Практикалық лингвистика кафедрасы отырысында қаралған және ұсынылған


Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері



бет4/4
Дата07.12.2016
өлшемі0,82 Mb.
#3409
1   2   3   4

Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.

1. Құттықтау хат үлгілерімен таныстыру.

2. Жағдаяттар бойынша құттықтау хат жазу.

Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы

№ 550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлығында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттің тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету жоспарланған.

Бұл міндет әрбір мекемеде, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті-жарлықшы құжат түрлерін, азаматтық қарым-қатынаста жиі қолданылатын іс қағаздарын, іскери хат түрлерін жүргізуге үйрету сабақтарын мақсатты және сапалы өткізуді талап етеді.

«Қазақ тілінде іс құжатын жүргізу» пәнінің мақсаты студенттердің еркін оқып, еркін сөйлеу, толық түсіну, мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізу, екі тілде дұрыс аударма жасау, сауатты жаза білу, іс қағаздарының мемлекеттік тілдегі үлгілерін қатесіз, сапалы толтыра білу дағдыларын дамытуды көздейді.

Іс қағаздар - кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін қағаз үлгісі болып табылады. Қоғам өмірінде атқаратын қызметі зор, әлеуметтік мәні жоғары, кез келген салада ақпарат жеткізуші құрал – іс қағаз болып табылады.

Іс қағаздарын жүргізетін және ресми құжаттарды әзірлейтін қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуіне қазіргі таңда ерекше назар аударылып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік тілде іс жүргізуде әрбір құжат түрлерінің тұрақты тәртібі, орамдары, терминдері, реквизиттері болуға тиіс. Бұрыннан белгілі бірыңгай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Оларды жазып үйрену – жазу, жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Іс қағаздар үлгісін жалаң түрде көрсете салу көздеген мақсатқа жеткізе қоймасы анық. Сол үшін іс қағаздар стилінің негізгі ерекшеліктерімен таныстыра отырып, сөйлеудің тілдік формасы мен мазмұны, грамматикалық көрсеткіштері сәйкестендірілуі керек. Мысалы, іс қағазының қай түрін өткенде де сол үлгіге тікелей қатысты, онда кездесетін терминдер мен сөздерге, сөздердің тіркесу тәсілдері мен қолданылуына тоқтап, талдау жасау немесе берілген стильдің мәтінін жасау тиімді. Іс қағаздарының көптеген түрлерінің әр түрлі нұсқалары іс жүргізуде жиі кездеседі. Мәтін құрылымын жетік меңгерген адам құжаттың қай түрін болса да сауатты жаза алады.

Кез келген ресми құжат қоғамдық және еңбек қарым-қатынастарын реттеп, талдап отырады, демек, ресми тілде қолданылатын тілдік құралдарды, емле ережелерін пайдалануға нақты талаптар қойылады.

Ресми құжат - тұтас құрылым, сондықтан онда:



  • мазмұнның қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы, жазылуы тиіс;

  • тұжырымдардың дәл, нақты түрде болуы тиіс;

  • сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;

  • терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталуы тиіс;

  • қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер болып саналатын лексикалық

  • элементтер,сондай-ақ бейнелі, образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән құрылымдар қолданылмайды;

  • талдаудың, шешімнің мазмұны екіұдайылық тудырмас үшін көсемсөз стилінің, ауызекі сөйлеу тілінің тілдік-стильдік әлементтері араластырылмауы қажет.

Ресми құжаттарды ресімдеуге қазақ емлесі ережелерінің сақталуы қадағаланады. Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптастыру үлкен, маңызды, жауапты іс. Сондықтан қазақ тілінде ресми құжаттарды әзірлеу, ұйымдастыру, реттеу, құжаттау жағы сауатты жаза білуді талап етеді.

10 БӨЖ тапсырмалары


Рет№

Тақырып, тапсырма, жұмыс түрлері

Сағаттар саны

Әдебиет

тер


Бақылау және есептеу нысаны

Тапсыру мерзімі,

апта


Нег

Қысқ

1

Өмірбаян. Өмірбаяны-ңызды жазу.

2




1, 175 бет


Дәптерге жазбаша, қорғау

1

2

Түйіндеме тақырыбын меңгеру. Мәтін құрастыру.







1, 30 -33 бет

3, 4-14 бет1, 34-38 бет

3, 14-20 бет


Дәптерге конспект

2

3

Өтініш. Жағдаяттар бойынша өтініш жазу.

2




2, 66-111 бет

3, 30-37 бет

8, 141-155 бет


Дәптерге жазбаша, қорғау

2

4

Бұйрық үлгілерін жазу


2




3, 38-48 бет

8, 141-155 бет

3, 34 бет


Ауызша сұрау

3

5

Мінездеме. Мінездеме мәтінін құрастыру.



2




1, 46-52 бет

4, 117-121 бет



Дәптерге жазу

4

6

Хабарландыру. Баспа материалдардағы хабарландыру мәтіндерімен танысу.

2




8, 116-131 бет Баспа материал-

дары


Жеке үй тапсырмасы

5

7

Келісімшарт.

Еңбек келісімі. Тақырыпқа байланысты жаттығулар орындау.




2




3, 59-72 бет

8,156-170 бет

3, 49-59 бет

9, 132-152 бет



Ауызша сұрау

6

8

Кепілхат. Жағдаяттар бойынша кепілхат жазу.

2




1, 75-77 бет

2, 292-316 бет



Дәптерге жазбаша, қорғау

7

9

Анықтама. Жағдаяттар бойынша анықтама жазу.



2




3, 73-77 бет

Дәптерге конспект

7

10

Қызметтік хаттардың түрлеріне байланысты үлгілерімен танысу.

2




6, 123-136 бет

7, 19-26 бет



Баяндама жасау

8

БӨЖ бойынша басқа жұмыс түрлері




Тәжірибелік сабақтарға дайындық (05 х сабақ саны.)

8
















Ағымдағы бақылау шараларына дайындық (1сағ х бақылау түрі)

8
















Шептік бақылауға дайындық (2 сағат х 1РК)

4
















Барлық СӨЖ сағ.

20













Бағдарламаны құрастырған аға оқытушы Көльбаева М.М.,Испандиярова А.Т.

. .2013ж .
Практикалық лингвистика кафедрасында қаралған және ұсынылған
. .2013ж № хаттама
Кафедра меңгерушісі Г.Журсиналина

11. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар
1. Азаматтардың өтініштеріне қайтаратын жауаптар қай тілде беріледі?

а. ресми тілде

ә. халықаралық қатынас тілінде

б. ауызекі сөйлеу тілінде

в. мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде

2. Белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағаздарының түрі.

а. өмірбаян

ә. түсініктеме

б. түйіндеме

в. сенімхат

3. Бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда сипаттау.

а. түйіндеме

ә. анықтама

б. өмірбаян

в. мінездеме

4. Белгілі бір тұлғаның өз өкілеттілігі мен құқығын бір тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын іс қағаз.

а. түсінік хат

ә. сенімхат

б. анықтама

в. арыз


5. Мазмұны белгілі бір деректі, не оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын іс қағаздарының түрі.

а. сенімхат

ә. анықтама

б. түсінік хат

в. қызметтік хат

6. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы қашан қабылданды?

а. 1998 ж. 10 қыркүйек

ә. 1999ж. 1 шілде

б. 1996ж. 25 қазан

в. 1997ж. 11 шілде.

7. Қолхаттың қай үлгісі дұрыс жазылған.

а. Мен – Абай Абайұлымын, төлқұжатым – 77777, кеше әріптесім А. Әмірбекұлынан 10.000 теңге алдым.

ә. Мен, азамат Абай Абайұлы, мекен-жайым: Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 17 – үй, 17 – пәтер, жеке басының куәлігі 1040600, Қазақстан Республикасы ӘМ берген, Қостанай қаласы, Бородин көшесі 107 - үй, 107 – пәтерде тұратын А.Әмірбекұлынан 10.000 (он мың теңге) алдым.

б. Менің аты-жөнім –Абай Абайұлы, мен А.Әмірбекұлынан жүз мың теңге алып отырмын.

в. Мен әріптесім А.Әмірбекұлынан 10.000 теңге ақша алдым.

8. «В соответствии с условиями контракта» тіркесінің қазақ тіліндегі дұрыс баламасын көрсетіңіз.

а. контракт шарттарына сәйкес

ә. контракт жағдайларымен байланысты

б. контракт жағдайларына сәйкес

в. контракт шарттарына қатысты

9. Жұмысқа орналасуға байланысты құжат.

а. хаттама

ә. бұйрық

б. жеделхат

в. түйіндеме

10. Бұйрық жазу барысында қолданылатын сөздер.

а. тағайындалсын, босатылсын, қабылдансын

ә. сенім білдіремін, өкілетті етемін, менің орныма қол қою

б. тыйым салынбаған, тараптардың жеке тұлғасы

в. жоғары қолбасшылық, қолдауыңызды сұраймын, өтінемін

11. Ол Рудный қаласында ...........

а. тұрдым

ә. барды

б. дүниеге келді

в. қаза таптың

12. Мен 1992 жыл........ 2002 жылға дейін мектепте оқыдым.

а. -ға

ә. -да


б. -дан

в. -мен


13. Адамның жеке қасиеті - ............

а. әйел


ә. ұстамдылық

б. саяхат

в. азаматтық

14. Мен 1995 жылға дейін мұнай компаниясында инженер ........... жұмыс істедім.

а. болды

ә. болған

б. болып

в. бола


15 . Менің білім....... орта.

а. -сі


ә. - дер

б. -ім


в. -м

16. 1999 жыл.... дейін

а. -да

ә. -дан


б. -мен

в. -ға


17. 1998 жылдан ................

а. бері


ә. дейін

б. таман

в. аралығында

18. 1992-2003 жылдар ..........

а. дейін

ә. бері


б. аралығында

в. арасында

19 . Қостанай қаласы ................ жұмыс істедім.

а. -да


ә. -нда

б. -н


в. -на

20. 1995 жылы университет.... оқуға түстім.

а. -ке

ә. -ті


б. -іне

в. -те


21. ................. университетті 1999 жылы бітірдім.

а. жоғары

ә. аталмыш

б. Ол


в. аталған

22. Докторлық дисертация .........

а. аштым

ә. дүниеге келді

б. қорғадым

в. жұмыс істеді

23. 1995 жылы «Болашақ» фирмасына инженер болып ........

а. туылды

ә. қаза тапты

б. сөйлейді

в. ауыстым

24. Мен орысша ................. аламын.

а. сөйлеген

ә. сөйлеп

б. сөйлей

в. сөйлейді

25. Мен тұрмыста..

а. -да


ә. -мын

б. шықтым

в. құрдым

26. 1995 жылы оқу ........

а. түстім

ә. бітірдім

б. алдым

в. бердім

27. Мен фирмада бас инженер.......

а. -мін


ә. -сіз

б. -міз


в. -ім

28. Біз Қостанайда жұмыс істеді.........

а. -міз

ә. -м


б. -п

в. -к


29. Ол заң университеті...... бітірді.

а. -ң


ә. -те

б. -н


в. -ті

30. Салтанатты кеш...... басталуы.

а. -ті

ә. -тің


б. -ке

в. -те


31. Хабарландырулармен газет..... танысуға болады.

а. -пен


ә. -тен

б. -те


в. -ке

32. ............... мүлікті сату.

а. тұрақсыз

ә. тұрақты

б. үшін

в. арқылы



33. Жасы 35-ке ............... маман.

а. шейін

ә. дейін

б. конкурс жариялаған мекеме

в. бос қызмет орны

34. Мәжіліс ............... кеш өтеді.

а. залда

ә. залында

б. залға

в. залы


35. Құжаттар.... жүргізе алу.

а. -да


ә. -дан

б. -мен


в. -ды

36.Конференцияға .................. ғалымдар.

а. қатысады

ә. қатысу

б. қатысатын

в. қатысты

37. Конкурсқа ............ үшін

а. қатысу

ә. қатысқан

б. қатысатын

в. қатысты

38. Бос ................ орны.

а. қызметке

ә. қызметті

б. қызмет

в. қызметке

39. Жеке .................. парағы.

а. құжат

ә. іс

б. ереже


в. іс-әрекет

40. Компьютерді ................... меңгерген

а. тамаша

ә. дұрыс


б. жоғары

в. жетік


41. Бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші не көрсетіледі?

а. құжаттардың тізімі

ә. үміткерге қойылатын талаптар

б. жылжымайтын

в. қозғалмайтын

42. Дипломның .................

а. көшіру

ә. көшірме

б. көшірмесі

в. көшірімі

43. Жұмыс .................. 5 жылдан кем емес

а. өтілі


ә. орны

б. түрі


в. тәжірибе

44. ............................ техникалық білім

а. дәл келетін

ә. сай


б. тура

в. сәйкесетін

45. Қазақ тілінде сөйлей ..................

а. алу


б. алатын

ә. алып


в. алды

46. Түйіндеме.... мына мекен–жайға жіберіңіз.

а. -ге

ә. -нің


б. -ні

в. -де


47. Компьютер ..................... жетік білетін маман.

а. бағдарлама

ә. бағдарламаны

б. бағдарламаларын

в. бағдарламасы

48. Конкурс ................

а. қатысу

ә. жариялау

б. өту

в. жіберу



49. Хабарландыру.... танысу.

а. -мен


ә. -да

б. -ға


в. -ды

50. Келісімшарттан .........

а. қол қою

ә. оқу


б. жасау

в. бас тарту

51. Міндеттеме орындалма ........., келісімшартты бұзды.

а. -кендіктен

ә. -гендіктен

б. -ғандықтан

в. -қандықтан

52. Келісімшарт............ 2008 жылы аяқталады

а. үшін

ә. арқылы



б. дейін

в. бойынша

53. Сіз...............

а. міндеттенді

ә. міндеттенгенсіз

б. міндеттенген

в. міндеттеме алды

54.Оқу төлемақысын төлеу... міндеттеме алған

а.-де

ә.-мен


б.-ді

в.-ге


55.Міндеттемені орындаудан............ тартты

а. қол


ә. бас

б. аяқ


в. күш

56.Сіз « Адал » ЖШС-на хабарламахат............

а. жазу

ә. жазды


б. жазыңыз

в. жазады

57. Келісімшарт талаптары орындал ..........., сотқа арыз береміз

а. -ғанда

ә. -маса

б. -са


в. -ғандықтан

58. Біздің ................ су жеткізу тоқтатылады

а. жағамыздан

ә. міндетемізден

б. ережемізден

в. тарапымыздан

59. Біз оларға алдын –ала хабарламахат жібергендіктен,-..........

а. бірнеше ескертулер алдық

ә. сотқа талапарыз бере аламыз

б. келісімшартты бұзды

в. талаптар орындалмады

60. Тауарды келісімшартта ....... мерзімде жеткізу керек

а. айтылған

ә. жазылған

б. көрсетілген

в. жіберілген

61. Отбасы ............. байланысты.

а. шартына

ә. жағдайына

б. қаулысына

в. мүшесіне

62. 2003 жылдың 1 қазан...... дейін

а. - ға

ә. -қа


б. -ына

в. -сына


63. Жұмыстан босату .... сұраймын

а. -ыңызды

ә. -да

б. -ді


в. -ға

64. Кезектен ..... демалыс беру

а. тіс

ә. басқа


б. тыс

в. бойынша

65. Заң....... сәйкес

а. -ға


ә. -ге

б .-қа


в. -на

66. А. Асқаров ...........

а. ханымға

ә. ағайға

б. жолдасқа

в. мырзаға

67. Өндірістен ............. үзіп оқу

а. уақыт


ә. қол

б. бас


в. сағат

68. Бала ........... байланысты

а. жағдайына

ә. күтіміне

б. денсаулығына

в. жүруіне

69. Ол бөлім бастығы .......... жұмыс істейді

а. етіп


ә. деп

б. болып


в. жүріп

70. Мен қазақ ... сөйлеймін

а. -ша

ә. -ше


б. -шы

в. -ші


71. Ол тәжірибе... маман

а. -лы


ә. -ды

б. -лі


в. -ді

72. Зейнеткерлікке ................ байланысты

а. кетуіме

ә. шығуыма

б. алуыма

в. жетуіме

73. Өтініш қарал....ды

а. -ма


ә. -ме

б. -ба


в. -бе

74. Менің өтініш жазу... керек

а. -ің

ә. -ға


б. -ым

в. -ім


75. Құжат ................... бастығы

а. бөлім


ә. бөлімнің

б. бөлімінің

в. бөлімі

76. Директордың ............. өтініш жазыңыз

а. фамилиясына

ә. атына


б. қызметіне

в. қызметке

77. Жауапкершілігі ............... серіктестік

а. шектеулі

ә. шегі бар

б. шекарасы

в. шағын

78. Сіз өтініш жаза...... ба?

а. -сыз

ә. -сіз


б. -сың

в. -сің


79. Өз ................. босатуыңызды сұраймын

а. қалауыммен

ә. ойыммен

б. еркіммен

в. шешімімен

80. 20 мың теңге ........ шегу

а. өтініш

ә. зиян


б. қасірет

в. ақша


81. Шығынды ......... беруіңізді сұраймын

а. орындап

ә. тауып

б. аударып

в. қайтарып

82. Жиһазды қайта ......... туралы өтініш

а. жөндеу

ә. қабылдау

б. орындау

в. төлеу


83. «Растау» сөзінің синонимін белгілеңіз.

а. куәландыру

ә. ресімдеу

б. тіркеу

в. жүргізу

84. Штаттық кестеге ........... енгізу

а. бұйрық

ә. өзгерістер

б. ережелерге

в. үстемақы

85. Бұйрық ............ құжат

а. өкім


ә. өкімді

б.өкілетті

в. өкімдік

86. ................ қабылдау туралы бұйрық

а. жеке

ә.өндірістік



б. жұмысқа

в. мерекелік

87. Жұмыс... қабылдау туралы бұйрық

а.-тан


ә.-та

б.-қа


в.-пен

88. Жұмыс... босату туралы бұйрық

а.-тан

ә.-қа


б.-ты

в.-та


89.А.Асановаға демалыс ..........

а. берілсін

ә. орындау

б.жіберді

в. жүктелсін

90. Кәсіпорын жұмысын жақсарту .........

а. орай

ә. мақсатында



б. сәйкес

в. байланысты

91. Бұйрықтың орындалуын .......... тұлға

а. қадағалайтын

ә. тексеретін

б. жүзеге асыратын

в. шешетін

92. Бас инженер А.Асқаровтың ...............

а. бұйрық

ә. өтінішке

б. мәлімдемесі

в. бөлімге

93. Басқа жұмысқа ............... байланысты

а. босатылуына

ә. ауысуына

б. тағайындау

в. ауыстырылсын

94. Ақшалай сыйлық ............. туралы

а. тағайындау

ә. бұйыру

б. жіберу

в. бұйрық шығару

95. Келісімшарт мерзімінің ........... байланысты

а. аяқталуына

ә. тағайындалуына

б. қалуына

в. шығуына

96. Себепсіз жұмыс.... қалуына байланысты

а. -қа

ә. -тан


б. -пен

в. -ты


97. Бұйрық.... танысу

а. -қа


ә. -пен

б. -ге


в. -та

98. Нұсқаулыққа ...............

а. үшін

ә. жүзеге асыруда



б. сәйкес

в. орындау мақсатында

99. Бұйрық..... қол қою

а. -пен


ә. -та

б. -тың


в. -қа

100. Бұйрықта етістік қалай беріледі?

а. босату

ә. тағайындалсын

б. қабылдауыңызды өтінемін

в. тыйым салыңыз

101. Арман Досановты өз орныма қол қоюға ....... етемін.

а. ерікті

ә. куәлікті

б. мұрагерлік

в. өкілетті

102. Мұрагерлік ........... туралы куәлік

а. міндет

ә. өтініш

б. құжат

в. құқық


103. Мен, ............ Ержанов Қайрат

а. мырза


ә. ханым

б. азамат

в. жолдас

104. Жекешелендіру .......... сенімхат.

а. жүргізу

ә. жөніндегі

б. жайлы

в. білдіру

105. Менің атымнан өтініш жазуға ........ білдіремін

а. сенімхат

ә. сенім

б. куәлік

в. рұқсат

106. Осы сенімхат.. куәландырамын

а.-тан

ә.-ты


б.-қа

в.-тың


107. Сенім .......... жеке басы анықталды.

а. етушінің

ә. білдірушінің

б. көрсетушінің

в. жасаушының

108. Құқықтық .................. қабілеттілігі анықталды.

а. куәлігіне

ә. жеке басының

б. іс-әрекетке

в. ережеге

109. Жеке .............. нөмірі

а. куәлігінің

ә. төлқұжатының

б. паспортының

в. құжаттының

110. Сенімхат №112 ................ тіркелген

а. өтінішке

ә. сенімхатқа

б. тізбеге

в. пәтерге

111. Мен пәтерімді жекешелендіру... сенім білдіремін.

а. -ді


ә. -де

б. -ге


в. -дің

112. Сенімхат 3 ай өз .............

а. күшімен

ә. күшінде

б. күшінен

в. күште


113. Осы сенімхат барлық мекемелерде іс ............. құқық береді.

а. орындауға

ә. көрсетуге

б. жасауға

в. жүргізуге

114. Сенімхаттың мәтіні ................... оқылды.

а. дауысты

ә. дауыстап

б. қатты

в. қазақша

115. Нотариалдық кеңседе мемлекеттік ............... алынды.

а. сенім


ә. құн

б. ақша


в. салық

116. Мекеме ............ мәміле жасау.

а. орнында

ә. атынан

б. бірге

в. сияқты

117. Пәтерді ........ берді.

а. сенімхатқа

ә. қарызға

б. рұқсат

в. жалға

118. Менің ........... кезінде қол қойды.

а. көруім

ә. жауабым

б. сенімхатым

в. қатысуым

119. кеңсе... мөрін басу.

а. -ге


ә. -де

б. -мен


в. -нің

120. Мен сенімхат мәтінімен ......

а. оқыдым

ә. жаздым

б. таныстым

в. куәландырдым

121. Анықтама нені дәлелдейтін құжат?

а. дерек


ә. деректі

б. деректе

в. деректің

122. Анықтама ....... беріледі?

а. кімнен

ә. кімге


б. кімде

в. кімнің

123. Анықтама деректі .................... үшін беріледі.

а. қолдау

ә. қорғау

б. растау

в. айту

124. Осы анықтама М. Тұраровқа ....................



а. берілмекші

ә. беріледі

б. беру

в. берілді



125. Анықтама салық инспекциясы ................ берілген

а. байланысты

ә. үшін

б. дейін


в. -ға

126. Анықтама... мекеме басшылары қол қойды

а. -ны

ә. -да


б. -дан

в. -ға


127. Әлеуметтік ................ бөлімі

а. жабдықтау

ә. қамсыздандыру

б. оқу


в. қорғайтын

128. Анықтама.... мөр басылады

а. -ны

ә. -дан


б. -ға

в. -да


129. Анықтаманың ................ мерзімі көрсетіледі

а. жарамды

ә. жарау

б. жарайтын

в. жарамдылық

130. Анықтама әскери комиссариат.... керек

а. -та

ә. -қа


б. -ты

в. -ы


131. Анықтама А. Бақытовтың 3 курста ............. растайды

а. оқу


ә. оқитынын

б. оқиды


в. оқыған

132. Оқу бөлімі..... анықтама алу

а. -не

ә. -де


б. -нде

в. -нен


133. Анықтаманың ................... қысқа болады

а. мерзімі

ә. ережесі

б. анықтамасы

в. мазмұны

134. Анықтама Әуезов к-сі, 14-үйдің ................... А.Жандосовқа берілді.

а. тұратын

ә. тұрған

б. тұрғыны

в. тұрды


135. Анықтама 25-үй, 12-пәтерде ............... Е. Садуаұасовқа берілді.

а. тұрғыны

ә. тұратын

б. иесі


в жалдайтын

136. Анықтамада қай мекемеге ................. көрсетіледі.

а. үшін

ә. бергені



б. берілгені

в. қол қойғаны

137. Анықтама ................

а. қол қою

ә. алу

б. бару


в. көрсетілу

138. Тұрғынның .............. растау

а. мекен-жайды

ә. мекен-жай

б. мекен-жайы

в. мекен-жайын

139. Оның .............. екі адам

а. отбасы

ә. отбасында

б. отбасына

в. отбасын

140. Анықтама кітапханада жұмыс істеуге ......... алу үшін керек

а. уақыт

ә. бұйрық

б. өтініш

в. рұқсат

141. Мен алынған ақшаның пайызын төлеп тұруға

а. өтінемін

ә. сұраймын

б. міндеттенемін

в. жіберемін

142. Пайыз көлемі .............. көрсетілген

а. сенімхатта

ә. келісімшартта

б. өмірбаянда

в. хабарламахатта

143. Міндеттерімді орындауға ............. беремін

а.кепілдік

ә. сөз

б. рұқсат



в. келісімшарт

144. Қолхаттың бір .............. нотариалдық кеңседе тіркелген

а. түрі

ә. мерзімі



б. данасы

в. бөлшегі

145. Келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда ........................... міндеттенемін

а. ақшаны қайтаруға

ә. айып төлеуге

б. кешірім сұрауға

в. өтініш жазуға

146. Қазақстан Республикасының .............. берген

а. ЖШС

ә. ААҚ


б. І І М

в. қаласы

147. Қолхат ................. дана етіп жасалған

а. 1


ә. 2

б. 3


в. 4

148. Ақшаны .................. мерзімде қайтарамын

а. жазылған

ә. келіскен

б. тіркелген

в. хабарланған

149. «Расписка» деген қазақша ................

а. кепілхат

ә. сенімхат

б. қолхат

в. хабарламахат

150. 12-үй, 25-пәтерде .............. азамат Ержановтан жүз мың теңге алдым.

а. өмір сүретін

ә. тұратын

б. тұрмақшы

в. тұрғыны

151. «Обязуюсь» деген қазақша .............

а. міндетті түрде

ә. міндеттеме

б. міндет

в. міндеттенемін

152. Мен .............. қолхат жазып беремін.

а. сізді

ә. сізге


б. саған

в. сені


153. Қолхат – белгілі бір ........... алынғанын куәландыратын ресми құжат.

а. шешімдердің

ә. сенімдердің

б. құндылықтардың

в. нәрселердің

154. Қолхаттың бір данасы азамат Ж. Омарұлында ...................

а. көрсетіледі

ә. сақталады

б. тіркеледі

в. тұрады

155. «Удостоверять» деген қазақша ...............

а. куә болу

ә. куәландыру

б. жеке куәлік

в. куә ету

156. ................... қолы қойылды.

а. мырзалардың

ә. тараптардың

б. адамдардың

в. азаматтардың

157. Келісілген ................ қайтару

а. уақытта

ә. сағатта

б. мерзімде

в. сәтте

158. Келісімшарттың ............. орындалмады.

а. сөздері

ә. тараптары

б. талаптары

в. сөйлемдері

159. Қолхат берушінің .........

а. сенімдері

ә. міндеттемелері

б. куәліктері

в. хабарламалар

160. Келісімшартты ............. шығынын Асылбек Жақыпұлы төлейді.

а. ресімінің

ә. ресімдеудің

б. жөндеудің

в. жасаудың

161. Пәтер ешкімге ........... жоқ.

а. сатылған

ә. тұтқынға алынған

б. тыйым салуда болған

в. дау-таласта болған

162. Тұрғын үй ................... туралы заң

а. сату

ә. қарым-қатынастары



б. байланыстары

в. иелері

163. Келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар ..................

а. келісті

ә. жүргізді

б. дауласты

в. қол қойды

164. Пәтердің жалпы ..................... ауданы

а. қолданбалы

ә. тұратын

б. ереже

в. пайдалы

165. Тұрғын үйді ................... ережелері

а. пайдалану

ә. пайдалы

б. пайда


в. пайдалық

166. Пәтер азамат С. Нұрбекұлына ...............

а. тиісті

ә. тиесілі

б. сатты

в. сатып алды

167. Пәтер ................. болған жоқ

а. қарыз өтеуге

ә. дау-таласта

б. сотта


в. тыйым салу

168. Келісімшарт мәтіні ..............

а. оқыды

ә. оқыған

б. оқылды

в. оқу керек

169. Заңның ............ түсіндірілді

а. түрлері

ә. мәліметтері

б. нөмірі

в. баптары

170. ТИБ-тің ............... бойынша

а. ережесі

ә. анықтамасы

б. куәлігі

в. төлқұжаты

171. Келісімшарттың бір данасы азамат Б. Оралұлына

а. сақталады

ә. болады

б. беріледі

в. жүргізіледі

172. Келісімшарт 2010 ............ 15 сәуірде жасалған

а. жылдың

ә. жылғы


б. жылдағы

в. жыл


173. Пәтер ................. алынған жоқ

а. тұтқынға

ә. дау-таласқа

б. келісімшартқа

в. келісімге

174. Мен ........... толық қабылдаймын

а. келісімшартты

ә. сыйды


б. үйді

в. құқықты

175. Сыйға ............... мүлік

а. келісімді

ә. берілген

б. тарту


в. беру

176. Пәтер қарыз ............... берілген

а. сатуға

ә. сатып алуға

б. сыйға

в. өтеуге

177.Еңбек келісімі Тараптар арасындағы еңбек қарым-қатынасын ....................

а. көрсетеді

ә. жасайды

б. орындайды

в. реттейді

178. Келісім неше дана болады?

а. 1

ә. 2


б. 5

в. 4


179. Ішкі ............ таныстыру

а. заңдар

ә. құпиялықпен

б. жұмысшылармен

в. еңбек тәртібімен

180. «Далее» деген қазақша .............

а. бұдан әрі қарай

ә. бір жағынан

б. осыдан кейін

в. болашақта

181. Маман ............ міндетті.

а. келісім талаптарын орындауға

ә. білетін құпиясын жариялауға

б. келісім шарттарын өзгертуге

в. мәліметті құпия ұстауға

182. Жұмыс беруші ............. міндетті

а. келісімге тыс өзгерістер енгізуге

ә. міндеттемелерді орындамауға

б. мерзімінде төлемақы төлеуге

в. себепсіз келісімді бұзуға

183. ӘЖК - ...............................

а. әлеуметшіл жеке код

ә. әлеуметтің жекелік коды

б. әлеуметтік жеке коды

в. әлеуметтік жекелік код

184. 8000 теңге .............. еңбекақы

а. көлемі

ә. шамасында

б. көлемінде

в. жуық


185. Келісім мерзімі аяқталғанда оны .................

а. бұзуға болады

ә. сақтауға болады

б. ұзартуға болады

в. орындауға болады

186. «Действующее законодательство» деген қазақша ................

а. қолданыстағы заңдар

ә. іс-әрекеттегі заңнама

б. қолданған заңдар

в. қолданып жүрген заңдар

187. Жұмыс беруші .............. міндетті

а. жұмыс нәтижесін көрсетуге

ә. жұмысты өз мерзімінде орындауға

б. келісім мерзімін ұзартуға

в. маманның жұмысын бақылауға

188. Келісім шарттары ............. өзара келісімі бойынша өзгертіледі

а. жұмыс берушінің

ә. тараптардың

б. маманның

в. өкілдердің

189. Маман жұмыста ................... сақтауға міндетті

а. мерзімді

ә. куәлікті

б. құпиялықты

в. жұмысты

190. Екі тарап та ................ міндетті

а. келісімнің мерзімін ұзартуға

ә. Келісім талаптарын оқуға

б. маманның жұмысына баға беруге

в. келісімнің шарттарын орындауға

191. Келісімнің бір данасы ............ сақталады.

а. жұмысшыда

ә. нотариуста

б. хатшыда

в. үйде

192. Жұмыс беруші келісім бойынша маман .............. бақылайды



а. үйін

ә. жұмысын

б. мерзімін

в. жайын


193. Келісім екі тарап арасында ..............

а. қаралады

ә. реттейді

б. жазылады

в. жасалады

194. ................... сот арқылы шешіледі

а. ұрыстар

ә. тартыстар

б. құқықтар

в. даулар

195. Ішкі ............. тәртібі

а. тартыс

ә. еңбек

б. жұмыс


в. қызмет

Емтихан сұрақтары

1 Ресми іс қағаздарының атаулары

2 Өмірбаян

3 Түйіндеме-резюме

4 Өтініш

5 Мінездеме

6 Бұйрық

7 Бұрыштама

8 Келісімшарт

9 Еңбек келісімі

10 Жеделхат

11 Кепілхат

12 Анықтама

13 Хабарландыру

14 Қолхат

15 Сенімхат

16 Түсіндірме хат

17 Баяндау хат

18.Құттықтаухат

19. Кепілхат

20.Хабарламахат

21. Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдар



Мамандандырылған аудиториялардың, кабинеттердің, лабораториялардың тізімі

практикалық лингвистика кафедрасының

қазақ тілінде іс жүргізу сабағын өткізу бойынша


Рет



Корпус

Аудитория №

Пәнді оқытуда қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету, құралдар мен жабдықтар

1

№1 ғимарат

240 аудитория

Интерактивті тақта, мультимедиялық комплекс.

2

Білім орталығы

Лингофонды кабинет, интернет залы, компьютерлік сынып.

Мультимедиялық комплекс,интерактивті тақта, теледидар,лингофон.

3

№ 2 ғимарат

318,319,321,313,312,315,316 уд.

Мультимедиялық комплекс.

4

№ 5 ғимарат

305,208,121 ауд.

Мультимедиялық комплекс.

Құрастырушы



Лауазымы аға оқытушы Көлбаева М.М.

16.06.2013ж.
Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет