Сабақ тақырыбы Акробатикалық элемент-тердің жиынтығын құру



Дата02.12.2023
өлшемі18,21 Kb.
#194590
түріСабақ
Байланысты:
5. Акробатикалық элемент-тердің жиынтығын құру (Гимнастикалық керемеде жаттығулар жасау)


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР



Мектеп

ЖШС «Абай Құнанбаев атындаңы мектебі»

Мұғалімнің аты-жөні

Хадиметов А.С

Сынып

9 Ә

Күні

16.11.2023

Қатысушылар саны:




Қатыспағандар саны:




Бөлім

3-бөлім. Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары

Сабақ тақырыбы

Акробатикалық элемент-тердің жиынтығын құру (Гимнастикалық керемеде жаттығулар жасау)

Оқу мақсаттары

9.1.2.1 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы орындалу реттілігін түсінеді.
Көбі: Білім алушылар кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы орындалу реттілігін түсінеді, көрсетеді.
Кейбірі: Білім алушылар кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы орындалу реттілігін түсінеді, көрсетеді, техникалық деңгейде қолданады.

Бағалау критерийі

Қимыл-қозғалыс комбинацияларының жиынтығын құрастырады.
Жаттығуды орындау барысында жетілдіру тұстарын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Жеке, жұптық, топтық гимнастикалық жаттығуларын, композициялық элементтер тапсырмаларын талқылайды және көрсетеді.
Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды:
- Тепе-теңдік, кеңістікте секіру, ауырлық
- көлбеу, созылу, иілу
- итерілу, жерге қону, секіру, тіреліп секіру, жанына қарай аударылып түсу
- кіру, шығу, бастапқы позиция, соңғы позиция
- гимнастикалық снарядтар: шведтік қабырға, секірме, гимнастикалық керме, гимнастикалық ағаш ат, гимнастикалық кіші ағаш ат, гимнастикалық орындықтар, төсеніш
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Бір жаттығу түрінен басқа жаттығу түріне өткен жағдайда, неліктен қауіпсіздік ережесі жөніндегі нұсқаулықты тыңдауымыз қажет?
- Гимнастикада жетістікке жету сіз үшін неліктен маңызды?
- Статикалық қалыпты 3 секундтан кем емес ұстап тұру неліктен маңызды?
- Не үшін біз бірінші жерге аяқтың ұшымен сонан кейін аяқтың табанына қонуымыз қажет?
- Не үшін сіздің жаттығулар тізбегінде нақты сөрелік және мәрелік позициялар қажет?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Білім алушылар өткен дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығу дағдылары мен білімдеріне ие.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың басы
15 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Гимнастикалық төсеніш, ысқырық.
http://www.autogallery.org.ru/1723pro/s4fizra.htm

Сабақтың ортасы
25 минут

(Т, Тәж, ҚБ) Оқушыларға үйренген техникалық элементтерден акробатикалық композиция құрастыруға ұсыныс тастау. Топта жұмысты 4-5 адам санына байланысты жүргізіледі. (топтар өз еріктерімен құрылады)
Қыздар; бастапқы қалып – негізгі тұрыс, қол жоғарыда. Қарлығаш бейнесін жасау; бастапқы қалыпқа келу-жүзушінің мәредегі қалпы; бастапқы қалыпқа келу- екі біріккен алдыға қарай топтасып аударылу; артқа қарай жартылай аунап- жауырынға тұру; көпіршеге тұру: оң жаққа немесе сол жаққа бұрылып бір аяққа тіземен тұрып жартылай шпагатқа отыру; қолды алға тіреп отыру; қолды сермей отырып жоғарыға секіру.

Акробатикалық элементтердің техникасын қайталау, көрсету және қателерін көрсету. Мұғалімге көрсету, түсіндіру. Бағалауды жақсарту үшін студенттердің комбинациясын жетілдіру.
Сұраңыз: сіз өзіңіздің жаттығуыңызды, денеңіз неғұрлым иілгіш етуге қалай жұмыс жасайсыз? Қандай қозғалыстар жүйелі түрде бір-біріне сәйкес келеді? Бір қозғалыстың екіншісіне өтуді қалай жүзеге асыруға болады?

Сабақтың соңы
5 минут

Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет