Программалау ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат»



Дата26.09.2023
өлшемі53,21 Kb.
#182492
түріПрограмма
Байланысты:
3 synyp 4 apta


Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану



Бөлімі:

1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат»,
«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Күні:

Бердібай Айгерім Смакқызы

Сыныбы: 3 А

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Өздеріне ұнайтын тақырыптағы компьютерлік ойындарды әңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Жоба скриптерінде жасырыну мен көрсету командаларының қызметін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Scratch-те ойын құру барысында циклдік алгоритмді қолдануды үйренеді.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
«Шаттық шеңбері» әдісімен бір-біріне жылы тілектер айту арқылы сыныпта жақсы көңіл- күй орнату.
Шеңбер жасап тұрған оқушылар 1, 2, 3 реттік санау арқылы 3 топқа бірігеді.
I топ – Монитор
II топ Пернетақта
III топ –Жүйелік блок
Топтың ережесі:

  1. Тыныштық сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

Белгіленген уақыт шеңберінде жұмыс істеу.




(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.
Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Қандай тақырыптағы компьютерлік ойындарды ұнатасың?

  • 1-суреттегі кейіпкерлер қатысатын қандай ойын идеясын ұсынар едің? Ойыңды ортаға сал.

Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.
Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың
тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.



Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (26 мин)



Топтық жұмыс
«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОҮБ-ның өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет. Ол үшін топпен бірлесе төмендегі тапсырманы орындау
тапсырылады.

1- тапсырма
«Еңбекқор кірпі» ойын жобасындағы алма кейіпкерлерінің скриптілеріне талдау жасаңдар.

  1. 4, 5, 6-суреттегі алмалардың скриптілеріндегі айырмашылықтарды табыңдар.

  2. Алмалардың скриптісіндегі мұндай айырмашылықтардың себебін түсіндіріңдер. Дескриптор

  • Ойын идеясын ұсынады.

  • Ұсынған ойындарының алгоритмін сөзбен сипаттайды.

Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс
«Жарайсың!» Сары түс «Жақсы!» Қызыл түс
«Талпын!»

Интерактивті тақта

Оқулық

Жұмыс дәптерлері







Жұптық жұмыс
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Суреттерді пайдаланып, қандай ойын жобасын құрастырған болар едіңдер? Ойын идеясын ұсыныңдар.
Ұсынған ойындарыңның алгоритмін сөзбен
сипаттаңдар.

Дескриптор

  • Ойын идеясын ұсынады.

  • Ұсынған ойындарының алгоритмін сөзбен сипаттайды.

Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – жарайсың», Сары түс «Жақсы!»
«Қызыл түс –
«Талпын!»

Интерактивті тақта

Оқулық

Жұмыс дәптерлері





Жеке жұмыс
«Еркін микрофон» әдісі

  • «Еңбекқор кірпі» жобасына тағы бір алманы

қосу үшін жобаға қандай өзгеріс енгізу керек?

  • Жоба скриптерінде жасырыну мен көрсету командалары

қандай қызмет атқарады?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа толық жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – жарайсың», Сары түс «Жақсы!»
«Қызыл түс –
«Талпын!»

Интерактивті тақта

Оқулық

Жұмыс дәптерлері


Сабақтың соңы
7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия Жеке жұмыс
«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі
Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс
«Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын»
Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай
тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету»,
«Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке


қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Стикерлер» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?
1:
2:



«Тексерілді» _________________

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет