Психология ғылымында «тұлға» категориясы базалық ұғымдарға жатады



бет3/7
Дата18.12.2021
өлшемі27,96 Kb.
#102440
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жеке тұлға
жеке тұлға
Даралық-нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.

«Жеке адам»түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді.Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді. Әр қандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді.Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырадыЖеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік-себеп аймағы-жеке адамның бағытбағдарынан,оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұсанған бағыттары ғана емес,оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-әрекеттік икемділігіне,оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.

Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізі, яғни генотипі оның анатомиялық-физологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі-адам өткен әулеттердің білім,салт,заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.

Жеке адам дамуы -өз мүмкіндіктерін үздіксіз қеңітіп, қажеттіліктерін арттырып барумен байланысты .Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік өзінің рухи мәртебелігімен,қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді.

Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осындан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұсанған принциптерін жете білу қажет.

Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әр қандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие.

Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы –рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі,оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызметете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі-бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу,ізгі мұраттарды басшылыққа алу,сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұсай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса,ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да,оңдай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады.

Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне,әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шеңберінде қалып қоймай,өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның,тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенің дәлелі.

Жеке адамның дамуы,яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белігілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.

Дара адамның жеке адам санатына көтеруілуі үшін маңызды факторлар идентификация,яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі персонализация-дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.

Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «Мені»негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлексия» деп аталған бұл «Мен» ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадырын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағысының астам не төмен болуынан сол адамының ішкі жан арпалллыстары келіп шығады.

Адам өмірі нақты тарихи- әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, түтыну аймағы, әлеуметтік қатнастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілйді.

Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, түрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады.Әлеуметтік құнды салт-бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі,рухани-этикалық,руханиэстетикалық дүниетанымы туындайды.Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкізаңдылықты ниет-себептер жүйесін арқау етеді,өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады.

Тұрмыс-салт бағыты тұрақтанбаған адам күнделікті күйбеңнен аса алмайды,осыдан мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай,өміршеңдігі кемиді,рухани-адамгершілік талап тары тарылады.

Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс-ауытқулар оның өзіндік «Менін»танымаудан, объективті мәнді жеке басының құнды тараптарын сезіне алмаудан келіп шығады.Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткіші оның өз психикалық жағдайын басқара алу және әрекет-қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге икемдестіре білу дәрежесі.

Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады,тұлғаның барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік мәдени сапаларының бірлігінен қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет