Психология


Тіл  — сөйлесу құралдарының катаң қалыпқа келтірілген  жүйесі, ал  сөйлеу



Pdf көрінісі
бет106/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   322
Тіл 
— сөйлесу құралдарының катаң қалыпқа келтірілген 
жүйесі, ал 
сөйлеу 
— ой мен сезімді жеткізуге арналған тілдің 
екеуара қатынасты әрекеттік қолданымы. Тілдің өзінде мағына- 
ой болмайды, ол тек ойды өрнектеуге арналған эртүрлі таңба- 
белгілердің жиынтығынан тұрады. Ал осы қордан сөйлеу үшін 
қажетті белгілі тілдік қүралдар (дыбыстар, сөздер, ережеге сай 
сөз тіркестері мен сөйлемдер, эуен, ырғақ ж. т. б.) іріктеліп 
алынған шақта ғана, ой білдіру мүмкіндігіне ие боламыз.
7.3. Сөз (сөйлеу) қышеттері
Сөз негізінен екі қызметгі атқарады: коммуникативтік
сигнификативтік. Осы қызметтеріне орай сөз ортақтасу кұралы 
жэне ой мен сананың көріну формасы ретінде танылады.
Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық 
мазмұнында екені баршаға белгілі. Баяндалып жатқан сөзді 
тыңдағанымызда біздің назарымыз оның мэндік мазмұнына 
аударылады. Адам тілінің эрбір дара сөзі қандай да бір затты 
өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың не 
қүбылыстың бейнесі пайда болады. Осынысымен де адам тілі 
жануарлардың қысқа мерзімді, қашықтық күйін білдіретін 
аффектік «тілінен» ажыратылады. Жануарлар «тілі» ешқашан 
да нақты бір затты белгілі дыбыстық өрнекпен таңбалармен
таныта алмайды. Сөздің бүл қызметі — 
сигнификативтік
қызмет деп аталады. Сөздің белгілеу (таңбалау) қызметі нақты 
ұлт өкіліне түсінікті сөздерден қүралған тілдің қызметі. Осы 
қызмет нәтижесінде адам эртүрлі заттардың бейнесін жанама 
түрде санада тұрғыза алады, заттардың өзі жок болған кезде де 
олармен іс-әрекеттік қатынасқа түсе алады. Осыдан адам та- 
нымы еселеніп банды, яғни адам өзіндік сана қорында заттың 
тікелей бейнесін сақтап, таниды, оған коса сол заттың таңбалық 
баламасымен де байланысқа келеді.
Сөздің және бір, күрделірек қызметі бар. Ол арқылы зат- 
тарды талдап, олардың мэнді қасиеттерін ажыратып, заттарды 
белгілі категорияларға топтастыру мүмкіншілігіне ие боламыз. 
Осыдан сөз дерексіздендіру (абстракциялау) мен нақтылау 
құралына айналып, қоршаған дүние заттарына байланысты те- 
реңде жатқан байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге кол-


данылады. Сөздің бұл екінші қызметі 
«сөз мағынасы” 
тер- 
минімен белгіленеді. Сөзді игеру арқылы нақты заттар арала- 
сатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан бай- 
ланыстар мен қатынастарды танимыз, зерттеп, үйренеміз. Сөй- 
лесудің жэне бір қызметі — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   322




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет