Презентация Тақырыбы: «aida64 (Everest) бағдарлама көмегімен дербес компьютердің архитектурасын зерттеу»



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі205,82 Kb.
#156315
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
В-ФӨТҚБ 03-19 Анарбайқызы А №1практика
В-ФӨТҚБ 03-19 Анарбайкызы А ЕҚҚТ 1СРС
Жұмысты орындау реті
Зерттеу компьютерінде жұмыс істеу үшін AIDA64 немесе Everest нақты нұсқасын орнату керек. Бағдарламаны әкімшілік құқықтарымен іске қосыңыз.
1. Компьютер туралы жалпы ақпаратпен танысу
Ол үшін "Компьютер" ашылмалы тізіміндегі сол жақ мәзірде "Жалпы ақпарат (Суммарная информация)" тармағын таңдаңыз, содан кейін оң жақ терезеде келесі компьютердің негізгі параметрлерінің тізімі пайда болады. Келесілерді көшіріп алу керек:
- компьютердің түрі;
- операциялық жүйенің түрі;
- компьютердің аты;
- пайдаланушының аты;
- орталық процессордың (центральный процессор - ЦП) түрі;
- жүйелік платаның («Системная плата») түрі;
- жүйелік плата чипсеттің түрі;
- жедел жадтың түрі және саны;
- бейнеадаптердің түрі;
- монитор түрі;
- дискілік тасымалдаушының (жесткий диск - ЖД) көлемі және түрі;
- зерттелетін ДК бар басқа енгізу – шығару құрылғыларын ата.
Қорытынды жасаңыз және ОЖ Windows ортада осы функцияларды ұсынатын командаларды жазып алыңыз.
2 Зерттелетін компьютердің орталық процессормен танысу
Бұл үшін мәзірдің сол жағында ашылған тізбекте "Системная плата" келесі пункті "ЦП" таңдау қажет, кейнен оң жақтағы терезеде зерттелетін компьютердің орталық процессордың (ЦП) негізгі параметрлердің тізімі шығады:
- ОП түрі (тип ЦП);
- процессордың аты (название процессора (псевдоним) ЦП);
- ядролардың саны (количество ядер);
- степпинг ЦП;
- нұсқаулардың жиынтығы (наборы инструкций);
- бастапқы жиілік (исходная частота);
- ОП кэш жадтың сипаттамалары мен көлемі (размер и характеристики кэш-памяти ЦП);
- ОП физикалық параметрлері (физические параметры ЦП).
Процессордың реалды жиілігі туралы ақпаратты алу үшін "Компьютер" тізімде "Разгон" пунктті таңдап алу қажет. Бұл пунктте реалды масштаб уақытта процессордың ағымды жиілігі көрсетіледі. Бастапқы мен ағымдағы жиіліктердің мәндерін салыстыр, нәтижелерін шығар.
3 ДК аналық тақтасымен танысу
Бұл үшін мәзірдің сол жағында ашылған тізбекте "Системная плата" келесі пункті "Системная плата" таңдау қажет, кейнен оң жақтағы терезеде зерттелетін компьютердің аналық тақтаның негізгі параметрлердің тізімі шығады. Көшіріп алыңыз:
- аналық тақтаның және жасаушы фирманың атауы;
- жүйелік шиналардың қасиеттері (FSB, HT, QPB);
- жад шинасының қасиеттері;
- чипсет атауы;
  • жүйелік тақта туралы физикалық ақпарат.

  • 4 Жедел жадтың модульдерінің қасиеттерімен танысу
    Бұл үшін мәзірдің сол жағында ашылған тізбекте "Системная плата" келесі пункті " SPD " таңдау қажет. Әртүрлі жиіліктер үшін жедел жадтың модульдерінің қасиеттерін, жадтың негізгі таймингилерін көшіріп алыңыз. Егер жадтың әртүрлі модульдері орнатылса, онда параметрлерді әрқайсына жазып алу қажет. Қорытынды жасаңыз.

5 Аналық тақтаңың чипсетімен танысу
Бұл үшін мәзірдің сол жағында ашылған тізбекте "Системная плата" келесі пункті " Чипсет " таңдау қажет.
5.1 Чипсеттің "Северный мост" қасиеттерімен танысу. Бұл үшін мәзірдің жоғарғы жағында "Северный мост" пункті таңдап алу қажет. "Северный мост"-қа енгізілген контролерлерді атап шығыңыз. Көшіріп алыңыз:
- "Северный мост" атауы;
- жүйелік шинаны қолдайтын жылдамдықтар (FSB, HT, QPB);
- жедел жадты қолдайтын типтер;
- жадтың контроллер түрі;
- жедел жадтың максималды көлемі;
- жадтың негізгі таймингілері (CR, tRAS, tRP, tRCD, CL, tREF).
Алдындағы пункте алынған жедел жадтың (ОЗУ) сипаттамаларын салыстырыңыз. Қорытынды жасаңыз.
5.2 Чипсеттің "южный мост" қасиеттерімен танысу.
Бұл үшін мәзірдің жоғарғы жағында "Южный мост" пункті таңдап алу қажет. "Южный мост"-қа енгізілген құрылғыларды атап шығыңыз. Қорытынды жасаңыз.
6 Дербес компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғының (ПЗУ) деректерді сақтау жүйесімен танысу
Бұл үшін мәзірдің сол жағында ашылған тізбекте "Хранение данных" келесі пункті "Хранение данных Windows" таңдау қажет, кейнен терезенің оң жағында зерттелетін компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғының тізімі шығады. Жұмыста қатты дисктің және оптикалық DVD жинақтаушының параметрлерін қарап шығып, олардың негізгі сипаттамаларын көшіріп алыңыз:
- қатты дисктің атауы;
- өндіруші;
- сыйымдылығы;
- жылдамдылығы;
- қосылу интерфейсы;
- физикалық параметрлері:
- форм-фактор (көлемі дюйммен);
- пластиналардың саны (дисктердің);
- салмағы;
- айналу жылдамдығы.
Қорытынды жасаңыз.
7 Платадағы енгізу – шығару порттарымен танысу
Бұл үшін "Компьютер" тарауынан "DMI" пунктті таңдап алыңыз. Бұл пунктте "Системные разъемы" тараудан аналық тақтада орнатылған разьемдарды көшіріп алыңыз. "Разъемы портов" тараудан сыртқы енгізу – шығару құрылғыларды қосуға арналған разъемдарды көшіріп алыңыз, әрқайсына порт түрін көрсетіңіз.
8 Жедел жадтың (ОЗУ) жылдамдығын тестілеу жүргізу
Бұл үшін "Тест" тарауға өтіп, керекті пункттерді таңдаңыз. Тестті бастау алдында "Обновить" батырмасын немесе перне тақтадағы "F5" батырманы басыңыз. Жедел жадтың (ОЗУ) келесі тесттерін жүргізіңіз:
- жадтан оқу (чтение из памяти) — процессорға жедел жадтан (ОЗУ) деректерді тарату жылдамдығы тесттен өткізіледі;
- жадқа жазу (запись в память);
- жадқа көшірме жасау (копирование в памяти) — процессордың кэші арқылы жадтың бір ұйяшықтарынан басқаларға деректерді тарату жылдамдығы тесттен өткізіледі;
- жадтың кешігуі (задержка памяти) — жедел жадтан деректерді процессормен оқудың орташа уақыты тестілеуден өткізіледі.
Тестілеу нәтижесін жазып алыңыз. Зерттелетің жүйенің өнімділігін эталондық жүйелердің өнімділігімен салыстырыңыз. Өнімділігі жағынан жақын жүйелерді көшіріп алыңыз. Қорытынды жасаңыз.
9 Жоғарыдағы пукттердің нәтижелері бойынша ДК құрылымдық сұлбасын тұрғызыңыз
Сұлбада ДКге кіретін барлық құрылғыларды және олардың атаулары мен негізгі параметрлерін көрсету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет