Презентация тақырыбы: Жұқпалы үдерістің патофизиологиясы. Сепсис «Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасы


Микробтардың организмде дерт туындататын ықпалдарына



бет2/4
Дата12.10.2023
өлшемі0,89 Mb.
#184857
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Аружан 5 срс.Физ
Esimkhan Mukhamedzhan 13 weeks, лекция 1, Биохимия конференция. (1), тжб 9 кл 1 токсан

Микробтардың организмде дерт туындататын ықпалдарына:

  • Микробтардың организмде дерт туындататын ықпалдарына:
  • ● организмге енгіштік және озбырлық ықпалдары;
  • ● тіндерге жабысу және колония құрып, өсіп-өну ықпалдары;
  • ● фагоцитозға және иммундық жүйеге қарсы тұратын ықпалдары;
  • ● уыттар өндіріп шығаратын ықпалдары – жатады.
  • Эндотоксиндер бактериялардың бүліністері кездерінде сыртқы ортаға бөлініп шығады. Олар бактериялармен тығыз байланысқан болады және липополиқанттарға жатады. Эндотоксиндер фагоциттермен жұтылады. Содан көптеген биологиялық белсенді заттар: простагландиндер, лейкотриендер, тромбоциттерді әсерлендіретін фактор, интерлейкиндер, интерферондар, өспені жоятын фактор т.с.с. бөлініп шығады. Осылардың әсерлерінен тіндердің бүліністері болады, эритроциттердің гемолизі, лейкоциттердің ыдырауы, тіндердің некрозы, жүйке жүйесіне уыттылығы дамиды.
  • Экзотоксиндер көпшілік микроорганизмдердің тіршілігінде сыртқы ортаға шығарылады. Олар негізінен нәруыздарға жатады және өте аз өлшемдерде уытты болады, өте жоғары спецификалық әсер етеді. Олардың әсерлерінен белгілі бір химиялық үрдістер артады, организм тіршілігіне маңызды қосындылар ыдыратылады, оның қорғаныстық жүйелерін басып тастайды.

Жұқпалардың пайда болуы олардың организмге ену (қақпаларынан) жолдарынан, организмде тарау жолдарынан және организмнің жұқпаға қарсы төзімділігінен байланысты болады.

  • Жұқпалардың пайда болуы олардың организмге ену (қақпаларынан) жолдарынан, организмде тарау жолдарынан және организмнің жұқпаға қарсы төзімділігінен байланысты болады.
  • Микроорганизмдердің денеге ену жолдарын ену қақпалары – деп атайды. Олар денеге:
  • ● тері арқылы (мәселен, безгек, бөртпе сүзек т.б. аурулардың қоздырғыштары);
  • ● тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары арқылы (мәселен, тұмау, қызылша, жәншау (скарлатина) т.б. аурулардың қоздырғыштары);
  • ● ас қорыту жолдарының шырышты қабықтары арқылы (мәселен, іш сүзегі, сатқақ (дизентерия), тырысқақ т.с.с. аурулардың қоздырғыштары);
  • ● несеп-жыныс жолдарының кілегей қабықтары арқылы (мәселен, соз ауруының, мерездің, жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдромның (ЖИТС) т.б. дерттердің қоздырғыштары);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет