Практикалық сабақта және білім алушы оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар 1



бет7/17
Дата07.02.2022
өлшемі41,25 Kb.
#96267
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
материалы по химии

Әрекеттесуші массалар заңы: химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал.
Мынадай реакцияны қарастырайық:
aA+bB→cC+dD
Мұнда А, В, С, D – газ және сұйық күйдегі заттар, ал а, в, с, d – реакция теңдеудегі стехиометриялық коэффициенттер.
Осыдан әрекеттесуші массалар заңы математикалық түрде былай бейнеленеді:
υ=k⋅CAa⋅CBb
мұнда СА және СВ – А және В заттардың молярлық концентрациялары, k – пропорционалдық коэффициенті немесе берілген реакцияның жылдамдық константасы.
Вант-Гофф ережесі: гомогенді жүйелерде химиялық реакциялардың жылдамдығы әрбір 10 градусқа көтергенде шамамен 2-4 есе артады.Вант-Гофф ережесін, математикалық теңдеуі жылдамдықтардың қатынасы арқылы өрнектеледі:
υT2υT1=γT2−T110∘C
мұнда υT1 – бастапқы температурадағы реакция жылдамдығы;
υT2 – соңғы температурадағы және соңғы реакция жылдамдығы;
Т1 және Т2 бастапқы және соңғы температуралар;
γ – температуралық коэффициент, ол – температураны 10˚C - ға жоғарылатқанда белгілі реакция жылдамдығының неше есе өсетінін көрсететін сан, 2≤γ≤4
Катализ: катализаторлардың әсерінен химиялық жылдамдықтың өзгеруі.
Катализаторлар, өршіткілер – химиялық реакцияның жылдамдығын өзгерте алатын, бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін заттар.

Осы бөлім бойынша тест тапсыру


СҰРАҚТАР

  1. Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті 2 - ге тең болғанда, реакция 80∘C - да 8 минутта аяқталады. Берілген реакция 60∘C - да қанша уақытта аяқталады?

  2. Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең болғанда, реакция 80∘C = да 8 минутта аяқталды. Мына реакция 140∘С - да қанша минутта аяқталады:

  3. A(r) + 2Bг(г)= 3Dг(г)гомогенді реакция біраз уақыт басталғаннан кейін А және D заттардың концентрациясы 0,6 моль/л және 1,2 моль/л сәйкесінше тең болды. А заттың бастапқы концентрациясын табыңыз.

  4. A + B → AB реакцияның жылдамдығы 0,2 моль/л·с, ал 60 секунд өткеннен кейін түзілген өнімдерінің біреуінің концентрациясы мынадай болады:

  5. A + B → AB реакция теңдеуінде А затының бастапқы концентрациясы 0,3 моль/л, ал 10 секунд өткеннен кейін 0,2 моль/л болса, реакцияның орташа жылдамдығын табыңыз.

  6. Температураны 40∘C - ға көтергенде реакция жылдамдығы 100 есе артады. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңіз.

  7. Реакцияның температуралық коэффициенті 2,5 - ге тең. 40∘C - да реакция жылдамдығы 1 моль/л·с – қа сәйкес болды. 80∘C - ға температураны жоғарылатқанда реакция жылдамдығы қандай болатынын анықтаңыз.

  8. Егер алюминий оксидінің түзілу жылуы шамамен 1671 кДж, ал темір (ІІІ) оксидінің – 741 кДж мөлшеріне сәйкес болса, темір (ІІІ) оксидінен темірді алюминотермиялық тәсілмен тотықсыздану кезінде бөлінетін жылудың мөлшері.

  9. Массасы 7,8 г бензол жанғанда 316,93 кДж жылу бөлінсе, бензолдың жану реакциясының жылу эффектісі.

  10. Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша кДжC3H8+5O2=3CO2+4H2O+2240кДжкөлемі 336 л пропан жанғанда бөлінетін энергияның мөлшері.

  11. Мына реакция үшін 2H2+ O2→ 2H2O оттектің концентрациясын 3 есе өсіргенде реакция жылдамдығы ...

  12. Мынадай реакцияның барысында: Hг2(г)+ Iг2(г)⇆ 2HIг(г) йодсутектің тепе-теңдік концентрациясы [HI]= 0,2 моль/л-ге тең болса, йодтың және сутектің тепе-теңдік концентрациялары [J2], [H2] сәйкесінше.

  13. Белгілі бір температурада жабық ыдыста мынадай гомогенді реакцияның барысында: COг(г)+ H2Oг(г) ⇆ Hг2(г)+ COг2(г)тепе-теңдік кезінде жүйедегі заттардың тепе-теңдік концентрациялары: [СО]T−T = 0,08 мольлмольл, [Н2О]T−T = 0,32 мольлмольл, [Н2]T−T = 0,16 мольлмольл, [СО2]T−T = 0,16 мольлмольл тең болады. Тепе-теңдік константасы (Кт-т), көміртек (ІІ) оксиді мен судың бастапқы концентрацияларын ([СО]бб, [Н2О]бб) табыңыз.

  14. Мынадай реакцияда: C3H8+ 5O2= 3CO2+ 4H2O + Q оттектің концентрациясын 2 есе жоғарылатқанда реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

  15. Мына реакцияда: N2+ 3H2 ⇆ 2NH3+ Q тепе - теңдікті тура реакцияның бағытына қарай ығыстыру үшін қажетті жағдай.

  16. Мынадай гомогенді реакцияда 2SOг2(г)+ Oг2(г)⇆ 2SOг3(г)+ Q жүйесінде күкірт (IV) оксидінің концентрациясын 2 есе төмендеткенде жылдамдық қалай өзгереді?

  17. Берілген гомогенді жүйеде: 2SO2+ O2⇆ 2SO3+ Q а) SO2 –ң концентрациясын 3 есе өсіргендегі; б) оттектің концентрациясын 4 есе өсіргендегі реакцияның жылдамдығын табыңыз.

  18. Мына реакцияның: 2H2Sг(г)+ SOг2(г) →t Sқ(қ)+ 2H2Oг(г) жылдамдығын 9 есе арттыру үшін күкіртсутектің концентрациясын не істеу керек?

  19. FeOқ(қ)+ Hг2(г) жүйесінде тепе-теңдікті бастапқы заттар түзілуі реакция бағытына қарай ығысады.

  20. 2NOг(г)+ Oг2(г)⇆ 2NOг2(г)+ Q жүйесіндегі химиялық тепе-теңдік өнімдер түзілу бағытына қарай ығысады.

  21. Сутек пен оттектің қоспасының сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 14. Осы қоспадағы оттек пен сутектің көлемдік үлесін табыңыз.

  22. Сульфид ионын анықтайтын зат.

  23. Химиялық реакцияның температуралық коэффициенттері ϒ = 2 және ϒ = 3. Температураны 50 градусқа көтергенде реакцияның жылдамдығы артады.

  24. Мыс (ІІ) гидроксидімен анықталатын зат.

  25. Массасы 24,12 г (жез) мыстың мырышпен құймасы концентрлі азот қышқылы әрекеттескенде,16,8 л (қ.ж.) газ алынады. Жездегі мырыш мен мыстың массалық үлестерін (%) есептеңіз.

  26. 40 г мыстың мыс (ІІ) оксидімен қоспасын сутекпен тотықсыздандырғанда 6 г су түзіледі. Қоспадағы әрбір құраушының массалық үлесі қандай?

  27. I- ионын анықтау үшін қолданылатын элемент(-тер).

  28. Ион алмасу реакциясы(–лары).

  29. 45 г этил спирті мен 6,6 г натрий әрекеттескенде түзілетін сутегінің (қ.ж) көлемін табыңыз.

  30. Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең. Реакция жылдамдығын 27 және 81 есе арттыру үшін температураны неше градусқа арттыру керек екенін табыңыз.

  31. Ион алмасу реакциясы (-лары).

  32. Химиялық ракцияға түсетін қосылыс (–тар).

  33. Карбонат, сульфит, сульфат иондарын анықтайтын реактив (-тер).

  34. Реакция іс жүзінде аяғына дейін жүретін реагент (-тер).

  35. Fe3+, Cl− иондарының сапалық құрамын анықтайтын реактив (-тер).

  36. KOH+ Cl2(суық ерітінді)→ реакция нәтижесінде түзілетін зат (-тар).

  37. KOH+ Cl2(ыстық ерітінді)→ реакция нәтижесінде түзілетін зат (-тар).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет