Принцип дегеніміз — адамның нақты іс — әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шартты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер



бет2/3
Дата19.10.2022
өлшемі55,85 Kb.
#153767
1   2   3
Байланысты:
семинар
Қауіпсіздік ережелері, Қауіпсіздік ережелері, кмж № 10 7 сын 1 тоқ
Тәрбиенің заңдылықтары:
Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді.
Тәрбие іс — әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс — әрекетіне байланысты. Іс — әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс — әрекеттері т.б. жатады.
Тәрбие мен өзін — өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін — өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Тәрбие процесі, оның мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формасы және әдістері қоғам мен мемлекетте қабылданған тәрбиеге қатысты жалпы бағдарламалар, тұжырымдамаларға ғана тәуелді емес, сондай-ақ олардың объектісі және субъектісі болып келетін тәрбиеленушілердің жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескерумен де байланысты болып келеді. Соған орай оларды жүзеге асыруда, міндетті түрде оған қатынасатын тәрбиеленушілердің жас және дара ерекшеліктерін ескерумен сәйкес оларға түзетулер мен ескертулер енгізіп отыру шарт. 
Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы заңдылығы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады. Көрнекті педагогтар Н. К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады.
Тәрбиенің принциптері:
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс — әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне әсер етеді.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет