Психология ғылымының негізгі салалары



Дата13.10.2023
өлшемі4,65 Mb.
#185307
Байланысты:
психология (1)

Психология ғылымының негізгі салалары


Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің саналуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Психиканың дамуын жіктегенде төмендегілерді негіз етіп аламыз:
осы пәннің зерттейтін обьектісі;
адамның іс – әрекет түрлері;
адамның әлеуметтік ортаға қатынасы.
ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Оқыту психологиясы – дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерімен шұғылданады.
Тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттейді.
Тәлім – тәрбие психологиясының объектісі – адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар.
Жас ерекшелiк психологиясы – әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейді.
Арнаулы психология – бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Еңбек психологиясы – адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін ќарастырады.
Авиациялық психология - ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай – жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттейді.
Ғарышкерлік психология – адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, көңіл – күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді
Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел – жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау.
Медициналық психология – дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез – құлқын зерттейді.
Спорт психологиясы - спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялыќ ерекшеліктерін қарастырады.
Инженерлік психология – автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді.
Сауда психологиясы жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.
Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.
Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары.
Ғылыми – шығармашылық психологиясы –шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, т.б. сипаттары зерттеледі.
Салыстырмалы психология адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет