Программалар пєні бойынша 050111 «Информатика»


Лекция 15. Тақырыбы: Суреттерді өңдеу



бет7/11
Дата14.04.2017
өлшемі1,55 Mb.
#13983
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция 15.

Тақырыбы: Суреттерді өңдеу


1. Динамикалық диапазон

2. Гамма коррекция

3. Жергілікті түзету және бейне ретуші


1. Динамикалық диапазон

Бейнелер көбінесе сканер арқылы алынады және қолданудан алдын өңдеуді талап ететіндері көп. Ең алдымен, суреттің динамикалық диапазонын яғни, ең ашық және ең көлеңкелі түстер арасындағы деңгейлерді анықтап алған дұрыс.

Мұны Изображение - Гистограмма камандасы көмегімен орындауға болады.

Егер Гистограммадан бейненің констрастылығы төмен екендігін, яғни ақ қара түстердің не оларға жақын тондардың жоқтығы байқалса, онда констрастылықты жоғарылатуға болады. Мұны Изображение – Коррекция -Уровни камандасымен ашылатын Уровни диалогтықтерезесінде орындауға болады. Терезедегі автопернесі басылса бейне жарықтығы барлық диапазонды қамтитындай болып өзгереді. Егер тағыда Гистограмманы шақыратын болсақ, бейненің динамикалық диапазоны максимал екендігін көреміз, бейнеде қара, сол сияқты ақ тондар бар.


2. Гамма-коррекция.

Егер сурет көзге шамадан тыс көлеңкелі не өте ашық болып көрінсе , онда Гамма коррекцияны қолданамыз.

Изображение-Коррекция-Кривые командасымен кривые атты диалогтық терезе ашылады. Мұнда қисық сызықты тышқан көмегімен жылжыта отырып, күңгірт тондарды ашықтау түрге ендіреді. Қисық сызықтың басы мен соңы (қара және ақ түстер ) өзгеріссіз қалады, яғни суретің динамикалық диапазоны өзгермейді. Гамма-коррекцияны Уровни диалогтық терезесінде де орындауғаболады. Мұнда Входные значение қатарында гамма-коэфицентке 1-ден өзге мән беру қажет. Мысалы 1, 2 не 1, 4.

Түрлі түсі фотосуреттер үшін түс балансын (тепе-теңдігін )дұрыстау қажет болуы мүмкін. Мұны Изображение-Коррекция-Цветовой баланс камандасымен шақырылатын диалогтық терезеде орындайды. Түс балансын жеке-жеке, күңгірт , орта және ашық тондар үшін орындауға болады.

Егер бастапқы түрлі-түсті бейне сканер арқылы емес, бар файлдан алынып, бейнені өңдеу жұмыстары күтпеген басқа нәтижелер беріп жатса, онда бейне файлының индексті палитрамен орындалмағанын тексеру қажет. Орындалған жағдайда, бейне RGB форматына түрлендіріледі. Мұны Изображение-Режим-RGB камандасымен орындайды.
3. Жергілікті түзету және бейне ретуші

Бейнені түгел коррекция (дұрыстау, түзету)жасай отырып та күткен нәтижені әрдайым ала бермейміз. Суретке түсіру кезінде жарықтандырудың бір келкі болмауы не жарықтың дұрыс бағытталмауы мүмкін. Мұндай кемшіліктерді де түзетуге болады. Белгілі бір бейне аумағының жарықтығы мен контрастылығын аспаптар тақтасында Осветлитель және Затемнитель аспаптар көмегімен орындау ыңғайлы. Олардың әрекеттері күңгірт, орта және ашық тондар үшін әртүрлі боуы мүмкін. Мысалы Осветлителді күңгірт тондар үшін қолданғанда жарықтықты көбейтіп, констрастылықты кемітеді. Ал ашық тондар үшін қолданылса жарықтықты да, констрастылықты да көбейтеді.

Суреттің басқа да майда нұқсандарын штамп көмегімен жоюға болады. Крест тәсілді тышқан көрсеткіші тышқанды шерткен сайын қай аймақтың(бүлінбеген ) көшірмесі қойылып жатқандығын көрсетеді. (бүлінбеген аймақты таңдау үшін ALT пен бірге тышқан шертіледі. )

Размытие/Резкость аспаптары арқылы жекелеген бейне элементтерінің тым өткірлігін (резкость) жұмсартуға болады.


4. Фильтрлер.

Фильтрлер –бұл бейнені өңдеудің программалық құралдары. Фильтрлермен суреттерге тәжірибе жасап көру Photoshop редакторындағы қызықты істердің бірі. Барлық фильтрлер әрекеттерінің нәтижесінің ұқсастығына қарай топтарға біріктірілген.

– Имитация тобындағы филтрлер фото суреттерге түрлі-түсті карандаш, акварель, пастель, майлы бояумен салынған сурет түріне келтіреді .

– Размытие тобы –фото материалдың доғалдығынан туындаған шумды бәсеңдетуге, суреттің өткір сызықтарын жұмсартуға, жылдам кетіп бара жатқандай әсер қалдыруға арналған.

– Зигзаг круги фильтрі көмегімен бейненің су бетіндегі көрінісін алуға болады. Освещение-Эффекты освещения филтрі жарықтандыруға дұрыс болмаған фотосуретті дұрыстауға керекті жарықтандыруды беруге мүмкіндік береді.

Резкость не Резкость на краях фильтрін қолдану бейненің анықтылығын жақсартады. Бұл әсіресе бейне фрагменттерін үлкейткен уақытта қажет болады.

Эскиз-Мел и уголь фильтрі қағаз бетінде көмірмен салынған ақ-қара сурет түріне келтіреді.

Текстура тобының фильтрлері нотаға, қағазға т. б. салынған бейне түріне келтіреді.

Photoshop графикалық редакторы қолданылатын фильтрлер топтарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Фильтрлердің қосымша комплекті оңай орнатылады. Праграмма папкасында Plugins папкасы болуы кере. Осы папкаға қосымша кеңейтілген редактор файлдарын көшіріп қою қажет. Компьютерді қайта жүктеген соң жаңа фильтрлер фильтр мәзірінде пайда болады.

Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым Министрлігі


“Сырдария” университеті



“Физика және математика” факультеті

“Информатика” кафедрасы


“Қолданбалы программалар”

пєні бойынша

050602 – «Информатика» мамандыѓыныњ студенттері ‰шін






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет