Практикалық қазақ тілінен жаттығулар жинағы (морфология) Құрастырушы қазақ тілінің мұғалімі



бет1/3
Дата22.08.2017
өлшемі0,65 Mb.
  1   2   3
Қостанай облысы Денисов ауданы
Досов негізгі мектебі

Практикалық қазақ тілінен

жаттығулар жинағы

(морфология)

Құрастырушы қазақ тілінің мұғалімі

Үстемірова Ә.Ә.

Досов ауылы 2014

Үстемірова Ә. Практикалық қазақ тілінен жаттығулар жинағы (морфология). Оқу құралы.

Бұл оқу құралында жаттығу материалдары, көркем әдебиет шығармалары мен баспасөз беттерінде жарияланған қысқа әңгіме, өлең мәтіндері, сондай-ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінен (мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыз-әңгімелер) оқушылардың жас ерекшелігіне және тәрбиелік мақсатқа лайықты іріктеліп алынды.

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімдеріне әдістемелік нұсқау ретінде ұсынылған.

Алғы сөз

Дидактикалық материалдарды құрастыруда қазақ тілі бағдарламасындағы берілген жаттығулардың тек грамматикалық материалдар көлемімен шектеліп қалмай, оқушылардың логикалық ойын, тілін дамыту, сонымен бірге жан-жақты білім беру жағы да ескерілді. Сондықтан мәтіндердің қызықты, тартымды, мазмұны терең болуы, оқушылардың жас ерекшелігіне сай келуі де көзделді.

Құрастырылған жинақ қазақ тілінің «Морфология» тарауын қамтиды. «Морфология» бөліміндегі жаттығулар сөз таптарына жеке-жеке жұмыстар және тірек сызбалар берілген.

Дидактикалық материалдар оқушылардың бұдан бұрын алған грамматикалық түсініктеріне сүйсіне отырып, саналы түрде қабылдауларына жаңа сабақты пысықтай келе, оны берік бекітуге және өткендерімен байланыстыру арқылы оларды қайталауға мүмкіндік туғызады.

Әр бөлімдегі жаттығулардың жеңілдеу орындалатыны мен қиындауы аралас ұсынылды. Сондықтан қай жаттығуды қай мақсатқа және қалай пайдалану қажеттігі әр сыныптың ерекшелігіне қарай мұғалімнің қалауына қалдырылды.

Білімнің сапалы болуы оқушылардың оны саналы меңгеруіне байланысты. Білімді саналы меңгеру – оқулықта берілген анықтамаларды бұлжытпай айтып шығу емес, алған теориялық білімін іс жүзінде пайдалана алу. Осы мақсатта ұсынылып отырған дидактикалық материалдардың тәжірибеде тигізер көмегі көп.

Бұл еңбектің мақсаты – оқушыларға жаңа сабақты сапалы меңгертіп, жаңа түсініктерін бекіту, дағдыға айналдыру.

Жаттығу материалдары көркем әдебиет шығармалары мен баспа бетінде жарияланған қысқа әңгіме, өлең мәтіндері, сондай-ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінен (мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыз-әңгімелер) оқушылардың жас ерекшелігіне және тәрбиелік мақсатқа лайықты іріктеліп алынды.



Морфология

Морфология (грек. «түр») – тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты грамматикалық мағыналарды тексеретін сала; тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы.

Қазақ тілінің морфологиясы 3 салаға бөлінеді:


  • сөз құрамы;

  • қосымша;

  • сөз табы.

Сөз таптары:

  1. зат есім

  2. сын есім

  3. сан есім

  4. есімдік

  5. етістік

  6. үстеу

  7. шылау

  8. еліктеу сөз

  9. одағай

  1. жаттығу. Сөз таптарын өз орнына жазыңдар.

Қызмет, қазіргі, селк, басады, төмен, жетеу, өздері, бірақ, кәсіби, арқылы, сол, шапшаң, шебер, естілді, жарқ, оннан бір, кейін, түнде, шырын, тұңғыш, биыл, әрі, бұны, қақа, алпысыншы, келесі, бұрын, тасыр-тұсыр, жағдай, қалалық, түгел, екі жарым, қайда?, тапты, сондықтан, тұзды, біздікі, ала жаздай, келмекші, бақ, морт, байқа, жиырма.


Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Есімдік

Үстеу

Шылау

Еліктеу сөз


























2-жаттығу. Мәтінді оқып, сөздер қай сөз табына жататын анықтаңдар. Сөздің үстінде сұрақ қойып жазыңдар.

Алғашқы көлік құралы – қос дөңгелекті өгіз арбалар біздің дәуірімізге дейінгі 3500 жыл шамасында пайда болған. Алғашқы жол аптаы 1769 жылы болды. Үш дөңгелекті бу экипажын ойлап табушы француз Николь Кунья сынақ үстінде үй қабырғасына соғылған. Көше қозғаласын тәртіпке келтіру, жол нұсқаушысын қою Парижде 1899 жылы тұңғыш рет қолға алынған. Қаладағы қозғалыстың жандана түсуі қала мәрінің осындай шешім шыға-руына итермелеген. Сол кезде орта есеппен қала көшелерінде күніне 20 автомобиль, 42 мотоцикл, 152 велосипед жүреді екен.



3-жаттығу. Сөз тіркестерін құраңдар.

Есімдік + зат есім сан есім + зат есім

Үстеу + етістік сын есім + зат есім

Зат есім + етістік зат есім + зат есім



4-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып, көп нүктенің орнына керекті сөз табыны қойыңыз.

1. Оқу – білім бұлағы,

...... – өмір шырағы.

2. Өнер көпке де жеткізеді,

Көкке де .................... .

3. Оқусыз білім жоқ,

.......... күнің жоқ.

4. Білім қымбат, білу ...........

5. Отан ....... отқа түс, күймейсің.

6. Егеменнің иілгені – сынғаны,

Ер жігіттің .......... сөйлегені – өлгені.

7. Сен жырламасаң, екен, ............. тыңдамасам екен.

8. Күн ............ басылар, көктің жүзі ашылар.

(мен, қиын, білім, үшін, күркіреп, екі, білімсіз, жеткізеді)



5-жаттығу. Төмендегі мәтіннен бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын анықта. Мәтінді аудар.

Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дәуірінен белгілі. Оның сол кезден тарағанын Гоби Алтайындағы, сібірдегі Баярқия, Қырымдағы тастарға салған суреттерден қоруге болады. Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристтер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.



§1.Зат есім.

Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер?

Тұлғасына қарай:


Негізгі з.е.

Туынды з.е.

Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім

Мысалы:

ат, ант, бата, сандық, қағаз т.б.


Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы жасалған зат есім.

Мысалы:

біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл, жаман-шылық т.б.



Құрамына қарай

Дара з.е.

Күрделі з.е.

Бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады.
Мысалы: от, ара, оқушы, қоңырау, өзен т.б.

Кемінде екі сөзден біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен) тұрады.

Мысалы: кемпірқосақ, ата-ана, ҚАЗМҰУ, мәдениет үйі т.б.




Жалпылай немесе жекелей атауына қарай:


Жалпы зат есім

Жалқы зат есім

Біртектес заттар-дың жалпы атауы.
Мысалы: қала, тау, кісі, дәптер т.б.

Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атаулары.

Мысалы: Алматы, Ертіс, Абылай, «Абай жолы» романы т.б.




Мағынасына қарай:


Деректі з.е.

Дерексіз з.е.

көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар мен құбылыстардың атауы.
Мысалы: ағаш, қалам, су, есік т.б.

Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы.
Мысалы:

қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық, реніш т.б.




Зат есім жасайтын жұрнақтар

  1. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары:

1. –й; атай, шешей, жездей, апай;

  1. еке,-ке,-қа,-а,-е: атеке, ағеке, әпке, Жәке (Жамбыл), Мұқа (Мұқан);

  2. тай; ағатай, апатай, әкетай шешетай

  3. жан: ағажан, Абайжан, апажан

  4. қан,-кен,-қай,-кей, -ан,-ң: балақан, бұзауқан, шешекей

  5. шақ,-шек: құлыншақ, келіншек

  6. шық,-шік; қапшық, үйшік

  7. ша,-ше: сандықша, көрпеше

  8. –ш,-ыш,-іш; қалқаш, Нұрыш (Нұртай)

  9. сымақ: қорасымақ, таусымақ

  10. екеш: Тас екеш тас та өзгереді.


2. Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар:

  1. шы,-ші: қойшы, биші

  2. шылық,-шілік: шаруашылық, бейбітшілік

  3. лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік: жастық, балалық, кісілік

  4. кер,-гер: айлакер, саудагер

  5. кеш,-хана, -паз,-қой,-стан,-қор: шайхана, арбакеш, жемқор


3. Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:

  1. м,-ым,-ім: байлам, түсім

  2. ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе: ұрма, көрме, сүзбе

  3. қы,-кі,-ғы,-гі: шалғы, тепкі,бұрғы

  4. с,-ыс-іс: талас, айтыс

  5. қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек: тарақ, күрек,қызық

  6. ыш,-іш: қуаныш, сүйініш

  7. н,-ын,-ін: боран, жуын

  8. у: сабау, көсеу

  9. ынды,-інді: шайынды, үйінді

  10. ғыш,-гіш,-қыш,-кіш: сүзгіш, білгіш

  11. уыш,-уіш: өлшеуіш, бастауыш

  12. ыр,-ір,-р,-ар,-ер: үңгір, шұқыр


Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Ереже

Сөйлем мүшелері

Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бас-тауыш болады.

Бастауыш

Мысалы: Жел күшейе түсті.



Зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында тұрып, толықтауыш болады.

Толықтауыш

Мысалы: Тәрбие тіл-ден басталады.



Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кей-інгі сөзді айқындап, анықтауыш болады.

Анықтауыш

Мысалы: Ана тілі – адамның ғұмыр бойғы серігі.



Зат есім Б.с., Ж.с., Ш.с., К.с. келіп немесе көмекші есіммен, сеп-теулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады.

Пысықтауыш

Мысалы: Біз мектепке қарай жүгірдік.



Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау сеп-тігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.

Баяндауыш

Мысалы: Біз бейбіт еңбекті сүйетін елміз.




Көмекші есімдер

Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір зат есім сөздің легінде қолданылатын зат есімдер көмекші есімдер деп аталады. Мысалы, сырт, іш, маң, алд(ы), арт(ы), үст(і), қас, жан т.б. (Ауылдың жаны терең сай)

Әдетте көмекші есімдер тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Ескерту: Кейде көмекші есімдер көптік, септік жалғауларында келіп, басқа сөзге тәуелді болмай, жеке тұрып та сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы Арттағылар (кімдер?) жетіп қалды. Сыртын (нені?) көріп, ішінен (неден?) түңілме.

1-жаттығу. Жалқы есім мен жалпы есімді теріп жазыңдар.

Бурабайды бұрын көрмеген Жақыпбек айналасына қарады. Ол біресе көлге, біресе Сиыртас пен Шошқатасқа, біресе Оқжетпес пен Көкшеге, біресе Бөлектауға тамсана қарады. Бұл жерде бірнеше рет болған Бану мен Байсал да сұлу табиғатты тамашалап тұр. Осы жерде Майбалық көлі де бар. Оның суы асқазан ауруын емдейді.



2-жаттығу.Төмендегі көркем әдебиеттерден келтірілген мысалдардағы туынды (производное) зат есімдердің жұрнақтарын атаңыздар.

1.Жарысқан қыз-бозбаланы көргенде қойшы Әлжан да бір жасап қалады (Ғ.Мүсірепов). 2. Амантай деген басшы адамымыз бар еді. 3. Ол жалғыз Бурабай көлеміндегі қалаға сырнайшы атанған (С. Мұқанов) 4. Олар мал өсіруші, май жасаушы, түбіттен шәлі тоқушы кәсіпшілігімен айналысатын (С.Мұқанов). 5. Ол екеуінің достық пен туысқандығы, құрбылығы қосылып, заң жүзінде ең бір тәтті, ыстық жақындар болатын (М.Әуезов). 6. Теңгелі жерде теңдік жоқ. Түлкінің қызылдығы өзіне сор. Түстік өмірің болса, кештік мал жи (мақалдар). 7. Ол сөз алып, мінбеге шықты (Ж.Жұмақанов). 8. Кісі аттары жазылған тізім ұзақ оқылды (С.Мұқанов).



3-жаттығу. Төмендегі көркем әдебиеттерден алынған мысалдардағы қарамен жазылған сөздердің қандай жолдармен жасалғанын ажыратыңыздар.

1.Оқу жасына жетпей-ақ баланы ата-анасы, аға-інісі, апа-қарындастарынан басқа адамдармен сөйлескенде «сіз» деп айтуға дағдыландыру керек (С. Көбеев)

2. Жұлдыз жусап аспанда,

Күзетте тұр «Жетіқарақшы».

Қорған болып Отанға,

Шекарада тұр сақшы. (Қ. Аманжолов)

3.Ауыр МАЗ-дар қант плантациясынан зауытқа қант құрақтарын, шикізатты тасымалдады (газеттен)
4-жаттығу. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.

-шы/-ші

Зерттеу, жазу, кен, теңіз, балта, мақта, егін, мүсін, орман, бояу, тіл, жорнал, тігін, трактор, балық, сату, құрылыс, қой, жылқы, есеп, сурет, жүргізу, сәулет, пошта, ән, би, аударма, хат, аң, әдебиет, ем, ел, қобыз, мал, өтірік, саясат, дая, телефон.


5-жаттығу. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.

-ғар/-гер, -қар/-кер

Іс, жауын, тәлім, зер, дәрі, заң, бал, қызмет, талап, саясат, мұра, жауап.



6-жаттығу. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.

-лық/-лік,-дық/-дік, -тық/-тік

Бас, теріс, оқу, сөз, күнде, тыныш, батыр, бала, дос, туыс, аға, жолдас, ана, жаман, жақын, ерке, теңге, әке, өкіл, қор, терең, ақылсыз, қате, ай, бауыр, әзір, дайын, тұтас, жеңіл, тұз, қара, тегіс, өткір, шикі, сабырлы.


7-жаттығу. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.

-лас/лес, -дас/-дес, -тас/-тес

Ат, ошақ, қанат, жас, топ, мүдде, одақ, қонақ, жер, қоғам, курс, туыс, сыбай, ауыл, көңіл, тілек, күн, пікір, заман, қоныс, өш, сабақ, жол, қалам, табақ, қызмет, тек, мән, кіндік, құрбы, сүйек, жауап, тең, жұмыс.


8-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Почтальон, дружба, наследник, зло, современник, спокойствие, политик, тезка, готовность, художник, представительство, ответчик, учебник, соус, детство, ювелир, ученик, отцовство, литератор, целостность, абитуриент, геройство, служащий, ошибочность, юрист, родство, портной, сокурсник, словарь, материнство, секретарь, легкость, солдат, тишина, товарищество, охотник, телефонист, начальник, журналист, близость, одногруппник.


9 - жаттығу. Қазақ тіліндегі баламасын беріңіз. Олардың қалай жасалғанын көрсетіңіз.

Восток, запад, фрукты, рукопись, желудок, железная дорога, аэропорт, библиотека, юг, север, простыня, родители, посуда, зонтик, автостоянка, семья, обувь, белье, взгляд, конина, Актобе, Кызылорда, Алатау, Аксу, Экибастуз, телемост, печать, телезритель, гостиница, юбилей, музей, детский сад, Узунагач, Кокшетау.


10 - жаттығу. Зат есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Келіп көктем құстары

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды. (Б. Қозыкеев)
§2. Сын есім. Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар.

Сын есім- заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?



Құрамына қарай:

Дара сын есім

Күрделі сын есім

Бір ғана сөзден тұрып, заттың сындық белгісін білдіреді.

Мысалы: бойшаң, жасыл, малды, баласыз т.б.



Кемінде екі сөздің тіркесуі-нен және қосарлануынан бо-лып, заттың сындық белгісін білдіреді.

Мысалы: ақ киімді, қара торы, тап-таза, өте жақсы т.б.




Тұлғасына қарай:

Негізгі с.е.

Туынды с.е.

Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйіндегі сын есім.

Мысалы: сары, таза, терең, жұқа, нашар т.б.



Сөзге жұрнақ жалғануы ар-қылы жасалған сын есім.

Мысалы: көш-пелі, кеше-гі, оқы-мысты, әл-сіз т.б.






Мағынасына қарай:

Сапалық с.е.

Қатыстық с.е.

Заттың сын-сипатын анық-тайтын төл сын есім.

Мысалы: сұр, қызылдау, жақсы, үлкен, көкпеңбек т.б.



Сын есімнен басқа сөз тап-тарынан жасалған туынды сын есім.

Мысалы: бой-шаң адам, өнер-лі бала, ас-палы шам,т.б.




Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:

Есім сөздерден сын есім жасайтын:


  1. лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті: далалы, орманды, белгілі

  2. сыз,-сіз: бақытсыз, үйсіз

  3. ғы,-гі,-қы,-кі: жазғы, ішкі, күзгі, қысқы

  4. лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік: жастық, жылдық, қалалық

  5. шыл,-шіл: кекшіл, ойшыл

  6. шаң,-шең: сөзшең, бойшаң

  7. дай,-де,-тай,-тей: балдай, тастай

  8. қор,-қой,-паз,-кер,-гер: сәнқой, өнерпаз

  9. и,-ы,-і: тарихи, қазақы

Етістіктен сын есім жасайтын:

  1. ғақ,-гек,-қақ,-кек,-ақ,-ек: жабысқақ, үркек,сергек

  2. ық,-ік,-қ,-к: ашық, ақсақ

  3. ғыш,-гіш,-қыш,-кіш: білгіш, айтқыш

  4. ғыр,-гір,-қыр,-кір: тапқыр, алғыр

  5. шақ,шек: ұялшақ, сүріншек

  6. ынды,-інді, -нды,-нді: асыранды, үйінді

  7. малы,-мелі,-палы,-пелі,-балы,-белі: созбалы, аспалы

  8. ымды,-імді,-мды,-мді: шыдамды

  9. аған,-еген: сүзеген, қабаған

  10. улы,-улі: ілулі, асулы

  11. ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе: қызба, бөспе

  12. ыңқы,-іңкі,-ңқы,-ңкі: басыңқы, көтеріңкі

Үстеуден сын есім жасайтын:

ғы,-гі,-қы,-кі: кешегі, бұрынғы

1-жаттығу. Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.

Үлкен, кең, жақсы, әдемі, ащы, тұщы, ақ, қара, көк, сары, ыстық, суық, жылы, үлкенірек, ақшылдау, қызылырақ, жеңілірек, сарырақ, көгірек, суықтау, еріншек, әлді, күшті, өткір, майда, жазғы, шоқпардай, көтеріңкі, арғымақтай, қоңырқай, сулы, балдай, жуас.


2-жаттығу. Сапалық, қатыстық сын есімдерді анықтаңдар.

Төбедегі көк шатыр дір-дір етіп тұра қалып, әуелі қоңырқай тартып еді. Қатпаршақтай қыртыс жоталар тарақ тісі секілді көгеріп көрінеді. Үстіндегі сары, сұр берен пальтосы дымқыл тартты.

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ бөкен қабақ,

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды.

Ой желке, үңірейген болса сағақ.


3-жаттығу. Сапалық сын есімді ажыратыңдар.

Ағаш атаулының ішінде ерте көктейтіні – ақ қайыңдар. Олар көк шашаққа малынып, өзіне тән сүп-сүйкімді жеңіл ғана иісімен бүкіл аллеяны аңқыта, сап-салқын ауаға бөлегендей. Ағаш астында асықпай жүріп келе жатқан жандардың сарайы ашылып, жұпарлы жұп-жұмсақ ауамен тыныстаған сайын, бойына ерекше қуат дарығандай сезінеді. Мағрипа иіліп келе жатқан Әбішке жоғары қарап, үп-үлкен сұрғылт көздерін көтергенде, оның қып-қызыл еріндерінде әдемі достық ажарындай жымию да бар еді. Қалуен – кәдімгі арам шөп. Ол топырағы борпылдақ, қорегі көп бақшаларда өседі. Оның жемісінің ақ түсті түктерден тұратын кішкене айдаршасы болады, оларды оп-оңай шашып таратады.


4 - жаттығу. Қатыстық сын есімді ажыратыңдар.

Жұпыны-жұғымды, сыпайы-сүйкімді. Әлсіз адам сүріншек, ақылсыз адам еріншек. Тебеген аттың артынан жүрме, тістеуік аттың алдынан жүрме. Қоян құлақты, жылқы тұяқты, көк сұр түсті, көнбіс күшті. Жарғақ қарын, басы жалпақ, бұты талтақ, үсті салтақ. Жапалақ – зорлықшыл, қиянатшыл құс. Еңбексүйгіш баланы ұстаз тұтқым келеді.


5 - жаттығу. Мақал-мәтелдер ішінен сын есімді тауып, жұрнағын ажыратыңдар.

  1. Туған жердей жер болмас,

  2. Туған елдей ел болмас.

  3. Оқусыз білім жоқ,

  4. Білімсіз күнің жоқ.

  5. Өмірдің өзі ұлы ұстаз.

  6. Ең тәтті де тіл,

  7. Ең ащы да тіл.

  8. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.


6 –жаттығу. Оқып шығып, сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек көшіріңдер.

Алғашқы қар

1. Сыртқа қар жауапты. Алғашқы қар. Айналаның бәрі аппақ. Түнде жатарда күн ашық секілді еді, енді аспанды боз тұман бүркеп, түнере қалған. Олар мектепке жеткенше, тұман да көтеріліп, күн көзі көрінді. Ауа райының осынша құбылмалылығына қайран қалды ол. Ал табиғат көрінісі бүгін де сұлу- ақ еді. Үйдің төбелері сәнді ақ қалпақ киіп, терезелерге әшекейлі өрнектер тұрған. Күн сәулесімен қар беті жалтылдап, көзді ұялтады.

2. Осы бір бала күн асқан сайын оған тым ыстық, тым жақын боп барады. Қаладағы Қоял досындай бұл да аңғырт, ақ көңіл бала. Көңілінде кір, ойында кірбең жоқ секілді. (С.Сар.)


7- жаттығу. Төмендегі сын есімдерді зат есім сөздермен тіркестіріп сөйлем құраңдар.

Биік, қарлы, домалақ, күзгі, таза, мөлдір, ыстық, жауынды, терең, суық, малды, сусыз, мезгілсіз, алғыр.


8-жаттығу. Мына сөйлемдерден дара сын есімдерді бір бөлек, күрделі сын есімдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.

Ірімшік

Жаңа сауылған жылы сүтті мәндірмен (мәйекпен) ұйытып, одан кейін суалғанша қайнатады. Кайнауы жеткен ірімшік қызыл сары түске айналады. Содан кейін оны сүзіп, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді. Қызыл ірімшіктің сары суынан жақсы тамақ жасалады, ол тәтті болады. («Қазақтың ұлттық тағамдары» кітабынан)
9-жаттығу. Зат есімнен жасалған сын есімнің астын бір рет етістіктен жасалған сын есімнің астын екі рет сызып, көшіріп жаз.

1. Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң, арқалан. Әлгі адам нағыз әзілқой, сәнқой адам екен. Түйеқұс өте жылдам, күшті, төзімді. Ең әдемі, аса бағалы, тым жұқа, тіпті терең, өте суық, шымқай қызыл, аса қадірі (адам), тым жуасу (жігіт) аса бағалы, т.б.



10 –жаттығу.Екінші сыңарын табыңдар.

Кәрі тұщы

Жеңіл жүдеу

Жаңа қысқа

үлкен тәтті

жақсы арық

ыстық түзу

қымбат ауыр

ұзақ жалқау

семіз тентек

қара аласа

тар кішкене

биік суық

қатты арзан

жуас ескі

еңбекқор кең

толық жұмсақ

ащы жас


тұзды жаман

қисық ақ



11-жаттығу. Сын есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,

Үсті-бас – ақ қырау, түсі – суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай)

12-жаттығу. Берілген мәтіннен сын есімдерді тап. Оларды негізгі, туынды түрлеріне ажыратыңдар.

Кесесін көтеріп шай ұрттаған сайын ол әлгі қара кісіге жасырына қарап отырды. Оның басында ала тақия, жаңа емес, көне. Кигені көк сырма шапан. Белін қызыл жібекпен буған. Кеуде жағы ашық. Басын көтерген кезде оның кеу-десінен будақ-будақ, бұйра-бұйра жүн көрінеді. Сақалын, қырма мұртын жұқалап басқан, делдік мұрт емес, ұшын келте қайырған. Әрі қисық, әрі жиегі ұзынша көз қиығына айшықты қасы, сұлу мұрты жарасып-ақ тұр. Қырма иегінің нақ ұшындағы терең сызыққа қарап, қолынан келетін жан деп ұққан.



Сын есімнің шырайлары

1. Жай шырай – заттың жай қалыпты түрін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сын есімдер жай шырай болады. Ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады. Мысалы: биік, жақсы, үлкен, ақылды, өнімді т.б.

2. Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі. Жасалу жолдары: -ырақ,-ірек,-рақ,-рек; -лау,-леу,дау,-деу,-тау,-теу; -қыл,-ғыл,-қылт,-ғылт,-ғылтым,-тым, -шыл,-шіл,-қай,-аң,-шылтым,-шілтім,-ғыш,-ілдір,-ша,-ше,-қай. Мысалы: ауырырақ, үлкендеу, көгілдір, ұзынша, кышқылтым т.б.

3. Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Негізгі сын есімдердің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: сап-сары, жап-жарық т.б. Ескерту: ақ, көк – аппақ, көкпеңбек.

4. Асырмалы шырай – белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен аса артық не аса кем екенін білдіретін шырайдың түрі.Сын есімнің алдынан күшейткіш үстеулердің ( тым, өте, ең, нағыз, орасан, кілең, аса, нақ т.б.) тіркесіп келуі арқылы жасалады. Мысалы: өте жарық, тым ауыр, кілең ақылдылар, аса маңызды, ең әдемі.

1-жаттығу. Мына көркем әдебиеттен алынған мысал-дардан сын есімдерді тауып, қай шырайға жататынын көрсетіңіздер.

1.Айдың жүзінде ақшыл сұрғылт тартқан бір толқын білінеді. Бір кезде сарғыш тартқан сәуле сұрғылт тартты (М.Әуезов)

2.Баларақ кезімде көрген бір уақиға есіме түсіп кетті (С. Мұқанов)

3.Үй іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза, айнадай (С. Ерубаев)

4.Ақшылдау келген жүзіндегі кішкене мең ереше өң беріп, безентіп тұр (Ғ.Мүсірепов).

5.Көңілдерді бір жола ұйытып тастау үшін ең соңғы сақтаған, ең салмақты бұйрығын берді.

6.Акула біраз сұңғағырақ, Буланбай біраз кесегірек көрінді (Ғ.Мүсірепов).

2 -жаттығу. Сын есімнің шырайларын анықтаңдар.

Қалашығымыз өте сәнді. Биік-биік үйлер салынуда. Көшелерде электр шамдары жарқ-жұрқ етіп, күндіз-гідей жап-жарық болып тұрады. Көшелер түп-түзу, теп-тегіс. Қара жерге түп-түгел жібек төсегендей. Жып-жинақы кең-кең бөлменің ортасындағы үстел-дің жанында ол күңкілдеп отыр. Аспан бұлтсыз ашық болғанымен, шаң басқандай боп-боз. Тау бөк-терінің жазық даламен шектескен етегі сап-сары. Сай-саланы кеулеп, аңғар ішін жайпай соққан жел-дің лебі суық. Аш бөрідей ұлиды.



3-жаттығу. Салыстырмалы шырайды табыңдар.

Бір сәтте көл үстінде үлкен қызғылт шәлі жайыла қалып, сел толқынданып жатқан тәрізді көрінді. Жалт қа-расам, жас шамалары менімен қатар бейтаныс екі бала, біреуі сәл бойшаңдау. Оның тіп-тік найза шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Міне, терезе тұсындағы жусанды бозғылт дала ыққа қарай жылдам су-сып көше бастады. Жанна лып етіп төргі үйге қайта кірді де, шамқалпақты сөндіріп, бір бұрышқа көгілдір түсті бүр-кеме шам әкеліп жақты. Қыздың жүзін қызыл арай шарпып өтті. «Шынында Жанна жаман әйел болмас», - деп ойлады Жәнібек. Тек қып-қызыл бетінің ғана шырайы таймапты. Кішкентай Күлпәш далаңдап, Жәнібекке қарап, күліп қоя-ды. Жәнібек жүрегі аттай соғып, екі бетінің ып-ыстық боп кеткенін сезді. Үстіне гүлді халат киіпті.



4-жаттығу. Асырмалы шырайлардан сөйлем құрасты-рыңдар.

Тым биік, ең қадірлі, ең арзан, өте жақсы, тым қараңғы, нағыз сұлу, өте ыстық, тым ащы, қас сұлу, аса тәтті, тіпті қымбат, ең сыйлы, орасан зор, тым әлсіз, өте ұқыпты, аса қауіпті.



5-жаттығу. Қазақ тіліне аударып, төрт шырай түрін жасаңыз.

Үлгі: короткий-қысқа, қысқарақ, тым қысқа, қып-қысқа.

Теплый, желтый, зеленый, мягкий, медленный, узкий, сладкий, дешевый, легкий, быстрый, ближний, толстый, горячий, далекий, грязный, вкусный, молодой, новый.

6-жаттығу. Төмендегі сын есімдерден күшейткіш буын арқылы сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасап, сөй-лем құраңдар.

Жуас, ауыз, аласа, жіңішке, ұзын, жақын, нашар, жұмсақ, түзу, кең, сұр, кіші, ыстық, толық, ақылды, күшті, арзан, дәмді, таза, жеңіл.



7 - жаттығу. –лау/-леу, -дау/-деу, -тау/-теу жұрнақтарымен салыстырмалы шырай жасаңыз.

Арзан, қымбат, жұқа, қатты, алыс, жақын, кең, таза, биік, үлкен, ұсақ, қысқа, қара, жеңіл, жұмсақ, берік, әдемі, дәмді, тәтті, ыстық, суық, пысық, бос, ашық.



8-жаттығу. Сөйлемдердің мағыналарын анықтап, жазылған сын есімдердің қай шырайға жататынын және қалай тұрғанын айтыңдар.

1.Бөлме іші де Шынардың өзіне ұқсас: кіп-кішкене, тап-тұйнақтай ақ дәкені көкілдеп, крахмалдап қатырып есік-терезеге, шкаф беттеріне іліп тастаған.

2. Ай сүттей аппақ. Төңірек тұп-тұнық, алыстағы тау ауада қалқып жүргендей бұлдырап көрінеді. Ағаштар да сорайып, қап-қара боп тө-ніп тұр.

3. Абай – нағыз үлкен реалист ақын.

4. Жергілікті Кеңестің депутаттығына ең таңдаулы, ең қадірлі адамдар ұсынылады да қыланданып көрінеді.

5. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан. Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.



Каталог: uploads -> doc -> 04d9
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04d9 -> Тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және Ә. Бөкейхан»
04d9 -> Сабақтың тақырыбы: Сәукеле жасау
04d9 -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 орта мектебі»ММ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет