Психотерапиялық кеңес беру жұмыстары



бет6/7
Дата06.07.2020
өлшемі0,74 Mb.
#74914
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мырзабекова диплом

Психотерапиялық кеңес беру

20

Т. Г.

Т

Т

Т

Т




21

Т. Е.

Т

Т

Т

Т




22

Т. Ж.

Т

Т

Ж

Ж




23

У. Р.

Ж

Ж

Ж

Ж

Психотерапиялық кеңес беру

24

И. М.

Т

Т

Т

Т





Сурет 2. 11-сынып оқушылардың психикалық күйінің пайыздық көрсеткіші


11-сынып оқушылары арасында психологиялық көмекті қажет ететін төрт оқушы анықталды. Жалпы сынып бойынша үрейлену - 25% жоғары, күйзеліс− 21% жоғары, агрессия− 21% жоғары және ригидтілік− 29% жоғары пайызды көрсетті.

Сурет 3. 10-сынып оқушысының (Қ. А.) жеке басының психикалық күйінің пайыздық көрсеткіші


Қ. А. психотерапиялық көмек көрсету бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілді. Үрейлену, күйзеліс, агрессия және ригидтілік деңгейі жоғары болды.

Сурет 4. Психологиялық көмекті қажет ететін 11-сынып оқушыларының «Жеке басының психикалық күйінің» көрсеткіштері
2-ші әдістеме Жасөспірімдердің бойындағы қобалжуды анықтау мақсатында Дж.Тейлордың «Қобалжу шкаласы» әдістемесі жүргізілді (Қосымша Б).

Әдістемесі: Дж.Тейлордың «Қобалжу шкаласы» жасөспірімдердің қобалжуын тудыратын жағдайды бағалауға арналған

Нұсқау: Сауалнамадағы бірінші сөйлемді оқыңыз. Егерде сіз берілген сөйлеммен келісеңіз, онда жауап парағындағы «Иә» бағанасына «х» белгісін белгілейсіз, егерде келіспеген жағдайда – «у» белгісі «Жоқ» деген бағанға белгілейсіз. Осылай сауалнамадағы барлық 60 сөйлемді оқып, ойланбастан жылдам жауап беруге тырысыңыз, себебі алғаш ойыңыз (басыңызға) келген жауап ереже бойынша ең дұрысырағы сол болады. Жазғандарыңызды түзетуге болмайды.

Дж.Тейлордың «Қобалжу шкаласы» әдістемесіне 49 оқушы қатысты. Яғни, бақылаушы сынып және эксперименталды сынып. Екі сыныпқа да бірдей әдістеме жүргіздім. Бақылаушы топ 25 оқушы. Эксперменттік сыныпта 24 оқушыдан болды. Эксперименттік сыныпты 3 оқушының бойында қобалжу деңгейі шектен тыс жоғары екені анықталды 12% құрайды. Ал қобалжу деңгейінің орташа деңгейде көрсеткен 15 оқушы – 60% құраса. Ал, қобалжу деңгейі төмен 7 оқушы – 28% көрсеткен.



Ал, бақылаушы сыныпта 2 жасөспірімнің қобалжу деңгейі шектен тыс жоғары 8%. Ал орташа деңгейді көрсеткен 14 оқушы- 56% құраса. Төменгі көрсеткішті 9 оқушы анықталды ол 36% құрайды.

Сурет 5. Экспериментік және бақылау сыныптарының салыстырмалы көрсеткіштері


Кесте 3 - Анықталған нәтиженінің кестесі



Эксперименттік сынып 10

Бақылаушы сынып 11

Жоғары

12%

8%

Орташа

60%

14%

Төмен

7%

9%

Осы мақсатта екі сынып оқушыларының агрессиясын анықтау үшін Е.П. Ильин, П.А. Ковалевтің «Агрессивті мінез-құлық» әдістемесі жүргізілді.

Мақсаты: Жасөспірімдердің бойындағы агрессияның дәрежесі мен себептерін агрессия шкаласы бойынша анықтау (зерттеу нұсқауы В қосымшасында көрсетілген). Шкалалар: вербальды агрессияға бейімділік, тура және жанама агрессия, физикалық агрессияға бейімділік, өзін-өзі ұстай алмаушылық.

Нұсқау: Сауалнамада 40 сұрақ көрсетілген әр сұрақта»ия», немесе «жоқ» деген жауаптап нұсқасы берілген. Сауалнаманы оқыңыз өзіңізге жақын нұсқаны белгілеңіз. Тек сауалнамаға өзіңіздің бойыңызда кездесетін қасиеттеріңізді жасырмаңыз.

Е.П. Ильин, П.А. Ковалевтің «Агрессивті мінез-құлық» әдістемесіне 49 оқушы қатысты. Сыныпта агрессиясы жоғары яғни 45 ұпайдан жоғары жинаған 4 оқушы анықталды - 14% құрайды. Ал, агрессиясының орташа деңгейін 36-44 балл жыйнаған оқушылар жатады. Олар 15 оқушы 60 % құраса. Төменгі 35 ұпайдан төмен 6 оқушы 24 % құрады.

Ал, бақылаушы сыныптан 25 оқушы қатысты. Сыныпта агрессиясы жоғары яғни 45 баллдан жоғары жинаған 3 оқушы анықталды - 12% құрайды. Ал, агрессиясының орташа деңгейін 36-44 ұпай жинаған оқушылар жатады. Олар 17 оқушы 68 % құраса. Төменгі 35 ұпайдан төмен 5 оқушы 20 % құрады. Жалпы қорытынды көрсеткіштерге байланысты алынған жауаптарды агрессия түрлеріне қарай топтастырамыз. Олар нұсқауда көрсетілген шкала мазмұнына байланысты бөлінеді.


Кесте 3 - Е.П. Ильин, П.А. Ковалевтің «Агрессивті мінез-құлық» әдістемесінің кестелік салыстырмалы кестесі



Эксперименттік сынып 10

Бақылаушы сынып 11

Жоғары

16%

12%

Орташа

60%

68%

Төмен

24%

20%


Сурет 6. Экспериментік және бақылау сыныптарының салыстырмалы көрсеткіштері


Эксперименттік сыныпта қобалжу деңгейі 3-12 % оқушыда шектен тыс жоғары болуына және 4-16% оқушының агрессиясының жоғары болуына байланысты.

Психикалық күйді қалыпқа келтіру, өзіне деген сенімділікті жоғарылату мақсатында психотерапиялық кеңес беру (түзету) жұмысының бағдарламасын құрдық. Бағдарлама құрғанда жасөспірімдердің жекелей ерекшеліктерін ескердік.

Психотерапиялық кеңес беру кезінде психотерапиялық жаттығулар, психокоррекциялық ойындар қолданамыз. Сондықтан, бағдарлама түзету және алдын алу жұмыстардың бағдарламасына ұқсас.

Жасөспірімдерге психотерапиялық кеңес берудің бағдарламасы

Жасөспірімдік жаста өзінің «Мен» бейнесін айқындау, өзін тануға талпыныс күшейеді.

Мақсаты: жасөспірімдерге өзін−өзі тануға, өзінің күшті жақтарын анықтауға, сенімсіздікті жеңуге, жеке құндылықтарын дамытуға көмектесу.

Міндеттері:


  1. Әлеуметтік−психологиялық білімді меңгерту.

  2. Жасөспірімге өзінің мәселелерін толық түсінуге көмектесу.

  3. Өзін және басқаларды тану қабілеттіліктерін арттыру.

  4. Өмірге жағымды көзқарасты қалыптастыру.

Психологиялық ықпал ету әдістерінің кешенділік принципі – психотерапиялық кеңес беруде пайдаланылатын әдістер ( арттерапия, релаксация, вербализация, аутогендік жаттығу, әңгімелесіу, сұқбаттасу) бағдарламаның мақсаты мен міндетеріне сәйкес.

Жасөспірімдік жастағы ерекшеліктерге негізделе отырып, психотерапиялық кеңес беруде біз төмендегі әдістерді пайдаландық:



  • арттерапия;

  • психодиагностика;

  • релаксация;

  • аутотренинг;

  • әңгімелесу, сұқбаттасу;

  • вербализация.

  • Бұл әдістерді тиімді пайдалану нәтижесінде:

  • эмоциялық күй реттеледі;

  • қарым−қатынас үрдісі жеңілдейді;

  • қарым−қатынастағы бөгеттер жойылады;

  • өзін−өзі реттеуге жағымды жағдай жасалады;

  • жеке бас құндылықтары артып, жағымды «Мен бейнесі» және өмірге деген жағымды көзқарас қалыптасады;

  • клиент өзінің ойын анық білдіруге үйренеді.

Психотерапиялық кеңес берудің негізі клиентті мәжбүрлемеу, қинамау, өздігінен болуға үйрету, өзін қабылдап, сүюге үйрету, өзінің күштілігін сезіндіру, өзінің қажеттілігін сезіндіру.

Психотерапиялық кеңес топтық және жекелей формада беріледі. Ең алдымен топтық формада психодиагностикалық жұмыс жүргізілді. Г. Айзенктің «Жеке бастың психикалық күйін бағалау» әдістемесі арқылы жасөспірімдердің үрейлену, күйзеліс, агрессия және ригидтілік деңгейін анықтадық. Зерттеу нәтижесінде психологиялық көмекті қажет ететін жасөспірімдер анықталды.

Содан кейін жекелей формада психотерапиялық кеңес берілді. Жеке кездесу барысында жасөспіріммен сенімді қатынас орнату мүмкіндігі болды.
Психотерапиялық кеңес беру жоспары

Әдіс және оның мазмұны

Мақсаты

Жаттығу, әдістеме атауы (авторы)

1

2

3

І кезең –алғашқы (топтық формада)

Диагностика және диагностикалық материалдарды талдау




Г. Айзенктің «Жеке бастың психикалық күйін бағалау» әдістемесі

ІІ кезең –негізгі − дамытушы кезең (жекелей формада).

Жасөспірімдердің дамуына жағымсыз ықпал ететін қиындықтар мен қарым−қатынас мәселелерін актуалдау кезеңі:



  • қысымды түсіру;

  • өзін−өзі тануға ықпал ету;

  • рефлексияны (кері байланысты) дамыту;

  • сенімді қатынас құру;

  • өзіне деген жағымды қатынасты қалыптастыру;

  • мәселені дұрыс түсінуге көмектесу.

Релаксация, аутотренинг

Психикалық күйін реттеу; қысымды түсіру

«Үйді қалпына келтіру», «Маяк», «Теңіздегі поплавок»

Арттерапия (суреттік және вербалды типтегі проективті әдістемелер)

Қарым−қатынас үрдісін жеңілдету; жасөспірімдер өз сезімдерін сезіну үшін психологиялық жағдай жасау

«Күн сәулесіндегі менің бейнем», «Менің ағашым»

Вербализация

Өзін−өзі тану үрдісін тереңдету

«Менің жақсы қасиеттерім»

Әңгімелесу, сұқбаттасу

Өзіне жағымды көзқарасты арттыру

«Өзіме қанағаттанбаймын: өзімді қабылдаймын»

ІІІ кезең − қорытынды−қалыптастырушы кезең (топтық формада). Өзін−өзі тану үрдісін белсендіру, жеке қажеттілік сезімін қалыптастыру:

  • кикілжінді жағдайда өзін−өзі басқару сезімдерін қалыптастыру;

  • өзін−өзі қабылдау деңгейін жоғарылату;

  • жанашырлық сезімін дамыту.

Психотерапиялық жаттығулар

Қысымды түсіру; жасөспірімдер арасында сенімді қатынас құру; өзінің сезімдері мен ойларын еркін білдіруге ықпал ету.

«Ағаштар», «Тауға саяхат», «Құтқару»

Арттерапия

Коммуникация үрдісін жеңілдету; эмоциялық күйді реттеу.

«Менің көңіл−күйімнің суреті», «Ағаштар суретін саламыз»

Психотерапиялық кеңес беру үрдісі әңгімелесу түрінде жүзеге асты.

Зерттеу барысында дағдарыс жағдайға жиі ұшырайтын жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл оқушылармен мектеп психологы түзету жұмысын жүргізеді және психологиялық кеңес береді.

Біз бұл жасөспірімдерге жекелей және топтық формада психотерапиялық кеңес бердік. Клиентпен сенімді қатынас орнату үшін мектеп психологының көмегіне жүгіндік.

Жекелей психотерапиялық кеңес беру шақыру бойынша жүзеге асты. Ең алдымен жасөспірімдермен жекелей кездесу кестесін құрдық.




Клиент

Кеңес беруде қолданылатын әдіс−тәсілдер

Мақсаты

Жиілігі

1

Қ. А. 10-сынып оқушысы

Терапиялық жаттығулар, аутотренинг, релаксация, проективті тесттер

Қысымды түсіру, сенімді қатынас орнату

Айына екі рет

2

А. Б. 11-сынып оқушысы

Вербализация, психодиагностика

Үрейді жою, сенімді қатынас орнату

Айына екі рет

3

Т. А. 11-сынып оқушысы

Рационалды терапия, арттерапия

Жағымсыз эмоцияларды жою

Айына екі рет

4

У. Р. 11-сынып оқушысы

Арттерапия, музыкотерапия, психотерапиялық жаттығулар

Сенімді қатынас орнату, эмоционалды қысымды азайту

Айына екі рет

Кеңес алуға жасөспірімдер алғашқы рет шақыру бойынша келді. Содан кейін оларға келесі кездесу күнін айттық.

Біздің психотерапиялық кеңес беруіміздің мақсаты− жасөспірімдерге мәселені түсіндіру және шешудің жолын табуға көмектесу. Кеңес берудегі сәттілік көбінесе психологтың клиентті кәсіби тыңдап, оның өзі туралы көзқарастарын кеңейте білуінде.

Кеңес беру үрдісінде мына міндеттерді шештік:



  • психикалық саулық деңгейін бағалап, психологиялық көмек көрсету әдісін дұрыс таңдадық;

  • клиентке оның психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат бердік;

  • жалпы психологиялық саулығын жоғарылаттық;

  • клиенттің жасырын психологиялық ресурстарын жаңарттық;

  • тұлғалық үйлеспеушілікті жойдық;

  • тұлға дамуының негізгі бағытын анықтадық.

Жасөспірімге кеңес беру кезінде онымен диалогқа түстім. Жасөспіріммен сенімді қатынас құру үшін мәселені бірге шешу принципіне сүйендім.

Психологқа жасөспірімдер көбінесе жеке бас мәселесі бойынша көмек сұрап келеді.

А. Б. клиентке кеңес беру үрдісін көрсетеміз. А. Б. отбасымен жиі кикілжіңге түседі. Соның нәтижесінде өзі−өзіне қол жұмсау ойы болды ( дәрі арқылы улану жолымен).

Мақсатымыз – өзіне қол жұмсаудың алдын алу және психозақымдаушы жағдайды шешу.

Міндеттері:


  • психозақымдаушы жағдайды жеңуге көмектесу;

  • суицидтік тенденцияға ықпал етуші жеке бас ерекшеліктерін түзету.

Кеңес беруден кейін: алдын ала құрылған психотерапиялық кеңес беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеу, тренингтік топқа енгізу.

Кеңес беруде мына принциптерді ұстандық:



  • анонимділік;

  • конфиденциалдық (құпиялылық);

  • клиент кез келген уақытта психологиялық көмек ала алады;

  • кеңес беру нормасын ескеру.

Ең алғашқы рет мына кезеңдер бойынша кеңес бердік.

Алғашқы кездесу уақытын шектеген жоқпыз. Алғашқы әңгімелесу барысында А. Б−ның үрейлену мен үмітсіздік сезімін азайтуға бағытталдық.

Қатынас құрдық.

Бұл кезеңде А. Б. клиентті жанашырлықпен тыңдадым. Мейірімділік, қолдау, қабылдау және ашық, тікелей сұрақтар арқылы клиентті тыңдауға дайын екендігімізді білдірдім.

Жағдаятты қайта құру.

Клиенттің сезімін шығару үшін болған жағдайға ойша оралуға мүмкіндік жасадым. А. Б. клиент көңілі босап жылады.

Мәселені түсінуге көмектесу.

А. Б. дағдарыс жағдай мен қазіргі жағдай арасында айырмашылықты сезінуге ықпал еттім. Бұл кезде жасөспірімге ешқандай кеңес берген жоқпын, тек «Үйді қалпына келтіру» атты релаксациялық жаттығу өткіздім. Бұл жаттығу клиенттік ішкі дағдарысын жоюға және психикалық күйін реттеуге мүмкіндік берді. Жаттығудан кейін клиент өзін жақсы сезінгенін айтты.

4. Жағдаятты жеңуге көмектесу.

А. Б−ның отбасымен, әсіресе, апайымен болатын қақтығыстар басқа да отбасыларында жиі кездесетінін түсіндірдім. Көптеген адамдар бұл жағдайдан шығатыны туралы және өз өмірімнен мысал келтірдім. РЖ кейін клиент менің кеңесімді дұрыс қабылдады. Алайда, оның жағжайы өте қиын және шыдамдылық қажет екенін де түсіндірдім.

5. Жағдайдын ауыртпашылығын азайту.

Клиент қиын жағдай туғанда өмірге жағымсыз көзқарас туатыны туралы айтты.

Клиентке өз өмірі үшін тек өзі ғана жауап беретіндігі туралы айттым. Қандай қиын жағдай болмасын, ең алдымен оны барлық мүмкіндігімен шешу керектігін түсіндірдім.

Бұл кезеңде А. Б. өмірді неге сүймейтінін анықтадым.

6.Өзі−өзіне қол жұмсауға қарсы келісім шартқа отыру.

Мен А.Б. клиентпен өзіне зақым келтірмеу келісім шартына отырдым. Оның мәселесін шешудің барлық жолын қарастыратынымызды айттым. Клиенттің нағыз ойын білу үшін тікелей сұрақтар қоюдың қажеті жоқ деп ойлаймын. Мысалы: «Өзі−өзіне қол жұмсау ойы бар ма?». Әрине, мұндай сұраққа клиент «жоқ» деп жауап береді. Мен А.Б. клиентпен мына диалогқа түстім.

Мен: Саған өмір мәнсіз сияқты ма?

А.Б.: Иә.

Мен: Мәселені шешу мүмкін емес деп ойлайсын ба?

А. Б.: Солай деп ойлаймын.

Мен: Өлім туралы ойлайсын ба?

А.Б.: Қиналған кезде. Отбасымен кикілжінге түскенде.

Мен: Өмірінді аяқтағын келе ме?

А. Б.: Кейде.

Мен: Мұны қандай жолмен жүзеге асырғын келеді?

А. Б.: Уланғым келеді. Кейде қашып кеткім келеді.

Бұл диалогтан клиенттің өзіне қол жұмсау туралы ойы нақты екенін түсіндім.

7. Жағдаятты тұжырымдау.

Көп жағдай клиент жағдайды толық жеткізіп түсіндіре алмайды. Бұл кезде жағдаятты тұжырымдауға көмектесу қажет. Клиенттің жағдайын түсініп қабылдау керекпіз. Сонда ғана клиент өзінің мәселесін қиын еместігін түсінеді.

8. Әрекеттерді жоспарлау.

Алғашқы кездесуде А. Б. жағымсыз реакцияларды тудырған жағдайды тікелей шешуге дайын болған жоқ. Алайда, А.Б. келесі кездесуге дейін кеңес беруден тыс әрекетін жоспарладық.

Клиентпен әрбір сағатын жоспарладық.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет