«Психология» пәнінің дәрістік кешені Дәріс №1 Тақырып: Психологияның пәні, міндеттері және әдістері Сағат: 1



бет8/8
Дата15.03.2020
өлшемі0,74 Mb.
#60217
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрістер кешені
русский, русский, 12.1 и 12.3, 15.1


Темперамент қасиеттері - Сензитивтілік, Реактивтілік, Белсенділік, Реакция темпі, Пластикалылық-ебедейсіздік, Экстраверсия-интроверсия, Эмоциялы қозғыштық.

Темпераменттің төрт типін бөледі:

  • Холерик - аса қозғыш, тынымсыз, көңіл-күйі тез өзгереді, тұрақсыз, қарым-қатынаста өзгермелі, шыдамсыз, ашуланшақ, өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын басқара алмайды, нерв жүйесі бірқалыпты тепе-тең емес.

  • Сангвиник – қызу қанды, іскер адам, белсенді, қарым-қатынасшыл, көпшіл, көңілді, экстраверт.

  • Флегматик - байсалды, ұяң, еңбекқор, төзімді, бір қалыпты, салмақты, тиянақты, мінезі баяу, интроверт.

  • Меланхолик - өкпелегіш, сезімтал, аса баяу, әлсіз, тұйық, сөзге сараң.

  1. Темперамент туралы ілімдерге қысқаша шолу )Гиппократ, И.П. Павлов, Э.Кречмер және У.Шелдон).

Темперамент” латын сөзінен аударғанда “бөліктер арақатынасы” дегенді білдіреді. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер өте ерте кездерден пайда болған. Темперамент туралы ілімнің негізін салған (б.з.б. – Ү ғ.) ежелгі грек дәрігері Гиппократ. Оның пікірінше, адамның тәнінде 4 түрлі сұйықтық болады. Олар: қан, шырын, сары өт және қара өт. адамзаттың әртүрлілігі организмдегі осы 4 сұйықтықтың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген.

Индивид тәнінің морфологиялық ерекшеліктері мен психикасы арасында белгілі бір байланыстың болатындығын ежелгі грек дәрігері Гиппократ айтқан еді. Қазіргі психологияда неміс психологы Э. Кречмер мен америка психологы У. Шелдонның адамзат психикасының конституционалды типологиялары кең таралды.

Э. Кречмер өзінің “Дене құрылысы және мінез” атты еңбегінде дене бітімі типі тұлғаның негізгі мінез ерекшеліктерін анықтайды деген қағидасын дәлелдейді.

Э. Кречмердің соматотиптер типологиясы. Э. Кречмер “соматотиптің” негізгі түрлерін, яғни адамзат денесінің негізгі модельдерін бөліп көрсетті: 1) астениялық тип – бұл типтегі адамдардың қаңқа бұлшықеттері мен май қатпарлары әлсіз дамыған, иықтары тар және қолдары жіңішке, кеуделері жалпақ, терілері ағарыңқы, боз болып келеді. 2) атлетикті типтегі адамдар күшті дамыған қаңқалары және бұлшықеттерімен, терілерінің шымырлығымен, кеуделерінің күштілігімен, кең иықтығымен және келбетті пішінімен сипатталады. 3) пикниктік тип – ішкі қуыстарының (бас, кеуде, қарын) дамығандығымен және дене бітімінің семіруге бейімділігімен ерекшеленеді.

Э. Кречмер дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері негізінде психикалық ауруларды диагностикалауға, индивидтің мінез ерекшеліктерін болжауға тырысты.



У. Шелдонның соматотиптер типологиясы. Э. Кречмер жүйесін У. Шелдон дамытты. У. Шелдон да үш негізгі соматотиптерді бөледі:

Бірінші – эндоморфты тип – басының дөңгелектігімен, ішкі органдарының ірі мөлшерімен, ұлпаларының жеңілдігімен, аяқ-қолдарының жіңішкелігімен, сүйектері мен бұлшықеттерінің жетілмегендігімен, май қыртыстарының айқын көрінетіндігімен ерекшеленеді.

Екінші – мезаморфты типтің бас сүйегі күшті, иықтары мен кеуделері кең, аяқ-қолдары бұлшықетті, күшті, тері асты майлары орташа болып келеді.

Үшінші – эктоморфты тип – беті шығыңқы, қол-аяғы ұзын, бұлшықеті әлсіз, арық адамдарды бейнелейді.



У. Шелдон бойынша үш негізгі соматотиптерге адамның психикалық конституциясының үш нұсқасы сай келеді. Дене бітімінің эндоморфты типіне висцеротониялық мінез (лат, viscere –ішкі, яғни асқорыту мүшелерінің қызметі басым), мезаморфты типке – соматотиптік мінез (грек, soma – дене, тән), эктоморфты типке – церебротониялық мінез (лат, cerebrum – ми) сәйкес келеді. Висцеротоник, соматотоник және церебротониктердің психологиялық ерекшеліктері кестеде көрсетілген.
Кесте: Индивидтің психологиялық ерекшеліктері.



Висцеротоник

Соматотоник



Церебротоник

1. Дененің ішкі мүшелерінің шамадан тыс дамуы, дене бітімі біршама әлсіз, май ұлпалары басым.

Бұлшықет жүйесі күшті, мүсінді, жақсы дамыған.

Организмі нашар, нәзік, кеуде қуысы тығыз, ширақ. Аяқ-қолдары ұзын, бұлшықеті әлсіз.

2. Мүсіні мен қозғалыстары босаңқы, әлсіз.

Мүсін және қозғалыстары берік.

Мүсін, қозғалыстары тежелгіш, бөгеліп қалушылық.

3. Комфортты сүю.

Физикалық іс-әрекетке бейімділік.

Шамадан тыс физиологиялық сезімталдық.



4. Реакциялары баяу.

Энергиялы реакция.

Жоғары реактивтілік (реакция жылдамдығы)

5. Тамаққа құмарлық.

Физикалық күштерге қажеттілік.

Интеллектуалды қажеттілік (театр, кітап).

6. Компания, достар ортасын ұнату. Бәріне бірдей жылы шырайлылық. Социофилия (қоғамдық өмірге бейімділік).

Үстемдікті қажетсіну. Батылдық. Күшті агрессивтілік. Тәуекелдікке бейімділік.

Жалғыздыққа бейімділік. Сезімдері тұйық. Социофобия (қоғамдық қарым-қатынастардан қорқу).

7. Өзгелерге бағдарлану. Махаббатты аңсау қоршаған орталарын мақұлдау. Шыдамдылық.

Психологиялық тұрақсыздық. Қайғыру болмайды.

Тежелген қарым-қатынас .

8. Жақсы ұйқы. Эмоция біркелкі. Талқандаушы, шұғыл эмоциялар мен қылықтар болмайды.

Шулы мінез-құлық. Қатты дауыс.

Нашар ұйқы. Созылмалы шаршаушылық. әлсіз дауыс, шуды көтере алмайды.

9. Ойлау стереотипті сипатта.

Сыртқа бағытталған (экстравертивті типтегі) объективті және кең ойлау.

Шоғырланған, жасырын және субъективті ойлау.

10. Көпшілдік және алкогольдің әсерінен әлсіреушілік.

Өзіне-өзі сенімділік және алкоголь әсерінен агрессивтілік.

Алкоголь әсеріне тұрақтылық.

11. Ауыр сәттерде адамдарды қажетсіну.

Ауыр сәттерде әрекеттерді қажетсіну.

Ауыр сәттерде жалғыздықты қажет ету.




  1. Мінез ұғымы. К.Г.Юнг бойынша мінез типологиясы.


Мінез бітістері

Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрскетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екінші – асықпайды, бірақ ісі тынғылықты; үшінші – іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайга қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс – әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.

Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде әдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.

Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі негұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері адам әдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен әдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық әдетінде көрінеді. Бірақ әдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға тән қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал әдет мұндай психикалық процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылық-әрекет барысында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві әрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Әрқандай мәнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылық-әрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады[5].

Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама-қарсылықтарында корінеді: күшті-әлсіз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты – өзара қайшы, кеңтар т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез әлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтыктан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылыктылығы мен кайшылығы мінез бітістерінің ішіндеғі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасиеттердін бәрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе – қайшылықты мінез орнығады. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының, іс-әрскеттерінің жан-жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кендігін танытады. Мұндай адам әлемдегінің біріне қызығып, бәріне араласқысы келеді. Ал бұларға қарсы – мінезі "тар" адамдар өзін-өзі шектеуге бейім, ниет әрекеттерінің өрісі өте елеусіз.

Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де әрқилы, тіпті қарама-қарсы қасисттердің болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте нәзік мәдениетті болуымен бірге қатал талапшаң болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мінезі сақталып, оның қырлары айқын көріне түседі.

Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек.

Мінез бен темперамент ұқсастыгы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тәуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипатты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент – мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық – ұстамсыздык, қозғалғыштық – салғырттық т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірак мінез темпераментке бүтіндей тәуелді емес. Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері кайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангви­ник ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с.

Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет-кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын береді.

Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда "мінезді адам" және "еркі күшті адам" сөз тіркестерін бір мәнде түсенеміз. Ерік, көбіне, мінез күшімен, қатандығымен, табандылығымен т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапалар мен мақсат берікгігін ескереміз. Бұл тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда, мінез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда әрқилы өмір жағдайына орай ерік әрекетінің кызметін бағыттаушы мазмұн бар. Бір жағынан, еріктік әрекеттерде мінез қалыптасады әрі көрінеді, адам үшін маңызды ситуацияларда ерік мінезге ауысып, тұрақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы қасиет адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет әруақыт мақсатына орай нық, тұрақты және табандылығымен ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда "мінезсіз" деп сипаттайды. Психологиялық тұрғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік т.б. Мінезі айқын болмағандықтан адамның іс-әрекст, қылығын алдын ала болжастыру мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік еткендей дербес бағыт-бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігінде болмай, тысқы ықпалдарға тәуелді[7].

Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабатгық, эстетикалық, интеллекттік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді. Екіншіден, осы сезімдердің өздері тұлғага тән тұрақты ерекшеліктерге өтіп, адам мінезін құрайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары дамыған адамның сипатын танытады.

Адамнын мінез бітістерінде ақыл-ой үлкен маңызға ие. Ой тереңдігі мен жүйріктігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенім – бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт тандау – тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес.

Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сақилық т.б.). Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.), сезімдік (жайдарылық, көңілділік т.б.), ақыл-саналық (ой терендігі, сындарлық т.б.) адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара зандылықты байланысқан: батыр адам – сақи да табанды; ашық адам - жайдарлы, сенімді. достыққа тұрақты т.б[9].

Мінез түрлері мен типтері

Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауга ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыздык, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.

Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объектердің маңызымен анықталады:

1. Басқа адамдармен қатынасына карай (шыншыл – өтірікші, әдепті – дөрекі т.б.).

2. Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер – еріншек т.б.)

3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл – өзімшіл т. б.).

4. Заттарға қатынасынан (сақи – ашкөз, ұқыпты – салақ т.б.).

Аталған қатынастардың бәрінін де мінез түрінін қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақты мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен белек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында калыптаскан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады.

Мінез әр тұлғада өзінше көрініске ие, солайда болса, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі – адамдардың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінезінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себебі – мінез тума берілмейді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрекетіне сай қалыптасады.

Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші, жалпы қылық тәсілі – мінез типтерін ажыратуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінін жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.

Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:

1. Үйлесімді мінез типі – қоршаған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында тандаган бағыт-бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсат-мұраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бұл адамдардын өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.

2. Іштей қарама-қарсылыкты, бірақ сырттай келісімді мінез адамы. Бұл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет – қылыгы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың, жолдарын іздестіруге дайын тұрады.

Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерінің ой-пікірлерін кайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру жәнс әлеумет қолдамаған күнделікті тұрмыс күйбеңіне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды, бірақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.

3. Икемі кем, қарама-карсылық мінез адамы: көңіл-күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты – тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жұмсамай-ак бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс[5].

Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс мәпеленіп, төңірегіндегілердің орынсыз артық қамкорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпейді. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нәтижесіз армандау) айналып өтуге тырысады.

4. Тиянақсыз мінезді адам – бағыт-бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі төмен. Тұрақты мінез-құлығы қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамнын бойына сіңген мінездік көрініс.

Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген; тіршілік үшін болған әрекет-қимылы тіке, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу-ақ – сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені – мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта-ықыласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларга бағындыру - мұндайлардың негізгі мінездік болмысы.

5. Мінездік бітіс асқынуы. Мінездік бітіс асқынуы психологияда – мінездін кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының "әлсіз жерлері" формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты касиеттерге не бола тұра, кейбір әсерлерге өте шәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің "әлсіз жерлеріне" соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің – орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы - осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай ұнамсыз жәйті жасөспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.


  1. Мінез акцентуациясы және А.Е. Личко бойынша мінез акцентуациясының типтері.

Осы кездерде көптеген ғалымдар мінез мәселесімен айналысты: неміс психиаторы Э. Кречмер, У. Шелдон, К. Леонгард, А.Е. Личко, т.б.

Мінез акцентуациясы А.Е. Личко бойынша: жасөспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшеюін қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты.

1). Гипертимді тип- қозғалмалылыққа, қарым-қатынасқа бейім жасөспірім. Шуды жақсы көреді, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңіл күйі өте жақсы болады, оқуы бір қалыпты емес, бір орында отыра алмайды, тәртіпсіздік байқалады. Үлкен адамдармен қақтығыстарға жиі түседі. Көптеген нәрселерге қызығады, бірақ ол тез өтеді. Өздерінің қабілеттеріне тым сенгіш, тіпті шектен тыс өзіне сенеді. Елдердің алдында өзін-өзі көрсеткенді ұнатады, мақтаншақ болып келеді.

2). Циклоидті тип- апатияға бейім, тез қозады, көбінесе өзімен-өзі жалғыз қалғанды ұнатады. Барлық нәрселерді жүрегіне қатты алады. Екі-үш апта сайын көтеріңкі көңіл күйден тұйық қалыпқа ауысады. Ескертулер жасағанда ашуланады.

3). Лабильді тип- көңіл күйі ауа райы секілдітез өзгереді, оған әр түрлі қарапайым нәрселер (біреудің көзқарасы, амандаспауы, бір нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Олардың мінез-құлқы уақытша көңілге байланысты. Қазіргісі мен болашағы өзінің көңіліне ұқсас болады, біресе көңілді болып, біресе түңіліп те қалады. Кейде сәтсіздіктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңіл күйі төмен болады, көп әуреленеді, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн, оның басқа нәрсеге айналғандығы қажет. Олар өзіне деген қарым-қатынасты ерекше сезінеді.

4). Астено-невротикалық тип- қозғыш, шаршағыш, қырсық. Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.

5). Сензитивті тип- жоғары сезімталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейді, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ болғандықтан, тұйық болып көрінеді. Тек жақын адамдарына ғана ашық, сөзшең болады, өзінің қатарластарынан гөрі үлкен кісілермен, кішкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердің тілін алады, ата-аналарына жақын келеді. Мұндай адамдарда «кемістік комплексі» болады. Ортаға бейімделу қиынға соғады. Оларда жастайынан жауапкершілік қасиеті қалыптасып, өзіне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды. Дос таңдауда қателеспейді, өзінен үлкенадамдармен достасқанды қалайды, оларды өте жақсы көреді.

6). Психо-астеникалық тип- интеллектісі тез дамиды, өзін-өзі және басқаларды бағалауға бейім, көп ойланып талқылауды ұнатады, бірақ іс жүзінде емес, сөз жүзінде ғана мықты. Өзіне-өзі тым сену шешімсіздікпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешім қабылдайды.

7). Шизоидті тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрі үлкендермен болғанды ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенін, немқұрайды екенін көрсетіп, олардың жағдайына көңіл білдіре алмайды. Ішкі жан дүниесі қиялға толы. Сырттай өз сезімін көрсете бермейді, маңайындағылар оны түсіне бермейді.

8). Эпилептоидті тип- көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Мұндай балалар кішкентайлар мен жануарларды ренжітеді, өздерін диктатор деп санайды. Олар қатігез билеуші, өзін-өзі жақсы көреді. Басқаларды қорқыту арқылы өзіне бағындырып, қиын ережелер қояды. Өзін басқалардан жоғары деп санайды. Бастықтардың алдында бәрін жасап, көтерілуге тырысады.

9). Истероидті тип- үнемі ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзін суреттеп көрсетеді. Олар басқа біреуді мақтағанды, басқаларға көңіл бөлгенді жақтырмайды. Тек қана оны мақтап жүргенді ғана ойлайды. Көпшілік ортасында лидер болғанды ұнатады.

10). Тұрақсыз тип- ерік-жігерсіз, өзен ағысы бойынша өмір сүреді. Той-томалақты, жұмыссыздықты жақсы көреді. Талғаусыз, бәріне қызығады. Өзінің болашағы жайлы ойламайды, кәсіби қызығушылығы жоқ.

11). Конформды тип- негізгі ерекшелігі барлығы сияқты болу. Өзі үшін досын да сатып кетеді, бірақ не істесе де оған себеп табады.

К. Леонгард өз топтастыруында сында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенеді:



  1. Гипертимді тип- анық жестері, мимикалары болады. Сөзге құмар, қарым-қатынасқа бейім, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзінің отбасылық, қоғамдық міндеттеріне қалай болса солай қарағандықтан, адамдармен қақтығысқа тез түседі, қақтығысты өзі бастайды. Оптимист, энергиясы мол, іс-әрекетті сүйеді. Бірақ жеңілтек, аморалды әрекеттерді жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттері бар, жалғыздық пен қатал тәртіпті қолдайды.

  2. Дистимді тип- пессимисті көңіл күйді, аз сөйлегіш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмір сүреді. Қақтығысқа түспейді. Ол өзімен достасатын адамдарды бағалап, тіпті оларға бағынады. Әділ, байсалды, баяу ойлайды, бірақ тиянақты.

  3. Циклоидті тип- көңіл күйі тезөзгереді, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелі болып келеді. Көңіл күйі жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседі, төмен болғанда тұйық болады.

  4. Қозғыш тип- вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, контактілігі төмен, қақтығысқа бейім, көңілсіз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, ұжыммен бірге бола алмайды. Қозған кезде ашуданшақ, өз әрекеттерін қадағаламайды, жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйеді.

  5. Тежелгіш тип- сөйлемейді, басқаларды үйретеді. Қақтығыста белсенді рөл атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзіне үлкен талаптар қояды. Ренжігіш, сезімтал, өш алғыш, өзіне тым сенімді, қызғаншақ, ар-ұяты мол.

  6. Педантты тип- қақтығыста енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты қойса да лидерлікті кейде басқаларға да береді. Өзінің тазалықты сүюімен үйдегілерді де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйеді, жұмыста сенімді, бірақ қақтығыста ұрысқақ.

  7. Уайымшыл тип- ұялшақ, өзіне сенімсіз, қақтығысқа аз түседі, енжар болады. Басқалардан көмек іздейді. Достықты бағалайды, өзін-өзі көп сынайды, алға қойғандарын орындайды. Қалжың көтергіш.

  8. Эмотивті тип- жарты сөзден-ақ бірін-бірі түсінетін адамдар тобынан құралады. Ренжісе оны ішінде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершілік, орындаушылық қасиеттері бар, бірақ көндіккіш, тым сезімтал жан.

  9. Демонстративті тип- байланысты жеңіл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеуші мен лидерлікке талпынады, өзінің өзіне-өзі сенімділігімен адамдарға ұнамайды. Қақтығысты өзі тудырып, өзін-өзі қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бірақ эгоист, мақтаншақ, екіжүзді, жұмыстан қашады.

  10. Экзалтацияланған тип- контактіге түсуі өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бірақ қақтығысқа жеткізбейді, қақтығыс кезінде белсенді әрі енжар болды. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңіл бөледі. Талғамы жақсы, шын сезімге бейім. Көңіл күйі тез өзгергіш.

  11. Экстравертивті тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлі нәрселер жайлы сөйлесе береді, достары мен жақындарына лидерлікті береді. Олардан бір нәрсе сұраса соны орындайды, зейін қойып тыңдайды, бірақ жеңілтек. Басқалардың әсеріне бейім, ойланбай бір нәрсе істей салады, әңгіме айтып отыруға бейім, ойланбай көп нәрсе жасайды. Көңілді уақыт өткізуге құмар.

  12. Интравертивті тип- тұйық, шындықты алшақ, данышпандыққа бейім, жалғыздықты сүйеді, тек өз өміріне басқа біреу кіріскенде ғана қақтығысқа түседі. Ұстамды, принциптері көп, қатал сенімдері мен көзқарастары болады. Бірақ бірбеткей, өз идеяларын дәлелдегіш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей береді.

Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар. Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жәйт жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.И. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш типке бөледі:

  1. Ойшыл тип- бұл негізінен сөзбен байланысты, екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.

  2. Көркем тип- бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы.

  3. Орташа тип- мұнда екі сигнал жүйесінің бірде-бірі басымдылық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады. Адам мінезінде бұлардан басқа да мінез ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етіп отыратын арнайы типтердің болуы ықтимал. Әр мінез ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі типтегі адамдардың еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып келеді.

Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы деп атайды. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомокомплекс не факторлар деп атайды.

5. Қабілет және оның түрлері

Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мысалы: оқуға бар ықылысымен берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен» дейміз.

Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғаашқы деңгейін репродуктивтік десе, екінші, негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады.Қабілетті жалпы, арнаулы және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырғыштық, мұғалімдік болып бірнеше түрге бөлінеді. Адам тіршілік иесі, оған қоса ол жаны барнәрсе ретінде табиғи күшке, өмір қуатына иә, әрекетшіл тіршілік иесі онда бұл күштер нышан мен қабілет түрінде өмір сүреді дейді К.Маркс.

Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты. Қабілетті тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілет – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиянық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышанның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас мидағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.

Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсуі қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс береді. Мәселен, әлуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін.Нышанның ерекше түрі адамдар жас кезінен байқалады.


  1. Талант, дарындылық және данышпандылық.

Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі болады. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірке айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекет нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда обьектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты іс-әректті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайларда себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандылық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір ісек деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындылық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай т.б.

Қабілеттің жоғарғы деңгейде даму талант деп аталады. Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта жетістіктерге жетеді.

Адам қабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандылық қасиетін тудырады. Бұл адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Данышпандылық қасиет – адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамның әлуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т.б. салдардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады.

Қабілеттерді қалыптастыру



Мектеп пен мұғалімнің міндеті оқушыларды оқыту ғана емес, сондай-ақ олардың қабілеттерінін дамыту болып табылады. Қабілеттілікті дамытуда оқу жұмыстарының зоро маңызы бар. Дегенмен, қабілеттілікті дамытуда оқыту әр түрлі дәрежеде ықпал жасайды. Ал қисынсыз әдістер бұл дамытуда кедергі келтіру мүмкін. Мектеп оқушысымен жеке қатынас жасай білу қажет, олардың ерекшеліктерін ескеріп, соған сай тапсырмалар берген жөн. Күшті оқушыларға, сабақта зерігіп кетпес үшін және үйде орындауға жетерліктей қосымша жұмыстар беру керек. Нашар оқитындарға, шамасы келетіндей талаптар қойып, бала нәтижелі орындай алатындай жеңілдеу тапсырмалар беріп көбірек көмектесуге тура келеді. В.А. Сухомлинский: «Егер баланың оқуда бәріне де жеңіл қолы жетсе, онда біртіндеп адамды аздыратын ой самарқаулығы пайда болады. Ой самарқаулығы бәрінен бұрын төменгі сыныптарда өріс алады, егер басқа балалардың белгілі бір дәрежеде ақыл-ой жұмсауын қажет ететін жұмысты жеңіл игеретін қабілетті бала бостан-босқа ерігуге айналады. Оқушылардың бостан-босқа құр жүруін болдырмау-белгілі бір тәрбие міндеті»,- деп жазады. Ққушыларды жұмыста тыңғылықтылыққа, дербестікке, еңбексүйгіштікке тәрбелей отырып, мұғалім сонысымен оларда еңбекке қабілеттілік деп аталатын маңызды сапаның дамуына көмегін тигізеді.

Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан-алуан. Бұларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мұғалімнің жүргізілетін осындай, жұмыстардың бірі – оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызғылықты етіп ұйымдастыру. Мәселен, мұғалім жақсы үлгіретін оқушыларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, «орташа» қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмаған дұрыс. Кей жағдайларда осындай балалардың табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болғанмен, мұғалімнің назарынан тыс қалып қояды да ол «орташа» оқушы болып кете береді. Сондықтан да оқушының келешегіне зор үмітпен қарау керек..

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет