Презентация без названия



Дата18.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#158748
Байланысты:
Латын тілі
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Философия. лекция., Лекция әкім.құқ, 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430

Медициналық терминологияны дамытудағы латын тілінің рөлі


Латын тілінің медицинадағы орны
Латын тілі – қазіргі таңда ауызекі тілде қолданылмайтындықтан, өлі тіл деп саналады, бірақ əртүрлі ғылым салаларында əлі күнге дейін қолданылады. Мысалы, медицинада, тарихи деректерде, көркем əдебиетте сілтемелер жиі кездеседі.
Латын тілі ежелгі грек тілімен қатар бүгінгі күнге дейін халықаралық терминдер жасаудың негізі ретінде алынып келеді. Дүние жүзінде латын тілінен енген көптеген сөздер тілдік қолданыста жүргенін аңғара бермейміз. Мысалы: академия (грек. Akademeia) – ежелгі грек батыры Академге арналған, Афинаға жақын орналасқан жер. Ол жерде Платон жəне оның шəкірттері оқып, ака демик атағын алған. Университет (лат.: universĭtas litterārum – ғылымдар жиынтығы) – құрамына бірнеше факультет біріктірілген жоғары білім беретін ғылыми мекеме. Сондай-ақ аттестат, аудитория, аспирант, адъюнктура, актив, декрет, диктатура, демонстрация, доктор, доцент, институт, конференция, конгресс, консультация, корпус, лекция, лаборатория, профессор, республика, ректор, радио, студент, субъект, университет, факультет, экзамен, т.б. көптеген сөз кездеседі.
Қазіргі кезеңде де латын жəне грек тілдерінің түбір сөздері арқылы жаңадан пайда болған ұғымдарға терминдік сипаты бар атаулар беріледі. Осы ежелгі екі тілдің – латын жəне грек тіл дерінің негізінде əлі күнге дейін медицина терминологиясы толықтырылып, ғылыми жа ңалықтарға, дəрілік жаңа препараттарға атаулар беріліп отыр.
Латын тіліндегі медициналық атауларды дұрыс жəне сауатты қолдану үшін латын тілі пəнін мұқият оқып, терминдерді дұрыс айта білуге үйрену, олардың грамматикалық формасы мен мағынасын жете түсіне білуі керек.
Латын тілінің негізін білмей медициналық білімді игеру мүмкін емес. Болашақ дəрігерлерді дайындау барысында латын тілін оқыту өте маңызды. Сол секілді латын тілінен енген сөздердің мағынасын, түпнұсқасын білу де маңызды. Себебі оларға саналы түрде латын-грек тілінен шыққан медициналық терминдерді ұғынып, түсінуге мүмкіндік береді.
Студент-медик үшін фармацевтикалық терминологияны оқу да маңызды. Онда фармацевтикалық нарықта қолданылатын дəрі-дəрмектердің номенклатурасы оқытылады. Студенттер дəрі-дəрмектердің атауы қалай қойылатындығын, атауында дəрі туралы белгілі бір типтік ақпарат беретін терминдік бөлшектер болатынын, сол арқылы қандай жағдайда қолданылатындығын білу үшін терминдерді түсініп, жатқа білуі керек. Рецепт жазуға машықтану үшін стандарт рецептуралық анықтамалар мен қолданылған бөлшектердің грамматикалық формасын білген жөн. Қазіргі таңда өкінішке қарай, латын тілін оқытуға бөлінетін сағат саны аз. Тақырыптар топтастырылып, біріктіріліп оқытылады, көп жағдайда тапсырма студенттердің өз бетінше дайындалуына беріледі. Медициналық терминологиямен қатар сабақтарда латын афоризмдері мен қанатты сөздеріне назар аударылады. Бұл ғасырлар бойы келе жатқан мұраны танып қана қоймай, латын сөздерін еске сақтауға көмектеседі. Латын тілін оқыту – болашақ дəрігерлерді даярлаудың ажырамас құралы. Латын тілін оқытудағы мақсат біреу – кəсіби тілдің терминологиялық жүйесінің негізін құру. Терминдердің ұғымдық мəнін толық ашу үшін тиісті кафедраларда арнайы пəндерді оқу керектігі белгілі. Ал латын тілін жақсы оқу терминдерді оңай меңгеруге, қолдануға мүмкіндік береді.
Медициналық жоғары оқу орнының басты міндеті – білікті маман-дəрігерлерді даярлау. Ал арнайы терминологияны меңгермей білікті маман болу қиын. Болашақ дəрігерлер латын тілін оқу арқылы терминдерді түсінумен қатар, орынды қолдана білетін болады.
Жалпы, əлемде медицина саласындағы термин сөздер мен дəрі-дəрмек, құрал-саймандар атауының барлығы да латын таңбасымен белгіленіп, жазылып, айтылатыны белгілі. Осы жағы нан алғанда 2025 жылға дейін латын əліпбиіне көшуіміз керек деген ой орынды. Сонымен қатар латын графикасына көшу, ең алдымен, дəрігерлер үшін оңай болатын сияқты. Өйткені меди цинада латын тілі қолданылады. Латын тілі – дəрігерлердің кəсіби тілі, медицинада анатомиялық, емханалық жəне фармацевтикалық терминдер латын тілінде қолданылады.
Медициналық терминдерді дұрыс түсіну үшін медицина саласының қызметкерлері латын тілін жақсы біліп, күнделікті қызметінде латын терминологиясын пайдалана білуі керек. Себебі цифрлы медицина латын тілінен басталады.
Студенттер медициналық терминдерді түсіну үшін грек-латын тілдерінен шыққан терминэлементтерді еске сақтауы керек. Терминэлемент дегеніміз – терминологиялық мағынасы бар ең кіші бірлік. Медициналық терминологияны меңгеру жəне оны қолдана білу дəрігердің кəсіби біліктілігінің ажырамас бөлігі екенін түсінуі керек. Оқытушы терминдердің құрамы мен құрылымын, оның мағынасын түсіндіру керек. Студент əр сабақта жаңа ұғымдармен, терминдермен танысады. Сондықтан студенттің қолында медициналық терминдер сөздігі болғаны дұрыс.
Медициналық жоғары оқу орындарында латын тілін оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан (МЖМБС) алынып тасталды (таңдау компонентінің құрамында ғана оқытылады). Нəтижесінде, халықаралық медициналық практикада дəстүрлі түрде қолданылатын тіл медицина саласы қызметкерлері үшін міндетті емес болып қалды. Ал бұл жағдай медицина персоналының кəсіби дайындығына да, медицина мамандарымен қамтамасыз ету деңгейіне де теріс ықпал етеді.
Ғылыми медициналық терминология латын тілінің негізінде құрастырылып, интернационалдық лексикаға жататындықтан, дүниежүзі медиктеріне бірдей түсінікті. Осы салада білім деңгейін жоғарылату мəселесі маңызды бол ғандықтан латын тілін оқыту керек. Бұл дəрі-дəрмектердің атауына да қатысты. Рецептілердің барлығы бұрыннан латын тілінде жазылады. Кез келген елде жазылған рецепті оңай түсіну үшін латын тілін білу керек. Латын тілін оқу арқылы студент үнемі жаңарып отыратын медициналық терминологияны – болашақ дəрігердің кəсіби тілін меңгереді. Латын тілінен шыққан терминдерді жəне латын грамматикасының элементтерін білетін сту дентің келесі курстарда пəндерді оқу барысында (ана тілінде немесе шетел тілінде оқыса да) оқу əдебиетімен жəне арнайы əдебиеттермен жұмыс істеуі жеңілдейді.
Латын тілін меңгермей, медициналық білімді меңгеру қиын. Латын тілін мең герген маман, өмір бойы кəсіби қызметінде кездесетін латын тілінен шыққан терминдерді түсініп, сауатты қолданатын болады. Медицина мамандарына ежелгі заманнан: «In via est in medicina via sine lingua Latina» – Латын тілінсіз медицина – өте алмайтын жол – деген мақал таныс. Бұл мақал біздің заманымызда да мəнін жойған жоқ. Латын тілін оқытуды Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына міндетті пəн ретінде енгізіп, практика жүзінде іске асырған дұрыс деп санаймын

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет