Препарат №16 Атауы;Жұлын түйіні. Бояуы



бет8/11
Дата08.02.2022
өлшемі35,95 Kb.
#131002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
гисто препарат

Препарат №25

  • Атауы; Көздің артқы қабырғасы. Көздің торлы қабығының қараңғы кездегі құрылысы .

  • Бояуы; Гематоксилин-эозин х 200

  • Құрлыс ерекшелігі;

  1. Тамырлы қабық

  2. Пигментті эпителий

  3. Таяқшалар мен сауытшылар қабаты

  4. Сыртқы ядролы қабат

  5. Сыртқы торлы қабат

  6. Ішкі ядролы қабат

  7. Ішкі торлы қабат

  8. Ганглионды қабат

  9. Нерв талшықтарының қабаты

  10. Ішкі шектеуші мембрана

  • Сипаттамасы; Көз алмасының қабырғасы: сыртқы — талшықты (фиброзды) қабықтан, ортаңғы — тамырлы қабықтан және ішкі — торлы қабықтан құралған. Фиброзды қабық мөлдір қасаң қабыққа және ақ қабыққа бөлінеді. Тамырлы қабық алдыңғы жағындағы нұрлы қабықтан, кірпікті денеден және өзіндік тамырлы қабықтан тұрады. Торлы қабық пигментті эпителиймен қапталған, үш қабатта орналасқан нейроциттер қатарынан түзілген жүйке ұлпасы. Оның бірінші қабатын жарық пен түр-түсті ажырататын фоторецепторлы (таяқша, құтыша) нейроцитгер, екінші қабатын биполярлы (қос өсінділі) нейроциттер, үшінші қабатын мультиполярлы (көп өсінділі) ганглиозды нейроциттер құрайды. Мультиполярлы нейроциттер аксондары көз алмасы мен аралық миды жалғастырып, көру талдағышының өтгізгіш жолын құрайтын көру жүйкесін (ми жүйкесінің II жұбы) түзеді. Көз алмасының мөлдір сәулесындырғыш ортасын — қасаң қабық, алдыңғы және артқы көз қуыстарындағы көз сұйықтығы (шылауық) және шыны тәрізді дене құрайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет