Психологияның пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері. Психология


-ші кезең. Психология сана туралы ғылым ретінде



бет3/34
Дата29.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#177885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
емтихан дұрысы
болашақ компьютер, қозғалмалы ойындар (копия) (копия)
2-ші кезең. Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д.Локк ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. зерттеу.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді. Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сондықтан да бейнелеу субъективті.Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады.
Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.
Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология.

  1. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы
бар.XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия 
ғылымның бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану 
ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның
қоғамдық ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын 
жақсы білмейінше, оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем шығармалар туындату мүмкін емес деген.
XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке 
ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған 
психологияға эксперименттік әдістің (Г.Фехнер) енгізілуін де жатқызуға 
болады. Психологиялық ілімдердің табиғиғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, сондай ақ ірі физиологтардың еңбектері: А.А. Ухтомский, Л.А. Орбели, П.К. Анохин, Н.И. Красногорский, К.М. Быков, НА. Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар тіршілік иесінің ортаның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың рөлін анықтауға,
психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары түрге көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді. 

Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде 


орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский де ерекше атап кӛрсеткен еді. Шәкірттердің психика дүниесіне әсер ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп, нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық әрекеттерінің мазмұнын, өсіп,дамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық өзгешеліктерін білу қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу,тәрбие жұмыстары жемісті болып шығуы мүмкін.
Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т.б. 
ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға кеңінен еніп, оның жан-
жақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика  арасында тығыз 
байланыс бар. Этика адамның мінез-құлық нормаларын, адамгершілік 
принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психологияның қай саласы болсада күнделікті өмірімізге қызмет етеді. 
Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап,тілектері, өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет