Психология менің өмірімде және кәсібімде

Дата21.04.2023
өлшемі15,99 Kb.
#175042
Байланысты:
эссе
Олимпиада сурактар7сынып, 5-6-7-8 -9 сынып бжб 4 тоқсан

Психология менің өмірімде және кәсібімде
Мен үшін психологияның артықшылығы- бұл біздің өміріміздің әр компонентін иелену қабілеті. Мектеп, институт, жұмыс, отбасы, адамдар-мен қарым-қатынас, жеке тәжірибе- күн сайын біз көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, күрделі жағдайларды жеңуге тырысамыз және бұл кезде бізге психология көмектеседі.
Мүмкін әр адамда психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор болып тұр. Жоғары ақпараттықтехнологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі “фильтірлеуді” және үлкен ақпарттар ағынына бейімделуге үйренуі қажет.
Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше жіне бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.
Ал менің өз өмірімдегі психологияның маңызы өте ерекше. Өйткені мені қоршаған нәрсе менің ойыма әсер етеді. Психология мені өз-өзімді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де психология өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты екен.Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды/ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру/ жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын.
Психологияны білім беру жүйесінде, денсаулық сақтаудың және де басқа кәсіптердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Әр түрлі кәсіби салаларда психологиялық білімді пайдалану толығымен негізделген.
Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психолгиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді.

Психология адам өмірінің ажырамас бөлігі. Әр істе, күнделікті өмірімізде, кәсібімізде түрлі жағдайларға душар боламыз. Яғни түрлі таңдаулар жасаймыз, мақсатымызға ұмтыламыз, эмоциональды тұрақсыздыққа тап боламыз, адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында түсініспеушіліктерге кезігеміз. Осындай сәттер туындағанда біз психологияға жүгінеміз.
Психология, ең алдымен, адамның өзін-өзі жақсы түсінуіне, мінез-құлқына, эмоциональді күйіне, санасының ашық болуына әсер етеді. Егер адам өз қалауын анық білсе, айналасындағы адамдарды жақсы түсінсе, ол туындаған проблемаларды сабырлы түрде, анализ жүргізу арқылы еркін ешеді.
Менің өмірімде психология негізгі рөл атқарады десем, артық айтпаймын, себебі менің жасаған әр таңдауым, алға ұмтылуым, кезіккен проблемалармен күресуім,қоршаған ортаның, айналамдағы адамдардың маған әсерін психология арылы еңсеріп жатырмын. Қарапайым мысалдармен қарастырайық,
Мен мақсатыма жетуде кедергілерге тап болдым, оның шешімін білмеймін. Егер мен эмоцияға беріліп, шеше алмаймын деп, шарасыздық танытсам, бастаған ісімді аяғына дейін жеткізе алмаймын , ал егер өзімді сабырға шақырып , сезіміме емес ақылыма жүгінер болсам, мен қандай қиындық болмасын еңсерер едім.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас. Егер мен қатынасқа түсетін адамның эмоциялық күйін байқамасам, мысалға, мен мұңайып тұрған адамға өз проблемам жайлы айта берсем, ол мені тыңдағысы келмей кетеді, себебі өзі де қиындықтарға тап болып, мені ойлауға мұршасы жоқ. Осындай жағдайларда адамдар арасында түсініспеушілік туындап, ол келеңсіз жағдайларға алып келуі мүмкін. Бұндай жағдайларды болдырмас ұшін адамның өзін ұстауына, сөйлеуіне мән беріп, анализ жасау арқылы эмоционалды күйін анықтағаннан кейін ғана, белгілі бір мәселелерге қатысты сөз қозғау керек.
Адамға физикалық әсерге қарағанда моральдық әсер ауыр тиеді. Себебі моральді әсер адамның жан дүниесіне жазылмастай ауыр жара қалдырады, тіпті кейбір жағдайларда өзін-өзі өлтіруге, яғни суицидке әкеліп соқтырады.
Қоғамда, егер адам басқа адамдардан өзгеше болса немесе өзге көзқараста ұстанса, негативті ойларын білдіріп, тұлғаға моральді түрде шабуыл жасайды. Бұндай жағдайларға адам психологиясы төтеп бере алмаса, соңы қайғылы жағдайлармен аяқталуы мүмкін. Сол себепті адам психологиясы мықты, әрі берік болуы керек.
Журналистика мамандығы психологиямен тығыз байланысты. Себебі журналистер адамдармен тікелей байланыста болады, түрлі стрессті ситуацияларға тап болады, оларға жан-жақты пікірлер, сыни көзқарастар айтылады. Журналистке осындай жағдайларға моральді тұрғыдан дайын болу керек.
Мысалға, отбасында анасы бір баласынан айырылып қалды делік, журналистер анық-қанығын білу үшін анасынан мән-жайды сұрайды. Осындай кездерде қайғырып тұрған ананы сұрақ астына алу, журналистке қаншалықты қиын болса да, сезіміне ерік бермей жұмысын істеуге міндетті.
Адам арасындағы қарым-қатынас кезінде де журналистер психологияға жүгінеді. Сұхбаттасып отырған адамға дұрыс сұрақ қоя алу, ситуацияны анализдеу сынды қасиеттерді игере алу керек.
Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр адам әр түрлі көзқараста болады. Журналистке сын-пікір айтылғанда оң қабылдап, эмоцияналдық күйін басқара алу керек.
Қорыта айтқанда, қандай сала болсын, қандай мамандық болсын психологияға жүгінеді. Психологияны игеру арқылы өміріміз біршама жеңілдейді.

Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, ал жан ауруын психолог маман емдей алуға болады деген ойдамын. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен төзімділік, табандылық туындайды.

Қазақта жан ғылымын ерте меңгерген Абай.....

Психологияның әрбір адамның өмірінде алатын орны зор. Шыны керек, қазіргі таңда тікелей адам психологиясына байланысты проблемалар қоғамда көп. Менің өмірімде психология маңызды рөл атқарады, өйткені мені қоршаған нәрселердің бәрі менің санама әсер ететіні сөзсіз. Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, адамдармен қалай қарым-қатынас құруға және жақындарыммен қарым-қатынастағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді , ең бастысы өзімді- өзім түсінуге көмектеседі. Адам тек өзін-өзі жақсы түсінгенде ғана, өмірді және басқа адамдарды түсіне алады

Достарыңызбен бөлісу:

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет