Психолог шеберліктерін арттыру мектебі аутодеструктивті мінез-қҰЛЫҚТЫҢ алдын алу жұмыстары



бет2/16
Дата02.09.2022
өлшемі3,68 Mb.
#148641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
аутоагрес
Изотерапия психологтарга, личко типы акценту, «Адам – Ағаш – Үй» проективті тесті, 444 Шульте-Горбова, v2100024429.16-09-2021.kaz, Инновация 2, 666 10 сөз вариант 1
Өз-өзіне қол жұмсау себептері
Көмек іздеуөзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін-өзі өлтіруді олар бір нәресеге қол жеткізу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы,өзіне назар аударту, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу...).
Үмітсіздікөмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуға өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.
Шарасыздық - барлық проблемалар шешілмейтіндей көрінеді. Оларды бір-бірлеп шешуге ойын шоғырландыра алмайды.
Басқа адамның жанын ауыртуға әрекет жасау - «олар әлі өкінетін болады», яғни кек алу.
Проблеманы шешу/қашу жолы - кейде адам өз-өзіне қол жұмсау арқылы проблемаларын өзімен бірге алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.
Батылдығы мен күшін көрсету - батыл және күшті адам ғана өз-өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.
Суицидтік мінез-құлықсуицидтік белсенділіктің-ойдың, талпыныстың, қастандықтың, суицидттік әрекеттер мен өзіне қасірет келтірудің пайда болуы.

Суицидтік мінез-құлық өз мөлшерінде де психоауытқуларсыз, психопаттық мінез-құлықта да өзіне назар аудару мінез-құлқында да кездеседі, соңғысы аса аффективті немесе мінез-құлықтың ауытқу (патохарактерологиялық реакция) кезінде девиантты іс-әрекет формаларының бірі болып табылады.


Суицидтік мінез-құлық төмендегідей типтерге бөлінеді.
Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық
Аталған суицидттік мінез-құлық негізінде жасөспірімнің жеке басына және өз проблемаларына ересектердің назарын аударту, өмірінде кездескен ауыр жағдаяттармен күресуге дәрменсіздігін көрсету жатады. Бұл айналасындағылардан өзіне көмек сұраудың бір түрі. Әдетте, мұндай демонстративтік суицидттік мінез-құлық өзіне қасірет келтіру немесе өз өмірін қию мақсатында емес, тек айналасындағыларды қорқыту (мысалы, «Менің атым-Қожа» повесіндегі Сұлтанның әрекеті, Қожаның ойлары, т.б.), жасөспірімдік проблемалардың күрделі екендігін білдіру, ересектердің өздеріне деген көзқарастарының дұрыс еместігін дәлелдеу үшін жасалады. Суицидтік әрекет кезінде көрсетілетін мінез-құлық көбінесе қан тамырын кесу, залалсыз дәрілерді қабылдау, асылуға талпындығын көрсету түрінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет