Презентация Тақырыбы: Орман зиянкестері Қабылдаған: Есенгелдиева. Л.Қ Тобы: ап-19-1дк2



Дата18.01.2023
өлшемі27,49 Kb.
#165814
түріПрезентация
Байланысты:
Орман Презентация
Биосфера., Презентация, Презентация, 11 сынып 1 тоқсан Тест сұрақтары 2 нұсқа география, 153592, Мамыр Аружан блок-схема(4), Физхим өзіміз, ағылшын сессия готов (1), Мамыр Аружан СОӨЖ (1), 275274

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

Презентация


Тақырыбы:Орман зиянкестері


Қабылдаған:Есенгелдиева.Л.Қ
Тобы:АП-19-1дк2
Орындаған:Керімбай Сәуле
Орман зиянкестері, ағаш, бұта өсімдіктерін зақымдайтын жәндіктер, кейбір кене түрлері, омыртқалы жануарлардан қоян, тышқан тұқымдас кемірушілер жатады. Қазақстанда орман зиянкестерінің ішінде жиі кездесетіні жәндіктер, қоректену түріне қарай: жапырақ жегілер (қылқан жапырақты да), дің кемірушілер, тамыр зиянкестері немесе топырақ мекендеушілер және жеміс, тұқым зиянкестері деп бөлінеді. Бұлардан көбелектер, құмырсқа, шыбындар, ткачтер тез көбейіп кететін болса, жапырақ жегілер, бізтұмсықтар, улы алагүліктер, т.б. біркелкі көбейіп, әсіресе жас ормандарда, саябақтарда, егін қорғау алқабында белгілі бір аймақта таралады.Дің зиянкестері негізінен қоңыздар (қабық қоңызы, сүген қоңыздар, зер қоңыздар, бізтұмсықтар), кейбір жарғақ қанаттылар (мүйіз құйрықтылар) және көбелектер (бұрғы көбелек, жылтыр көбелектер). Бұл зиянкестер ағаш тінін, сүрегін кеміреді, сапасын кемітеді, ағашты қуратады. Тамыр зиянкестеріне зауза қоңыздары, қарақоңыз, тақта мұртты қоңыздардың дернәсілдері жатады. Тамыр зиянкестерінің көпшілігі жұмыртқасын топырақ арасына салады және барлық даму сатылары сонда өтеді. Жеміс, тұқым зиянкестерінің түрі өте көп. Бұлар ағаштың генеративтік органдарын зақымдайды, орман шаруашылығына едәуір зиян келтіреді.Орман зиянкестеріне қарсы олардың көбею, таралуының алдын алатын және жойып жіберетін химиялық, биологиялық шаралар (зиян келтіретін жәндіктерді жеп құртатын жәндіктер, жәндік қоректі құстар, биологиялық препараттар) қолданылады. Жапырақ жегілерге қарсы негізінен химиялық әдіс қолданылады. Үлкен аймақтарға ұшақпен пестицидтер себіледі. Дің зиянкестері таралмау үшін орманда өсетін ағаштар құрамы жақсартылады, зиянкестерге төзімді ағаш түрлері егіледі, орман кесу ережелері, орманды тазалау, т.б. шараларды дұрыс іске асыру қадағаланады. Тамыр жеміс, тұқым зиянкестеріне қарсы әр түрлі химилық заттар пайдаланылады.

Орман қорғау- орман қорын тиімді пайдалану,оны толықтыру,өрттен,зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ,ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де,олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу,ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың,малшылардың,т.б орман қорын сақтау бақыланады. Қазақстанда орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты,орман шаруашылығы мекемелері, т.б айналысады.


Орман милиорациясы-орман шаруашылығының құрғақшылық,ағаштардың құрауы мен топырақ эрозиясына қарсы күрес шараларының жүйесі. Ол қорғаныштың орман алқаптарын өсіру,құмды жерлерді ормандандыру,басқа да агротехникалық,гидротехникалық,ұйымдастыру – шаруашылық шараларын жүзеге асыруды қамтиды. Орман өскен жерлердің топырағы атмосфера жауын-шашын суларын тез сіңіреді,осының әсерінен судың жер бетімен ағысы болмайды. Орман милиорация топырақты су және жел эрозиясынан жақсы қорғайды,жел жылдамдығын азайтады,егіс танаптарының ылғалдылығын арттырады. Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогиохимиялық және механикалық немесе физикалық. Биогиохимиялық қызмет әр түрлі физиологиялық процестердің жүзеге асуы арқылы көрінеді. Механикалық қызметі биомасса,оның көлемі арқылы,сонымен қатар алып жатқан ауданы және негізінен бірлестіктің іші мен одан тыс территорияда арнайы қызметі арқылы көрінеді.
Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу жылдамдығына байланысты. Ұзақ өмір сүретін ағашты өсімдіктер көп мөлшердегі биомассаны түзуге қабілеттілігіне байланысты,ортаға әсер ететін фактор болып табылады.
Ормандардың көміртегіне қатысты қызметі. Атмосферадағы көміртегінің артық мөлшерін шығару арқылы парниктің эффект мәселесін шешуде адамдар орман экожүйелерін үміттенеді. 1 т өсімдік өнімі түзілу үшін 1,5-1,8 т көьірқышқыл газы сіңіріліп,1,1-1,3 т оттенгінің бөлініп шығатыны белгілі. Өнімділігі орташа орманға есептесек, 1 га орман жылына 6-7 т көмірқышқыл газын сіңіріп 5-6 т оттегін бөліп шығарады.
Ормандардағы көмірқышқыл газының орасан көп мөлшерінің концентрациясы ағаштардың биомассасының үлкен болуына байланысты. Жер шарының өсімдіктерінде жиналған көміртегінің бүкіл массасының 92% орман экожүйелерінде жиналған. Құрлықтың басқа жүйелерінде көміртегінің тек шамамен 7%, ал мұхиттың өсімдік ағзаларында - 1%-дан кемі шоғырланған. Көміртегінің көп мөлшері ормандардың өлі органикалық затында, топырақ гумусында және орман батпақтарының торфтық қабатында сақталған. Сондықтан, көміртегінің байланыстыру процестерін жылдамдату үшін ормандардың ауданын кеңейту мен өнімділігін арттыру шаралары қолға алынуы қажет.
Өкінішке орай қазір жер шарында ормандардың ауданы мен биомассасының кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртек функциясын ғана емес, басқа да көптеген функцияларының орындалуына әсер етеді.
Ормандардың ауа тазартудағы қызметі. Атмосферадағы көміртегі балансына әсер етумен қатар, ормандар ауадағы басқа да бөгде заттарды жоюға қабілетті. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру арқылы да,физикалық тұндыру арқылы да жүзеге асырылады.
Ормандардың климаттық және метеорологиялық қызметі. Ормандар метеорологиялық факторларға да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты,егіс танабын,жолдарды,тұрғылықты жерлерді қорғауда пайдаланылады.
Орман мен ашық жерлердегі ауаның температурасы мен ылғалдылығы арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Тек жазда ашық ауа райы кезінде ғана ормандарда 2-5ºС ғана салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.
Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радиациясын 100% деп алсақ,онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер белдеуіне 10-15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен тұратын орман белдеуіне тек 3-5% ғана жарық түседі.
Орманда ауа мен топырақтың жоғары қабатында ылғалдылық жоғары болады. Орман астындағы топырақтың терең қабаттары болса,шөптесін өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.
Орман өзінен алшақ жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі ағаштардың биіктігіне,тығыздығына байланысты.
Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы судың деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған. Әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ормандар мен су мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Орман грунт суларын қоректендіреді. Олар беттік су ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің қыс пен жазда жоғары болуын қамтамасыз етеді. Көктемде және жаздық жауын кезінде өзендерге су ормансыз жерлерден беттік ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімі басқа да агенттермен ластануына әкеледі.
Ормандардың грунт суларын арттырып, бетік ағысты кемітуінің негізгі себебі,ондағы топырақтың су өткіөгіштігінің жақсы болуына және оның бетіне ылғалдың біртекті түсуіне байланысты.
Орман күшті экожүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.
Орман экожүйелерін ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Орман экожүйелері судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді. Егіс танабынан алынған жауын суының коли-индексі 18-ге тең, ал 45 метрлік орман белдеуі арқылы өткенде 9-ға дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5 есе артқан.
Орман кесілгенде,оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады. Екінші реттік сукцессия нәтижесінде орман қалпына келсе, бұл қасиет те қалпына келеді.
Өсімдіктердің тікелей су қоймасындағы суды тазартудағы маңызы зор. Америкада осы мақсатта гиацинттердің бір түрі қолданылады. Бізде шахталар мен шайынды суларды тазалауда қамыс, регоза пайдаланылады.
Анторпогенді қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі. Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануымен, тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет