ПОӘК042-18-18 45/01-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет5/8
Дата30.04.2017
өлшемі1,46 Mb.
#15229
1   2   3   4   5   6   7   8

Қолданатын әдебиеттер.

1. Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. (Серия “ Учение с увлечением”). – Ростов н/Д: изд-во “Феникс”, 2004.- 384 с.

2. Подласый И.П. Педагогика начальной школы: Учебное пособие .- М.: Гуманит. Изд.центр ВЛАДОС, 2000.- 400 с.

3. Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования.- Алматы, Научно-издательский центр “Ғылым”, 2001 г., 296 с.



15-тақырып: Тарих бойынша сыныптан тыс жұмыстар
1.Брейнг-ринг және пікір-талас сабағы

2.Білімді бақылауға арналған тапсырмалар: талдау, проблемалық тапсырмалары, эссе құру, аналитикалық әңгімелесу


1.Диспут немесе брейнг-ринг оқушылардың өз ойларын айту, түзету, сонымен бірге басқа диспутқа қатысушыларды назар қойып тыңдағанға үйретеді. Сонымен бірге сөйлеу мәдениетінің ережелерін сақтау мен басқаларға шыдамдылық танытуға да ықпалы етеді. Диспут барысында жаңа идеялар мен түрлі нәтижелер туындауы мүмкін. Оқулық тағы «Мораль мен құқық» тақырыбында оқушыларға «Өмірден мораль жоғары болуы керек пе, әлде құқық па?» деген тақырыпта диспут ұйымдстыруға болады. Диспут қалай өтілуі тиіс? Мұғалім бірнеше жауабы бар тақырыпты таңдап, сыныпқа жариялайды. Сол тақырыпта қажетті материалдарды алдын ала беріп қоюға болады. Материалдарда дәлелдер мен дәйектер болуы тиіс. Оқушыларды қарама-қарсы пікір ұстанатын топқа бөлу керек. Ең алдымен диспутты бастамас бұрын өз топтарында айтылатын ой мен оның шешімдерін ойластырып алған жөн. Егер консесусқа келе алмаса ерекше пікір ұстануға да болады. Оқушылар бір-бірін белсенді түрде тындауы тиіс. Сөйтіп тұрған оқушының жеке басына қатысты сындар айтылмауы тиіс. Әр айтылған ойдың жақсы жақтарын баса айту керек. Диспуттан соң, кім нені түсінді, қандай ойға келді, мадақтауға тұрарлық қандай пікірлер айтылды, соны қорытындылау керек. Әр оқушыдан «диспутты жақсарту үшін не қажет деп ойлайсың» деп сұрау керек.

Диспуттан соң шығармашылық еркін тест алып бағалауға да болады. Жұппен немесе шағын топпен жұмыс. Оқушыларды жұпқа немесе шағын топқа бөліп жұмыс істеу олардың арасында ынтымақтастық пен серіктікті тудырмау қатар, басқа адам ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді.

Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді., Оқулықтағы «Моралдық негізгі сынаттары» атты сабақта оқушыларды ең алдымен жұпқа бөліп, олардың мораль санаттарының қандай түрлерін білетіннін сұраңыз. Сосын олардың ортақ ойларын білгенін кейін оларды, 4-5 шағын топқа бөліп. Санаттар тақырыбыне үлестіңіз. 1-топ «ар», 2-топ «намыс», 3- топ «Эгойзм», 4-топ «альтуризм». Оқушылар әр топта осы санаттттарға негізгі сипаттама берсін. Сосын осы санаттар араластырып жазылған жағдайларды беріңіз, одан әр топ оны қай санатқа жататынын тапсын. Дұрыс тапқан топ пен оның мүшелерін бағалаңыз.

Жұппен және шағын топпен жұмысты қалай өткізуге болады?



  1. Оқушыларды жыныстарына қарай араластырып бөліңіз. Оларды жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз), апта күндері (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма), түске қарай (қызыл, сары, көк, жасыл, ақ) жеміс таулары (алма, алмұрт, шие, шабдалы,өрік) т.б. бойынша бөлуге болады.

2. Егер сынып ішінде парталар мен орындықтарды қозғауға келмесе, шағын топқа бөлінген оқушыларды бір-біріне бетпе бет қарап отыруын сұраңыз.

  1. Әр топ ішіндегі оқушылар өздері уақытты бақылап отырытын, шағын топ жұмысының тұсау кесерін айтатын оқушыны өздері таңдасын. Әр топ мүшелерінің өз міндеттерін ол бақ бөліп алғаны жөн.

  2. Шағын топқа берілетін тапсырма немесе жаттығуды нақты, қысқа және анық беру керек. Бірнеше рет өзгерту түсініксіздікке әкеледі.

  3. Шағын топ жұмыс істепр жатқанда мұғалім сыныптың артқы жағында кедергі жасамайтын жерде тұруы қажет. Топ жұмысын өз қалауы бойынша уақытынан тыс тоқтатуға болмайлы. Топ жұмысын сырттан бақылап, олардың белсенділігін арттыратын және сергітетін нәрселерді мұғалімнің айтуына болады.

  4. Шағын топ жұмысы бағалануы тиіс. Оқушыдарды сөйлетіп ол үшін қандай нәрсе маңызды болғанын сұраған жөн.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы ерекшелігі мол құнды технология. Бұл бағдарламада жүзден аса стратегия бар екені белгілі. Сол әдіс-тәсілдерді жақсылап игеріп ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат міндеттерін тиімді жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы «Мәселе нені үйретуде емес, қалай үйретуде» демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламада айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда бұл стратегиялардың маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарты. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мәселелерге назар аударылады.

1.Сабақты белсенді өткізіп әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау.

3.Қиялын дамыту үшін менің ойынша деген жауапқа дағдыландыру.

4. Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап нашарын сынамау.

5.Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

6.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еріксіз қинап сұрамау.

7. Баланың дүниетанымның кеңіп, рухани өсуне әр сабақта жағдай жасау.

8.Жеке тұлға ретінде «мен» деген ролдін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Интерактивті оқыту деген оқыту мен үйрету арасындағы айырмашылық. Оқытудың білім ортасымен тікелей байланысы .Оқытудың шындыққа негізделгендігі, оқушылар меңгерілетін тәжірибе саласын табады. Оқушылар тәжірибесі негізгі қызмет атқарады. Мұғалім белсенділігі оқушының белсенлділігіне орын береді, мұғалім міндеті оқушы белсенділігіне жағдай жасау және оқушыны өз бетінше ізденуіне итермелейді. Жалпы алғанда белсенділіктің үш түрі яғни физикалық, әлеуметтік танымдық бір- бірімен байланыста болуы шарт.

Оқушылардың ойлау деңгейлері әлдеқайда жоғарлайды. Сабақ үстінде тәртіп мәселесі өз орнын тауып кетеді. Өйткені қызығушылықпен жұмыс жасап жатқан баланың бұрылуға шамасы келмейді. Білім сапасы бұл сыныпта әр тоқсан сайын көтеріліп отырады.

Оқушы әр  түрлі ақпарат   көздерімен  сусындап  өз  түйінінайта  білуі керек.  Кез   келген  мазмұнды  талдау  барысындаөз  тобымен  ұйымдасып, пікірлесіп,  ең  ұтымды  жауапты  іздеуі  керек. Осыған  орай  «Сорос  Қазақстан»  қорының  ұйымдастыруымен  өткен  «Пікір -сайыс» бағдарламасының  маңызы  зор.  Осы   бағдарламалардың  стратегияларын   пайдаланып   өткізген   сабақтардың  әсері  мол. Топқа бөлінген  оқушылар  өз  сұрақтарына тынымсыз  жауап іздейді.  Әр  оқушы өз  идеясымен бөліседі.  Мен өзімді  тамаша  бір оркестр   басқарып   тұрғандай сезінемін.  Оқушыларым  тамаша  ойшыл адамдар. Бұл оларға  сол проблема  бойынша   өз   көзқарастарының қалыптасуына,  пікірлерін  қарсыластарының көзқарастарымен салыстыруға,  өз   пікірін қорғауға  үйретеді,  сол   проблеманы  өздігінен   терең зерттеуге итермелейді.  Пікір – сайыс жастардың білімдерін  жан –жақты  жетілдіріп,  мәдени   деңгейлерін  көтереді,  басқа   адамдарға   түсінікпен   қарап,  олардың  пікірлерімен   санасуға   үйретеді,  шешендік  өнерге   баулиды.   

Еліміздің   егемендік алып,  қоғамдық   өмірдің барлық  саласында жүріп   жатқан  демократияландыру мен ізгіліктендіру  мектепті  осы кезге   дейінгі дағдарыстан шығаратын  қуатты  талпыныстарға  жол  ашты. Білім берудің   жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік білім беру   кеңістігіне енуге бағыт алуда.  Білім мазмұны жаңа  үрдістік  біліктерімен  ақпаратты қабылдау  қабілеттерінің  дамуымен  байи  түсуде -  ауызша  және  жазбаша,  телефон,  радио  байланыс – қазіргі  заманғы  компьютерлік  құралдарға  ығысып  орын  беруде.  Нарық  жағдайындағы  білім  беру  бағдарламаларының  нақтылануымен  де  білім  беру  мазмұны  жаңаруда, Олай болса  оқыту  технологиясын  жетілдірудің  психологиялық – педагогикалық   бағыттағы  негізгі  ой – тұжырымдары  төмендегідей  сипатталады:


  1. Есте  сақтауға негізделген  оқып  білім  алудан  бұрынғы  меңгергендерді  пайдалана  отырып,  ақыл – ойды  дамытатын  оқуға  көшу.

  2. Білімнің  статистикалық  үлгісінен  ақыл – ой  әрекетінің  динамикалық  құрылым жүйесіне  көшу.

  1. Оқушыға  орташа  деңгейде  білім беретін  бағдарламадан  жекелеп     саралап оқыту бағдарламасына  өту.

4. Мұғалім мен оқушының  бірлік  одақта   қызмет  істеуі.  Бір – біріне  басымдық  көрсетпеуі  оқушыға да,   мұғалім де,  субъект болуы.

Енді  дәстүрлі  оқыту мен жаңаша  оқытудың  айырмашылығын қарастырайық.  Дәстүрлі  оқыту процесінде  мұғалім сынып оқушыларын  толық қамти отырып  оқытады.  Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық  маңызды роль  атқарады,  олар  бірге отырып  оқушыларды  білімге жетелейді,  соған сәйкес  оқушылардың   жауаптарында  сол мазмұнды  есте  сақтап  және  бұрмаламай  айтып беруі маңызды болады.  Мұғалім білімді оқушыларға  дайын  күйінде  меңгертеді.

Жаңаша  оқытуда оқушы мұғалімнің  түсіндіргенін ғана  меңгеріп  қоймай,  мұғаліммен  тікелей пікірталасқа  көшеді.  Оқушы белсенді  роль  атқарушы  емес,  жетекші позицияны ұстайды.  Ол  әлемді  тануға,  белгісіздікті  анықтауға   өз  жауабын  іздейді,  ал  білімді  ол  әртүрлі  жерден  табуы  мүмкін,  шешімдері де  әр  оқушыда  әртүрлі  болады.  Тапқан  шешімін  нақты  ақиқат  деп  қабылдамай  ізденісті  әрмен  қарай  жалғастырады.  Мұғалім  мен  оқушылар арасында  тығыз  байланыс  қалыптасады.  Оқушы  да,  мұғалім  де  субъектіге  айнвалады.  Екеуі  де  бірлік  одақта  қызмет  істейді.  Мына  төмендегісуреттерде дәстүрлі  оқытудағы мұғалім  мен  оқушы  ара  қатынасы (1 сурет)  және  жаңаша  оқытудағы  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  байланыс (2 сурет)  көрсетілген. 

Жаңаша  оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда күрделі,  әрі тиімді процесс.  Жоғарғы суреттегідей  мұғалім білім мен оқушының  ортасында тұрмас  үшін  барлық  стратегияларды  жақсы меңгеріп  оқыту  технологиясын  қайта  құру  керек.

 Бұл   әдістер жаңаша   оқыту міндеттерін шешу  құралы  болып табылады.  Оқушы төмендегідей  іскерлікпен дағдыны   қалыптастырады.

Атап  айтқанда,  оқушы  бұрын  меңгергендерді  пайдалана  отырып,  ақыл – ой  өрісін  кеңейтеді,  тақырыпқа  сай  сын тұрғысынан  қарайды.  Оқушы өз  алдына  сұрақтар  қойып,  жауап іздеуге,  мәселеге  байланысты  өз  пікірін айтып,  оны дәлелдей  білуге, білімнің қайнар  көзін өздері  тауып,  білімді меңгеру үшін  қажет дағдыларды  өз  бетімен қолдануды үйренеді.  Әдепті  батыл  сөйлеу,  проблемаларды  анықтай алу,  топтың  жалпы  шешіміне  үлес  қосу,  өз  ойын тұжырымдауға,  өздерінің  үйренгендеріне жауапты  қарауға,   әріптестерінің  ой – пікірін  құрметтеуге,  тыңдауға,   салыстыра зерттеуге,үйретеді.  Тақырыпты ғылыми  түрде меңгеруге мүмкіндік жасайды.

Оқытудың  жаңа  моделі -  пікірталас  әдісі.  Пікірталас – дидактикалық ізденістің маңызды саласы.  Комуникативті пікір алмасу  моделі  жөніндегі негізгі қағидалар мен тұжырымдарды,  методикалық  нұсқауларды, «Дүние  жүзі  педагогика  инновациясы»  атты   М. В. Клариннің  еңбегін  басшылыққа  ала  отырып,  география  пәнін  оқытуда  оқыту  құралы  ретінде  пайдалану – жақсы  нәтижеге  қол  жеткізді.  Жаңаша  оқытудың  коммуникативті  пікір  алмасу  түрі  оқушының   жетекшілік позициясын  нығайтып,  сыныпта  ашық  өзара  қатынастарды  қамтамасыз  етіп  бірлесіп  білім  алуда  жауапты  іс - әрекет  жасауға мүмкіндік  береді.

Егер  пікір алмасуоқушы мен мұғалім арасында  кезектескен  жүйелі,  бірізді  сұрақ  жауап  түрінде  жүргізілсе, онда  ол  біз  күткен  нәтиже  бермейді.  Бұрынғы  оқу  жүйесіндегі  сұрақ – жауап  түріндегі оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  төменгі  дәрежедегі   байланыс  әдісі.

4 суретте жоғарғы деңгейдегі  коммуникативті  пікір алмасу,  яғни  бірлесіп  білім алудағы,  ақиқатты  іздеудегі жауапты іс - әрекет. Мұнда оқушы жетекші позицияда болса,  ал  мұғалім мәселені  меңгеруде,  талқылауда  және   шешім  шығаруда  көмекші  серік  міндетін  атқарады.

Мен оқытудың  коммуникативті   пікір алмасу  стратегиясымен  Қазақстан – Сорос қорының «дебат» немесе  пікір сайыс бағдарламасымен шұғылдана жүріп, осы әдістің технологиясын  меңгеруге  қол  жеткіздім  және  пікір  талас   моделін  география  пәнін оқытуда  қолдану  тиімді  екендігінде  өз  тәжірибемде  көз  жеткіздім. Менің  сабақта  қолданатын  пікірталас  моделінің  арнайы  құрылымы,  ережесі  бар,   қолданыс  аясы  және  уақыты  шектеулі.  Оның  негізін   салушы  американ  философы  Карл  Поппер.  Оның  ерекшелігі  - әр  қарсылас  топтың бір – бірімен  белгілі  ережеге  сәйкес  ізденіске  негізделген  сайысқа  түсуі,  ақиқатқа  жету  жолын  қарастыруы,  дәлелдерін  салыстыруы.  Мына  төменде  Карл  Поппер  пікір  таласы  бағдарламасының  пікір  талас  форматы  берілген. 



Дебат ойыны   ережесі. 



Ж- 1 ( 5 мин)

Д – 1 ( 6 мин)

Ж -2 ( 5 мин)

Шешіммен  келіседі

Шешімнің  шарттарын анықтайды. 

Мақсат

немесе критериялар қояды.



Қысқаша жақтаушы

команданың көзқарасы

жөнінде  дәлелдеме береді.


  1. Аргумент

2. Аргумент

3. Аргумент

Өзінің  оң  бағытын анық  түрде қорытындылайды.


Шешіммен келіспейді

Альтернативті  түсініктемелер (дефин) ұсынады

Альтернативті  критериялар  ұсынады.

Әрбір  оң  аргументке  қарсы контрагумент  келтіреді.

Оны  фактілермен  бекітеді.

Теріс  жүйелі  бағытыңызды дайындап  айтады.

Аргумент 1

Аргумент 2



Позициясына  қайтадан  сендіреді.

Түсініктемеге  қайтадан  сендіреді  және альтернативке  қарсы  сөйлеп жауап  береді.

Айтуға  тұрарлық критерия жасап,  оң сөйлеу  мәселесін құрады. Оң  құрылым арқылы  нақты дәлелмен  дәлелдейді.


  • жаңа  дәлел  береді.

  • бұрынғы

берген дәлелдің

сыны арқылы

берілген

кемшілікті  айтады.



  • мысалдарды,

ұқсастықтарды, баяндауды  қолданады.

* бар дәлелді кеңейтіп айтады. Қарсы дәлелдерге  қарсы жауап береді.



«Қазір  мен  қарсы  сұрақ – жауапқа дайынмын».

«Рахмет, мен  сұрақ –жауапқа  дайынмын».

«Рахмет, мен  сұрақ –жауапқа  дайынмын».

Х  сұрақ  ДЗ – Ж1.

Х  сұрақ  ЖЗ – Д1

Х  сұрақ   Д1 –Ж2.



Д – 2 (5 мин)

Ж – 3 ( 5 мин)

Д -3 (5 мин)

Негізгі   өзгерістерді

анықтайды.

Альтернативті  түсініктеме  даулы  болып   ары  қарай

түсіндіреді.  Қалыс  мақсат  айтып  айтысады.

Жақтаушы  кейстің  пункттеріне  анализ  жасайды.

* жаңа   дәлел береді,

*оң  сөйлеудегі  кемшіліктерді түсіндіреді,

* мысалдарды,  ұқсастықтарды,

баяндауды  қолданады.


Пікір  таласын  маңызды  дәлелді  мән  бергізе  ұйымдастырады.  Оң  сөйлеу  критериясы неге  үстем  екендігін қайта  түсіндіреді.

  • төрешіге  айтылатын  сын  аргументінің  маңызын  көрсетеді,

  • аргументтің  жасайтын әсерін  түсіндіреді,

  • оң  бағытта  сөйлейтін  әр  пікір  сайысты,  әр  аргументті  қалай  айтып  шығатынын түсіндіреді.

Төрешіге арнап  маңызды  мәселелерге  мән  бере  сөйлейді.

  1. команданың  бағыт  шарттары  туралыы  сөйлейді.

Кез  келген  болып  жатқан  пікір  таластың  орын  салмағын   көрсетеді.

Оң  шешім  жүйелігіне  қарай  сөйлейді.

* төрешіге  арналған  ең  маңызды аргументтерді айтады.


Қайтадан  теріс  дәлел  дайындап  және  бұрынғы  дәлелді  кеңейтіп  айтады.

Бұл  аргументтерді  пікір  таласында  ұдайы  айтады.  Олардың  маңызын  байқап  қайта

түсіндіреді.



Кез  келген  теріс  аргументтерді  қайта  жауап  арқылы  терістеуге  сенімді  болады.

«Қазір  мен  қарсы  сұрақ – жауапқа  дайынмын».

Соңғы қорытынды жасайды.

Соңғы  қорытынды  жасайды.

Х  сұрақ: Ж 1 – Д 2







      

                               Пікір талас не үшін  керек? 

1. Шешендік  дағдысын  жетілдіру.

2. Талқы үстіндегі мәселеге  сын көзбен  қарау.

3. Талқыланып  жатқан  мәселені  түсіну.

4. Ойландыру,  ой- түрткі  салу.

5. Фактілерді  зерттеу,  болжау,  баға  беру.

6. Жүйелеп сөйлеу.

7. Өз  көзқарасын  жүйелеп басқаларға  дәлелдеу.

9. Өз  бағытын дұрыс ұғыну.

10.  Мәселенің өзектілігіне  мән беру.

11. Пікір таласта екі жақтың  ойын,  көзқарасын  жалғастырып,      ұштастырып   отыру.

12. Өз  ойыңды  анық,  әсерлі,  нақты түрде дәлелдеу.

13. Көп әдебиеттерді  оқу.

14. Әдебиеттерден керектіні алуға қалыптасу.

15. Беделді әдебиеттерді  пайдалану.

16. Кітапханаларда  жұмыс істеуге дағдылану.

17. Қоғамның  саяси дамуын  түсіну.

18. Пікір таласында білімді  жетілдіру,  тереңдету.

19. Сайысқа   қатысушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу.

20.  Сайыста идея   қозғаған  адамға  құрметпен қарау.

21. Идеяны  теріске шығаруға  нақты мықты дәлел қою.

22. Төрешіні  өз  көзқарасының  дұрыстығына сендіру.

23. Қарама – қарсы сұрақ қоя білу.

24. Уақытты тиімді  пайдалану.

25. Мәселені  қорытындылау  және  шешім жасай білу.

26. Мәселеге шығармашылықпен қарау.  Топтармен жұмыс жасау.

27. Дефинициялармен   жұмыс жүргізу.

28. Көзқарасты  ашық  айтуға  қалыптасу.

29.  Ашық  қоғам құруға  үлес  қосу



Пікір – сайысты  қолдану  әдістері (сабақ үлгілері) 

Пікір – сайыс  технологиясын  тарих  сабағында қолдану үшін  мынадай талаптарды  есте  ұстау қажет.



  1. Пікір – сайыс  сабағының  айқын  мақсаты  болуы  керек.

  2. Пікір – сайыс  сабағында  ойын  тәртібін  қатал  сақтау  керек.

  3. Оқушылар  пікір – сайыс  алдында  тақырыпты  толық  меңгеруі  тиіс.

  4. Пікір – сайыс  тақырыбы  да  талапқа  сай,  талас  туғызатындай  болуы  керек.

  5. Оқушылар  пікір - таласта   толық   қатысуы   тиіс.

  6. Пікір – талас  өз мәнінде  өту  үшін  уақыт  керек.

Дебат технологиясы  тереңде оқыту және  оның  маңызы  мына  төмендегідей:

    • қарама  -қарсы  ой  стратегиясы  болғандықтан  сөз  әдебіне үйрету;

    • әлеуметтік  тілдің  дағдыларына  қалыпастыру;

    • дебаттың  құндылығы  арқылы  қоғамда ой – сана  алуандығын  туғызу;

    • еркін  саяси   көзқарастардың  бәсекелестігін  туғызу;

    • тыңдаушының  сөйлеушіден  2  есе  мәдениеттілігін  насихаттау;

    • пікірсайыс  түрлері,  оның  мәні;

    • дебат  әдісі  арқылы  шешендікке  алып  келу;

    • белсенді  сөйлеуді  ойлай  сөйлеумен  ұштастыру;

    • оқушы  дербестігін  дамыту;

    • оқушы  өзін -өзі  қадағалап,  тексертуге  баулу;

    • таным  қабілетін  дамыту;

    • өздігінен  білім  алуға  қажеттілік  тудыру;

    • ақыл ой еңбегіне  жалпы  мәдениетін  арттыру;

    • білімге  құмарлығын,  рухани  сенімін  күшейту;

    • «Іште  пікір  өлгеншені» ұтымды  пайдалану;

    • пікір  шектелмейтін  еркін  шығармашылық  қалыптастыру;

    • ғылым  дағдыларын  жүйеле

Дебат   туралы  мәлімет.

Ашық  қоғам  құрудағы  дебат  қозғалысы.

Пікірсайыс  мәдениеті  туралы  түсінік.

Пікірсайыс  мәдениеті  мен  ақыл – ой  сезім  мәдениетінің  байланысы.

Дебат  технологиясындағы  сөздік  норма.

Дебат  ерекшелігі (3  ұстанымға  сүйену: іздену,  шыншылдық, басқаға  құрмет).

Қоршаған  ортаға  сын  көзбен  қарау.

Фактіге  сүйену,  оны  зерттеуге,  болжауға,  жүйелеп  сөйлеуге,  дұрыс  ұғынуға  үйрету.

Тапсырманың  мағынасын  ажырату,  ойға  шабуыл  жасатып үйрету.

Күнделікті  тіршілік  мәселесін  терең  пайымдауға  талпындыру.

Адам  қатынасының (коммуникациясының)   жаңа  тәсілдерін жетілдіруге  алып келу.

Қазақтың   шешендік  өнерін  әлемдік  деңгейде  қарастыру.

Әміршіл - әкімшіл  биліктің  идеологиялық   қыспағында   қалған  халық   даналығын  жаңғырту ( Карнегидің  12  кеңесі).

Көпшілік  алдында  сөйлейтін  сөз құрылымы.

Тыңдарманмен  байланыс  жасау  тәсілдері.

Әр спикердің  сөзінің  ерекшелігі  және  міндеті,  әдістемесі.

Ғылыми   көпшілік  басылымдардағы  белгілі  ғалымдардың,  оқырмандардың  пікірін талдату  және  сол  пікірлердің  құрылымына  назар  аударту.

Пікірталас  түрлері  және   сөз  мәдениеті.

Дебаттың  қазіргі  қоғамдағы  маңызы.

Ойталқы (диспут).

Дебат  технологиясының  құрылысы.

Кейс, критерий,  аргумент  туралы  түсінік  және  оған  қойылатын  талаптар.

Ойыншы  топ  бірлігін,  ынтымақтастығын  нығайту.

Қақтығыс  сұрақтары.

Жеңіл   қақтығыстар,  зымыран  сұрақтар.

Жоққа шығару. Сұрақ – жауап сәтін  бақылауға  сенімділік  қалыптастырып,  сабырлы,  жинақы  болу.  Қарсы  топ  әлсіздігін  анықтау.  Қарсылас  көзқарасын  білу.  Өзі  жауап  алуға  мүдделі  сауалдар  қоюға  жаттықтыру.

Ой  арасындағы  байланыс.

Салыстыру,  түйіндеу, бекіту.  Даулы мәселелерді әшкерелеуге  

және  қарсылас  топты өздеріне  қарсы жағдайларды қабыл алуға  

мәжбүрлеуге   көшу  жолдары.

Пікірталас   шеберлігіне үйрету  жолдары.

Жоспарлау  сатылары.

Тақырыптармен  жұмыс.

Талдау жасау.

Әсерімен  бөлісу,  талқылау  ұйымдастыру,  көшбасшыларды     

сөйлету,  аргументтерді  дамыту, мәселе  шығару.



Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар мынадай:

    • дебат  технологиясына қойылатын  талапты  білу;

    • дебат   ойындарының  ерекшелігін меңгеру;

    • дебат пен  шешендік  сөздердің  ара  қатынасын  айыру;

    • жұрт  алдында  еркін сөйлеу,

    • ойды  қорыту   тәсілдерін  меңгерту;

    • беделді  құжаттармен  жұмыс жасай  білу;

    • озат  ойы  болуы  - өзін -өзі  құрметте 

Сын   тұрғысынан  ойлай  білу  қабілетін  пікір –сайыс  арқылы   дамыту.

Пікір – сайыс  әдістемесі. Келесі кезеңдер бойынша кетеді.

Курс  материалдарын тақырыптарға  бөлу:

1 тақырып.  Кіріспе

Пікір сайыс  деген  не?  Пікір  сайыстыру   принциптері.  Пікір сайыс  стильдері  ( Парламенттік  және  Линкольн  - Дугластың  пікір –сайыс   үлгілері).  Карл  Поппердің  пікір  сайыс  үлгісі. Пікір  сайыстыру  қабілеті (сын тұрғысынан  ойлау,  зерттеу,  тыңдау  және жазу).  Пікір - сайыстардың этикалық   коды.  



2 тақырып.  Карл  Поппердің пікір- сайыс үлгісінің негізгі элементтері

Теориялық  бөлім.

Қарар.  Қарадың  түрлері (саяси,  құндылықтық). Жақсы  қарар  жазу  тәртібі.  Қарар  үлгілері.

Практикалық  бөлім.

Қатар  шығару. Қарар  сараптамасы. 


  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет