Психологиялық диагностикалық жұмыстар



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі282,31 Kb.
#119666
1   2   3   4   5
Байланысты:
дасс
менеджмент, каз - СОСТАВЛЕНИЕ НОМЕНКЛАТУР ДЕЛ (4), штур сурактары, Емтихан, Ұйқыдағы қала, жеребе, құжаттар, китапханага саяхат, Апам үшін, талдау тарих
Мерзімі:______________________________



Сұрақтар тізімі

Мүлде маған қатысты емес

Белгілі бір дәрежеде немесе бір кездері маған қатысты болған

Біршама дәрежеде немесе біршама уақыт бойы маған қатысты болған

Толығымен немесе көп уақыт бойы маған қатысты болған

1

Маған алаңдаушылықтан арылу қиын болды

0

1

2

3

2

Мен аузымның құрғайтынын байқадым

0

1

2

3

3

Мен мүлде ешбір жағымды сезімдер сезінбедім

0

1

2

3

4

Мен тыныс алуымның қиындағаны сезіндім (мысалы,аса жылдам тыныс алу, физикалық күш түспесе де ентігу )

0

1

2

3

5

Маған өзімді бірдеңе істеуге мәжбірлеу қиын болды

0

1

2

3

6

Мен орын алған жағдайларға тым қатты жауап қайтаруға бейім болдым

0

1

2

3

7

Мен дірілді сезіндім(мысалы, қолдарымның)

0

1

2

3

8

Мен жүйке күшімді өте көп жұмсайтынымды сездім (жүйке қуатымды кетіретінімді)

0

1

2

3

9

Паникаға беріліп ақымақтық жасайтын жағдайлар мені мазалады

0

1

2

3

10

Мен болашақтан күтер үмітім жоқ екенін сезіндім

0

1

2

3

11

Мен қатты қобалжуды сезіндім

0

1

2

3

12

Маған бойымды еркін ұстау қиын болды

0

1

2

3

13

Мен жігерімнің әлсіреуін, мұңды және жабырқаңқы көңіл-күйді сезіндім

0

1

2

3

14

Мен қолған алған ісіме кедергі жасағанның бәріне шыдамсыздықпен қарадым

0

1

2

3

15

Мен паникаға жақын екенімді сезіндім

0

1

2

3

16

Мен ешбір іске ынта қоятындай күйде болмадым

0

1

2

3

17

Мен өзімнің жеке тұлға ретінде ешбір құным жоқ екенімді сезіндім

0

1

2

3

18

Мен аса өкпешіл болғанымды сезіндім

0

1

2

3

19

Мен денеме ешқандай күш түспесе де, жүрек қағысымды сезетінімді байқадым (мысалы, күшейіп келе жатқан жүрек қағысы немесе жүректің соғылмауын сезіну)

0

1

2

3

20

Мен негізсіз қорқынышты сезіндім

0

1

2

3

21

Мен өмірдің мағынасыз екенін сезіндім

0

1

2

3


Психикалық күйін өзін-өзі бағалау әдісі
(Г.Айзенк бойынша)
Мақсаты: Бұл сауалнама зерттелушінің психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қобалжу, фрустрация,агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Нұсқаулық: Әр тұжырымдарға қарама-қарсы келесі сандар көрсетілген: 2,1,0.Құрметті жас дос! Төмендегі сауалнамаға жауап беруіңізді сұраймыз. Сауалнамада сіздің өз-өзіңізге деген көзқарасыңыз туралы сұрақтар қойылады. Сауалнамадағы сұрақтардың "жақсы"немесе "жаман" жауабы жоқ. 
Егер тұжырым сізге сәйкес болса, 2 санын шеңбермен қоршаңыз, егер толық сәйкес болмаса 1 санын тіпті сәйкес болмаса – 0 санын белгілеңіз.

  1. Көп жағдайларда мен өзіме сенімсізбін

  2. Кейде шешімін табуға болатын жағдайлар негізсіз сияқты болып көрінеді.

  3. Көп жағдайларда нақты шешімдерді өзім қабылдаймын

  4. Әдеттерімді өзгерту қиын.

  5. Болмайтын нәрселер үшін жиі қызарамын

  6. Сәтсіздіктер мені қатты ренжітеді, ерік-жігерімді әлсіретеді.

  7. Кей-кездері әңгіме барысында серіктестімнің әңгімесіне кедергі келтіремін

  8. Менің бір істен екінші іске ауысым қиын

  9. Түнде ұйықтап жатып жиі оянамын

  10. Ірі сәтсіздіктерде, тек өзімді кінәлі сезінемін

  11. Мені ренжіту оңай

  12. Өмірімдегі өзгерістерге өте сақпын

  13. Уайымға жеңіл түсемін

  14. Бақытсыздық пен сәтсіздіктер мені ешнәрсеге үйретпейді

  15. Менің басқаларға жиі ескерту жасауыма тура келеді

  16. Пікірталас барысында мені қайта сендіру қиын

  17. Менің қиялдағы сәтсіздіктердің өзі мазасыздандырады.

  18. Пайдасы жоқ деп есептей отырып, күресуден жиі бас тартамын

  19. Айналамдағылар алдында беделді болғым келеді

  20. Кейде ойлауға тұрмайтын ойлар көп мазалайды

  21. Мен өмірдегі қиындықтардан қорқамын

  22. Кейде өзімді қорғаусыз сезінемін

  23. Кез-келген істе азға қанағаттанбаймын

  24. Мен айналамдағылармен қарым-қатынасқа жеңіл түсемін

  25. Мен өз кемшіліктерімді жиі талдап отырамын

  26. Кейде ғана көңілді жағдайда боламын

  27. Ашу үстінде өз-өзімді ұстау мен үшін өте қиын

  28. Өмірімдегі күтпеген өзгерістерді қатты уайымдаймын

  29. Мені сендіру өте оңай

  30. Қиын жағдайларда абыржып қаламын

  31. Бағынғаннан гөрі басқаруды қалаймын

  32. Кейде еш нәрседен қайтпайтынымды көрсетемін

  33. Мені денсаулық жағдайым мазалайды

  34. Кейде қиын сәттерде өзімді балаша ұстаймын

  35. Менің ым-ишарам тіке, дөрекі

  36. Мен еш нәрсеге қарамастан тәуекелге барамын

  37. Күткенді ұнатпаймын және қиналамын

  38. Менің ойымша, мен ешашан өз кемшіліктерімді түзей алмаймын

  39. Мен кекшілмін

  40. Мені жоспардағы кейбір өзгерістердің өзі ренжітеді.

Оқу тобы:_______ Аты-жөні:_____________________________________
«Көзіңнен танимын» проективті тесті
Нұсқаулық:Суретте 9 көз берілген.Көздерден өзіңізге ұнайтын бір көзді және ұнамайтын бір көзді таңдаңыз.
Бірінші таңдаған көзіңіз сіздің өз мінезіңіз жайлы мағлұмат береді, ал екінші таңдаған көз сіздің басқа адамдардың бойынан ұнатпайтын мінезді көрсетеді және де ол мінез өз бойыңызда да болуы ықтимал.
1. Сенімді көздер.
Сіз сенімді адамдар қатарына кіресіз. Сіз кез-келген адамды өз жүрегіңізбен қабылдайсыз.Сіз тәуекелшіл адамсыз.Ешкімге өзіңіздің қорқынышыңызбен өзіңізге сенімсіздігіңізді көрсеткіңіз келмейді. Сіз әркім өз қиыншылығын өзі шешу қажет деп есептейсіз.
2. Талапшыл көздер. Сіз барлығына жақсы көрінуге тырысасыз және дұрыс шешім қабалдайсыз. Сіздің әрекетіңіз басқалардың өміріне көмегін тигізеді, деп ойлайсыз.Өзіңіздің ішкі толқуыңызды, ренішіңізді ешкімге көрсеткіңіз келмейді. Сіз барлық жағдайда әділ шешім қабылдау керек деп есептейсіз.
3. Құрбан етуші көздер 
Сіз өз әлеміңізді барлық жерден табуға тырысасыз. Шырғалаңға толы өмірден өз орныңызды іздейсіз. Жан-жағындағыларыңызға өз ойыңызды ашпайсыз. Сіз өз басыңыздан көп нәрсені өткердіңіз. Сіз құлаудан кейін қайта тұруды жақсы білесіз.
4. Ойшыл көздер.
Сіз барлық істі ойланып жасау қажет деп есептейсіз. Сіз өз ойыңызбен тұңғиыққа түсіп кетесіз. Сіз өзіңізге деген сенімсіздігіңізді басқаларға көрсеткіңіз келмейді. Бір нәрсені шешуге тырысасыз, бірақ сенімсіздігіңіз басым тұрады. Сіз өмірдің өзін басқатырғыш деп есептейсіз.
5 .Құпия көздер 
Сіз құпия адамсыз. Мінез-құлқыңыз құбылмалы. Сіз көп сөйлемейсіз. Басқалармен жақын араласу үшін бірінші бақылайсыз. Сіз сенімді нәрселерді ғана айту қажет деп есептейсіз.
6. Сезімтал көздер 
Сіз барлығын назардан тыс қалдрмауға тырысасыз,өте сезімталсыз. Сізді жылату да күлдіру де оп-оңай. Өзіңіздің нәзіктігіңізді көрсеткіңіз келмейді. Сіз болашаққа болжам жасай білесіз.
7 .Жігерлі көздер
Сіз әрдайым энергияға толы жүресіз. Сізде байқағыштық қабілет бар,және шешімді тез қабылдайсыз. Кейде сіз жүйкеңізге көп салмақ саласыз.
8 .Өзімшіл көздер 
Сіз өз қызығушылықтарыңыз бар адамсыз. Сіз өз дегеніңізбен жүретін адамсыз, ережемен жүргенді ұнатпайсыз.Сіз басқаларға ашық жансыз. Сізді өзгертуге тырысудың қажеті жоқ деп есептейсіз. 
9. Сезінуші көздер
Сіз барлығын жақсы түсінетін жансыз. Адамның түр-түсінен,даусынан адамның қандай екенін білесіз. Сіз өтірік сөйлеген адамды бірден аңғарасыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет