Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48



бет2/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189
1 Жалпы ережелер

  1. Университет бакалавриат мамандықтары бойынша жоғары білімді кадрлар даярлауда сүйенеді:

  1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына;

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 ж №1080 қаулысымен бекітілген, ҚР Үкіметінің 13.05.2016 №292 қаулысымен өзгерістер енгізілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;

  3. Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші;

  4. Академиялық күнтізбе;

  5. Мамандықтардың үлгілік оқу жоспарлары;

  6. Студенттердің жеке оқу жоспарлары;

  7. Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары;

  8. Пәндердің оқу бағдарламалары.

2. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша оқу бағдарламасын толық игерген, қорытынды аттестаттаудан өткен тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесін береді және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
Университет бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) береді.
3. Университет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне және бакалавриаттың тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясына сәйкес студенттерге мынадай мамандықтар тобы бойынша жоғары білім береді:
1) «Білім» мамандықтар тобы бойынша – жоғары педагогикалық білім;
2) «Гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша – жоғары гуманитарлық білім;
3) «Құқық» мамандықтар тобы бойынша – жоғары заң білімі;
4) «Өнер» мамандықтар тобы бойынша – жоғары өнертану білімі;
5) «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтар тобы бойынша – жоғары әлеуметтік-гуманитарлық тиісінше жоғары экономикалық білім;
6) «Жаратылыстану ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша – жоғары жаратылыстану ғылыми білімі;
7) «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша – жоғары техникалық білімі;
8) «Ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша – жоғары ауылшаруашылық білімі;
9) «Қызмет көрсету» мамандықтар тобы бойынша – қызмет көрсету саласындағы жоғары білім;
10) «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша – әскери іс және қауіпсіздік саласындағы жоғары білім.
4. Білім алушылардың даярлық деңгейі бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер Дублин дескрипторларының негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде, сондай-ақ жеке пән модулінің деңгейінде сипатталады.
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, осы сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саладағы проблемаларды шешу;
4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет