Психология ғылымына түсінік


Арнаулы психология мұның өзі патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология, логопедия болы бөлінеді



бет4/5
Дата31.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#155929
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-апта Лекция Презентация
bayduysenova rus, Мамырбекова А. Мен әрекеттеріме жауапкермін тренингі
Арнаулы психология мұның өзі патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология, логопедия болы бөлінеді.
А) Патопсихология- адамның психикасының зақымдану салдарынан псиъхика әр түрлі күйзеліске ұшырайды. Соны бір жүйеге келтіріп оқытып тәрбиелеу мәселесімен шұғылданады.
Ә) олигофренопсихологиясы бала іштен туған кезде психикасының ауытқуына қарай өзгешеліктер болады. Осындай ауытқуларына қарай өзгешеліктеросындай ақыл ой тәрбиесімен шұғылданады.
Б) сурдопсихология есту мүшесі кеміс балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп оқыту тәрбиелу мәселесімен. Шұғылданады.
В) тифлопсихология- көзі нашар көретін, соқырлар, су қараңғылардың психологиясын зерттейді.

Психологияның зерттеу әдістері


Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.

Бақылау әдісі


Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.

Эксперимент әдісі.


Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады. Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы. Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет