Программа Форма ф со пгу


Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет2/12
Дата04.05.2024
өлшемі331 Kb.
#201745
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
«19 ғасырдағы қазақ әдебиеті» - ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән.Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі.
Пәнді оқыту мақсаты: Қазқ әдебиетінің 19 ғасырдағы кезеңін құрайтын мұраларды қазіргі заманғы әлемдік өркениет талаптарына орай оқыту.
Пәннің міндеттері:
- пән материалдарын қазақтың ежелгі дәуірдегі, орта ғасырлардағы, Алтын Орла Қыпшақ кезеңіндегі қазақ өркениеті, ислам мәдениеті мұраларымен біртұтас, табиғи сабақтастығын ғылыми-теориялық тұрғыда тереңдей оқыту;
- 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы кезеңіндегі ақын-жыраулар поэзиясымен дәстүрлі жалғастығын (тақырып, идея, композиция, сюжет, стиль, тіл) тереңдете игеру;
- 19 ғасыр әдебиеті шығармаларының Шығыстың классикалық әдебиетімен сабақтастығын меңгерту;
- пән бойынша қамтылатын әдеби шығармалардағы романтизм, реализм көркемдік әдістерінің ұлттық және жалпыадамзаттық сарындар жүйесімен (зар заман, діни-исламдық ағартушылық ағымдар) тектестігін және өзгешеліктерін саралау;
- Абай, Ыбырай, Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын тереңдете ұғындыру;
- кезең әдебиетінің Азия, Еуропа, Америка, Африка, Австралия құрлықтары әдебиеттері үлгілерімен әдеби байланыстарын , поэтикалық үндестіктерін, өзгешеліктерін тарихи-салыстырмалы (компаративизм) әдебиеттану заңдылықтары бойынша қарастыруға дағдыландыру;
- 19 ғасырдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы тарих, фольклортану, этнография, педагогика, психология, өнертану ғылымдарымен ортақ өзекті мәселелерін меңгеруге айқын бағдарлау.
Студенттер білуі тиіс:
- 19 ғасырдағы ақын-жыраулардың шығармаларының мәтіндерімен таныс болу.
Студенттер істей білуі тиіс:
- ақын-жыраулардың шығармаларын идеялық-көркемдік тұрғыда талдай білу;
- ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу.
2 Пререквезиттер:
- хандық дәуірдегі әдебиет;
- әдебиеттануға кіріспе.





Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет