Психографология. Психографология тарихы. Автограф, қолтаңба



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата11.05.2020
өлшемі78,5 Kb.
#67136
1   2
Байланысты:
Психографология

Графология​ – қолжазба туралы ілім. Оның негізін ХІХ ғ. ІІ-жартысында 

француз аббаты Жан Ипполит Мишон қалады. Ол 1872 жылы «Систeма 

графологии» деген кітап жазып, сонда ең бірінші рет «графология» 

терминін қолданды. Мишон графология туралы көптеген шығармалардың 

авторы. Ол Парижде графологиялық қоғам ашып, «Графология» 

журналының шығуына жолдама алды. 

 

Бұл ғылымның тарихы ежелгі Грекиядан бастау алады. Ал ғылыми 



графологияның негізін қалаушы – неміс психологы Клягес. Оның 

зерттеуінше, адамның жүріс-тұрысы, бет-əлпеті, іс-қимылынан 

мінезі-құлқын білуге болатыны секілді, оның қолтаңбасы арқылы да 

адамға тəн психикалық ерекшелікті байқауға болады. 

 

1899 жылы итальяндық психиатр жəне криминалист Чезаре Ломброзо 



өзінің жазу 

мен тұлға туралы көзқарасын «Графология» кітабында баяндады. 

Ламброзо қылмыскер адамның қолтаңбасының графологиялық белгілерін 

2 топқа бөлді: бір жазу 

үлгілерін адам өлтіруші, тонаушыларға тҽн, басқасы – ұрыларға тҽн жазу 

үлгілері. 

Бірақ Ломброзаның теориясы толық ғылыми дəлелденбеді. 



ХХ ғ. Ресейде Полизянов Ю.А. «Психографология» атты көлемді еңбегі 

пайда болды. Автор психографологияны психология ғылымының бөлімі 

ретінде қарастырып, 

Əлеуметтік ғылымдар жүйесінен маңызды орын берді. Полизянов Ю.А. 

еңбектерінде графология ғылымына сенім артылды. 

Графологиялық зерттеулер орталығы Франциядан Германияға қоныс 

аударды. 

Йенадан физиология профессоры Вильгельм Прейер жарақатына 

байланысты қолынан айырылған емделушілер ауыздың немесе аяқтың 

саусақтарының көмегімен жазу 

кезінде бұрын қолдарымен жазғандай ҽріптерді шығарғанын анықтады; 

осылайша, 

«қолдың жазуы» шын мəнінде «мидың жазуы» болып шықты. Осыған 

ұқсас қорытындыға Георг Мейер, психиатр келді, ол «жазу күші» 

психомоторлық энергиямен анықталады. Осы кезеңнің басқа 

графологтары – швейцариялық дҽрігер жҽне жазушы 

Макс Пулвер, жазу талдауын бейсаналық символизммен байланыстырған 

жҽне 


психолог жҽне философ Людвиг Клагес, осы салада жетекші беделге ие. 

Графология 

еуропалық ғылымда психологиялық тестілеу құралы ретінде елеулі орын 

алады. 


 

 

Сондай-ақ орыс графолог-ғалымдарының ішінде Зуев-Инсаровтың 



«Қолтаңба жəне тұлға» атты 1930 жылы шыққан кітабында біршама 

қызықты деректер келтірілген. Ғалым өзінің еңбегінде өмірден өткен ұлы 

тұлғалардың жəне өз заманының белгілі адамдарының қолтаңбаларын 

зерттеп, олардың мінез-құлқына сипаттама берген. Мысалы, сол жаққа 

қарай қисайып келетін жазу адамның тік мінезділігін, жан адамға 

сенбейтіндігін білдіреді. Ал тез жазатын адамның қолтаңбасы оның 

жылдам ойлайтынын байқатса, əріптері бір-бірінен алшақ болып келетін 

жазу адамның тұрақсыздығын, қиялилығын білдіреді екен. Бүгінде 

көптеген елдерде адам қолтаңбасын сараптайтын сот сараптамасының 

зертханалары бар. Мұнда криминалистер белгілі бір жазудың тек кімнің 




қолтаңбасы екенін ғана анықтап қоймай, бұл қолтаңбаны адамның қандай 

жағдайда жазғанын да анықтайды. Айталық, адам жазу жазған кезде 

ауырып тұрды ма, өте алаңдаулы болды ма, əлде мас кезінде жазды ма, 

тіпті ол жазуын əдейі өзгертіп жазғанын да сараптама нəтижесі анық 

көрсетіп береді екен. Кейбір зертханалар жазған адамның ер немесе əйел 

екенін де анықтайды. 

 

Графология ғылымының мамандары көп жылғы зерттеулердің 



қорытындысы бойынша Қолтаңба адамның ішкі көңіл күйінің өзгеруін 

айқындайды деген тұжырым жасады. Сонымен қатар, қолтаңба өзгерген 

сайын адамның өзі де өзгеретінін дəлелдеген.  

 

Графология, адам тұлғасының жеке ерекшеліктерін зерттеу болып 



табылады. 

Графологтардың пікірінше, екі бірдей қолжазба жоқ болғандықтан, 

қолжазба жеке тұлғаның көріну формасы, оның «қолы», дауыс немесе бет 

өрнегі сияқты болуы тиіс. 

Жазудың рухани өмірдің жеке ерекшеліктерімен байланысы туралы 

болжамдар антикалық жағдайда айтылған болса да, жазу мен жеке 

тұлғаның байланысын зерттейтін алғашқы толық жұмыс итальяндық 

дəрігер Камилло Бальди жазды. 

 

Моргенштерннің 1903 жылы шыққан «Психографология» атты кітабында 



Наполеонның шайқастан кейінгі бұйрықтарға қойған қолдарының үлгісі 

көрсетілген екен. Оның əр жылдары қойған қолдары оның қөңіл –күйі, 

статусы өзгергендегі күйін айқындап тұрған екен. 

 

Тапсырма: 1. ​Қолтаңбаны қоюдағы қосымша элементтерді жазыңыз?  



2. ​Қолтаңбаның бағыты? 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет