Психология менің өмірімде және кәсібімде



Дата06.02.2022
өлшемі14,81 Kb.
#81537
Байланысты:
Психология эссе


Психология менің өмірімде және кәсібімде
Мен үшін психологияның артықшылығы- бұл біздің өміріміздің әр компонентін иелену қабілеті. Мектеп, институт, жұмыс, отбасы, адамдар-мен қарым-қатынас, жеке тәжірибе- күн сайын біз көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, күрделі жағдайларды жеңуге тырысамыз және бұл кезде бізге психология көмектеседі.
Ал менің өз өмірімдегі психологияның маңызы өте ерекше. Өйткені мені қоршаған нәрсе менің ойыма әсер етеді. Психология мені өз-өзімді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де психология өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты екен.Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды,ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру,жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын.
Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психолгиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет