Практикалық сабақта және білім алушы оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар 1


Жалпы химия: химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары



бет6/17
Дата07.02.2022
өлшемі41,25 Kb.
#96267
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
материалы по химии

Жалпы химия: химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Химиялық реакцияның жылдамдығын және оған әсер ететін факторларды (температура, концентрация, қысым, жанасу бетінің аумағы, катализатор) зерттейтін химияның саласы химиялық кинетика деп аталады.
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарымен танысу үшін мынадай түсініктерге және заңдарға анықтама берейік:

Фаза – гетерогенді (әртүрлі) жүйенің біртекті бөлігі. Мысалы, О˚С су үш агрегаттық күйде болып: мұз, су мен бу – үш фазадан тұратын гетерогенді жүйе түзеді: қатты фаза – мұз, сұйық – су және газтекті фаза – бу.
Гомогенді жүйелерде әрекеттесетін заттардың агрегаттық күйі бірдей немесе бір фазаның көлемінде жүретін реакцияларды гомогенді реакциялар деп атайды.
Гетерогенді жүйелер бірнеше фазадан тұрады; әрекеттесуші заттар әр түрлі агрегаттық күйде болатын реакцияларды гетерогенді реакциялар деп атайды.
Азот N2 мен оттек О2 әрекеттескенде, азот (ІІ) оксидінің түзілу реакциясы гомогендік реакцияға жатады. Себебі бастапқы және түзілген заттар бірдей күйде – газ күйінде болады. Бұл процесті былай өрнектеуге болады:
N2(г) + O2(г) = 2NO(г) – Q, мұнда г – газ, Q – реакцияның жылу эффектісі.
Кальций оксидінің көміртек (ІV) оксидімен әрекеттесу процесі – гетерогендік реакцияға жатады, өйткені CaO және түзілетін CaCO3 – қатты күйде, ал CO2 газ күйінде болады:
CaO(қ) + CO2(г) = CaCO3(қ) , мұнда қ – қатты.
Химиялық реакцияның жылдамдығы уақыт өлшемінде әрекеттесетін заттардың немесе түзілген өнімдерінің біреуінің зат мөлшері жүйенің белгілі бір көлемінде (гомогенді реакция) немесе фаза бетінің аудан бірлігінде (гетерогенді реакция) өзгеруін айтады.
Гомогенді реакция жүйенің бүкіл көлемінде жүреді:
△υ=±△vV⋅△t(1)
мұнда: ∆υ – реакцияның орташа жылдамдығы, моль/л · с;
∆ν(ню) – зат мөлшерінің өзгеруі, моль;
V – жүйенің көлемі, л;
∆t – уақыт интервалы, с.
Химиялық реакцияның жылу жылдамдығының шамасы оң таңба болу үшін математикалық өрнектеуінің алдында оң және теріс таңбалар қойылды.
Себебі егер химиялық реакцияның жылдамдығын реагенттердің мөлшерінің өзгеруі бойынша есептегенде, реакция кезінде бастапқы заттардың мөлшері азаяды да, реакцияның жылдамдығы теріс шама болмау үшін 1 – теңдеуде (-) таңба қойылған.
теңдеуде △υV қатынасы заттың молярлық концентрациясын көрсетеді.
CМ, онда бұл теңдеуі басқаша өрнектеледі:
△υ=±△CS⋅△t
Гетерогенді жүйелерде реакция фазааралық бетте жүреді:
△υ=±△CS⋅△t(3) , мұнда S – реакция өтетін фаза бетінің ауданы.
Гетерогендік реакцияның жылдамдығы жанасу бетінің шамасына және араластыру жылдамдығына тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет