салынатын салық акциз салығы болып аталады.

Акциз төлеушілері мыналар:

1) ҚР аумағында акцизделетін тауарлар шығаратындар;

2) акцизделген тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтындар;

3) ҚР аумағында бензиннің (авияциялық бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратындар;

4) ҚР заңдарына сәйкес бұрын ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай –ақ мүрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратындар;

5) ҚР аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілері болып табылады.

Резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілері болып табылады.

Қызметтің акцизделетін түрлері мыналар болып табылады:


  • ойын бизнесі;

  • лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.

Акциз ставкалары

1. Акциз ставкаларын ҚР Үкіметі бекітеді және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада ( тұрлаулы ) белгіленеді .

2. Алкаголь өніміне акциздер ставкасы су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.

3. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

4. Ойын бизнесі объектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін ҚР Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді.

Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгіленген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік –аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілері үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.

Салық салу объектісі мыналар:

1) акциз төлеушінің өзі жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйылған акцизделетін тауарлармен жүзеге асырылатын мынадай операциялары:

акцизделетін тауарларды өткізуі ;

акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беруі;

алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беру;

жарғылық капиталға жарнасы;

заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;

тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

тауар өндірушілердің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

4) тәркіленген және (немесе) иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;

6) лотереяларды ұйымдастыруы және өткізуі;

7) акцизделетін тауарлардың ,акциз алымы маркаларының бүлінуі , жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.

Салық салу базасы болып төмендегілер табылады:

1. Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген , өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді.

2. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен ҚҚС енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген , өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді .

3. Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімдеген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс.

Түрлі ставкалар белгіленген жағдайда спирттің барлық түріне салық салу ерекшеліктері :

Спирттің барлық түріне әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Акцизге салынатын салықтардың экономикалық мәні неде?

  2. Салық ставкаларының түрлерін атаңыз?

  3. Салық жеңілдіктерін атаңыз?

  4. Салық базасы дегеніміз не?

  5. Салық объектіісі не болып табылады?

  6. қандай коэффициенттер пайдаланылады?

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 1-12.

4.Бөлім. ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР

8. Тақырып. Корпоративтік табыс салығы

1. Қазақстанда заңды тұлғалардың табысына салық салудың дамуы.

2. Корпоративтік табыс салығының экономикалық мазмұны

3. КТС Есптеу ерекшеліктері. Төлеу мерзімі. Ставкалары



Лекцияның мақсаты: Корпорациялық табыс салығын оқып, үйрену, есептеу –төлеу тәртібін үйрену.

Негізгі сөздер: Корпорациялық табыс, салық, объект, субъект, ставка, адвалорлық стака, тұрлаулы ставка.

бюджет түсімдерінде едәуір орын алады. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Респуликасы резидент-заңды тұлғалары төлейді. Арнаулы салық режімін қолданушы заңды тұлғалар-шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші- заңды тұлға, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді. Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды. Негізгі шектерде бұл механизм заңдамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңды тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер, соның ішінде кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейді.

Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегілерді қоса, салық төлеушілерінің табыстарының барлық түрлері қамтылады:


  • тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс;

  • үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

  • міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар;

  • күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;

  • мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;

  • ҚР-ң заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;

  • борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар;

  • кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар және басқа да табыстың түрлері.

Алынған жылдық жиынтық табыс түзетілуі, яғни салық төлеушінің бұл табысынан мыналар алынып тасталынуы тиіс:

1) ҚР-ғы төлем көзінен бұрын салық салынған, ҚР-ң резидент-заңды тұлғасынан алынған дивидендтер;

2) эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуі және өз акцияларын өткізу кезіндегі құн өсімі,

3) қор биржасының ‘A’және ‘B’ ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен алынатын табыс;

4) мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;

5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік көмек ретінде алынған және мақсатты түрде пайдаланған мүліктің түрі;

6) мемлекеттік кәсіпорынның Үкімет шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі құрал-жабдықтардың құны;

7) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар.

Бейрезиденттердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзіне мынадай мөлшерлемелер б/ша салық салынуға тиіс:

1) дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар-15%;

2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық сыйлық ақылары- 10%;

3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары б/ша төленетін сақтық сыйлық ақылары-5%;

4) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түскен табыстар-5%;

5) жоғарыда 1-4 тармақшаларда көрсетілген табыстарды қоспағанда, бейрезиденттердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстары –20%;

Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады және бұл салық бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде белгілі мөлшерде ағымдағы айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті.

Салық кезеңі ішінде енгізілген аванстық төлемдердің сомасы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі мағлұмдама б/ша есептеп шығарылған оны төлеу есебіне жатқызылады.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Корпоративтік табыс салығының экономикалық мәні неде?

  2. Салық ставкаларының түрлерін атаңыз?

  3. Салық жеңілдіктерін атаңыз?

  4. Салық базасы дегеніміз не?

  5. Салық объектіісі не болып табылады?

  6. қандай коэффициенттер пайдаланылады?

  7. Салық шегерімдеріне не ждатады?

  8. Жылдық жиытық табыс дегеніміз не?

  9. Салық салынатын табыс дегеніміз не?


Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 3,10,21
9.Тақырып. Жеке табыс салығы

1. Азаматтардың табысына салық салу жүйесінің эволюциясы мен экономикалық мазмұны

2. Қазақстанда жеке табыс салығының дамуы

3. Жеке табыс салығының құрылу негізі



Лекцияның мақсаты: Жеке табыс салығын оқып, үйрену, есептеу –төлеу тәртібін үйрену.

Негізгі сөздер: жеке табыс, салық, объект, субъект, ставка, адвалорлық стака, тұрлаулы ставка.

Бұл салық бойынша қаражаттардың түсімі барлық салық төлемдерінің 9% алады. Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі.Салық салу обьектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып саналады.

Салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген.

Дивиденттер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15% мөлшерлеме,адвокаттардың және нотариустардың табыстарына 10% мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға мыналар жатады:


  • қызметкердің табысы;

  • біржолғы төлемдерден алынған табыст;

  • жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;

  • девиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

  • стипендиялар;

  • жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

Салық агенттері жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін куннен кешіктірмей жургізеді.Олар салық төлеушілердің тұрған жері бойынша есепті айдың табысын төлеудің соңғы күннінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.Салық кодексінде көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген. ҚР-ң шегінен тыс жерлерде төленген жеке табыс салығынның сомасы белгіленген тәртіппен Қазақстанда салық төлеу есепке жатқызылады. Шетелдік резидент-жеке тұлғалар табыстарына олардың ҚР-ғы көздерінен де, сонымен бірге одан тыс жерлерден де алған табыс кіреді.Салық салынатын табысты анықтау,резиденттен алынатын жеке табыс салығын есептеудің,ұстаудың және төлеудің тәртібі қызметтің сипатына қарай жүргізіледі. Тұрақты мекемемен байланысы жоқ бейрезиденттер салықты төлем көзінен шегерімсіз 5 пайыздан 30 пайызға дейінгі мөлшерлемелер бойынша төлейді;қызметі тұрақты мекеме құруға соұтыратын бейрезиденттер салықты төлем көзінен салық салынбайтын, шегерімдер сомасына азайтылған табыстардан резиденттерге арналған мөлшерлемелер бойынша төлейді.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Жеке табыс салығының экономикалық мәні неде?

  2. Салық ставкаларының түрлерін атаңыз?

  3. Салық жеңілдіктерін атаңыз?

  4. Салық базасы дегеніміз не?

  5. Салық объектіісі не болып табылады?

  6. қандай коэффициенттер пайдаланылады?

  7. Салық шегерімдеріне не ждатады?

  8. Жылдық жиытық табыс дегеніміз не?

  9. Салық салынатын табыс дегеніміз не?

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен 2,3,5,21

11.Тақырып. Әлеуметтік салық

1. Әлеуметтік салықтың мазмұны мен экономикалық мазмұны

2. Қазақстанда әлеуметтік салықтың дамуы

3. Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салқты есептеу ерекшеліктері



Лекцияның мақсаты: Әлеуметтік салықты оқып, үйрену, есептеу –төлеу тәртібін үйрену.

Негізгі сөздер: әлеуметтік салық, салық, объект, субъект, ставкарегрессивті стака, тұрлаулы ставка.

Мемлекетте алынған салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру,халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорларының 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.

Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 17% түсім береді.

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режәмі ойын бизнесі, боулинг, картинг, бильярд,лото ойындары саласында қызмет көрсететін заңды және жеке көсіпкерлікге қолданылады.

Қызметтің аталған түрлерінің субьектілері бюджетпен тіркелген жиынтық салық әлеуметтік салық,төлем көзінен салынатын жеке табыс салығы негізінде есеп айырысады. Корпорациялық табыс салығы ктіркелген жиынтық салық мөлшерінің 30 пайызын, қосылған құнға салынатын салық-70 пайызын құрайды. Қалған салықтар мен басқа міндетті төлемдер жалпы белгіленген тәртіппен төленеді.Тіркелген жиынтық салықтың базалық ең төменгі және ең жоғары мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі салық салудың әрбір обьектісі бойынша бегілейді.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Әлеуметтік салықтың экономикалық мәні неде?

  2. Салық ставкаларының түрлерін атаңыз?

  3. Салық жеңілдіктерін атаңыз?

  4. Салық базасы дегеніміз не?

  5. Салық объектіісі не болып табылады?

  6. Салық шегерімдеріне не жатады?

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 3,6,21.

12.Тақырып. Экспортқа рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларга салық салу

1. Рента салығының талаптары мен экономикалық мазмұны

2. Салық салу объектісі мне субъектілері

Лекцияның мақсаты: ЖҚП төлейтін салықтар мен ранаулы төлемдерді оқып, үйрену, есептеу –төлеу тәртібін үйрену.

Негізгі сөздер: жер қойнауын пайдаланушылар, роялти бонус, салық, объект, субъект, ставка, адвалорлық стака, тұрлаулы ставка.

Салықтары мен арнаулы төлемдері. ҚР-ның салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар,оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем,орманды пайдаланғаны үшін төлем және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады,ө йткені олардың пайда болуы мен мөлшермелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты , минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленген салық режімі тек қана ҚР–ның Үкіметі белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келсімшартта айқындалады. Келісімшарттардың негізгі түрлеріне қарай жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың екі үлгісі белгіленген:

Бірінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының Салық Кодексінде көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді;

Екінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша ҚР-ның үлесін төлеуін, сондай-ақ салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға шикі мұнай мен басқа пайдалы қазбаларға салынатын акциз, үстеме пайдаға салынатын салық,жер салығы, мүлікке салынатын салық қосылмайды.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері мыналарды қамтиды:

1.Үстеме пайдаға салынатын салық;

2.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері:

- қол қойылатын;

- коммерциялық табу;

- роялти


3.Өнімді бөлу бойынша ҚР-ның үлесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет