Психология ғылымында «тұлға» категориясы базалық ұғымдарға жатады



бет6/7
Дата18.12.2021
өлшемі27,96 Kb.
#102440
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жеке тұлға
жеке тұлға
Дүниетаным, сенім және мұрат

Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі-адамның дүниетанымы мен сенімі .Дүниетаным-адамның табиғат,қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идеализмге жат,дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным.Оның басты ерекшелігі-ғылымға негізделетіндігі.Бірден-бір ақиқат-дүниенің даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді.Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше реакцияшыл болады.Өзімшілдік,адамға деген өшпенділік,шындықты көре-тұра бұрмалау,пессимизмге салыну-керітартпа дүниетанымның басты белгісі.Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты,гуманизмді( еңбек адамын құрметтей білу), оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай,әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды.Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады.Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы,дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады.Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты,бекімеген дүниетаным берік болмайды.Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі.Өйткені бұл екеуі,құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады.Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды.Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға,өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді.Оны өмір толқыны біресе анда,біресе мұнда соқтырады да,мінез-құлықты көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады.Осындай адамдардың психологиясын орыстың ұлы жазушысы Н.В.Гоголь тамаша көрсеткен.: « Әрі –сәрі адамдар,бұлар ол да емес,бұл да емес,қандай адамдар екенін түсіне алмайсың қаладағы Богдан да емес,селодағы Селифан да емес».Кай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады.Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді.Тек ғылымға негізделген түсінік қана,адамның сенімімен,іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным болады.Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы.Сенім-пікір талас,көзқарас қақтығысында,империализмге кең кол ашылғанда ғана шындала түседі.Ол адамға бірден келмейді,сенім өмір көріністерін топшылау,кесіп,пішін көру,тәжирибе жинақтап,соны қорыту арқылы,терең тиянақты білім негізінде қалыптасады.Сенім-кісінің еркін білдірген,сезімін қозғаған,мақсат-мүддесіне,бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі.Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет.Білімсіз дүниетаным қорланбайды.Өйткені білім-дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрылыс материалы.Ал адамның алған білімі бөлек-бөлек кірпіш сияқты шашылып жатса(әңгіме білімді қалай болса солай,жеңіл «меңгеретіндер» туралы болып отыр),әрине ондай білім түкке тұрмайды.Тек зердесіне құйылған,саналылықпен меңгерілген,белгілі дүниетанымы,айқын мақсаты бар адамның ғана адамның дүниетанымына негіз бола алады.Сайып келгенде,ғылымға негізделген белгілі дүниетанымы,айқын мақсаты бар адамның ғана психологиялық қасиеті жоғары болатыны белгілі.Ондай адам үнемі ар-ұятымен жүріп-тұрады.Мәселен,бір адам жұмыс үсінде ағаттық істеп,қателескен екен дейік.Оның қатесін жасырып,бүркеп қалуға да мүмкіндігі бар еді,бірақ өзі бұл ағаттығын адамгершілікке жатпайтын қылық деп түсінеді.Жаңағы қателескен адам өзінің қатесін мойнына алуды бірден-бір дұрыс деп табады.

Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі-мұрат (идеал).Бұл –адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі,біреуді ардақ тұтып,қастерлеуі.Мұрат-адамның алдына қойған ең ардақты,ең асыл мақсаты.Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады.Өзін тәрбиелеуге кіріседі.Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді.Мұрат дүниетаным,айкын сенім,сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады.Оқушыларды асыл мұраттар рухында тәрбиелеу-бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.

Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің бірі-талғам.Бұл адамның дүниетанымы мен сеніміне,өмірлік позициясына,бағыт пен мұратына,бағдарына,мақсатына байланысып жатады.Коммунистік қоғамда тәрбиеленген кеңес адамының талғамы буржуазиялық қоғамдағы үстем тап адамының талғамынан сапалық айырмасы бар.Талғамға адамның білімі,тәрбиесі,ортасы,тәжірбиесі де елеулі әсер етеді.

Мдаға (сән) байланысты да адамдарда түрлі талғам орын алады.Мәселен,кейбір адамдардың ала-құла,көзге қораш киінуін талғамы дұрыс қалыптасқан адам деп айту қиын.Өйткені,дұрыс талғам дұрыс,жүйелі жақсы тәрбиенің нәтижесі.

Қызығу,сенім,талап,мұрат адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып табылады.Бұлар адамның басында айқын да анық сәулеленіп отырады.Бірақ мотивтердің кез келгені осындай пәрменді болып келе бермейді.Мән-мәнісі адамға онша айқын емес,көмескі күңгірт болып көрінетін мотивтер де толып жатыр.Осы топтағы мотивтердің қатарына бағдар (установка),фрустрация,елігу,стереотиптерді жатқызуға болады.Енді осылардың кейбіріне қысқаша тоқталып өтейік.Мәселен,грузин психологы,академик Д.Н.Узнадзе(1886-1950) зерттеген бағдар теориясының мәні мына төмендегі қарапайым тәжірибеден жақсы байқалады.Салмағында айырмасы бар екі шарды қолымен 10-15 рет ұстап көрген адам бұлардың айырмашылығын оп-оңай сезе алады.Кейін осы кісіге салмағы бірдей екі шар берілгенде де ол бұларды бұрынғысынша екі түрлі деп қабылдайды.

Тәжірибенің негізгі мәнісі де осында.Салмағы бірдей екі шарды осылайша теріс қабылдауы ( иллюзия)—оның алдыңғы қабылдауындағы субъективтік жағдайына байланысты туған.Мұндайда адамның зейіні қабылдайтынзаттың ө

зіне емес,сол зат туғызатын сезімге,көңіл күйіне ауып кетеді.Осы тәжірибеде де бір-біріне тең шарларды аңғармай,қате қабылдау осындай жайттан туған.

Адамның қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағдар деп аталады.Мұндай жағдайды күнделікті өмірде де жиі кездестіруге болады.Мәселен,бірінші класс оқушылары үшін мұғалім қай жағынан да аса беделді адам.Оның ақ дегені ақ,қара дегені қара. Сондықтан да олар кейде кейбір мұғалімдердің теріс өнегелерін де талғамай қабылдай береді.Оқушылардың мұғалім жөніндегі бір жақты түсініктері осындай әлде де айқындала қоймаған түйсіктің,тек мұғалім жөніндегі жай бағдардың көрінісі.

Адам қажетін өтеу үстінде неше түрлі жағдайға тап болады. Мәселен,бұрын-сонды өзіне кездеспеген кедергіні алуға шамасы келмейтін кездерде адамның жолы болмай,сәтсіздікке ұшырайды не сол объект оған алынбас қамалдай болып көрінеді.Адамның жолы болмай,боска әлек болған жан күйзелісін,психиологияда фрустрация деп атайды.Бұл көп жағдайда адамның көңіл-күйіне қолайсыз әсер етіп,оны орынсыз мазасыздандырады.Егер осындай жолы болмаушылық қайталана берсе,адамда ұнамсыз қасиеттердің орын тебуіне себепші болады. Мұндайдан кейбіреулер сылбыр, немқұрайды,жігерсіз күйге түседі,енді біреулер орынсыз ызақор, күйгелектікке салынады.Осындай көрініс жас өспірімдер арасында да байқалады.Балаға үнемі шамасы келетіндей тапсырма беру,оны әлі келмейтін нәрсеге орынсыз қинамау,онда фрустрациялық күідің орнығуына жол бермеу-мұғалімнің психологиясық қырағылығын,шебер тактісін қажет етеді.

4.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет