Популяцияның генетикалық құрылымы


Популяцияның өзгермелі көрсеткіштері



бет2/3
Дата24.06.2022
өлшемі20,76 Kb.
#147048
1   2   3
Байланысты:
Ïîïóëÿöèÿíû? ãåíåòèêàëû? ??ðûëûìû
2 5357385069356913183, Гылыми жумыс Құдайбергенов Н
Популяцияның өзгермелі көрсеткіштері
Популяцияның ішіндегі әртүрлі құбылыстардың (туу, өлу, қоныс аудару т.б) және сыртқы ортаның әртүрлі әсерінің салдырынан популяциядағы дарақтардың саны мен тығыздығы үнемі өзгеріп отырады. Популяцияның өзгермелі (динамикалық) көрсеткіштері белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүрілген құбылыстарды мәлімдейді. Популяциялық генетиканың негізін қалаушылардың бірі С.С.Четвериков бұл өзгерістерді «тіршілік толқыны» деп атаған. Популяцияның негізгі өзгермелі көрсеткіштеріне туу, өлім-жітім, популяцияның өсім қарқыны жатады. Табиғи популяциядағы бұл көрсеткіштерді тек ол популяция сол түрдің басқа популяцияларынан ерекше оңашаланған жағдайда ғана толық анықтауға болады. Мысалы аралда мекендейтін жануарлардың популяциясының туу, өлу көрсеткіштері мен өсім қарқынын анықтау оңайға түседі. Басқадай жағдайда кейбір популяция бірнеше ондаған ғана дарақтан, ал кейбірі миллондаған дарақтардан құралады. Және кейбір популяцияның тараған мекен орны бір неше жүз шаршы метрден аспайды, ал енді біреулері көптеген мың шаршы километр аумақты иеленеді. Кейбір жануарлардың популяциясында туу бір неше сағат сайын жүріліп (мысалы, қарапайымдар) популяцияның саны қысқа мерзімде өзгеріске түседі, ал кейбір жануарлар жылына бір рет, 2-3 жылда бір рет туады. Сондықтан популяциядағы туу, өлім-жітім т.б өзгерістерді анықтау оңай емес, және әрбір жануарлардың биологиялық , экологиялық ерекшеліктерін біліп, соған сәйкес зерттеу жүргізуді талап етеді.
Егер популяцидағы дарақтардың кейбірінің қоныс ауыстырып басқа популяциядан келіп қосылуын немесе басқа популяцияға кетуін ескермесек популяцияның саны популяциядағы туу және өлім-жітім көрсеткіштерінің сандық ара қатынасы арқылы анықталады.
Популяцияның өзгерімелі көрсеткіштерін сипаттау үшін төмендегі белгілер қолданылады:
N – популяциядағы дарақтардың саны;
t – уақыт;
∆N/ ∆t – 1дараққа (ағзаға) тиесілі мөлшермен есептегенде оның санының белгілі бір уақыттың ішінді өзгеруінің меншікті орташа екпіні (жылдамдығы).
Экологиялық зерттеулерді математикалық әдістермен өңдеп үлгілеу үшін жануарлардың санының белгілі бір уақыт аралығындағы орташа екпінімен қатар белгілі бір уақыт бірлігіндегі санының 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет