Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы


  МАЛ АЗЫҚТЫҚ БІРЖЫЛДЫҚ АСТЫҚ ТҰҚЫМДАС ШӨПТЕР



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)
Агрохимия СПУ- экзамен 02.04

4.4  МАЛ АЗЫҚТЫҚ БІРЖЫЛДЫҚ АСТЫҚ ТҰҚЫМДАС ШӨПТЕР 
ЖӘНЕ БАСҚА ТҰҚЫМДАС ӨСІМДІКТЕР 
 
Т А П СЫ Р М А  
 
1. Судан  шөбін,  итқонақ,  қонақтары  және  мал  азықтық  тарыны 
негізгі  морфологиялық  белгілері  (тұқымы,  гүл  шоғыры,  жапырақтары, 
сабақтары) бойынша танысу және сипаттап жазу. 
2. Біржылдық  астық  тұқымдас  шөптердің  сорттарына  шаруашылық-
биологиялық сипаттама беру. 
3. Судан  шөбі,  итқонақ,  сұлы,  күздік  қара  бидай  мал  азықтық 
тарының  біріне  мал  азығына  және  тұқымға  өсірудің  операциялық 
технологиясын жасау. 
Қазақстанда  біржылдық  мал  азықтық  астық  тұқымдас  шөптер 
ретінде судан шөбі, итқонақ, қонақтары, мал азықтық тары, сұлы, күздік 
қара  бидай,  арпа  т.б.  өсіріледі.  Дақылдарды  өсірудің  мақсаты  –  пішен, 
пішендеме, жалқы азық, жасыл балауса, жайылымдық мал азығын алу. 
Бұл топтың құрамында жылу сүйгіш және суыққа төзімді  дақылдар бар, 
ал  мұның  өзі  шілденің  басынан  қазан  айының  ортасына  дейін  жасыл 
конвейер жүйесінде балауса өндіруге мүмкіндік береді. 
 
 

 
251 
 
СУДАН ШӨБІ – СУДАНСКАЯ ТРАВА -  SORGHUM SUDANENSE 
 
Судан  шөбі  –  қуаңшылыққа  төзімді,  жоғары  өнімді,  мал  азықтық 
сапасы  жақсы  және  Қазақстанның  қуаңшылықты  далалық  аймағында 
айырбасқа жатпайтын дақыл. 
Судан шөбі  (Sorgum sudanensе) шөптесін  шай жүгері (сорго)  тобына 
жатады.  Шашақты  тамыр  жүйесі  жақсы  дамыған,  күшті  тармақталған, 
2,5  м  терендікке  бойлайды,  алайда  негізгі  бөлігі  топырақтың  0,7  м 
қабатында  шоғырланған,  ауа  (тірек)  тамырларын  қалыптастыра  алады. 
Сабағы тік өседі, әдетте бұтақты, цилиндр тәрізді, жақсы  жапырақтанған 
(40-55%), түксіз, ашық-жасыл түсті, іші паренхимамен толтырылған, 3-5-
тен  8-15  буын  аралықтарын  түзеді.  Сорттық  ерекшеліктерімен  өсіру 
жағдайларына  қарай  сабағының  биіктігі  0,7-3,5  м  жетеді.  Түптену 
коэффициенті  3-5-тен  15-25,  тіпті  30-40-қа  дейін  өзгереді,  жақсы 
алшынкөктігімен  (отавность)  ерекшеленеді.  Бұтасы  тік  өседі,  қомақты, 
жартылай қомақты, жатаған және жартылай жатаған, ауытқуы 45-тен 90°С 
дейін.  Жапырақтары  ұзын,  сызықты,  түксіз,  иілмелі,  шеттері  аздап 
бұдырлы,  ортаңғы  жүйкесі  жақсы  дамыған,  ұзындығы 30-75,  ені 2,0-4,5 
см.  Орта  есеппен  бір  өсімдікте  4-8  жапырақ  қалыптасады,  кеш  пісетін 
биік  өсетін  сорттарында  көптеу,  ерте  пісетіндерінде  аласалау.  Гүл 
шоғыры  ұзын,  сызықты,  түксіз,  иілмелі,  шеттері  аздап  бұдырлы, 
эллипсті-сопақтау  немесе  конусты-эллипс  пішінді,  ұзындығы  30-40  см. 
Сіпсебастың әрбір бұтағының ұшар басында 3 масақша орналасқан, оның 
біреуі  жемісті,  қалған  екі  бүйріндегілері  жеміссіз.  Жемісі  –  дән,  аздап 
жалпақтау,  кері-жұмыртқа  пішінді,  қатты  масақша  қабықшаларымен 
қапталған,  түсі  әртүрлі-сабан  түсті,  сары,  сұр,  қызыл,  қоңыр,  қара.  Орта 
есеппен  бір  сіпсебастан  4-5  тұқым  алуға  болады,  1000  тұқымның 
массасы  5-15  г,  Солтүстік  Қазақстанда  аудандастырылған  сорттарында 
8-12 г. судан шөбінің өсімдігі 85-суретте келтірілген.
  
 
85-сурет – Судан шөбі 

 
252 
 
Қазақстанда пайдалануға
  
рұқсат етілген сорттары:  
Бродская 2 – Ресейдің етті қара мал ҒЗИ-да шығарылған, биіктігі 200 
см  дейін  тік  өсетін,  2-12  өркенді  бұталы  өсімдік,  5-7  жапырақты,  1000 
тұқымның  массасы  10-12  г.  орташа  мерзімде  пісетін  сорт:  егін  көгінен 
шабылмалы  пісуіне  дейін  48-55,  ал  тұқымының  шаруашылықты  пісуіне 
дейін  85-115  тәулік,  қуаңшылыққа  төзімді,  алшынкөктігі  орташа,  1954 
(2,13). 
Изумрудная  –  Башқұрт  егіншілік  ҒЗИ-да  шығарылған,  өсімдігі  тік 
өсетін  биіктігі  210  см  дейін  бұта  қалыптастырады,  1000  тұқымнын 
массасы  12-14  г.  сорт  ерте  піседі:  шабылмалы  пісуіне  дейін  45-56, 
тұқымның  шаруашылық  пісуіне  дейін  75-85  тәулік,  қарқынды  өсуімен 
және  жоғары  алшынкөктігімен  ерекшеленеді,  2-3  шабыс  бере  алады, 
қуаңшылыққа және суыққа төзімді, 1986 (1,5,10). 
Кинельская  100  –  Кинель  МСС-да  шығарылған,  орташа  түптенетін, 
жапырақтануы  35-40%,  биіктігі  185  см  дейінгі  өсімдік.  1000  тұқымның 
массасы  7-8  г.  сорт  қуаңшылыққа  жоғары  төзімділігімен  және  ерте 
пісуімен ерекшеленеді, өсіп-жетілу кезеңі шабылмалы пісуіне дейін 40-46, 
тұқымының  шаруашылықты  пісуіне  дейін  72-86  тәулік,  алшынкөктігі 
жақсы, 3 шабысқа дейін бере алады, 1985 (1,7,13). 
Тугай – Башқұрт егіншілік ҒЗИ-да шығарылған, өсімдігі тік өсетін 
немесе әлсіз қомақты бұта қалылтастырады, 2-3 сабақты, биіктігі 200 см 
дейін. Сорт ерте піседі, 1986 (5,10,13). 
Саратовская  1183  –  Ресейдің  Оңтүстік-Шығыс  АШҒЗИ-да 
шығарылған.  Өсімдігі  биік  180-190  см,  жоғары  бұталы.  Өсіп-жетілу 
кезеңі  мал  азығына  өсіргенде  43-68,  тұқымға  өсіргенде  92-100  тәулік, 
1993 (1,8,13). 
Джурунская 1, 1985 (2); Коллективная 10, 1996 (3); Одесская 25, 1955 
(7).  Чимбайская  8,  1992  (9);  Широколистная  2,  1976  (4);  Шай  жүгері, 
судан шөбі буданы Алма-Атинский 81, 1992 (3,4,8,11,13).  
 
ИТҚОНАҚ – МОГАР – S. I.  MOCHARICUM 
 
Итқонақ  –  біржылдық  мал  азықтық  өсімдік,  қоңырбастар  (астық) 
тұқымдасына  (Роасеае),  мысыққұйрық  (setarіа)  туыстығына  жатады. 
Мысыққұйрық  туыстығы  100-ден  аса  түрлерді  біріктіреді.  Мәдени 
мысыққұйрық  түрлерінен  барынша  кең  тарағаны  бастанған  немесе 
мысыққұйрықты  тары  (setarіа  іtalіса),  ол  екі  түр  тармағына  –  итқонақ 
(setarіа  іtalіса  mocharicum)  және  қонақтары  (setarіа  іtalіса  maxima)  – 
ажыратылады. 
Итқонақтың  тамыр  жүйесі  шашақты,  1,0-1,5  м  топырақ  қабатына 
бойлайды,  ауа  тамырларын  да  түзе  алады.  Биіктігі  0,5-1,5  м  сабағы  тік 
өседі, бұтақты, цилиндрлі, түксіз, ашық-жасыл түсті немесе әлсіз боялған, 
іші  қуыс,  сортына  байланысты  буынаралықтың  саны  4-16.  Өсімдік 
жиілігіне  қарай  түптенуі  5-тен  30-ға  дейін.  Жапырақтарының 
«құлақшасы» жоқ және қынабы жалаңаш, жапырақ саны 9-22, ұзындығы 

 
253 
 
16-50  см,  ені  1-3  см.  Гүл  шоғыры  –  масақ  тәрізді  сіпсебас,  ұзындығы        
6-25,  ені  1-4  см,  әлсіз  конус  тәрізді,  цилиндр  немесе  ұршық  пішінді, 
қысқа  бұтақты  (0,5-2,5  см),  тығыз  орналасқан  бұтақтарда  ұсақ 
масақшалар  мен  аратісті  қылшықтар  бар.  Масақшалар  біргүлді,  ұсақ, 
түксіз,  ұзынша  –  эллипс  тәрізді  немесе  сопақша-домалақтау  –  эллипс 
пішінді. Жемісі – дән, сабан түсті, сары, күрең-қызыл және қара, ұзынша 
– эллипс немесе сопақтау, домалақтау – эллипс пішінді, 1000 тұқымның 
массасы  1,5-3,1 г. 
Итқонақ  негізгі  екі  экологиялық  топқа  бөлінеді:  таулы  құрғақ 
аңғарлы  қуаңшылыққа  төзімді,  тез  піседі,  биіктігі  шамалы  өсімдік; 
ойпаң,  суармалы  жерлерде  кеш  піседі,  биік  өседі,  қуаңшылыққа 
төзімділігі нашар, қатты сабақты өсімдік (86-сурет). 
 
 
 
86-сурет  –  Бастанған тары:  1,2-егін көгі  мен толысу кезеңдеріндегі  қонақтары; 
3-масақ  тәрізді  шашақ;  4,5-қонақтарының  масақшасы  мен  дәні  (сол  жақта-
үлкейтілген);  6,7-егін  көгі  мен  дәнінің  толысу  кезеңіндегі  итқонақ;  8-итқонақтың 
шашағы; 9,10-итқонақтың масақшасы мен дәні 
 
Пайдалануға рұқсат етілген сорттары: 
Карагандинский  242  –  Қарағанды  МАТС-да  шығарылған. 
Өсімдігінің биіктігі 45-75 см, орташа бұтақты-егістік жиілігіне қарай 2-3-
тен  10  сабаққа  дейін,  тұқымы  күрең-қызыл  немесе  қызыл-күрең,  1000   
тұқымның  массасы,  2,5-2,8  г    сорт    ортадан  ерте  іседі,  қуаңшылыққа 
төзімділігі  жоғары,    алшынкөктігі  әлсіз:    бір-ақ  шабыс  береді,  1953 
(1,8,10). 
Крупносемянный  1  –  Солтүстік  Қазақстан  МАТС-да  (Чаглинка) 
шығарылған,  өсімдігінің  биіктігі  70-80  см,  орташа  бұталы,  1000 
тұқымның массасы 2,0-2,6 г. шашылып қалу дәрежесі жоғары. Сорт ерте 

 
254 
 
піседі:  шабылмалы  пісу  кезеңінде  65-75,  тұқымның  шаруашылықты 
пісуіне 90-105 тәулік қажет. Қуаңшылыққа орташа төзімді, алшынкөктігі 
әлсіз-бір-ақ шабыс береді, 1972 (13). 
Степняк  1  –  Хакас  МАТС-да  шығарылған,  биіктігі  60-90  см 
өсімдік,  түптенуі  рташа  (2-4  сабақ),  жақсы  апырақтанған  50%),  буын 
аралықтарының  саны 6-10. Тұқымдары қызыл-күрең, қабығы жарылуға 
бейім.  1000  тұқымның  массасы  2,5-3,0  г.  сорт  орташа  мерзімде  піседі, 
алғашқы  кезеңде  және  шабылғаннан  кейін  қарқынды  өседі,  тұқымы 
шашылуға төзімді, 1974 (13). 
Темирский  110  –  Қарабалық  МАТС-да  шығарылған,  өсімдігінің 
биіктігі  70-100  см,  орташа  түптенген  (3-5  сабақ),  тұқымы  қызыл-күрең 
немесе  қызғылт-сары,  1000  тұқымның  массасы  2-3  г.  сорт  ерте  піседі, 
қуаңшылыққа төзімді, алшынкөктігі әлсіз, 1954 (13). 
Алтайский  23  –  Ресейдің  Алтай  егіншілік  ҒЗИ-да  шығарылған, 
бұтасы тік өседі,  жинақты,  сабақтары  жіңішке  және  биіктігі  90-110  см. 
Жапырақтануы  42-47%.  Өсіп-жетілу  кезеңінің  ұзақтығы  мал  азығына 
өсіргенде  50,  ал  тұқымға  өсіргенде  100  тәулікке  дейін.  Құрғақшылыққа 
төзімді, 1994 (1). 
Бархатный, 1973 (7); Высокорослый, 1992 (3); Карагандинский 1196, 
1947 (2,5). 
 
ҚОНАҚ  ТАРЫ – ЧУМИЗА – S.І. МАХІМА 
 
Итқонақ  сияқты  қонақтары  да  бастанған  тарының  (Setaria  italica 
maxima)  түр  тармағына  жатады  және  көп  белгілері  бойынша  итконаққа 
ұқсас.  Итқонақтан  айырмашылығы  –  сіпсебасы  ірі,  айқын  қалақты, 
бұтақшалары  күшті  дамыған,  дәндері  көп,  сабақтары  ірі  (80-120  см)  әрі 
қатты,  әлсіз  түптенген.  Гүл  шоғыры  –  масақ  тәрізді  сіпсебас,  ұзындығы 
16-50  см,  ені  2-10  см,  әртүрлі  пішінді  цилиндр,  ұршық  тәрізді  т.б. 
қалақшаларының  ұзындығы  1-2  см-ден  7-10  см  дейін  және  оларда  ұсақ 
масақшалар  орналасқан,  бас  білігі  мен  бүйір  біліктері  ер  уақытта  түкті. 
Жемісі  –  дән,  жұқа  гүл  қабықшасымен  қапталған,  сарғыш-ақ,  сары 
күңгірт-сұр,  сабан  түсті-сары  ж.б.  түсті  болып  келеді.  Итқонақтан 
айырмашылығы  қонақтырының  жемісі  (дәні)  бір  жағынан  тегіс,  ал 
екінші жағы дөңес болып келеді. 1000 тұқымнын массасы 1,5-4,1 г. 
Пайдалануға рұқсат етілген сорттары: 
Новосибирская  1  –  Новосібір  МАУ-ды  шығарылған,  бұтасы  тік 
өседі,  жапырылуға  төзімді.  Тұқымы  ашық-сары  түсті,  1000  санының 
массасы  2,5  г.,  сорт  орташа  мерзімде  піседі:  егін  көгінен  шабылмалы 
пісуіне  дейін  40-56,  тұқымның  шаруашылықты  пісуіне  дейін  74-89 
тәулік қажет, қуаңшылыққа төзімді, 1959 (1,13). 
 
 
 

 
255 
 
МАЛ АЗЫҚТЫҚ ТАРЫ – ПРОСО КОРМОВОЕ – 
РАNICUM  МILIACEUM 
 
Тары жармалық дақыл ретіңде астыққа қана емес, мал азығы ретінде 
де өсіріледі, бірақ ол үшін астықты сорттарына қарағанда жасыл балауса 
өнімін  1,5-2,0  есе  жоғары  қалыптастыратын  мал  азықтық  бағыттағы 
оның  сорттарын  пайдаланған  жөн.  Тарының  ботаникалық  сипаттамасы 
мен жүйеленуі тиісті бөлімде қаралған. 
Пайдалануға рұқсат етілген мал азықтық тарының сорттары: 
Кормовое  2  –  Ресейдің  Самара  АШҒЗИ-да  шығарылған, 
сангвиниеум  түршесіне  жатады,  1000  тұқымның  массасы  7,7  г.  сорт 
орташа  мерзімде  піседі:  егін  көгінен  жасыл  балаусаның  шабылмалы 
пісуіне  дейін  47,  ал  тұқымыньң  шаруашылықты  пісуіне  дейін  81-92 
тәулік.  Шашылуға  төзімді,  жоғары  мал  азықтық  құндылығымен 
ерекшеленеді, жасыл балаусасының өнімі 150-200 ц/га, 1979 (8,12). 
Кокчетавское  66  –  Көкшетау  АҒЗИ-да  шығарылған,  кокцинеум 
түршесіне  жатады.  Бұтасы  жинақты,  жартылай  жайылмалы,  түптенуі  – 
бір өсімдікте 3-6 сабақ. Жапырақтануы 45-61%, 1000 тұқымның массасы 
5,3 г. сорт орташа мерзімде піседі, егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін 
43-49,  тұқымының  шаруашылықты  пісуіне  дейін  66-67  тәулік. 
Аудандастырылған аймақтағы жасыл балауса өнімі 110 ц/га дейін, 1985 
(13). 
Черносемянное  1  –  Сібір  МАҒЗИ  мен  Новосібір  АТС-да 
шығарылған,  атрокостенеум  түршесіне  жатады,  бұтасы  тік  өседі, 
сіпсебасы иілген, жапырылуға төзімді, биіктігі 80-90 см, жапырақтануы 35-
37%,  1000  тұқымның  массасы  6-7  г,  сорт  орташа  мерзімде  піседі,  егін 
көгінен  шабылмалы  пісуіне  дейін  60-61,  тұқымының  шаруашылықты 
пісуіне дейін 80-90 тәулік. Өсірілетін аймақтағы жасыл балауса өнімі 120 
ц/га дейін, 1978 (13). 
Кормовое  89  –  Қазақ  АШҒЗИ-да  шығарылған,  ауреум  түршесіне 
жатады,  сабақтары  нәзік  жақсы  жапырақтанған,  қатты  түктелген, 
биіктігі 57 см дейін. Мал азығына пісу кезеңі 44, тұқымға 89 тәулік 1993
 
(1,9,11,12). 
Омское  11,  1994  (1);  Саратовское  6,  1994  (2);  Шортандинское7,  1994 
(1,2). 
 
МАЛ АЗЫҚТЫҚ КҮЗДІК ҚАРА БИДАЙ – КОРМОВАЯ РОЖЬ –  
SECALE CEREALE 
 
Күздік  қара  бидай  дәнді  дақыл  ретінде  тиісті  бөлімде 
қарастырылған.  Мал  азықтық  мақсатқа  осы  бағыттағы  сорттарды  өсіру 
керек. 
Саратовская  2  –  Оңтүстік-Шығыс  АШҒЗИ-да  шығарылған, 
вульгара түршесі, диплоидты түрлеріне жатады. 1000 тұқымның массасы 
28-40  г.  Өсімдіктің  биіктігі  114-117  см.  Сорт  біркелкі  биіктікте  өседі, 

 
256 
 
орташа  мерзімде  піседі,  өсіп-жетілу  кезеңі  300-320  тәулік.  Қысқа, 
құрғақшылықққа, жапырылуға төзімді, жоғары өнімді, 1991 (1,3,12). 
Чулпан  –  Башқұрт  АШҒЗИ-да  шығарылған,  1998  (13),  Сибирская 
кормовая,  1981  (4);  Вахшская  128,  1995  (6);  Кормовая  51  (Тетра),1988 
(3); Памирская,  1975 (14); Снежная, 1996 (14). 
Аталғандардан басқа мал азығына пайдалануға рұқсат етілген астық 
тұқымдас  дақылдар:  Тритикале  Простор,  1987  (14);  Күздік  бидай 
Пиротрикс  50  (Зернокормовая  50),  1992  (3);  Жаздық  арпа  Бота,  1997 
(1,13);  Гранал,  1992  (1,7,10,13);  Кедр,  1992  (6,9,12);  Оренбургский 
Кормовой, 1993 (7); сұлы Алтайский крупнозерный, 1992 (3,6); Аргымак
1999  (3);  Бітік,  1998  (12);  Иртыш  15,  1994  (11,12).  Казахстанский  70
1992 (3,6,14); Льговский 82, 1992 (5); Урал, 1988 (8). 
 
 
МАЙЛЫ ШОМЫР – РЕДЬКА МАСЛИЧНАЯ – RAPHANUS  
SATIVUS OLEIFERUS 
 
Майлы шомыр (R S Oleiferus) біржылдық мал азықтық суыққа төзімді 
өсімдік  –  4-5
0
  С  бозқырауды  жеңіл  көтереді.  Тамыры  кіндікті,  жоғарғы 
бөлігі  2-3  см  дейін  жуандаған,  топыраққа  0,8-1,0  м  дейін  бойлайды. 
Сабағы  бұтақты,  буындарында  майысқан,  3-4-5  қырлы,  гүлденгенде 
жасыл, ал толық піскенде сұр немесе ашық-қоңыр түсті, бітеу немесе іші 
қуыс,  әртүрлі  дәрежеде  түкті,  биіктігі  0,5-1,5  м.  Жапырақтары  түкті, 
төменгілері  сағақты,  желпігіш-қауырсынды  2-6  жұпты  қалақты 
жоғарғылары  –  сағақсыз,  бүтін,  ұсақ,  тұқым  жарнақты  жапырақшалары 
антоциан түсті. Гүл шоғыры – борпас шоқгүл. Гүлдері ақ түсті, қызғылт, 
немесе  ашық  күлгін  күлтеше  жапырақша  түзеді,  өсімдігі  айқас 
тозаңданады.  Жемісі  –  сүйір  ұшты  жарылмайтын  қампиған  бұршаққын,  
ұзындығы  3-7  см,  диаметрі  1-1,5  см.   Бұршаққындағы тұқым саны 6-
10,  ашық-қоңыр,  ашық-қызыл  және  мүлде  қызыл  түсті  бұрыс  сопақ 
пішінді, 1000 тұқымның массасы 8-12 г

Пайдалануға рұқсат етілген сорт
Тамбовчанка  –  ТАША  шығарылған,  бұтасы  тік  өседі  биіктігі  0,8- 
1,0  м.  Тұқымы  –  ашық-қоңыр  түсті,  1000  тұқымның  массасы  17-18  г. 
Өсіп-жетілу  кезеңі  егін  көгінен  шабылмалы  пісуіне  дейін  45-50 
тұқымының  шаруашылықты  пісуіне  дейін  75-80  тәулік,  суармалы 
жерлерде  300-350  ц/га  дейін  жасыл  балауса  өнімін  береді  1985 
(1,5,8,10,13). 
 
РАПС – ВRASSICA NAPUS OLEIFERA 
 
Рапс – (В.N Oleifera) – біржылдық майлы өсімдік, соңғы жылдары мал 
азығына  қолданылады.  Бұл  тарнаның  жақын  тумасы,  мал  азықтық 
қырыққабат  пен  қышаны  будандастыру  жолымен  алынған,  егістікте 
күздік  және  жаздық  түрде  өсіріледі.  Қысы  қапы,  қатал  аудандарда 

 
257 
 
негізінен жаздық рапс өсіріледі. Тамыры – кіндікті, ұршық тәрізді 1 6-1,8 
м  тереңдікке  бойлайды.  Сабағы  түзу,  бұтақты,  биіктігі  0,6-16  м  жасыл 
немесе  күңгірт-жасыл,  кейде  антоциан  түсі  болады,  балауыз  тотымен 
көмкерілген.  Күздік  рапс  қысқа  кеткенше  10-15  жапырақты  дегелең 
қалыптастырады.  Гүл  шоғыры  20-40  ірі  алтын  түсті-сары  гүлдерден 
құралған шоқгүл. Жақсы бал жинағыш, жемісі-ұзын (6-11 см), жіңішке (4-
6мм)  піскенде  жарылғыш,  тегіс  немесе  әлсіз  дөңесті  жіңішке  тұмсықты 
бұршаққын. Бұршаққында 20-40 шар тәрізді, беті ұсақ-ұялы қара, қара-сұр, 
немесе  күңгірт-қоңыр  түсті  диаметрі  1,5-2  0  мм  тұқым  болады,  1000 
санының массасы 3-7 г (87-сурет). 
Мал азығына пайдалануға рұқсат етілген жаздық рапстың сорттары: 
Золотонивский  –  Ресейдің  Сібір  АШҒЗИ-да  шығарылған,  1989 
(1,5,8,10,13). Шпат – Ресейдің МДҒЗИ-да шығарылған. Өсімдік биік өседі 
96-110 см, 1993 (12). Күздік рапс Иванна, 1991 (3), Проминь, 1988 (6). 
 
87-сурет  –  Рапс:  1,2-дамыған  егін  көгі  мен  гүлдену-жеміс  түзу  кезеңдеріндегі 
өсімдіктер;  3-гүлдері  және  жемістерімен  сабақтың  бір  бөлігі;  4-жеміс;  5-тұқым 
(жоғарғы жақта-үлкейтілген) 
 
ҚЫШЫ – СУРЕПИЦА – ВRASSICA CAMPESTRIS 
 
Қышы  (В.  саmpestris)  –  біржылдық  майлы  және  мал  азықтық 
өсімдік,  суыққа  төзімшілігімен,  ерте  пісетіндігімен,  алшынкөктігімен 
ерекшеленеді, аралық егістіктерде мал азығына кеңінен пайдаланылады. 
Рапсқа  қарағанда  ертерек  піседі.  Морфологиялық  белгілері  бойынша 
рапсқа  жақын.  1000  тұқымның  массасы  2-3  г  (88-сурет).  Күздік  және 
жаздық қышы сорттары бар. 
Пайдалануға  төмендегі  сорттар  рұқсат  етілген:  жаздық 
Янтарная, 1995 (3) және күздік қышы Горлица, 1992 (3). 
 

 
258 
 
 
 
БҰРШАҚ – АСТЫҚ ТҰҚЫМДАС ҚОСПАЛАРДЫ ӨСІРУДІҢ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Біржылдық  бұршақ  тұқымдас  шөптерді  мал  азығына  біржылдық 
астық    тұқымдастармен    қоспа    түрінде    өсірген    тиімді,    алайда
 
қоспалардан  дайындалған  мал  азығының  сапасы  жалпы  өнімде  бұршақ 
тұқымдастар компоненті 25-30 пайызбен кем болмағанда ғана анағұрлым 
жоғарылайды, сондықтан маңызды мәселелердің бірі компоненттердің себу 
мөлшерін дұрыс анықтау болып табылады. 
 
ТАПСЫРМА 
 
1.  Қазақстанның  әртүрлі  топырақ-климат  аймақтарына  бейімдеп 
бұршақ  –  астық  тұқымдас  қоспалардың  (аралас  шөптердің)  себу 
мөлшерін есептеу. 
2.  Мал 
азығына  өсірілетін  бір  қоспашөптердің  (асбұршақ- 
ноғатық-сиыржоңышқа-астық  тұқымдас)  операциялық  технологиясын 
жасау. 
Компоненттердің  себу  мөлшерін  әртүрлі  тәсілдермен  есептеуге 
болады,  олардың  бірі  96-кестеде  негізгі  аймақтар  үшін  келтірілген 
компоненттердің жобалы себу мөлшері. 
Компоненттерді  таңдап  алу  әртүрлі  аймақтар  үшін  өсімдіктердің 
ылғалдану  жағдайларына  қоятын  талаптарын  ескере  отырып  іске 
асырылады.  Пәрменді  өсіру  технологиясының  басқа  да  элементтерін 
мұқият ескерген жөн. 
 
 
88-сурет  –  Қышы:  1-егін  көп 
кезеңіндегі өсімдік;2-сабақтың 
бір  бөлігі  және  бастапқы 
жапырақтарымен тамыр; 3-гүл 
бүршігі;  4-пісу  кезеңіндегі 
шоқгүл; 
5-бұршаққап; 
6-
тұқым (үлкейтілген) 

 
259 
 
96-кесте – Мал азығына өсірілетін бұршақ-астық тұқымдас 
қоспалардың себу мөлшері (гектарына млн. өнгіш тұқым) 
Дақылдар 
 
 
Табиғи аймақтар 
орманды-дала 
далалық қара-
топырақты 
құрғақ далалы 
Сиыржоңышқа 
1,6-2,2 
 
 
Асбұршақ 
0,3-0,4 
0,3-0,4 
0,3-0,4 
Сұлы 
3,0-3,5 
2,5-3,0 
2,0-2,5 
Судан шөбі 
 
2,5-3,0 
2,0-2,5 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1. Негізгі  біржылдық  астық  тұқымдас  шөптердің  (судан  шөбі,  мал 
азықтық  тары,  итқонақ,  қонақтары)  сұлы,  қара  бидай,  арпа  және 
қырыққабат  тұқымдас  өсімдіктерінің  мал  азықтық  құндылығын 
сипаттау. 
2. Біржылдық  астық  тұқымдас  шөптердің  және  қырыққабат 
тұқымдас  өсімдіктердің  мал  азығын  арттырудағы  маңызы  мен  жасыл 
конвейер жасаудағы рөлі. 
3. Мал  азықтық  шөптер  мен  қырыққабат  тұқымдас  өсімдіктердің 
биологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы түрде сипаттау. 
4. Негізгі  біржылдық  мал  азықтық  шөптер  мен  қырыққабат 
тұқымдас  өсімдіктерді  биологиялық  ерекшеліктері  және  топырақ-
климат жағдайларына қарай аудандастыру. 
5. ҚР пайдалануға рұқсат етілген біржылдық астық тұқымдас шөптер 
мен қырыққабат тұқымдас өсімдіктердің сорттары. 
6. Биологиялық ерекшеліктері  мен  топырақ-климат  жағдайларына 
қарай біржылдық шөптерді тұқымға өсіру ерекшеліктері. 
7. Судан  шөбі,  мал  азықтық  тары,  итқонақ,  қонақтары, қара  бидай, 
рапс, майлы шомыр ж.б. мал азығына өсіру ерекшеліктері. 
8. Бұршақ  –  астық  тұқымдас  біржылдық  шөптердің  қоспасын 
қолданудың биологиялық және шаруашылық маңызы. 
9. Аймақтың  әртүрлі  топырақ-климат  жағдайлары  үшін  біржылдық 
бұршақ – астық тұқымдас шөптер қоспаларының компоненттерін таңдау 
ерекшеліктері. 
10. Біржылдық  бұршақ  –  астық  тұқымдас  шөптерді  мал  азығына 
өсіру  ерекшеліктері  өсіру  технологиясының  мына  элементтеріне  назар 
аударған жөн: 
а. ауыспалы егістегі орны және алғы дақыл; 
б. шөп қоспаларының себу мерзімі мен технологиясын негіздеу; 
в.  аймақтың 
негізгі 
топырақ-климат 
жағдайларына 
қарай 
бұршақ-астық тұқымдас қоспалары тұқымдарының себу мөлшері; 
г. шөп қоспалары егістігін күтіп-баптау. 

 
260 
 
Бөлім бойынша әдебиет 
 
1  Андреев  Н.Г.,  Савицкая.  Кострец  безостый.  -М.:  Россельхозиздат
1987. 
2  Бенц В.А. Горох. -Алма-Ата: Кайнар, 1976. 
3  Благовещенский Г. Сено. Сенаж. Травяная резка. -М., 1974. 
4  Величко П.В. Житняк. -Кайнар, 1980. 
5  Зыков Ю.Д. Люцерна Семиреченская. -Алма-Ата, 1965. 
6  Иванов А.Е. и др. Механизация производства семян многолетних трав. 
-Л.: Колос, 1981. 
7  Интенсивные 
технологии  в  кормопроизводстве  в  Северном 
Казахстане//Труды, -Акмола, 1994. 
8  Каджюлис  и  др.  Выращивание  многолетних  трав  на  семена.  -М.: 
Колос, 1983. 
9  Можаев Н.И. Люцерна на корм и семена. -Алма-Ата: Кайнар, 1981. 
10 Можаев 
Н.И.  Основные  резервы  повышения  урожайности 
многолетних трав в Северном Казахстане//Тр. ЦСХИ, т. 57, 1984. 
11 Можаев  Н.И.,  Цапков  Н.А  Приемы  повышения  урожайности  семян 
суданской травы// Селекция и семеноводство. 10, 1982. 
12 Можаев  Н.И.  Полевые  культуры  Северного  Казахстана.  -Алма-Ата: 
Кайнар, 1979. 
13 Можаев  Н.И.  Рекомендации  по  возделыванию  многолетних  трав  и 
суданской травы на семенных участках. -Целиноград, 1983. 
14 Производство семян многолетних трав. -М.: Россельхозиздат, 1976. 
15 Суданская трава. -М.: Колос, 1981. 
16 Соловьев  В.Ф.  Суданская  трава-высокопродуктивная  кормовая 
культура. -М.: Колос, 1979. 
17 Тютюнников 
А.И. 
Однолетние 
кормовые 
травы. 
-М.: 
Россельхозиздат, 1995. 
18 Труды  ЦСХИ:  т.9,  вып.  4,  1973;  1974;  т.12,  вып.7,  1975;  т.13,  1975; 
вып.-П,  1977;  т.18,  1978;  т.24,  1979;  т.49,  1982;  т.52,  1983;  т.57,  1984; 
т.65, 1985; т. 72, 1986; 1989. 
19 Федосеев  Б.В.  Механизированная  технология  возделывания  и  уборка 
бобовых культур. -М.: Россельхозиздат, 1983. 
20 Физиология  растений.  Т.VІ.  Зернобобовые  растения.  Многолетние 
травы. -М., 1970

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет