Презентация, қобдиша, физикалық приборлардың суреттері, оқушылардың шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар



бет4/5
Дата11.05.2023
өлшемі70 Kb.
#176480
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Ғажайып физика» - сайыс сабақ - 7-8 сыныптар
Кәсіби бағдар 22-23
1. 10 Салт-дәстүр – Айтыстың ен көне түрі (Бәдік)
2. 20 салт-дәстүр - Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген ? (Жаңа түскен келін)
3. 30 Салт дәстүр - Өмілдірік деген не? (Ер тұрман әбзелі)
4. 40 Салт-дәстүр Үш қуатты ата (ақыл, жүрек тіл)
5. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.
«А» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: калий перменгаты (марганцовка), суы бар стақан,қысқыш, ыстық суы бар шәугім
Тапсырма: 1. Суы бар стақанға калий перменганатының түйірін сал.
Не байқалады?
Марганцовка суға жайылады.Диффузия құбылысы..
Себебі: Диффузия құбылысы. Сұйықтарда диффузияның таралуы. Салқын суда жәй таралады
2. Енді ыссы суды алып, марганцовканың түйірін саламыз.
Не байқалады?Марганцовка тез жайыла бастайды.
Себебі: ыссы суда диффузия тез жүреді. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.
«В» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз
Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.
1. Бетін қағазбен жап.
2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.
3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.
4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.
Не байқалады?
Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?
Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.
6. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады? Жауабы: МЫСЫҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет