Популяция туралы түсінік және оны зерттеуге қысқаша шолу жасаңыз


Өсімдік ценопопуляцияларының ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз



бет5/5
Дата18.02.2020
өлшемі86,32 Kb.
#58334
1   2   3   4   5
Байланысты:
Экология особи, жауаптар
Genievskaya. ParxAz manuscript for KazNU 11.11.19

43.Өсімдік ценопопуляцияларының ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз

Ценопопуляция (грек soinos – жалпы популяция) фитоценоздың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы. Ғылымға енгізген Т.А.Работков (1945,1950). Ценопопуляция терминін 1961 Петровский енгізген. Фитоценоздарда өсімдіктердің әрбір особьтарының (дербес организмдердің) саны өте көп болады. Олар бір – бірінен жасымен, тіршілік күйімен және орналасу ерекшеліктерімен ажыратылады. Фитоценоздар популяция особьтары әрқалай орналасады. Осы көрсеткіштермен анықталады.

Өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлері.

Дербес организмдердің жасын дәл анықтауға болмайтын жағдайларда, популяция әртүрлі жастың топтарға кіретін дербес организмдердің ара қатынасымен сипатталады. Мұндай жағдайда популяцияның жастық құрамы емес жастық спектрі есептелінеді. Тұқымымен көбейетін көп жылдық өсімдіктерді жастық топтарға бөлудің негізіне олардың тіршілік циклдарын төрт кезеңге бөлу жатады (Работков).

Ол кезеңдер :

Жасырын (Латент) – бірінші тыныштық кезең

Виргильный (қыздың кезең) – тұқым көбеюіне дейін организмнің генеративтік жолмен

Генеративтік кезең

Сенильді (кәрілік) кезең

Т. А. Работковтың (1978) пікірінше жастық топтарға жоғарыда көрсетілгендей бөлуді вегетативтік жолмен көбейетіндерге және папоротниктерге де қолдануға болады.

Ценопопуляция құрамының әр түрлілігінің маңызы.

Ценотикалық популяция дегеніміз ол түрдің тиісті фитоценозда өмір сүру формасы осы жағдайда мекендеуге бейімделу формасы. Ол өсімдіктің тіршілік стратегиясын бейнелейді. Ценотикалық популяцияның санын және құрамын анықтайтын өсімдіктің бейімделу қасиеттерінің ішіндегі маңыздысы :

1). Тұқымдардың бірден өнбей және топыраққа көмілгенде ұзақ уақыт өмірге төзімділігін сақтау

2). Жарықтың, минералды заттардың және судың жеткіліксіз жағдайында ұзақ ювенильді және имматурлы күйінде қалу қабілеттілігі

3). Ересек өсімдіктердің ұзақ уақыт өсіп жетілуге қолайсыз жағдайға шыдап, өлмей тек күйін өзгертіп сақталу қабілеттілігі.

Ценопопуляцияны құратын дербес организмдердің, жастық және тіршілік күйінің айырмашылықтарына байланысты, жер үстіндегі және жер астындағы мүшелерінің қуаттылығы олардың биогеогоризонттарда орналасуы әртүрлі болады (мыс : жер үсті мүшелері, тамырлары бірдей емес). Ересек өсімдіктерге қарағанда жас өсімдіктер көлеңкеге шыдамды келеді. Кейбір өсімдік түрлерінде дербес организмнің жасының ұлғаюына байланысты олар тіршіліктің бір формасынан екінші формасына ауысады мыс : жатаған бидайық және қылтанақсыз арпабас жас кезінде гемикриптофиттер, ал ересек кезінде – геофиттер.

Жасыл жағынан әртүрлі топқа жататын бір түрдің особьтарында мекендейтін ортаның өзгеруіне әр қалай жауап қайтару қабілеттілігі –түрдің фитоценоздағы тұрақтылығына жәрдем ететін қасиет.

Дербес организмдердің жастық және тіршілік күйіне олардың ортаны пайдаланып өзгерту қабілеттілігіне байланысты, ересек организмдердің әрбір жастың тобына (өскіндер, ювенильдік, имматурстық, генеративтік, сенильдік) тән ерекше экологиялық таушы (ниша) сәйкес келеді.

Ценотикалық популяциялардың жағдайы (күйі) және типтері.

Түрдің ценопопуляциясының ерекшеліктері тек қана оның экологиялық және биологиялық қасиеттерімен ғана емес сонымен қатар құрамына кіретін фитоценоздармен және ондағы түрдің алатын орнымен анықталады. Ценопопуляциялардың – динамикалық құбылыс ол құбылыс ол құбылыс ценопопуляциялар өмір сүретін фитоценоздардың жағдайларының өзгергіштігіне байланысты. Ценопопуляциялардың жеке типтерінің ішінде олардың маусымдық, әржылдық және сукцессиялық (бір фитоценоздың екінші фитоценозбен ауысуы) күйлерін ажыратуға болады.

Ценопопуляцияның маусымдағы өзгергіштігі дербес организмдердің санының өзгеруімен және олардың жастық және маусымдық күйлерінің ауысуымен көрінеді. Бұл құбылысты бір жылдық өсімдіктерде ерекше көруге болады. Флуктуациялық өзгеруді жыл сайын немесе бірнеше жылда күрт өзгеріп отыратын ортаның жағдайында тұқымнан өсіп жетілетін шөптесін өсімдіктердің ценопопуляциясында анық көрінеді.

44.Өсімдік популяцияларының өзін-өзі тұрақтандыруы туралы айтыңыз

Популяциялардын ішкі тұрақтылығын өз механизмдері арқылы реттеуін гомеостаз, ал популяцияның сандық, мөлшерінің орташа шамадан ауытқуын олардьщ динамикалық тепе-теңдігі дen, яғни, белгілі бір жағдайдағы популяциялық өз санын бір қалыпты ұстап тұруын атайды. Әрбір жүйенің тіршілік етуі - оның құрамы мен құрылымы, ішкі байланыстары және уақыт пен кеңістіктегі өзгерісі өзін-өзі реттеу арқылы жүзеге асып отырады. Өзін-өзі реттеу - ағзалардың үнемі өзгеріп отыратын орта жағдайларында тіршіліктерін сақтап қалу үшін бейімделуі, ыңғайлануы. Популяцияның өзін-өзі реттеуі табиғатта тең екі күш арқылы жүзеге асып отырады. Бір жағынан, бұл популяция санының өсуіне алып келетін барлық факторлардың жиынтығын құрайтын биотикалық потенциал (туылу, жаңа жерлерге қоныстану, қорғаныс механизмдері, т.б.), ал екінші жағынан - популяция санын азайтатын факторлар жиынтығы (судың, қоректің тапшылығы, ауа-райының қолайсыз жағдайлары, жыртқыштар, паразиттер, бәсекелестер, аурулар).

Сонымен популяция санының өсуі, азаюы немесе бір қалыпты болуы биотикалық потенциал мен орта салмағының ара салмағына байланысты. Түр популяциясы санының өзгеруі — оның биотикалық потенциалы мен қоршаған орта жағдайлары арасындағы тепе-теңдіктің бғзылуының нәтижесі.

Реттеуші факторлар әсерін ағзалардың түраралық және түріші қарым-қатынастары деңгейінде қарастыруға болады. Гомеостаздың тұраралық механизміне жыртқыш-жемтік, иесі- паразит, бәсекелестік қарым-қатынастары жатады. Бәсекелестік популяция іші гомеостазының негізінде жатыр. Ол қатты және жұмсақ формада болуы мүмкін. Қатты формасы особьтардың өліміне алып келеді. Мысалы, орман қауымдастықтарында өскін кезінде 1 га жерде ағашты өсімдіктердің бірнеше жүз мың особы кездеседі. Қылқан жапырақты ағапггардың саны 100-120 жылдан кеиің, жапырақты ағаштар саны 50-70 жылдан соң 1 га жерде әдетте 1000 особьтан, көбіне бірнеше жүзден аспайды. Көпшілігі бәсекелестік әсерінен өледі.

Жануарлар әлемінде тірішілік күресі каннибализм (өзі сияқтыларды жеу) арқылы көрініс береді. Мысалы, каннибализм құбылысы кейбір кемірушілерге, жәндіктер личинкаларына, алабұға, шортан балықтарына тән.

Тығыз популяцияларда сандық мөлшердің реттелуінің басты механизмі стресс-реакция болып табылады. Егер популяция ға күшті тітіргендіргіш әсер етсе, популяция оған стресс-реакциямен жауап береді. Табиғатта стресстіц көптеген түрлері бар:антропикалық, жүйкелік-психологиялық, шуыл әсері және т.б Популяциялардың тұракты, өсімтал және өте сирек кездесетін типтерін ажыратуға болады. Тұрақты популяцияларда организмдердің тууы мен шығыны тепе-теңдік сақтап кезектесіп келіп отырады. Сол сияқты популяцияның тұрақты болуы генетикалық-тарихи, биологиялық жағдайларға да байланысты. Табиғатта популяциялардың тұрақты болуы особьтардың тууы мен иммиграциясына және шығыны мен имиграция жағдайына да байланысты. Имиграция кезінде организмдер особьтері популяция құрамына қосылып отырса, ал эмиграция бойынша кеміп азайып отырады. Аталған факторлар үйлесімді әрі кезектесіп отырған жағдайда популяция өзінің тұрақтылығын ұзақ уақытқа сақтауы мүмкін. Сонда ғана біз популяцияны тұрақты дей аламыз.



45.Өсімдіктер қауымдастығы және биосфера жөнінде айтыңыз

Өсімдік бірлестігі немесе Фитоценоз — бірдей жағдайда өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресетін өсімдік түрлерінің жиынтығы. Өсімдік бірлестігінің құрамына мүктер, қыналар, микроскопты балдырлар кіреді. Олардың өздеріне тән құрылысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда тіршілік ете алатын түрлерден құралады. Фитоценоз — ашық биология жүйе, яғни, адам мен гетеротрофты жануарларға қажетті органиктік зат өндірілетін биогеоценоздың негізгі бөлігі болып саналады. Фитоценоз зооценоз және микроценозбен бірігіп биоценоз құрады. Фитоценоздың қандай да бір өсімдігі өзіне қажетті ресурстарды (жарық, су, минералды қоректік заттар, т.б.) пайдаланып, тіршілік ортасын өзгертуінің нәтижесінде сыртқы ортаға зат алмасуға қажетті өнімдерді шығарады, топырақта және оның бетінде қурап қалған өсімдік қалдықтары ғана қалады. Бұл қалдықтар ерекше бір микроклиматтың құрылуына ықпал жасайды. Фитоценоз жыл бойына және жыл сайын өзгеріп тұрады.[1]

Бірлестіктегі басым өсімдіктерді доминантты түрлер болып есептеледі. Мысалы, қарағайлы орман, аршалы тоғай, талды жағалау т.с.с.

Аз санды немесе сирек кездесетін өсімдік түрлері де бірлестіктің тұрақтылығында маңызы рөл атқарады. Олар неғұрлым көп болса, соғұрлым бірлестік тұрақты болады. Фитоценоздың алғашқы өнімдер органикалық заттардың негізгі массасын өндіреді. Өсімдік бірлестігінің маңызды белгілері - өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің бедеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзындығы әр-түрлі болуында.

Өрттен кейінгі орман алқабы

Орман ішінде өздерінің тіршілік ету қалыптары бір-бірінен өзгеше болып келетін өсімдіктерден құралған бірнеше белдеу кездеседі. Жоғары белдеудегі өсімдіктердің бөрікбасы жарық сүйгіш, ортаңғы белдеудегі өсімдіктер жарықтың аз ғана мөлшерімен қанағаттанатын ұсақ ағаштар мен бұталардан құралады. Төменгі белдеуде көлеңкеге төзімді жартылай бұталар, қырыққұлақтар мен әр - түрлі шөптесін гүлді өсімдіктер болады. Бұлардың түбінде мүктер және саңырауқұлақтар өседі. Сор топырақты жерлерде сабақтары етті болып келетін шөпсораң өседі. Шөлді жердік топырағында әр түрлі өсімдік бірлестіктері қалыптасады.

Эфемерлер- көктемде және жаздың басында жеміс беріп, құрғақшылық кезде тұқымын қалдырып қурайтын бір жылдық өсімдіктер. Эфемероидтар - даму мерзімі қысқа көп жылдық өсімдіктер түрі. Олар жазғы құрғақшылыққа дейін гүлдеп, тұқым береді де, жер бетіндегі бөліктері қурап, топырақта түйнектері немесе пиязшықтары қалады. Белгілі бір жерде өсетін өсімдіктердің түр құрамын флора деп атайды. Өсімдік бірлестігінің алмасуына адамның іс-әрекеті үлкен әсер етеді. Мысалы, ағаштарды кесіп құртыуынан немесе орманның өртенуінен ормандағы ағаш тұқымдары ауысады. Егер орманның жоғары белдеуінің ағаштарын кессе, күн сәулесінің түсуі өзгергендіктен, орман бірлестігіндегі өсімдіктер жаңа бір бірлестікпен алмасады.

Фитоценоздың өзгеруі периодты және периодсыз түрде болады, яғни әр-түрлі жылдарда ылғалдың бірдей түспеуіне, жануарлар санының өзгеріп отыруына байланысты.



Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1]

Биосфера - жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография - организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны, өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі. Биіктік белдеулерінің саны таулардың географиялық орнына және биіктігіне байланысты. Бір ендікте жатқан табиғат зонасының әр түрлі болуы мұхиттың алыс-қашықтығына жер бедеріне байланысты. Табиғат зонасы 2-ге бөлінеді: Өтпелі зона-орманды тундра, орманды дала, шөлейт, саванна. Тундра-субарктикалық белдеуде-мүк пен қына басым өскен, топырағы сазды, батпақты болып келеді. Орманды тундра-мүк пен қына қисық бұталы ағаштар өседі. Тайга-қылқан жапырақты орман зонасы,өсімдіктер:қарағай, шырша, самырсын. Дала-шөп басқан ағашсыз жазық жерлер. Шөлейт-дала мен шөлдің арасындағы өтпелі зона. Саванна-әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ бұталы ағаштар өсетін биік шөп басқан табиғат зонасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет