Практикалық психология пәнінен лекциялар кешені №1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы



Pdf көрінісі
бет1/65
Дата03.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#134248
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)
№4,2 Жасушаның ген. аппар, 5 апта Жас Ишки секция, 5 апта Реферат


ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯЛАР КЕШЕНІ 
 
№1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы 
түсінік 
Дәрістің мақсаты:
ЖОО студенттеріне практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері 
туралы теориялық білім беру. 
 
Негізгі ұғымдары
: Практикалық психология, психолог, психологиялық мәселе, 
конфликт, тұлғалық мәселелер, әлеуметтік психология , дифференциалды психология, 
классикалық психоанализ, логотерапия. 
 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Практикалық психология пәнінің мақсат, міндеттері. 
2. Классикалық психоанализ.
3. Адлердің индивидуалдық психологиясы. 
4. Клиентке бағытталған терапия. 
5. Логотерапия. 
6. Когнитивті психотерапия 
7. Трансактілі талдау.
8.Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ). 
9. Практикалық психологиядағы жаңа психотехнологиялар. 
Қазіргі таңда психолог іс-әрекетінің ғылыми зерттеулер, оқыту және адамдарға 
психологиялық кӛмек кӛрсету сияқты іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Ғылыми 
зерттеулер теориялық және қолданбалы сондай-ақ диагностикалық деп жіктеледі.
Практикалық психология бұл психологияның пәні – психологиялық кӛмек 
кӛрсету, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, 
қажеттіліктеріне және т.б. бағытталған практикалық іс-әрекеті болып табылатын бір 
саласы.
Практикалық психологияны психологияның бір саласы деп есептелінеді. 
Алайда ол психологияның басқа салаларымен қатар тұрған әдеттегі тармағы емес. 
Ӛйткені, психологиялық ғылым салаларының кӛбісі дамуының нақты деңгейінде 
дербес тәжірибесіне ие болады. Қайсібір психологиялық пән ӛмірге жүйелі ықпал 
етуге қабілетті бола қалса, ол қосымша ретінде практикалық сегментке ие болады. 
Әлеуметтік және инженерлік психологияның, басқару психологиясының, жас 
ерекшелік психологиясының да ӛзіндік тәжірибесі бар. Психологияның әртүрлі 
салаларының сол барлық практикалық «сегменттерінің» жиынтығы практикалық 
психологияны құрайды. Практикалық психологияның пайда болуы бұл адамның 
проблемаларына қоғамдық қызығушылықтың ӛсуіне жауап және қазіргі заманғы 
психологияның оларды сәтті шеше алатынының дәлелі.
Сондай-ақ 
ӛмірмен 
шынайы 
қатынасу 
академиялық 
психологияда 
шешілмегендіктен практикалық психология кӛшіп, оның теориялық бӛліміне 
құрайтын ерекше теориялық және әдістемелік проблемаларды тудырады. Осылайша 
адамдардың қызметтегі және ӛмірлік қиыншылықтарына қатысты білікті 
психологиялық кӛмек кӛрсетумен байланысты теориялық, әдістемелік және 
ұйымдастырушы проблемалардың кешені практикалық психологияның пәнін 
құрайды.
Кейде психологтың кәсіби іс-әрекеті де солай аталады. Ол диагностиканы, 
психологиялық түзетуді, психотерапияны, психологиялық кеңес беруді қамтиды. 
Соңғы үш ұғым жиі бірін-бірі алмастырып отырады. Дегенмен олардың барлығы 
адамдарға ықпал етудің нақты формалары ретінде диагностикаға арқау етеді.


Қазргі заманғы практикалық психологияда келесі бағыттар ерекшеленеді:
Клиникалық психология (ең кӛне бағыт); 
Ұйымдастырушы психологиялық (басқарушы) кеңес беру; 
Жарнама, имидж және қоғаммен байналыс психологиясы,; 
Сот психологиялық эксперитиза;
Психологиялық операциялар сияқты арнайы бағыттар.
Клиникалық психология ӛз кезегінде дәрігерлік және дәрігерлік емес деп 
бӛлінеді. Дәрігерлік психология (психотерапия) «кіші» психиатрияның бӛлімі болып 
табылады. Олар дәрігерлік біліктілікке сәйкес психолог дәрігерлердің кіріспесіне 
еніп, невроздардың шеткі күйлер мен басқа да ауруларды емдеумен айналысады.
Дәрігерлік емес клиникалық психология ауру деп есептелмейтіндіктен 
дәрігерлік емдеу мекемелерінде кӛмек ала алмайтын адамдарға кӛмек кӛрсетеді.
«Психологиялық операциялардан» қалған бағыттарды атауынан ақ тануға 
болады. Бұл терминнің шығу тегі американдық әрі кәсіби психологтардың 
«психологиялық соғыс» іс-шарасын жоспарлауға қатысуын білдіреді.
Сонымен, практикалық психология бұл психологиялық пәндердің адамдардың 
ӛмірін жақсартудың мақсатында оның барлық қырларындағы міндеттерді шешу үшін 
теориялық психологияның қолданылуымен айналысатын топ; сондай-ақ ол негізгі 
теориялық пәндерге қарағанда қоғамның аса жоғары емес деңгейінде танымдық 
міндеттерді де шешеді.
Практикалық психология жеке даралық топтың (отбасылық, ұйымдастырушы) 
және жаппай (стратегиялық) деңгейлердегі проблемаларымен айналысады. 
Клиникалық психология кӛбінде адам мен отбасының проблемаларына бағдарланады. 
Адамның даралығы және оның мүмкіндіктерінің кӛрінуі мен кеңеюіне ықпал ететін 
әдістер оның пәні болып табылады.
Ұйымдастырушы психологияның (басқарушы) кеңес беру ең алдымен 
ұйымдарда туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. Мұнда клиникалық 
бағытқа қарағанда қызметке бағдар орын алады, алайда жеке тұлға да аса маңызды 
сфера ретінде назардан тыс қалмайды. Психолог кеңесшілер адамдардың едәуір 
ӛнімдірек жұмыс істеп, оқуына кӛмектесетін амалдарды іздестіреді. Олар ӛндірістегі, 
кӛліктегі, медицинадағы, білім беру мекемелеріндегі, қоғамдық тәртіпті қорғау 
жүйесіндегі, әскери бӛлімшелерлегі, сайып келгенде адамдар тіршілік етіп, 
еңбектенетін қоғамдық ӛмірдің әртүрлі сфераларында пайда болып отыратын 
практикалық психологиянық проблемаларды шешеді. Олардың міндеті іс-әрекеттің 
тиімділігін арттырумен, әртүрлі сипаттағы ұйымдардың қызмет етуімен адамның 
дара қорларын жетілдіру мен қолданумен байланысты.
Имидж (жарнама мен қоғаммен байланыс) психологиялық пәні – адамның 
немесе ұйымның қалдыратын әсерді қалыптастыру процесін, кейбір басқа әдістерді, 
тренингтерді оқытуды кеңес беру жолын басқару, сондай-ақ оларға маңызды 
адамдарға, нарыққа, шығарылатын іс - әрекеттерінің (идеяларының, тауарларының, 
қызметтерінің) нәтижелері. Бұл бағыт кӛбінде жаппай проблемалармен істес. Сондай 
–ақ «қолданбалы психология» және «практикалық психология» ұғымдарыныңи 
қазіргі заманғы әдебиетте теңдестірілетінін ойдан шығармаған дұрыс. Оның ӛзіндік 
негізі бар. Қолданбалы тікелей міндеттері бойынша практикалық болып бӛлінеді.
Практикалық психология айналысатын мәселелер психологиялық деп аталады. 
Психологиялық мәселе бұл клиенттің психологиялық қиыншылықтарының 
жиынтығы, тұлғаның дамуындағы нақты қарама-қайшылықтардан туындаған 
үйлесімдік күйі. Психологиялық мәселелер жеке даралық немесе ӛмірлік, ұжымдық –
топтық және іс-әрекеттік деп жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет