Психология ғылым ретінде «Психология»


Қазіргі кезеңдегi психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары



бет4/5
Дата27.03.2022
өлшемі35,75 Kb.
#136940
1   2   3   4   5
Байланысты:
Психология 1 сұрак
Моя специальность Радиотехника, Моя специальность Радиотехника, Биология 7 сынып КМЖ, Биология 7 сынып КМЖ, Биология 7 сынып КМЖ, Биология 7 сынып КМЖ, Биология 7 сынып ОМЖ, Биология 7 сынып ОМЖ, Биология 7 сынып ОМЖ, Соц. паспорт 9б 20-21гг., ДСП физкультура 5 класс, gravitation, Табиғи өрттер, dyn1
Қазіргі кезеңдегi психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары

  • Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады.

  • Қандайда бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгiсiнiң жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес. Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров ұсынған «сызықтық емес» жіктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгi - бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үш бұрыш пішінді. Осылай орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үшбұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді.


Психология мен педагогиканың байланысына ерекше тоқталу керек. Бұл байланыс барлық кезде болатыны анық. К.Д.Ушинский былай деп айтқан: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты зерттеу керек”. Психологияның тәжірибелік мағынасы осыдан анық көрінеді.

  • Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жайлы білімге сүйенбесе, онда ол педагогикалық кеңестердің қарапайым жиынтығына айналып, мұғалімге көмек беретін шынайы ғылым болуын тоқтатады. Педагогика салаларының барлығының (жалпы теорияның, дидактиканың, жеке әдістемелердің, тәрбиелеу теориясының) дамуы кезінде, психологиялық зерттеуді қажет ететін мәселелер пайда болады.

  • Педагогика тәрбиелеу мәселесiне бағытталған кезде, психологияның қажеттілігі байқалады. Дамушы қоғамның талаптарына сәйкес тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеудің мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсатқа жету тұлғаны қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеуді қажет етеді: оның бағытын, қабілеттерін, қажеттіліктерін, дүниетанымын және т.б. Айтылғанның бәрі қазіргі заманғы психология ғылымдар түйісінде екенін білдіреді. Ол біріншіден, философиялық, екіншіден табиғи, үшіншіден әлеуметтік ғылымдар арасындағы аралық орынды алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет