Презентация курса «Физика»



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі5,13 Mb.
#46934
түріПрезентация
  1   2   3   4   5
  • 5В072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері үшін
  • «Физика I» пәні бойынша ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тұрлыбекова Гүлжан Қапасқызы

  • Жалпы және теориялық физика кафедрасының аға оқытушысы
  • Техника ғылымдарының кандидаты
  • Педагогикалық стажы – 9 жыл
  • «Физика I» курсының презентациясы
  • 5В072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері үшін
  • Курс көлемі - 4 кредит

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

  • «Физика I» пәні – жоғарғы техникалық мектепті бітірушілердің теориялық дайындығына және инженерлік-техникалық қызметке дайындалуына негіз болады.
  • «Физика I» пәні әлемдегі физикалық заңдылықтардың инженерге қажетті физикалық білімдердің негізгі өзегі болады. Ол өзіне мынадай бөлімдерді қамтиды: механиканың физикалық негіздері, денелер (заттар) құрылымы және термодинамика, электростатика және электродинамика.
  • «Физика I» жоғары математика пәніне сүйенеді, себебі
  • физиканың заңдары математикалық операторлар арқылы өте дәл өрнектеледі.
  • Пәнді оқыту мақсаты
  • Студенттердің қазіргі уақытқа сай физикалық және әлемдік ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Қазіргі уақыт физикасын және классикалық физика теориясының түбегейлі заңдарын пайдаланудастуденттердің білімін және біліктілігін қалыптастыру, сонымен қатарфизикалық зерттеулер жүргізуге машықтылығын болашақ кәсіптік деңгейде пайдалануға қалыптастыру.
  • Пәнді оқытудың арнайы міндеттері
  • Негізгі көзқарастардың, заңдардың, физиканың классикалық теориясы мен қазіргі уақыттың физикасының байланыстарын және түгелділігінің мазмұндарын ашу. Қазіргі заманымыздың инженерлері үшін физикалық құбылыстардың кең саласын меңгеру ғана емес, физикалық заңдар мен түсініктердің иерархиясын, олардың қолдану шегін анықтау, оларды нақты жағдайға сәйкестендіріп кең түрде қолдану меңгеріледі. Студенттердің білімін және білімділігін физиканың түрлі салаларындағы теориялық және практикалық есептерді шешуде эксперименталды – кәсіби маман түрінде меңгеруге қалыптастыру. Теориялық зерттеу әдістемелері мен тәжірибелік нәтижелерін дұрыс бағалауды меңгерту.
  • Студенттерді эксперименттік және теориялық әдістемелер бойынша табылған зерттеулер нәтижелерінің дұрыс екендігіне баға бере білуге қалыптастыру. Студенттердің шығармашылық ойлану қабілеттілігін, өздігінен білімін дамыту машықтылығын, компьютерді пайдаланып түрлі физикалық процестерді модельдей білу машықтығын қалыптастыру.
  • Физики I курсы физикалық білімдердің жиынтығы болып, келесі бөлімдерден тұрады:
  • Кинематика.
  • Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыс.
  • Динамика. Ньютон заңдары. Энергияның және импульстің сақталу заңдары. Механикалық жұмыс, қуат.
  • Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері.
  • Тұтас орталар механикасының элементтері.
  • Механикалық гармониялық толқындар.
  • Термодинамикалық параметрлер және процестер. Термодинамиканың бірінші бастамасы.
  • Тасымалдау құбылыстары.
  • Термодинамиканың екінші бастамасы. Карно теоремасы. Клаузиус теңсіздігі. Энтропия және оның қасиеттері.
  • Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.
  • Электростатика. Электр өрісінің кернеулігі. Гаусс теоремасы. Электр өрісіндегі жұмыс. Электростатикалық өрістің кернеулігі мен потенциалы арасындағы байланыс. Электрсыйымдылық.
  • Диэлектриктер. Поляризациялану. Электрлік ығысу. Электростатикалық өрістің энергиясы және энергияның көлемдік тығыздығы.
  • Тұрақты электр тогы. Ом және Джоуль-Ленц заңдары. Кирхгоф ережелері.

Каталог: files -> teacher-presentations
teacher-presentations -> Өмірбекқызы «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы
teacher-presentations -> Инновациялық менеджмент Орысша және қазақша тілдерінде экономикалық және техникалық мамандықтары үшін Оқытушы
teacher-presentations -> Цели Образовательной Программы
teacher-presentations -> Доцент, химия ғылымының кандидаты қолданбалы химия кафедрасы педагогикалық стаж: 8 жыл «дисперстік жүйелердің физика-химиясы»
teacher-presentations -> Мәліметтер базасын басқару жүйелері (мббж мббж)
teacher-presentations -> Қазақстан республикасының президенті – Ұлт көшбасшысы н.Ә. Назарбаевтың халықҚа жолдауы 2013
teacher-presentations -> Бұл момент болғанда, максималь мәнге ие болады
teacher-presentations -> Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер
teacher-presentations -> Пирометаллургия


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет