Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет322/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Зерттеудің қосымша әдістері
: Дәрігер қарауы, яғни клиникалық 
зерттеулер аяқталған соң, науқасқа басқа да зерттеулер жҥргізіледі. Олар 
әртҥрлі атауларға ие болған: «қосымша зерттеу әдістері», «параклиникалық 
зерттеулер», «лабораторлы және инструментальды зерттеулер». Бҧл 
зерттеулерді бастамас бҧрын, тӛмендегілерді білуіңіз тиіс: 
1.
 
Алдымен сіз не білгіңіз келетінін анықтап алуыңыз керек. 
Психиатриялық клиникада қосымша зерттеу әдістері мына міндеттерді шешу 
ҥшін қажет: 
Біріншіден, зерттеулер аурудың себебін анықтауға бағытталған. 
Мысалы, босанғаннан кейін пайда болатын зерттеу себебі сепсис болып 
табылады. Клиникаға жас әйел тҥсті, босанғаннан кейін психикалық кҥйі 
ӛзгерген. Босану санитарлық ережеге сай болмаған. Клиникалық кӛрінісінде 
ауыр соматикалық жағдай, температураның тербелісі, қан формуласының 
ӛзгеруі, психикалық жағдайында - аментивті синдром. Диагностикалық 


~ 440 ~ 
болжам бойынша – психикалық бҧзылыспен асқынған босанудан кейінгі 
сепсис.
Екіншіден, психикалық аурулар дамуы шарттарын зерттеуге 
бағытталған. Психикалық ауру дамуы шарттарына науқастың соматикалық, 
психикалық және церебральдық жағдайлары жатады. Психиатрияда бҧл негіз 
(«почва») деп аталады (Жислин С.Г). Психикалық, соматикалық, 
церебральдық ерекшеліктер негізінің әртҥрлі клиникалық мәні болуы мҥмкін.
Олар бейімдеуші факторлар ретінде болуы мҥмкін. Мысалы, 
алкогольдік психоз соматикалық және церебральдық жетіспеушіліктері бар 
науқастарда тезірек пайда болады.
Негіз («почва») - аурудың клиникасына, ағымына, нәтижесіне әсер етуі 
мҥмкін. Мысалы, алкогольді галлюциноздың созылмалы тҥрде ӛтуін 
науқастың ертеректе алған бас-ми жарақатымен тҥсіндіруге болады. Осыны 
зерттеу және сәйкес ем тағайындау науқасқа жылдам кӛмекті қамтамасыз ету 
мҥмкіндігін береді.
Соматикалық және церебральды жетіспеушілік терапияны таңдауда, 
резистенттілік пен асқынулардың алдын – алуда маңызды орын алады.
Ҥшіншіден, клиникалық әдіспен анықталмайтын соматикалық, 
неврологиялық және психикалық аурулардың симптомдарын анықтауға 
бағытталуы мҥмкін. Мысалы, аурудың бруцеллезді этиологиясына кҥмәндана 
отырып, дәрігер дене қызуының кӛтерілуі, қандағы ӛзгерістердің болуы, 
Бюрне және Хедельсон реакцияларының оң болуы сияқты қосымша белгілер 
іздей бастайды.
Психоорганикалық 
синдроммен 
науқаста 
бас–сҥйек 
рентгенограммасында, энцефалографиясында және т.б. мидың органикалық 
зақымдануы симптомдарын іздеуге болады.
Кей жағдайларда психикалық симптомдарды клиникалық әдістермен 
табу мҥмкін болмай, тек психикалық эксперимент арқылы анықтауға болады. 
Тӛртіншіден, психиатриялық клиникада лабораториялық әдістермен 
зерттеулердің алдына қойған жеке мақсаты кейбір медикаменттердің қандағы 
деңгейін анықтау болып табылады. Мысалы, литий, тырысуға қарсы 
препараттардың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   331




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет