Пререквизиттер Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: тіл біліміне кіріспе, қазақ тілінің фонетикасы, қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы



бет1/2
Дата04.11.2023
өлшемі178,44 Kb.
#189704
  1   2
Байланысты:
қосымша материал үлгі ретінде өз бетімен даярлануға арналған


Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: тіл біліміне кіріспе, қазақ тілінің фонетикасы, қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.
Постреквизиттер Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі; қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі; стилистика және тіл мәдениеті; қазақ тілінің тарихи грамматикасы, жалпы тіл білімі. 2.
Пән, мақсаттары мен міндеттері
Пән нысаны: «Түркі филологиясына кіріспе» курсы түркі халықтарының тарихифилологиялық, мәдени- идеологиялық проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Түркі халықтарының үлесі дүниежүзі мекенін сүюге, халықаралық ынтымақ пен бірлікке тәрбиелейді.
Пән мақсаты: Студенттерге түркі тілдері мен халықтарының зерттелу тарихынан, түркі тілдерінің топтастырылуы мен өзіндік ерекшеліктерінен, сондай-ақ, түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдерінен мағлұмат беру. Студенттерге ертедегі және қазіргі түркі тілдерін, жазба мәтіндерін зерттеу жұмысымен таныстырып, болашақ мамандыққа дағдыландыру.
Пән міндеттері: - негізгі арнайы ұғымдар мен түсініктемелердің мазмұнын ашу; - түркі филологиясына кіріспе негіздері бойынша білімдерін қалыптастыру; - түркі жазба мәтіндері лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи-мәдени зерттеу тұрғысынан қарастыру; - түркі халықтарының тарихи-филологиялық, мәдени- идеологиялық проблемаларын зерттеуге арналған еңбектермен танысу; - түркологиялық ғылымның негізгі даму кезеңдеріне байланысты мәселелерді тұжырымдау.
Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар: білу керек: - түркі филологиясының негізгі проблемаларынан жақсы бағдарда болып, оның мәндімаңызды жетістіктерін біліп, ертедегі және қазіргі түркі мәтіндерін ажырата білуі тиіс; машықтану қажет: - ертедегі және қазіргі түркі мәтіндеріне ғылыми талдау принциптерін қолдана білуге машықтануы тиіс. игеру керек: - түркі филологиясындағы лингвистикалық теориялық және әдіснамалық қағидаларды, басты ұғымдарды; - тілтанымдық ғылыми концепцияларды ажыратуды игеру керек. 5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу № Тақырыптар атауы Аудиторияда оқитын сабақ сандары мен түрлері СӨЖ дәрістер тәж(семи нар) сабақтар Зертхана лық және дербес сабақтар Барлығы Оның құрамындағы
СОӨЖ 1 1-тақырып. «Түркі филологиясына кіріспе» пәні, оның мазмұны, қарастыратын мәселелері. 2 1 6 1 2 2-тақырып. Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні.
2 1 6 1 3 3-тақырып. Тіл және этнос.
2 1 6 1 4 4-тақырып. Қазіргі түркі халықтары. Түркі тілдері және олардың классификасы.
2 1 6 1 5 5-тақырып. Түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдері.
2 1 6 1 6 6-тақырып. Көне түркі руникалық жазу ескерткіштері.
2 1 6 1 7 7-тақырып. Графикалық жүйе болып қалыптасқан көне түркі 2 1 6 1 руникалық алфавиті. 8 8-тақырып. Көне түркі алфавитінің генезисі.
2 1 6 1 9 9-тақырып. Манихей жазуындағы көне түрік ескерткіштері.
2 1 6 1 10 10-тақырып. Ұйғыр жазуындағы көне, орта түркі ескерткіштері.
2 1 6 1 11 11-тақырып. Ұйғыр алфавитінің құрамы.
2 1 6 1 12 12-тақырып. Араб жазуындағы ХІ-ХҮІ ғ.түркі тілдес ескерткіштері,олардың тіл ерекшеліктері.
2 1 6 1 13 13-тақырып. Араб алфавитінің құрамы мен оның түркі тілдерінде қолданылу тарихы.
2 1 6 1 14 14-тақырып. Араб графикасына негізделген қазақ алфавитінің даму кезеңдері.
2 1 6 1 15 15-тақырып. Латын және орыс графикасына негізделіп жасалған түркі жазуы.
2 1 6 1 Жалпы:135 сағат (3 кредит) 30 15 - 90 15 6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Түркі филологиясына кіріспе пәні, оның мазмұны, қарастыратын мәселелері. Түркі филологиясы гуманитарлық пән болғандықтан, оның аясындағы түркі жазба мәтіндері лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи –мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады. Жазба ескерткіштерді зерттеу тілдің тарихын, қоғамның рухани мәдениетін терең тануға мүмкіндік туғызады. Сондықтан «Түркі филологиясына кіріспе» курсы түркі халықтарының тарихи- филологиялық, мәдени- идеологиялық проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Түркі халықтарының үлесі дүниежүзілік мәдениетіне, адамзат өркениетіне қосылып, сол негізде жас буынды ата мекенін сүюге, халықаралық ынтымақ пен бірлікке тәрбиелейді. Ғылым ғалымның жеке басы мен оның шығармашылығынан бөлек емес. Біздің елімізде және шет елде түркологияның негізгі даму кезеңдері көп дәрежеде көрнекті түрколог ғалымдардың ғылыми еңбек жолдарымен айқындалады.
Әдебиеттер:
1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б
2. Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.–Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010.255 б.
4. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
5. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б. Қосымша:
6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б
7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699 б


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет