Практикалық психология пәнінен лекциялар кешені №1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы



Pdf көрінісі
бет3/65
Дата03.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#134248
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)
№4,2 Жасушаның ген. аппар, 5 апта Жас Ишки секция, 5 апта Реферат
мәселелер іс-әрекеттік 
деп 
аталады. Олар әрі жеке-даралық, әрі топтық болуы мүмкін. Жұмысқа 
қызығушылықтың жоғалуы шешіліп жатқан міндетке шоғырлана алмауының 
қызметтегі сәтсіздіктерге ауыр эмоциялы реакция – іс-әрекеттік немесе 
психологиялық проблемалардың мысалы.
Психологиялық мәселелердің кӛбісінің негізінде тұлғаішілік немесе 
тұлғааралық кикілжің жатыр. Кикілжің әртүрлі адамдардың қарама-қарсы 
әрекеттерінің 
кӛзқарастарының, 
қызығушылықтарының, 
ұмтылыстарының, 
жоспарларының 
немесе 
бір 
адамның 
пікірлерінің, 
қажеттіліктерінің 
қақтығысуындағы психикалық күй үстіртін, ұғымдар бӛлімінде бұл кикілжің, әртүрлі 
алатуы мүмкін. Бұл жәйт кикілжіңдердің әртүрлі типтері жайлы немесе оның қайта 
аталуын айғақтайды.
Практикалық психологияның ӛзіндік тарихи тамырлары бар. Психологияның 
ӛзі алғашқыда практикалық психология деп тіршілік еткен ілкі заманнан бері 
психологиялық қызметтердің шеңбері кең әрі әртекті болды. (кӛрегенділіктер ӛмірлік 
даналықты қиын жағдайлардан шығу жолын іздеу, діні жаралар және окультты 
процедуралар, йога, буддизм және т.б). Адамдарға психологиялық кӛмек кӛрсетудің 
кейбір жағдайлары құранда сипатталған. Кәсіби психологқа жатпайтын адамдардың 
кӛпшілігі психологиялық арқауға зәру адамдарға тиімді кӛмек кӛрсетуге қажет 
қабілетерге ие.
ХХ ғасырдың басында В.Штерке, Г.Мюнстерберг және басқалардың 
ықпалымен дамыған психотехника. Практикалық психология негізін салушы 
ғылымдардың бірі болып табылады. Психотехниканың негізгі міндеттері кәсіби 
іріктеу мен бағдарлауды жүзеге асыруда, іс-әрекеттің белгілі бір түрлеріне даярлауда 
психикалық қызметтерді жаттықтыруда, жарнама тиімділігінің психологиялық 
жағдайларын зерттеуде байқалды. Қазіргі таңда «психотехника» сӛзі кейде 
практикалық психологияның қайсыбір саласында қолданылатын тәсілдердің жүйесін 
белгілеуде қолданылады.
Ресейде практикалық психология соңғы 25-30 жылда дами бастады. 
Отбасылық психологиялық – педагогикалық, дәрігерлік-психологиялық, кәсіби 
бағдарлаушы психологиялық қызметкер пайда болады. Практикалық психологтар 
мұғалімдермен, психиатрлармен, невропатологтармен әлеуметтік қызметкерлермен 
ӛзара әрекет етеді. Олар ӛндірісте де, клиникаларда да, әрі қарттар үйлерінде де 
қызмет етеді.
Ӛмірдің қиын жағдайларын тап болған адамдарға дәрігерлік емес кӛмек 
кӛрсету және мінез-құлықтағы ауытқуларды психологиялық түзету практикалық 
психологтың міндеттерінің бірі болып табылады.
Практикалық психолог психологиялық ғылымдардың жүйесіндегі маңызды 
үзбелі. Оның қолданылуы мен дамуы тұтастай психологияның жетілу дәрежесін, 
оның ӛмірдің шынайы міндеттерін шешу қабілетін дәлелдейді.
Ол психологиялық білімнің бүкіл жүйесінің ерекше ӛзгерісін білдіреді. Сол 
себептен академиялық мекемелерден тыс қызмет ететін психолог психологияның 
қайсыбір тармақтары мен тақырыптары психологияның академиялық саласына 
жататындықтан, әрі оның ӛзінің нақты күнделікті қызметінде іздеген шешімдерге 
селқос болғандай кӛрінгендіктен алдын-ала олардан бас тарта алмайды.
Практикалық психолог психологиялық ғылымның жалпы пихология және 
дифференциалды психология сияқты салаларына арқау етеді. Әлеуметтік психология 


тұлға психикасының топтар және адамдар басқа да қоғамдастықтарының 
психологиясының дамуындағы әлеуметтік себептелген құбылыстарын зерттейді.
Оның ӛзегі – адамдар қарым-қатынастарының механизмдері – психологтың 
клиентпен және басқа да адамдармен кәсіби ӛзара әрекеттестігінің негізін құрайды. 
Әлеуметтік психологияның практикалық психологиямен байланысы «қолданбалы 
әлеуметтік 
психологияның» 
кӛркемделуінде 
дәлелденеді. 
Оны 
әлеуметтік 
психологияның диагностиканың, кеңес беру мен ықпалдың немесе әлеуметтік 
технологиялардың жиынтығы ретінде анықтайды.
Дифференциалы 
психология 
индивид 
пен 
топтардың 
арасындағы 
айырмашылықтарды, олардың даралық ерекшеліктерін зерттейді. Психологияның 
осы саласының тәжірибелі міндеттерімен байланысы тым тығыз. Оның барлық 
бӛлімдері іс-жетекшінің әртүрлі салаларында пайда болған. Мектепке оқуға келген 
балалардың ішінен дамуы тежелген балаларды анықтап, оларға арнайы сыныптарды 
құру, 
қайсыбір 
мамандықты 
меңгеруге 
едәуір 
жарамдыларды 
іріктеу, 
психотерапияның түзету мен кеңес берудің даралық бағдарланған тәсілдерін құру 
сияқты сұраныстардың ықпалында қалыптасады.
Психотерапия практикалық психологияның қалыптасуының эмпирикалық 
базасы болып табылады. Психотерапияның медициналық аумағынан біршама 
оқшаулануы бұл процестегі елеулі оқиға болды. Зигмунд Фрейдтің кейбір 
психикалық аурулардың себептері медицинаның аумағынан тыс жататыны және 
емдеудің таза медициналық әдістері мен жазылмайтыны жайлы идеясы біршама рӛл 
ойнайды.
Сезілмейтін кешендер ұмыт болған балалық шақтағы дау-дамайлар, 
ығыстырылған әуестіктер және т.с.с. Патологиялық болып табылмаса да, кӛптеген 
қайғы мен кикілжіңдердің себептеріне айналады.
Зигмунд Фрейд, нем. Sigmund Freud, толық аты Сигизмунд Шломо Фрейд, 
нем. Sigismund Schlomo Freud; 6 мамыр 1856 жыл, Фрайберг, Австрия — 23 қыркүйек 
1939 жыл, Лондон) — Австрия психологі, психиатрі және неврологі. Психоанализ ілімінің 
негізін қалаушы. 
Ғылыми білім – бұл білім ӛте мұқияттылықты қажет ететін құбылыстар себебін 
білу. Ол құбылыстарға сипаттама беріп қана қойған жоқ, олардың себептері мен 
заңдылықтарын іздеді. Психология саласына кӛшкен кезде де ол осы принциптерді 
ұстанды. Ол медицина факультетінде оқыды. Оның ұстазы еуропаның әйгілі физиологы 
Эрнст Брюкке болды. Оның зертханасында кӛптеген елдердің ғалымдары жұмыс істеді 
оның ішінде орыс физиологиясы мен ғылыми психологияның негізін салған И.М.Сеченов 
болды. Брюккенің жетекшілігімен студент Фрейд Вена физиология институтында жұмыс 
істеді. Ол күніне бірнеше сағат микроскоппен жұмыс істеді. Қартайған шағында бүкіл 
әлем мойындаған психолог болған ол достарының біріне зертханада жануарлардың арқа 
жұлынының жүйке жасушаларының құрылымын зерттеген жылдар оның ең бақытты 
сәттері екендігін айтты. Осы кезеңде қалыптасқан оның бойындағы ғылымға деген 
қызығушылық пен табандылықты З.Фрейд ӛмірінің соңғы 10 жылдығында да жоғалтқан 
жоқ. 
Психоанализдің туындауы. Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға проблемаларын 
зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд 
теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы 
түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның 
дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост 
гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде 
гипноздан оянғаннан кейін бӛлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін 
ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден 
неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жӛндеулі тұрғанын тексергім келді деп 


жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бӛтен біреудікі екенін 
ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды. 
Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме 
берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд ӛзінің санасыздық күйі теориясын 
жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен 
уәжедері адам ӛмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі 
болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет кӛз жеткізді. Бұл жағдай оның ӛзі емдеп жүрген 
ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-
қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру 
әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. XX ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде 
танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім 
күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын 
құрды. 
Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде 
сана деп – адамның ӛз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) ӛтіп жатқан құбылыстар туралы 
тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд ӛзінің 
медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол 
емдеген адамдар ӛздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын 
білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың кӛмегімен сана бақылауын қадағалау 
арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің 
бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде 
болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, 
Фрейдтің есептеуінше, түс кӛру қаншалықты бос кӛріністер болғанымен, оның 
«сценарийі» – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-
қалаулар коды. Бұл болжамына ӛзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда 
туындағанын да есіне сақтап қалады. Бұл 1895 жылдың 24 шілдесіндегі кешқұрым мезгіл, 
бейсенбіде, веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл 
жӛнінен З.Фрейд бірде: «осы жерде дәрігер Фрейд түс кӛру құпиясын ашты» деген жазуы 
бар тақтай іліп қойса да болады», – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы «Түс жору» 
кітабы жарық кӛрді. Оны З.Фрейд ӛзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің 
қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бӛлшек бейнемен 
алмасуы, кейіптеу және т.с.с. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін 
бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, 
үшкін заттарды, тістің түсуін кӛру қарастырылды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы 
тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс кӛрудегі бейнелерді эмоциалды сезім 
күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау кӛздері күндізгі қалыптан тыс 
сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс 
әрекеттерінде жасырылған. Олар ӛздері туралы ерекше символдық тілде сӛйлейді. Фрейд 
олардың сӛздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты. 
1901 жылы оның «күнделікті тұрмыс психопатологиясы» кітабы жарық кӛрді, 
мұнда ол түрлі бұрыс әрекеттерді түсіндірді: есімдерді ұмыту, сӛзден таю, санадан тыс 
уәждердің кӛрінуі. Фрейд бойынша, мұның себептерін санадан тыс импульстерден, 
шұғылданатын әрекеттерінен іздеген жӛн. 
Бұлардан кейін оның «Даналық және оның санадан тыс құбылысқа қатынасы» 
(1905), «Сексуалдылық теорияисы бойынша үш очерк» (1905), «Тотем және табу» (1913) 
еңбектері жарық кӛрді. 
Фрейдтің халықаралық деңгейдегі атақ-даңқы З.Фрейдтің танымалдығы арта берді: 
халықаралық деңгейде де атақты болды. 1909 ж. оны АҚШ шақырады, оның дәрістерін 
кӛптеген ғалымдар, солардың ішінде америкалық психология атасы Вильям Джемс те 
тыңдаған. З.Фрейдті құшақтап тұрып ол: «Болашақ – сіздің қолыңызда», – деген екен 
(Ярошевский, 1989, 21 бет). 


1910 жылы Нюрнбергте психоанализ бойынша Бірінші халықаралық конгресс ӛтті. 
Оған қатысушылар психоанализді психологиядан ӛзіндің ерекшелігі бар жеке, айрықша 
ғылым деп жариялады. Алайда кӛп ұзамай осы қоғамдастың ішінде оның таралуына 
әкелген қарсы пікірлер туындады. Фрейдтің кӛптеген жақын жүрген жақтастары онымен 
арақатынасын үзіп, ӛздерінің мектептерін ашып, бағыттарын қалыптастырды. Солардың 
ішінде Альфред Адлер мен Карл Юнг те бар, олар соңынан атақты психологтар болды. 
Олардың кӛпшілігі сексуалды инстинктің басым рӛлге ие екендігін мойындамады. 
Кӛп ұзамай З.Фрейдтің ӛзі де ӛз тұжырымдамасына түзетулер енгізді. Бұған оны 
ӛмір мәжбүрледі. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Емдеушілердің кӛбі сексуалды 
сезім күйлеріне емес, соғыс уақытында оларды күйзелткен сынақ, қиыншылықтарға 
байланысты невроз ауруымен ауырды. ХIХ ғ. соңында веналық бұқара халықты емдеу 
кезінде туындаған З.Фрейдтің бұрынғы тұжырымдамасы кешегі солдаттар мен 
офицерлердің соғыс жағдайында туындаған психикалық күйзеліс күйін түсіндіруге 
жарамсыз болып шықты. З.Фрейдтің жаңа емдеушілерінің ӛлімді кӛп кӛруден туындаған 
психикалық күйзеліс пен соққылары ерекше инстинкт бар деген болжам жасауға себеп 
болды. Ол Танатос деген атауға ие болды. Бұл жерде Танатос деп не ӛзгелерді, не ӛзін 
ӛлтіруге, жоюға деген ерекше құмарлықты түсіндірді. З.Фрейдтің кӛзқарасы бойынша, 
бұл инстинкт сексуалды инстинктпен қатар мінез-құлықтың кез келген түрінің негізіне 
алынған. 
З.Фрейд бұл мәселені зерттеуге интермелеген ӛз ӛміріндегі жағдайлар да болды. 
20-жылдардың басында ол кӛп шылым шегуден туындаған ӛте ауыр ауру түрімен ауырды. 
Бір операциядан соң екіншісіне шыдамдылықпен тӛзіп, жұмыс істеуін тоқтатпады. 1915-
1917 жж. ол Вена университетінде «Психоанализге кіріспе дәрістер» деген атпен 
жарияланған курс оқыды. Бұл курс толықтыруды қажет етті, оларды ғалым 1933 жылы 8 
дәріс түрінде жариялады. З.Фрейд шығармашылығының осы соңғы кезеңінде оның 
«Бұқара психологиясы және «Мен» талдауы» (1921), «Мен және Ол» (1923) еңбектері 
жарық кӛрді. Бұл кітаптарында оның адамның жеке тұлғасының құрылымына деген 
кӛзқарастарының ӛзгергендігін кӛреміз (Ярошевский, 1989, 22 бет). 
30-шы жылдары Европадағы әлеуметтік жағдай ушыға түсті. 1933 жылы Германияда 
билік басына фашизм келді. Нацистер ӛртеген кітаптардың ішінде Фрейдтің кітаптары да 
бар еді. Мұны естіген Фрейд: «Біз қандай прогресске қол жеткіздік! Орта ғасырларда олар 
менің ӛзімді ӛртер еді, ал бүгін олар менеің кітаптарымды ӛртеуге қанағаттанды!» (цит. 
Ярошевский, 1989 ж., 27 бет). Ол бірнеше жылдан кейін Освенцим және Майданек 
пештерінде миллиондаған еврей мен ӛзге де нецизм құрбандары қаза табатынын білген 
жоқ. Солардың ішінде Фрейдтің 4 қарындасы бар. Оның ӛзін әлемге әйгілі Фрейдті де 
Австрияны жаулап алғаннан кейін осы жағдай күтетін еді. Алайда Франциядағы америка 
елшіснің кӛмегімен оның Англияға қоныс аударуына рұқсат алуға қол жеткізді. Кетер 
алдында ол гестапоның ӛзімен жақсы қарым-қатынас жасағаны жоқ екендігі туралы 
қолхат тастауы керек болды. Қол қойып жатып З.Фрейд былай деп сұрады: «Әр адамға 
гестапоның бар ниетімен үлгі етпеспе екен». Англияда Фрейдті ғалымдар жақсы 
қарсалды, бірақ оның күні санаулы еді. Бұрынғы дерті күшейіп, оның ӛз ӛтініші бойынша 
емдеуші дәрігер, екі ине (укол) салды. Сӛйтіп 1939 жылдың 21 қыркүйегінде Лондонда 
З.Фрейд қайтыс болды (Ярошевский, 1989, 28 бет). З.Фрейд теориясының әлемге әйгілі 
ілім ретінде танылғандығы соншалық бүгінде ғалымдар «психология – бұл Фрейдтің ӛзі» 
деген қағида қалыптасқан. 
Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр 
мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны 
емдеу әдіснамасы. З. Фрейд ӛз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның 
ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың 
қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей ӛнеркәсіп 
дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі 
психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тыңқояншық (истерия) 


ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сӛйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен 
жайсыз кешірменің кейінгі ӛмірдегі кӛңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі 
Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ 
жасаудан . Ол кезде фрейдгипноз және сӛйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, 
емделушінің кӛңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд 
гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде кӛңілінде жарақат қалдырған оқиғаны тауып 
шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң Фрейд басқа амалдарды 
қарастырды. 
Психоанализдің басты ережелері: 
- Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін 
бала кезіндегі кешірмесі белгілейді. 
- Адамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды 
(жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады. 
- Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады. 
- Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық ӛз-ӛзін қорғау 
механизмінің қарсылығын туғызады. 
- Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық 
арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық 
аурулар келіп шығады. 
- Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған 
ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға 
білдіруге болады. (Қазақтың "кӛйлектің кірі жуса кетеді, кӛңілдің кірі айтса кетеді" деген 
мақалында айтылғандай, ӛзі ұмытып қалған "ӛз сырын" білген соң адам психикалық 
ауытқудан айыға бастайды екен). 
Психоанализдік емдеу амалы таласты тақырып болса да, кейбіреулер жағынан 
соқыр сенім деп бағаланса да, бірақ оның рухани ауруларды емдеуді кӛздейтін психиатрия 
ғылымына ӛте-мӛте ықпалы зор болды. Сондай-ақ Фрейдтің бұл жасампаз идеялары заң 
саласында, әдебиетте, философияда, психология ғылымында кең кӛлемде әсер пайда 
қылып, еуропа және АҚШ елдерінде психологиялық ізденістің жаңа дүмпуін туғызды. 
Меннің үш құрамы. Фрейд адам психикасын Ӛз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен 
(Superego) сынды үш бӛліктің ӛзара байланысы арқылы түсіндіреді. Астынсана ӛткеннен 
мұраланған психиканың терең қабаты ретінде кӛрініс табады. Оның қойнауында адамның 
жасырын жан сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану 
ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It (ӛзі, нәрсеге қаратылатын ол мағынасында, 
"Ӛз" деген сӛз жақын келеді) деп атап, «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп 
бағалайды. Адамның саналы Мені — Ӛз бен (Астынсана) қоршаған дүние арасындағы 
делдал рӛлін ойнайды. Бұл құрылым «шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның 
мақсаты — адамның астынсанасына қызмет кӛрсету. Адам Мені Ӛзді ӛзіне бағындыруға 
тырысады, алайда кейде Ӛздің ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени 
тиым салуларды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы 
кӛрсетеді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам Меніне 
үстемдік етуі мүмкін. 
Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр 
мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны 
емдеу әдіснамасы. З. Фрейд ӛз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның 
ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың 
қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей ӛнеркәсіп 
дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі 
психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) 
ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сӛйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен 
жайсыз кешірӛменің кейінгі ӛмірдегі кӛңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі 
Анна деп аталған Джосеф Бровер деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ 


жасаудан басталды. Ол кезде фрейдгипноз және сӛйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін 
қолданып, емделушінің кӛңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. 
Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде кӛңілінде жарақат қалдырған 
оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң Фрейд басқа 
амалдарды қарастырды. 
Психоаналитикалық теорияның басты ережелері: 
- Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін 
бала кезіндегі кӛшірмесін белгілейді. 
- Адамзаттың ісін, кӛшірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды 
(жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады. 
- Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады. 
- Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық ӛз-ӛзін қорғау 
механизмінің қарсылығын туғызады. 
- Сана мен астын сана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық 
арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық 
аурулар келіп шығады. 
- Осынау тосылған, тұйықталған астын саналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған 
ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға 
білдіруге болады. (Қазақтың "кӛйлектің кірі жуса кетеді, кӛңілдің кірі айтса кетеді" деген 
мақалында айтылғандай, ӛзі ұмытып қалған "ӛз сырын" білген соң адам психикалық 
ауытқудан айыға бастайды екен). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет