Программалар пєні бойынша 050111 «Информатика»


Лекция 10. Тақырыбы: Штамп тобының аспаптары. Ретушь аспаптары



бет6/11
Дата14.04.2017
өлшемі1,55 Mb.
#13983
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция 10.

Тақырыбы: Штамп тобының аспаптары. Ретушь аспаптары

1. Штамп тобының аспаптары.

2. Ретушь аспаптары.
1. Штамп тобының аспаптары. Қызғылықты аспаптардың бірі – штамп тобының аспаптары. Олар бейненің кез - келген бөлігін өз ішінде, не басқа бейнеге көшіру (“клондау”) үшін қолданылады. Оның бірі -- штамп (Clone Stamp) аспабы, екіншісі – узорный штамп (Pattern Stamp). Аспап өлшемі кисти палитрасында таңдалады. Аспапқа екі рет шерту арқылы ашылатын қасиеттер панелінде сурет салу режимдері тізімі, мөлдірлік деңгейін баптау жолағы, Выравневание (Aligned) қосқышы орналасқан. Бейнені көшіру үшін аспапты таңдап, одан соң пернесін басып тұрып, бейненің көшірмесі алынатын жерге шерту керек. Көшірмені қою үшін тышқан батырмасы ғана шертіледі. Бұл кезде көшірме алынған аймақ “ + ” белгісімен көрсетіліп тұрады.

Клонирование штампа аспабын қолдану үшін алдын-ала үлгі дайындалып алынады: Прямоугольная область аспабы көмегімен қажетті бейне фрагменті ерекшеленіп алынып Редактирование  Определить образец командасы орындалады. Бұдан соң ғана Клонирование штампа аспабымен жұмыс істеуге болады. Клонирование штамп және Штамп аспаптары екі режимде жұмыс істей алады.

Выравнивание қосқышы қосылса тоқтатылып қою, үзіліс жасауға қарамастан көшіру процесі үзіліссіз орындалады. Ал егер қосқышқа белгі қойылмаса көшіру процесі үзіліп қайта жалғастырылса, көшірме де жаңадан қосылады.
2. Ретушь аспаптары.

Ретушь деп – бейненің сапасын жақсарту мақсатында жүргізілетін редакторлауды айтамыз. Мысалы бейне өткірлігін жоғарылату не жұмсарту т. с. с. Бұл мақсатта мынадай аспаптар қолданылады: Палец, Размытие, Резкость, Осветлитель, Затемнитель, Губка. Бұл аспаптар пикселдердің түстік параметрлерін өзгертеді.

Палец аспабы контрастылы түстерді бір-біріне өту нәтижесінде алынатын аралық түстер есебінен жұмсартады. Енді жағылған, әлі кеппеген красканың үстінен қолмен жағып араластырған сияқты әсер қалдырады. (Растушевка). Бұл аспаптың қасиеттер панелі де күш түсіру деңгейін таңдауға болады. Аспап растушевка жасауда негізгі түсті де пайдалансын десек (бұл түстерді тек Растушевка жасап қана қоймай қосымша қандайда бір түс тобын ендіреді. Суретшілер мұндай әдісті жиі қолданады) онда Рисование пальцем (Finger Painting) қосқышына белгі қою керек.

Ал Все слой қосқышын қосу көрініп тұрған барлық қабат түстерін араластыруға мүмкіндік береді.

Размытие - бейне шекараларының не детальдарының анықтығын жұмсартады;

Резкость – керісінше бейне шекараларының, элементтерінің контрастылығын жоғарылатады;

Бұл екі аспап үшін де күш түсіру деңгейін таңдауға болады. Все слой қосқышын қосу көрініп тұрған барлық қабаттарға аспаптың әсерін қолдануға мүмкіндік береді.

Осветлитель – аспап жүргізілген жерлерде түстер ашық түске енеді.

Затемнитель – аспап жүргізілген жерлерде түстер көлеңкелі түрге енеді.

Қасиеттер панелінде бұл екі аспап үшін тонның деңгейлер тізімі (Тени, средние тона, жесткие тона) келтірілген.

Губка - аспабы түс қалыңдығын өзгертеді.

Қасиеттер панелінде бұл аспап үшін екі режим көрсетілген:

Резкость -- қанықтығын төмендетеді.

Насыщение – керісінше түс қанықтығын жоғарылатады.



Лекция 11.

Тақырыбы: Пикселдерге әсер ету режимдері

1. Normal, Pissolve, Multiply режимдері

2. Screen, Overlay, Soft Light режимдері
1. Normal, Pissolve, Multiply режимдері

Нүктелік графика мүмкіндік беретін көрнекті, қызғылықты жұмыстардың бірі- пиксел түстерінің әр түрлі әдістермен араласуы. (Шамамен 20 шақты әдістер бар).

Ерекшеленген аймақтармен, қабаттармен және төмендегі аспаптармен жұмыс істеуде қасиеттер панелінде пикселдерге әсер ету режимдерін (толық алмастыру не араластыру ) таңдауға болады: Заливка, Градиент, Карандаш, Кисть, Штамп аспаптары, Палец, Размытие, Резкость, Историческая кисть, Узорная кисть.

Пикселдерге әсер ету барысында үш құраушы қатысады:

- бастапқы(базалық) түс-бейне пикселдерінің өз түсі.

- ендірілетін түс- бастапқы және ендірілетін пиксел түстерінің өзара әсері (араласуы, алмасуы) нәтижесінде алынған түс.



Нормал режимі. Үнсіз келісім бойынша қойылатын бұл режимде бастапқы түс ендірілетін түспен толық алмастырылады. (үнсіз келісім бойынша Мутность жолағы 100%-ке қойылады).

Растворение режимі (Pissolve). Бұл режим әсерін байқау үшін қосымша Мутность жолағының мәнін 100% кем етіп алу керек (м-ы 80%). Бұл режимде бастапқы түстер шашылып орналасқан ендірілуші түспен алмастырылады (толық емес). Нәтиже әсіресе кисть тобының аспаптарын үлкен өлшемде қолданған кезде айқын байқалады.

Multiply режимі (Умножение).- Бұл режимде бастапқы және ендірілуші түс “көбейтіліп”, нәтижелік түс әрдайым бастапқыдан күңгірт болады. Егер ендірілуші түс қара болса, нәтижелік түсте қара болады.
2. Screen, Overlay, Soft Light режимдері

Screen режимі (экран). Бұл режимде бастапқы және ендірілуші түстер “бөлінеді” сондықтан нәтижелік түс әрдайым бастапқыдан ашықтау болады. Егер ақ түс ендірілсе нәтижелік түс - ақ болады. Қара түс бастапқы түске әсер ете алмайды. Бұл режим эффекті ағартатын заттарға ұқсас.

Overlay режимі. Бұл режим бастапқы түске байланысты Multiply(Умножение) режимі сияқты түсті күшейтеді, Screen(Экран) режимі сияқты түсті әлсіретеді: ендірілуші түс бастапқы түсті алмастырмайды, бастапқы түс үстінен қойылады. Бұл әсіресе сұр түстерде айқын білінеді, күңгірт тондар әлсізденіп, ашық тондар күшейтіледі, ал жалпы контрастылық сақталады. Ендірілуші қара түс болса нәтижелік түс - қара, егер ақ болса нәтижелік түс - ақ болады.

Soft Light режимі (Мягкий цвет). Ендірілуші түске байланысты бастапқы түсті күшейтіп не әлсіретеді.

Егер ендірілуші түс ашық болса (50%-к сұр түстен ашық болса) бастапқы түс ағарады (Осветлитель аспабы сияқты). Егер ендірілуші түс 50%-к сұр түспен күңгірт болса бастапқы түс күшейтіледі (Затемнитель аспабын қолданған сияқты).



Лекция 12.

Тақырыбы: Каналдармен жұмыс

1. Түстік канал ұғымы.

2. Каналы палитрасы.

3. Канал көшірмесін құру.

4. Жеке каналды редакторлау.
1. Түстік канал ұғымы.

Графикалық және баспа жүйелері программаларында қолданылатын түстік модельдерді іс-жүзінде түстік каналдар жүзеге асырады. Әрбір нүктелік бейне каналдар бірлестігінен тұрады. Каналдар саны бейненің түстік моделі құраушылар санымен бірдей. Бұлардан бөлек бейне аймағын маскалау үшін қолданылатын қосымша каналдар да болуы мүмкін.

- Сұр түс градациясындағы бейнелер бір каналға ие.

- RGB моделіндегі бейнелер 3 каналға ие: қызыл (red), жасыл (green), көк (blue). Бұл каналдар түрлі түсті бейнені монитор экранында техникалық жүзеге асыруға сәйкес келеді.

- СМУК моделінің бейнелері: 4 каналға ие: ауа көк (cyan), пурпурный (magenta), сары (yellow), қара (черный), бұл каналдар толық түсті полиграфиялық баспаның баспалық формасына сәйкес келеді.

Аталып өтілген түстік каналдар бейненің түстік параметрлерін сақтау үшін қызмет етеді. Белгілі бір түстік модель бойынша документ құрылған кезде каналдар автоматты түрде түзіледі.

Егер бейнеде қабаттар бар болса-онда әрбір қабат бұл түс моделіне сәйкес каналдардың толық жиыны. Бейнедегі кез-келген өзгеріс түстік каналдарда белгіленіп отырады.

Түстік каналдардан бөлек Adobe Photoshop кез-келген документте қосымша каналдар құруға мүмкіндік береді. Олар альфа –каналдар деп аталады. Альфа каналдар маскаларды сақтау және редакторлау үшін қолданылады. Ерекшеленген аймақ шекаралары осы альфа каналда сақталады. Каналдардың көп болуы файл көлемін өте үлкейтеді. Өйткені әрбір каналдағы пикселге 1 байттан жұмсалады.



2. Каналы палитрасы.

Каналдармен жұмыс істеу үшін Adobe Photoshop–та арнайы каналы палитрасы бар. Ол каналдармен құру, дубль жасау, жою және т.б. амалдарды орындауға, бейне каналдарын көрсетуге арналған. Палитраны экранға шығару үшін Окно мәзірінен Каналы командасын таңдау керек. Бұр палитрада барлық түстік каналдар, альфа каналдар көрсетіледі. Жекелеген каналдарға әсер ету арқылы бейнені редакторлауға болады. Кез-келген каналды белсенді ету үшін канал атауы жазылған жолаққа бір шерту керек. Қабаттардан айырмашылығы бірнеше каналды бір мезгілде белсенді етуге болады. Ол үшін Shift пернесін қоса басу қажет. Бейнеге ендірілген барлық өзгерістер тек осы каналдарға қатысы ғана болады.

Каналы палитрасының сол жақ шетінде көз бейнелі пиктограмма бар (Показывает видимость канала) Кез-келген каналды жұмыс облысында көрсетпеу үшін (сәйкесінше редакторлаудан сақталынады). Осы пиктограммаға бір шерту керек. Керісінше тағы бір шертілу –каналды көрсету боп табылады. Бір мезгілде барлық каналды көрсетпей қоюға болмайды. Қайсыбірі бәрібір қосулы күйде қалады.

Бұл айтылғандардың барлығы альфа каналдарға да тиісті. Егер альфа түстік каналдармен бір мезгілде қосылатын болса, онда белгіленген түспен (жылдам маскадағыдай) көрсетіледі.

Каналы палитрасында каналдардың орнын ауыстыру тек альфа каналдарға (плашечные каналы) тиісті орындалады. Ал түстік каналдарды орналасуын өзгерту мүмкін емес. Орын ауыстыру қабаттардың орнын ауыстырған сияқты канал жолағына тышқанды шерткен күйі жылжыту арқылы орындалады.
3. Канал көшірмесін құру

Канал көшірмесі – каналды бастапқы күйін жасалатын өзгерістерден сақтап қою үшін ыңғайлы. Кез-келген каналдың көшірмесін алып, (көшірмесі альфа канал, не плашечный канал түрінде алынады). Осы не басқа документке (егер өлшемі мен шешілуі сәйкес келсе ) қоюға болады.

Канал көшірмесін алу үшін Каналы палитрасының мәзірінен Дублировать канал командасы орындалады. Бұл команда егер тек бір канал белгіленіп тұрса ғана орындалады. Экранға Копировать канал сұхбат терезесі шығады. Путь жолағынан ағымдағы документті не ашулы тұрған басқа документті көрсетуге болады. Егер Новый варианты таңдалса, канал жаңа документте сақталады. Нәтижеде сұр түс градациясында берілген жалғыз каналы бар жаңа документ палитра болады.

Тышқанмен тарту арқылы канал көшірмесін алу үшін палитра тізіміндегі керекті каналды тышқанмен шерткен күйі жылжытып палитра төменінде орналасқан Создать новый канал пиктограммасына апару керек.


4. Жекелеген каналды редакторлау

Жеке канал үшін сурет салу аспаптарын қолдану маскалау режимінде жүргізіледі: ақ түс бейнені қосады, қара-жояды. Сұр түстер жартылай мөлдір аймақ түседі.



Альфа канал. Альфа канал қызметі-маскаларды сақтап және оларды қалағанша редакторлауға мүмкіндік жасау. Альфа каналдарды құруға, жоюға, атау беруге, көрініс түстерін өзгертуге т.б. жұмыстарды орындауға болады.

Альфа каналы бар бейнелерді PSD, TIFF және RAW форматтарында ғана сақтауға болады. Басқа форматтарда канал- дар жойылып кетуі мүмкін. Альфа – канал маскасын редакторлау үшін сурет салу аспаптарының барлығын пайдалануға болады. Альфа Каналда сақталатын жылдам маска не сақталатын ерекшеленген аймақ ретінде анықтауға болады. Ерекшеленген аймақтың шекараларын альфа каналда сақтау оны тұрақты маска ретінде көп рет пайдалануға, басқа документке өткізуге мүмкіндік береді.

Жаңа альфа – канал құру үшін каналы палитрасының Создать новый канал пиктограммасы пайдаланылады.

Ерекшелеген аймақта жаңа каналда сақтау үшін каналы палитрасының Сохранить выделение как канал пиктограммасы пайдаланылады.

Маска альфа каналда кейінгі жұмыстарда ерекшеленген аймақты пайдалану үшін сақталады. Бұл үшін масканы Выделение - Загрузить выделение командасымен жүктеп алу керек. Ашылған сұхбат терезесінде маска сақталған документті және каналды көрсету керек. Егер ерекшеленген аймақ орналасатын документте бұдан бөлек ерекшеленген аймақ бар болатын болса, онда Действие жолағынан: Новое выделение, Добавить к выделению, Вычесть из выделение, Пересечь с выделением командаларының бірі таңдалады.

Лекция 13.

Тақырыбы: Қабаттармен жұмыс

1. Қабат ұғымы

2. Слои палитрасы

3. Қабаттармен орындалатын амалдар


1. Қабат ұғымы

Нүктелік графика программаларына қабат механизмін ендіру пайдаланушының жұмысын жеңілдетіп, ал шығармашылық мүмкіндігін шексіз кеңейтті.

Қабат ұғымы. Қабат - бұл мөлдір пленканың цифрлық метафорасы (түрі, бейнесі). Бұл мөлдір пленка, яғни қабат негізгі фон бетіне қойылады. Бір жағынан өзінен төменде жатқан қабаттарды мөлдір болғандықтан көруге кедергі келтірмейді. Екінші жағынан осы пленкада негізгі сурет, және қатардағы суреттерге қатыссыз қосымша сурет және сурет элементтерін салуға болады.

Қабат - бұл белгілі бір түс моделіндегі бейне болып табылатындықтен әр қабаттың түстік моделдері бар және қосымша бір альфа каналы болуы мүмкін.

Жаңа дакумент құрылған кезде бір ғана фон (Background) деп аталатын қабат түзіледі. Фон қабатының үстінен бір қатар қасымша қабаттар құруға болады. Қабаттарды қолдану күрделі бейнені тікелей "жұмыс парағында" құрастыруға мүмкіндік береді. Adobe Photosop 6 версиясынан бастап корректрлеуші қабат мүмкіндігі жасалған. Бұл қабатты маска сияқты жұмыс істейтін баптаушы қабат ретінде түсінуге болады. Корректірлеуші қабаттың параметрлерін бейненің өзіне тиіспей шексіз өзгерте беруге болады.
2. Слой палитрасы. Барлық қабаттарды басқару үшін (құру, көрсету, көшіру, біріктіру, байланыстыру, жою). Слой деп аталатын арнайы палитра қолданылады.

Палитрада бейне қабаттарының тізімі беріледі. Тізім төменінде ең артқы қабат орналасады. Әр бір қабаттағы бейне қабат атауы тұсында кішірейтіліп көрсетіліп тұрады.

Каналдардан ерекшілігі бір мезгілде тек бір қабат қана белсенді бола алады. Ендірілетін өзгерістер тек осы қабатқа қана тиісті орындалады. Палитра мәзірінен Новый слой камандасын таңдау арқылы да қабат құруға болады. Бұл жағдайда экранға новый слой сұқбат терезесі шығады. Мәзірде:

- қабатқа атау беруге

- қабат мөлдірлігі деңгейін процентпен белгілеуге (непрозрачность жолағы 0% болса қабат мөлдір, 100% болса- мөлдір емес)

- пиксельдерге әсер ету режимін таңдауға (режим жолағы)

- палитрадағы тізім ішінен қабатты ерекше көрсету үшін түсін өзгеше етіп тандауға (цвет жолағы) болады.

Соңғы үш параметр слой палитрасында да берілген.


3. Қабаттармен орындалатын амалдар

Ерекшеленіп алынған аймақты жаңа қабатқа орналастыру.

Ерекшеленіп алынған аймақ документтегі бейнеге өткізілетін не көшіріліп қойылатын болса онда оны автоматты түрде құрылатын жаңа қабатқа орналастырады. Егер бейненің өзінен бір аймақты ерекшелеп оны қырқып, не көшірмесін жаңа қабатқа орналастырғымыз келсе онда сәйкесінше Слой > Новый > Слой через обрезания не Слой через копирование командасы орындалады.

Фонды қабатқа айналдыру және керісінше.

Ең артқы қабат қабат тізімдерінің ең соңында жазылып, Фон деп аталатыны белгілі фонның басқа қабаттар орнын ауыстыруға және пикселдерге әсер ету режимін қолдануға болмайды. Егер бұл айтылғандарды қолданғымыз келсе фонды қабатқа айналдыру қажет. Ол үшін мына әрекеттің бірі орындалады.

- Слой новый > слой из фона

- Слой палитрасындағы фон атауын екі рет шерту.

Нәтижеде экранға новый слой сұқбат терезесі шығады (бұл сұқбат терезесі бізге таныс). Керісінше, фон жоқ болса кез -келген қабатты ерекшелеп фонға айналдыруға болады. Ол үшін Слой > Новый > Фон из слоя командасы орындалады. Қабаттардын бір ыңғайлылығы олардағы бейнені жұмыс парағында еркін орын ауыстырып жылжыта беруге болады. Бұдан бөлек бірнеше қабатты байлап қайып (топтастырып) бірге жылжытуға болады. Бейнені жылжыту қабат белсенді етілген соң, Перемещения (more) аспабы арқылы орындалады. Жылжыту пернелерін пайдалану 1 пикселге жылжытады, яғни максимал дәлдік қажет жағдайда қолдануға болады.

Ал қабаттарды байланыстыру үшін, Слои палитрасындағы қабат атауы жанындағы орынға бір шерту қажет. Сол орынды § белгісі пайда болады. Қ

Қалған қабаттар үшінде осылай жасалынады. Керісінше қабаттарды "шешіп" бір-біріне тәуелсіз ету үшін қойылған § белгісіне қайта шертіледі. Қабаттарды байланыстыру бірге жылжытудан бөлек мына жағдайлар үшінде керек болады.

- Бірнеше қабатты бір мезгілде трансформация жасау үшін

- Қабаттар жиынын құру үшін

- Қабаттардағы бейнелерге реттеу және бірдей арақашықтықтарға орналастыру амалдарын қолдану үшін

Қабат көшірмесін алу.

Кез-келген қабат және фонды көшірмесін сол не басқа да документке көшіріп қоюға болады. Ол үшін қабатты белсенді етіп палитра мәзіріне не Слои мәзірінен Создать копию слоя командасы орындалады. Пайда болған сұхбат терезесінде қабат атауы өткізілетін документ көрсетіледі.

Қабат көшірмесін басқа документке тышқан арқылы да өткізуге болады. Алдымен документті ашып алу керек.

- Бірінші әдіс: Слой палитрасындағы қабат жолағын тышқанмен шерткен күйі ашық тұрған документке өткізеді.

- Екінші әдіс: Бейненің өзін Перемещения аспабы арқылы жылжытып өткізу.

Көптеген программаларда еркін таңдалған параметрлер жиынын белгілі бір атпен сақтап қоюға арналған стиль технологиясы қолданылады. Қабаттарға да дайын стильдерді пайдалануға болады. Бұл үшін арнайы стиль палитрасы бар. Мүнда стильдер тізімі көрсетілген. Стильді таңдау шерту арқылы орындалады.

Лекция 14.

Тақырыбы: Тексттермен жұмыс

1. Нүктелік графикадағы текст

2. Атау тексті. Текст блогы

3. Текстті редакторлау


1. Нүктелік графикадағы текст

Нүктелік графикамен жұмыс істейтін графикалық редакторлардың табиғаты жағынан текст пен жұмыс істеу мүмкіндіктері шектелген.

Алайда қабаттардың пайда болуы біраз мәселелерді мысалы, жазуды жылжыту, ауыстыру, жою сияқты амалдарды орындалуына жол ашты.

Ал бейненің шешілуімен байланысты. Мәселелер мысалы шрифт сапасы (әсіресе майда шрифттің ) шешілуді арттыру есебінен (яғни цифрлы мәліметтің көлемі артады. ) өз шешімін тапты.

Нүктелік графикада шрифт пен жұмыс – негізгі емес деп есептелініп келген. Қазір керісінше декоративті атауларды, шапкаларды (әсіресе Web - беттерде) нүктелік графиканы пайдаланып жазу белең алуда.

Текст аспабы. Текстермен жұмыс істеу үшін аспаптар панеліндегі текст аспабы қолданылатын аспап таңдалған соң қасиеттер панеліндегі аспаптың келесі режим түрлері көрсетіледі.

– Текст векторлық формасын сақтайтын текстік қабат құрылады. Редакторлау жұмыстарын кейін жүргізуге де мүмкіндік береді.

– Текст маска – текст түріндегі ерекшеленген аймақ не маска құруға арналған. Он кез-келген түс не градиентпен толтыруға болады. Текст ретінде редакторлау жұмысы ерекшелеу алынып тасталғаннан соң мүмкін болмай қалады.

Осы 2 режим үшін де текст бағытының 2 түрін: Горизонтальный текст, Вертикальный текст батырмалары арқылы таңдауға болады.


2. Атау тексті. (Заголовочный текст).

Атау тексті документтің кез - келген жерінен бастап ендіріп кете беруге болады және бұл текст не рамка не рамкамен шектелмейді. Сондықтан текст келесі жолға түсіріп жазу пайдаланушыға жүктеледі. Ендірудің мұндай әдісі ірі және көлемі аз атауларды жазуға ыңғайлы. Сондықтан да атау тексті деп аталады.

Атау текстін теру үшін текст аспабының қалаған түрін таңдап, курсорды текст басталатын орынға бір шерту қажет. Қатарды келесі жолға өткізу үшін “Enter ” пернесі пайдаланылады. Текст теру текстті редакторлаудағы сияқты жүргізіледі. (Бас әріптерді теру Shift пернесін қоса басумен, өшіру Delete, Bakspace пернелерімен орындалады. )

Шрифт түсі үшін үнсіз келісім бойынша негізгі түс қолданылады.



Абзацты текст. (Текст блогы). Атау текстіне қарағанда көлемі көп болатын негізгі текст әдетте белгілі бір көлемдігі колонкалардың ішіне жазылады. Сондықтан оны текст блогы деп атайды. Мұнда келесі қатарға түсіруді компьютер автоматты түрде орындайды. Әрі колонка ені өзгерген сайын қайта реттеп отырады. Текст блогын құру үшін текст аспабы таңдалған соң, документте тексттік төртбұрыш салып шығу керек. (Төртбұрыш аспабы мен салған сияқты етіп ). Салынған тексттік блоктың контуры да, бояумен толтыруы (заливка) да болмайды. Сондықтан ол баспадан шығарылғанда көрінбейді. Тексттік төтрбұрышқа ендірілген текст төтрбұрышқа симай көрінбей қалатын болса, төртбұрыштың төменгі бұрышында “+” белгісі бар квадрат пайда болады. Төртбұрыш көлемін өзгерту үшін оның шеттеріндегі маркерлер қолданылады. ( Маркерге алып барып, тышқанмен тарту қажет). Тексттік блокты бұру, айналдыру үшін курсорды маркердің сыртына апару керек. Сонда курсор иілген стрелка түріне енеді, осы кезде қалаған жаққа қарай тарту қажет. Айналдыру төртбұрыштың тек центріне қатысты ғана емес, кез-келген нүктесіне қатысты орындай алады. Ол үшін төртбұрыш центріндегі белгісіне курсорды алып барып пайда болған кезде шертіп, қалаған нүктеге жылжытылады.
3. Тексті редакторлау

Текст теріліп болған соң, қалаған уақытта жаңасын қосуға не керек емесін өшіруге т. б. редакторлау амалдарын орындауға болады. Ол үшін Текст аспабын белсенді етіп, сәйкес текст тік қабатты таңдап, текстік блок ішіне шерту қажет. Текстік блок пен редакторлау жұмысын атқару үшін келесі әрекеттердің бірі орындалады.

– қасиеттер панеліндегі батырмасы батырмасы шертіледі.

– цифрлық клавиатурадағы Enter немесе негізгі клавиатурадағы Ctrl+Enter шертіледі.

– Аспаптар панеліндегі басқа аспапты таңдау

– Басқа қабатты белсенді ету.



Тексттік қатармен жұмыс. Тексттік блок арнайы тексттік қабатта берілетіні белгілі. Бұл қабат кәдімгі қабаттан кейбір қосымша функцияларымен айырмашылық етеді.

– Тексттік қабатта тексттің бағытын горизонтальдан вертикальына және керісінше өзгертуге болады. (Слой-Текст- Вертикаль/Горизонталь)

– Тексттік қабатта атау тексттік текст блогына және керісінше айналдыруға болады. (Слой-Текст-Преобразовать в абзацный текст/ Преобразовать в блочный текст)

– Тексттік қабатқа жұмсарту әдістерін қолдануға болады. (Қасиеттер панеліндегі тізім: Нет, Четное, Сильное, Гладкое. Осы тізімді Слой-Текст-арқылы да таңдауға болады).

– Тексттік қабатта текстті векторлық контурға айналдыруға болады. (Слой-Текст-Создать рабочий контур)

Бұл әрекеттерге қоса кәдімгі қабаттарға қолданылатын амалдарда орындала алады.



Шрифт параметрлері. Шрифт параметрлерін өзгерту үшін алдымен тексттік қатарды белгілеп алу қажет. Фарматтау параметрлері қасиеттер панелінде берілген, алайда арнайы символ палитрасын қолдану ыңғайлы. Окно-Символ. Экранда пайда болатын сұқбат терезесіне мынадай параметрлер беріледі:

– Шрифт түрін таңдау;

– Шрифт өлшемі ;

– Шрифт түсі;

Қатар аралық орын мөлшері;

– горизанталь және вертикаль бойынша шрифтерді масштабтау;

– текстің орналасу бағытын реттеу;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет