Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет3/40
Дата08.02.2022
өлшемі119,54 Kb.
#119540
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
дәріс Жасерекшелік психологиясы (1)

Лонгитюдті әдіс “ұзақ уақытты зерттеу” деп аталады. Бір баланың дамуы ұзақ уақыт бойынша зерттеу. Зерттеуші зерттеу міндетін және оны шешудің негізгі жолдарын белгілеп отырып, өзінің жұмысында бірнеше қадам жасайды. Негізгі әдістерге, жалпы психология сияқты екі әдіс- бақылау және эксперимент.
Бақылау – кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау- күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар. Бір нақты қойылған мақсат және бақылаудың схемасы (бақылаушы ол нені көріп нені тіркеу керек екенін біледі және байқаған құбылысын тез суреттейді), объективтілік (фактілердің өзі әрекетте суреттеледі, фраза немесе баланың эмоционалды реакциясы), бақылаудың жүйелілігі (эпизодтық бақылауда балаға тән сипаттамаларды ғана емес, кездейсоқтық мезеттерді де көрсетуге болады); баланың табиғи мінез-құлқын бақылау (бала оны ересек адам бақылап отырғанын білмеуі керек);
Эксперимент- балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты.
Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Соңғысына проективті әдістер жатады. Олар проекция принципіне негізделген, өзінің қажеттіліктерін, қатынастарын, қасиеттерін басқа адамдарға көшіру.
Бала бақша және мектептегі сыныптарда балалар арасындағы қарым-қатынасты социометриялық әдіс арқылы анықтайды. Интеллектуалды дамуы түрлі әдістер арқылы зерттеледі, ал ең бастысы-ол тестер стандартталған болуы керек.
Балалар ісінің қорытындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған мүліктеріне т.б. негізделеді. Балалардың осы іс-қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл байқауға болады.
Жас ерекшелік психологиясының негізгі зерттеу әдістерінің бірі- бақылау, оның түрлері. Эксперимент және оның түрлері, сынақ (тест) әдістер. әлеуметтік қарым-қатынасты зерттеу әдісі. Сауалнама, әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу.
Әдіс- зерттеуде қолданылатын жай ғана ереже емес. Әрбір ғылымның әдістері сол ғылымның мазмұнымен тығыз байланысып отыруы тиіс. Ғылымның әдісін, оның мағынасын еш уақытта бөлуге болмайды. Әрбір әдіс ғылымды дамытып, алға алып баруға себепші болады. Психология ғылымының тарихында әрбір психологиялық ағымдардың өзерінің көзқарастарына лайықты зерттеу әдістері болды. Матафизикалық психология мен рационалистік психологияның пәні « жан » болғандықтан олардың бірден – бір әдісі құрғақ ойлану әдісі болды. Эмперикалық психология жан, яғни сана құбылыстарымен шұғылданғандықтан өзін-өзі байқау әдісін, яғни өзіндік қана психикалық толғауларды байқау, сипаттау әдісін негізгі әдіс деп білді. Кейінгі кезде психологияның бұл ағымы эксперименттік әдісті қолданғанмен оны қосымша әдіс қана деп тапты. Қылық психологиясы – психология ғылымын табиғи ғылым деп санап, табиғи ғылымдарда қолданатын сыртқы байқау психологияға көшірді.
Психология ғылымы адамдардың психикалық әрекеттерін зерттеуді объективті түрде жүргізіп, психикалық ағымдар, әрекеттер ақиқатта қалай болса, сол қалпынша өзгертілмей алынып зерттеледі. Психикалық әрекеттердің және функциялардың әрқайсысы жеке-жеке әрекет етпейді, бірімен бірі қарым қатынас байланысып, немесе шиеленісіп отырады. Сондықтан оларды зерттеген уақытта, жеке психикалық функцияның өз алдына бөлек, оқшаулап зерттемей, барлық психикалық әрекеттерді бірімен бірінің қандай себептік байланысы, қатысы барлығын ашып, зерттеп отырған жөн.
Психикалық әрекеттер бір қалыпта өзгермей тұрмайды, әр уақытта өсіп, дамып отырады – ол сыртқы дүниенің адамға әсер етумен байланысты. Сондықтан адамның психикалық әрекеттерін зерттегенде, олардың қалайша пайда болып, дамып, бір сападан екінші сапаға өтетіндігін психикалық дамудың ішкі қайшылықтарының болатындығын олардың қарама қарсы күштердің күресуінің нәтижесі екендігін, дамудың біркелкі және кездейсоқ болмай, секірмелі және заңды түрде болуын зерттеп отыру керек. Осы айтылған негізгі жағдайлар психология ғылымының барлық жеке-жеке конкретті әдістерінің негізі болуы тиіс. Психологияда қолданатын әдістер, басқа ғылымдарда да қолданылады, бірақ оларды психологияда қолданылудың кейбір өзгешеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет