Факультеті «Тарих» Кафедрасы «Ғылыми Тарих»



Pdf көрінісі
Дата19.03.2022
өлшемі257,45 Kb.
#136392
түріКонспект
Байланысты:
Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Философия. лекция., Лекция әкім.құқ, 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
 

 

Факультеті «Тарих» 
Кафедрасы «Ғылыми Тарих» 
 
СӨЖ 
Тақырыбы: «Сақ, Үйсін, қаңлы, ғұн мемлекеттері: Жазба 
деректерді талдау, конспект жасау.»
 
 
 
 
 

Орындаған: Жәдігерқызы Айна 
Тексерген: Ноянов Еділ 
 
 



1 СӨЖ. Сақ, Үйсін, қаңлы, ғұн мемлекеттері: Жазба деректерді талдау, 
конспект жасау. 
Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер 
жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-
үйренуге бағыт береді. Ежелгі 
Қазақстан тарихи 
жөнінде жазбаша 
деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп 
жетті. 
Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик (көне грек) 
авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі 
деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі 
грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 
жылдардың арасы) ерекше атауға болады. 
Ежелгі Рим ғұламасы ЦицеронГеродотты "тарихтың атасы" деп көрсетеді. 
Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі 
дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V 
ғасырдың ортасында жазған "Тарих" атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында 
тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси 
тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы 
далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек 
авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялық скифтер" деген 
терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы 
Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек 
деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. 
Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, 
аримаспылар, исседондаржәне т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен 
шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына 
орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің 
жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді. 
Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан 
барынша толығырақ деректер алуға болады. Геродот: "Танаис өзенінің 
(қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында", — дей келе, Доннан Еділге 
дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-
батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елек өзендері 
аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың 
сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот 
Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында 
белсенді түрде соғысты", — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын 
айта келіп, амазонкаәйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды. 
"Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. 
Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", — деп 
көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда 
Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат 
тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 
языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған 
" Алтын адам", "қайқы қылыш" сияқты археологиядағыжаңалықтар 


сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай 
түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырда ғұндарталқандады. 
Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта 
келіп: "Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар 
исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скифтерді 
отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере 
алмай, өз елін тастап кетті", — деп жазды. Геродот: "Осынау көші-қон біздің 
заманымызға дейін VII—VI ғасырларда жүзеге асты" деп көрсетеді. 
Исседондарға ерте темір дәуіріндегіОрталық Қазақстандағы Тасмола 
мәдениеті тән. Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстан, Жетісу мен 
Орталық Азияда табылған қару-жарақ үлгілерінің ұқсастығын анықтап 
берді. Тасмоламәдениетіндегі тайпалар (исседондар) сақ тайпаларының 
қуатты бөлігін құраған. 
Геродот келтірген "алтын қырыққан құзғындар" туралы аңыз Алтай 
өңірімен байланысты шықса керек. Себебі Алтай өңірі алтын кенішіне бай 
екендігі белгілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекендеген 
деп топшылауға болады. Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлі маңын 
аргиппей және аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар да 
айғақтайды. Геродот Батыс псифтерінің Шығыстан көшкен далалық 
тайпалардың арасынан қолгендігін хабарлайды. Ал Шығыс Қазақстандағы 
сақтардың Берел, Пазырық, Шілікті қорымдары ежелгі өркениеттің қанат 
жайғандығын көрсетеді. Геродот сақтардың шөптен шыққан буды 
пайдаланатыны туралы таңғала әңгімелейді. Геродоттың баяндауынан сақ 
тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар 
екендігін байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс 
(Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген 
ірі әрі күшті тайпа болған. 
Бұл тайпалар жайлы Страбон
 
еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі 
грек географы әрі тарихшысы "География" еңбегінің авторы Страбонның 
(біздің заманымызға дейін 64 — біздің заманымызда 23 жылдары) 
мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізініңшығысына қарай тұратындар 
массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама 
скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. 
Олардың арасындағы барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, 
сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған 
құрбандыққа жылқы шалады... аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа 
алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс 
жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп. Егіншілікпен айналыспайды, 
қайта номадтар (көшпенділер), скифтер сияқты мал бағып, барлық аулап 
тіршілік етеді", — деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды 
көбінесе Геродоттікіне ұқсас екендігін аңғаруға болады 
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д. 2 ғасырда 
Жетісуға Чжан Цянь бастаған елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. 
Үйсіндер туралы (усунь-го) «үйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 
мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп 


аталды. Мықты ел болған. Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы 
таптық бірлестіктердің бірі.
Қаңлы туралы бірінші хабар император У-дидің тұсында б.з.д (140-
87жж) уақытқа тиесілі. Қытай жиһангері Чжан Цяньның саяхаты 
тәмамдалғаннан кейін б.з.д. II ғасыр Қаңлы мемлекетінің аумағын көрсеткен 
сызбасын Қытай Хан патшалығына берген.
. 1-мыңжылдықтың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар 
жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтік мәдениетке 
ұқсас мәдениетті игеріп, арбалы көлікпен көшіп-қонып 
жүрді. Ежелгі Қытай жазбаларында Қытайдың солтүстік шығыс 
жағын мекендеген жундер (цяндар) туралы айтылады. Қытайтарихнамашысы
 Сыма Цянь (Б.з.д.145-86 жылдары) Орталық Азияны б.з.д. VII-
ғасырларда мекендеген Солтүстіктегі көршілерін 
жундер
 деп атайды. 
Б.з.д. V ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық Азияд
акөшпенділердің күшті бірлестігі – ғұндар (қытайша "сюнну") мен юэчжилер
пайдаболды. Юэчжилер — шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Олардың 
құрамында үйсіндер де болған. Аумағы Тянь-Шаньнан бастап, Орталық 
және Батыс Монғолия, Жоңғария, Алтай өңірі, 
Шығыс Түркістанды қамтыды. Орталық Азия көшпенділері құдіретті тайпа 
бірлестігіне жатады. Бань Гу юэчжилердің ғұндардан да күшті болғандығын 
айта келіп: «Ұлы иузу елі (үлкен юэчжи) – түтін саны 400 мың; әскері 100 
мың, олар көшпенді мемлекет, мал жайылымы жағдайына қарай көшіп-
қонып жүреді, әдет-ғұрпы ғұндарға ұқсас», - деп көрсетеді. Б.з.д. III 
ғасырдың соңында оларГаньсу провинциясының оңтүстік-
батысын иемденген.
Ғұндардың соққысынан б.з.д. 174 жылдан кейін батысқа кеткен 
юэчжилер Бактрияны бағындырды, кейіннен Бактрия жерінде Кушан 
патшалығы пайда болды.Б.з.д. IV ғасырда қытайлықтар өздерінің 
қарсыластарының арасында ғұндарды алғаш рет атайды. Ғұндар б.з.д. III 
ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында 24 тайпалар одағынан 
тұрған Еуразия кұрлығындагы бірден-бір ірі мемлекетке айналады. 
Шығысында Тынық мұхитынан бастап, батысында Тарбағатай тауларына 
дейін кең құлаш жайып жатты. Кейбір зерттеушілер: «
Бұл мемлекеттің 
батыс шекарасы Арал теңізі, кейде Каспий теңізіне дейін жеткен
» деген 
пікірлер айтады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет