Психотерапиялық кеңес беру жұмыстары


Зерттеудің практикалық мәнділігі



бет5/7
Дата06.07.2020
өлшемі0,74 Mb.
#74914
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мырзабекова диплом

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу барысында жинақталған материалдарды психология және педагогика мамандығының студенттеріне ұсынуға болады; Жинақталған материалдарды мектеп психологтары өз тәжірибелерінде пайдалана алады.

Зерттеу әдістері:

  • Г.Айзенктің «Жеке бастың психикалық күйін бағалау» әдістемесі;

  • Дж.Тейлордың «Қобалжу шкаласы» әдістемесі;

  • Е.П. Ильин, П.А. Ковалевтің «Агрессивті мінез-құлық» әдістемесі.

Зерттеу құрылымы: ғылыми зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Зерттеудің базасы: Семей қаласының №38 жалпы орта білім беретін мектеп –лицейі

1 Психотерапиялық кеңес беру жұмыстарының ғылыми-теориялық негізі


1.1 Психотерапиялық кеңес беру жұмыстары жөніндегі ғылыми еңбектердегі көзқарастар
«Психотерапия» терминінің мәні екі түсінікпен байланысты. Бұл сөз грек тілінен аударғанда psyche – жан және terapeia – қамқорлық, емдеу: «жанды емдеу». «Психотерапия» терминін 1872 жылы Д.Тьюк өзінің «сананың денеге әсерін көрсету» кітабында енгізді және ХІХ ғасырда әйгілі болды. Бүгінгі таңда психотерапияның барлық түрлері мен формаларына бір анықтама қалыптасқан жоқ.

Психотерапиялық кеңеспсихологиялық мәселелерді шешуге бағытталған әрекет түріндегі жеке даралық байланыс, қиыншылықтарына байланысты ұйымдасқан әңгіме түрінде өтетін тікелей жұмыс. Психотерапиялық кеңес кезінде психолог әр түрлі теориялар мен әдіс-тәсілді құжаттарға сүйене алады. Психотерапиялық кеңес іс-тәжірибедегі танымал бағытта З.Фрейд психоанализі, Адлер жеке-даралық психоанализі, Юнгтің аналитикалық анализі, т.б. кіреді. Әр бағытта сыныптың кеңесшіге арналған өзіндік әдіс-тәсіл мақсаты және шешімі психологиялық шындыққа негізделеді. Сонымен қатар әр маманның өзінің алдына қойған міндет пен талаптары болады, олар яғни психолог бұл мақсат-міндеттерді өзінің кәсіби шеңберіне сүйене отырып, жүзеге асырылады. Психотерапиялық кеңес кезінде қарастыратын мінез-құлық принципі тек кәсіби іс-әрекет этикалығы психологиялық ықпалдық жемісі болып табылады. Себебі, психотерапиялық кеңес кезіндегі психологтың сыныпқа деген қарым-қатынасы және оның жағдайына қажетті психологиялық көмек көрсетеді. Тағы бір айта кететіні, әр адам өмірінің әр қилы болғаны оған болжам жасау оған қиынырақ болады. Сондықтан психолог әр кезде өмірлік тәжірибеге кепілдік береді. Психотерапиялық кеңес беру процесінде ашық эмоционалды бірлескен түсінік және әңгіме кезінде толық психологиялық жағдайдың тууы сыныптың психологиялық атмосферасында өзін жақсы сезінудің негізгі себебі болып табылады.

Психотерапиялық кеңес беру мақсаты – сыныпқа психологиялық көмек көрсету, бұл психотерапиялық кеңес балаларға және ата-аналарға арналған тікелей жұмыс болып табылады. Психотерапиялық кеңес беру процесі кезінде төмендегі мәселелер шешіледі:


  1. Психикалық денсаулық және психологиялық көмек көрсетуде оның жағдайын бағалау;

  2. Сынып мәселесін шешуде оны психологиялық мәселеде қарастыру;

  3. Жалпы психологиялық білімді көрсету;

  4. Сынып мәселесін шешуде кәсіби көмек көрсету;

  5. Сынып жағдайына қарай коррекциялық жұмыстарды пайдалану.

Психологиялық көмек жеке және даралық формада жүргізіледі. Топтық психотерапиялық кеңес сыныпқа алдын-ала жүргізіледі, яғни жеке кеңестен соң ұйымдастырылады. Жеке психотерапиялық кеңес жүргізу бағыты 4 деңгейге бөлінеді:

  1. Сыныптың жеке өтініші бойынша;

  2. Бағыт, мақсатқа байланысты психотерапиялық кеңес;

  3. Диагностикалық әдістерді қолдану негізіне байланысты кеңес;

  4. Психотерапиялық кеңес жүргізу барысында әртүрлі психологиялық әдістің қолданылу барысында жүргізілетін кеңес.

Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде көрсетілгендей, оқу-тәрбие процесіндегі психотерапиялық кеңес беру принциптеріне өз еріктілік принципі, конфиденцианалды, балалар қызығушылығын ескеру, клиенттің жеке тұлғалық ерекшеліктерін сыйлау, психологтың жауаптылық принципі жататыны белгілі. Аталған принциптерге сүйене отырып, мұғалімдер психологпен бірлесе отырып, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануы өзіндік маңыздылық ерекшеліктерімен анықталады.

Мектеп психологының жасөспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларына және олардың ата-аналарына психотерапиялық кеңес беру жұмысы, бастауыш сынып оқушыларының мәселесіне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар, біріншіден – жасөспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларының алдында тұрған мәселелердің кеңдігімен, екіншіден жасөспірімдік шақтағы кризистік кезең мәселелерімен байланысты, үшіншіден мектеп оқушысы мектеп психологының алдында көмек сұрай келетін клиент ретінде есептеледі. Жасөспірімдер мәселелерін қарауда әйгілі ғалым А.Т.Лидерс жасөспірімдерге психотерапиялық кеңес берудің келесі түрлерін ұсынады:



  • Жасөспірімдер психолог – психотерапиялық кеңес беруші мәселелерді шешуде клиенттің жас шамасына қарайды.

  • Ата-аналарға психотерапиялық кеңес беруде баланың көзінше қарастырылатын мәселеге көңіл аудару қажет.

  • Жасөспірімдермен жасалатын жұмыста жасөспірімнің жыныстық қатынасының дамуын психолог еске алуы қажет.

Оқу-тәрбие процесінде туындаған мәселелерді шешуде психотерапиялық кеңес беру жұмыстарының кезеңдері де өзіндік орынға ие. Себебі, психотерапиялық кеңес беру бірнеше кезеңдерден тұратындығы. Оның кезеңділігіндегі негізгі әдіс интервью кезінде ескеріледі.

Интервью термині (ағылшынша: interiew - әңгімелесу, кездесу) психологияда түрліше түсіндіріледі. Жалпы мағынасында интервью – ауызша сұрау арқылы әлеуметтік – психологиялық ақпаратты алу тәсілі ретінде қарастырылады. Интервьюдің екі түрі бар: еркін (әңгімелесу тақырыбы және формасы шектелмеген) және стандарттық (формасы жағынан жабық сұрақтары бар анкетаға жақын). Респонденттің (сұралушының) өз әрекеттерін түсіну деңгейіне байланысты интервьюлердің басына келетін ситуацияларды да бөліп қарастыруға болады:

а) респондент өзінің әрекеттерінің неге осылай болғандығын біледі;

б) респондент өз әрекеттерінің себебі туралы ақпаратты толық білмейді:

в) интервьюлер симптоматикалық ақпаратты алуды өзіне мақсат етіп қояды, бірақ бұл респондентке солай көрінбейді.

Әрбір ситуация интервьюдің түрлі әдістерін қолдануды анықтап отырады. Бірінші жағдайда реттелген, қатаң бағытталған сұрақтарды қолдану жеткілікті. Ал қалған екі жағдайда респондентпен интервьюлердің серіктестігін қамтамасыз ететін әдістер керек, мұнда қажетті ақпаратты іздеу процесі жүреді. Мұндай әдістерге мысал ретінде диагностикалық (басқарылатын және басқарылмайтын) және клиникалық интервьюді айтуға болады. Біріншісі – психотерапия туралы ақпарат алу, екіншісі – психологиялық көмек кезіндегі психотерапиялық әңгімелесу болып табылады. Әдебиетте әдетте психотерапиялық кеңес беру интервьюдің «бес қадамдық» моделі көрсетіледі:

1 кезең – контакт орнату және клиенттің іске, жұмысқа бағдарлануы;

2 кезең – клиент туралы ақпарат жинау, «мәселе неде» деген сұраққа шешім табу;

3 кезең – қалаулы нәтижені саналау (саналы түрде сезіну), «сіз неге жеткіңіз келеді?» деген сұраққа жауап табу;

4 кезең – альтернативтік шешімдерді қарастыру («біз мына жағынан не істей аламыз?»);

5 кезең – психологтың клиентпен арақатынас нәтижелерін резюме формасында жалпылауы.

Ролло Мэйдің «Психотерапиялық кеңес беру өнері» атты танымал еңбегінде кеңес беру процесі былай нақты көрсетілмеген, бірақ оның кезеңдері жақсы көрсетіледі.

Р.Мэй былай жазады: «Ал, клиентпен контакт орнатылды, рапортқа қол жетті, енді кездесудің басты бөлігі басталады – шер тарқату, яғни клиенттің бәрін «сыртқа шығара» алатын мүмкіндігі бар кезең ... клиент бәрін, өзінде толып қалған жағдайын айтып, мән-жайды толық айтқан соң барып талқылау кезеңі басталады» [47].

Келесі тарауды Р.Мэй былай бастайды: «психотерапиялық кеңес берудің соңғы фазасын қарастырайық – ол тұлғаның трансформациясы, бұл дегеніміз бар процестің мақсаты да, аяқталуы да болып табылады». Енді автор ойын жүйелейтін болсақ, кеңес беру процесінің 4 кезеңнен, атап айтсақ, клиентпен контакт орнату (рапорт), шер тарқату, ашылып айту, талқылау, тұлғаның трансформациясы.

Кари Роджерс оқушыларға психотерапиялық кеңес беруді жеке жұмыс әдістерінің біріне жатқызуға болатынын айтады. Білім беру мен кәсіптік бағдар саласында психотехникалық түрлі әдістер көп қолданылғанымен, оның басым бөлігін психотерапиялық кеңес беру алады.

Психологиялық көмектің түрлеріне мінездеме бергенде әртүрлі әдебиеттерде әртүрлі ақпарат берілуі мүмкін. Б.Д.Карвасарский редакциясы бойынша «Психотерапевтік энциклопедия» еңбегінде кеңес беру - «проблемалық жағдаятты шешу жолындағы пациентке деген кәсіби көмек», яғни, мұнда пациент ретінде «ауру немес ауру емес адамдар болуы мүмкін, олардың проблемалары экзестенциалды дағдарыс ретінде, тұлғааралық конфликт ретінде отбасылық қиыншылықтар немесе кәсіп таңдаудағы қиыншылықтар» болуы мүмкін [36].

А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский сөздігінде кеңес беру - психологиялық көмектің бір түрі ретінде «әртүрлі психологиялық қиыншылықтардан шығу жолы» [53].

Мельсон-Джоунс психотерапиялық кеңес беруді психологиялық процесс ретінде қарастырады, яғни оның көзқарасы бойынша барлық кеңес берушілік бағыт - «сезімді, ойды және адамдардың әрекетін олардың тиімді өмір сүру үшін өзгертуге» өзінің қабылдауына алады.

С.Ю.Головинаның редакциясы бойынша шыққан сөздікте психотерапиялық кеңес беруге келесі ұғымды енгізді: «практикалық психологиялық көмек кеңес ретінде өтеді, яғни, проблеманы қайтадан талқылау барысында, сонымен қатар клиенттің қоршаған адамдармен қарым-қатынасын анықтау» [21].

Психотерапиялық кеңес беруге жоғарыда келтірілген анықтамаларды қорытындылай келе, осы процесстің келесі негізгі ерекшеліктерін көрсетеміз:



  • психотерапиялық кеңес беру – психологиялық көмек көрсетудің бір түрі;

  • бұл көмек практикалық, процессуалды мінездемеге ие;

  • бұл көмекті квалификациясы бар маман көрсетеді;

  • бұл істі жүзеге асыру үшін клиент қажет;

  • клиенттің өмірінде психологиялық дискомфорттың болуы;

  • клиенттің өзінің мәселесін шешуге деген ынтасының болуы;

  • мақсатқа бағытталған кеңес берушілік іс-әрекет;

  • кеңес беру процесі конфиденциалды жағдайда өтеді;

Сонымен психотерапиялық кеңес беру – практикалық психологияның аймағы, мақсаты – психологиялық көмек көрсету, яғни, арнайы ұйымдастырылған әңгіме түрінде өтеді.

Психотерапиялық кеңес берудің астарындағы жаңа ой - әрбір психикалық денсаулығы бар адам өзінің өмірінде кездескен психологиялық проблеманы өзі шеше алады. Клиент әрқашанда өзінің проблемасының шығу себебін және оның қалай шешілу керектігін білмейді және осы себептен ол маманның көмегіне жүгінеді. Психотерапиялық кеңес берудің басқа көмектің түрлерінен ерекшелігі, бұл жағдайда клиент негізгі ролді атқарады. Психокоррекция мен психотерапия жұмыстарындағы қорытындыға психолог жауапты болса, ал психотерапиялық кеңес беру жұмысында психокоррекциялық жұмысты клиент өздігінен орындайды. Жұмыстың қорытындысына жауапты клиент болады. Ал психолог өз тарапынан берілген кеңестің дұрыстығына жауапты.

Психотерапиялық кеңес берудің спецификасы келесі параметрлер бойынша анықталады:


  1. Клиенттің маманмен қысқа мерзімдік контактісі.

  2. Берілген контактінің эпизодтылығы.

  3. Клиенттің психолог кеңес берушімен әрбір кездесуінің практикалық тұрғыда аяқталуы.

  4. Кеңес беру процесінде клиенттің активтілігі.

  5. Кеңес беру процесі аяқталғаннан кейінгі клиенттің маманның берген кеңесіне жүгіне отырып, өздігінен істеген іс-әрекет.

Кейбір жағдайларда психотерапиялық кеңес беру екі немесе үш кездесуден кейін де жалғаса беруі мүмкін. Мұндай көп кездесу тек белгілі бір ситуацияларда ғана болуы мүмкін. Ең біріншіден клиенттің белгілі бір психологиялық ерекшелігі болуы керек, яғни, бұл клиентке проблеманы өздігінен шешуге мүмкіндік бермейді. Мұндай ерекшелікке біз: агрессивтіліктің жоғары дәрежесі, рефлексияның болмауы, өз-өзіне сенімсіздігі. Бұл жағдайда әрбір проблемаға белгілі бір кездесу мөлшері керек.

Клиенттің психотерапиялық кеңес көмегіне жүгінген адамның проблемасының түріне байланысты психотерапиялық кеңес берудің келесі түрлері болады:



  • индивидуалды кеңес беру (тұлғалық қасиетке байланысты проблема, ішкі конфликтілер, психологиялық травмалар, қорықыныштар, тұлғааралық қарым-қатынас проблемасы).

  • ерлі-зайыптыларға берілетін кеңес (ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы, төсек қарым-қатынасының проблемасы, ажырасуға дейінгі немесе кейінгі жағдай);

  • отбасылық кеңес (психологиялық-педагогикалық проблема, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы);

  • профкеңес (мамандық таңдау, қабілеттерді анықтау);

  • ұйымдастырушылық (кадрлық саясат, фирманың имиджі, жұмыстағы әріптестермен қатынас).

Адамдардың санына байланысты кеңес берудің түрлері:

  • индивидуалды;

  • топтық,

Жеке топтық кеңес беруге қашықтықтан кеңес беру түрін жатқызуға болады:

  • телефон арқылы кеңес беру,

  • хат арқылы.

Кеңес берудің түрлері ереже бойынша проблеманы шешуге байланысты жүргізілетінін есте сақтау қажет.Сондықтан да әр проблемаға жататын кеңес беру болмайды, олар бір-бірімен байланысты. Мысалы: жеке адамға берілетін кеңес беру, бір уақытта индивидуалды болуы да мүмкін. Сонымен қатар тәжірибелік жұмыста «таза» проблема ереже бойынша болматынын маман есте сақтау қажет. Әрбір проблеманың өзіндік қиындықтары бар. Кеңес берудің түрлерін есепке ала отырып адамдардың психолог-кеңес берушіге келетін келесі ситуациялық жағдайларды ұсынамыз:
Кесте 1 - Клиенттің психологиялық көмекке жүгінетін негізгі жағдайлар


Жағдайлар

Клиенттің проблемаға көзқарасы

Дағдарыстық жағдай.

  • осы жағдайдан қалай шығу керектігін білмейді;

  • проблеманы қалай шештінін біледі, бірақ қолдау іздейді.

«Хроникалық» ауыр кезең.

  • жағдайдан қалай шығу керектігін білмейді;

  • проблеманы қалай шештінін біледі, бірақ қолдау іздейді;

  • проблеманы өздігінен шешуге ресурстар жеткіліксіз.

Эмоционалды бұзылыс күйі (ақырғы тамшы).

  • Жағдайдан қалай шығу керектігін білмейді.

Психологиялық жалғыздық.

  • қарым-қатынасқа түсуге ұмтылу;

  • қызығушылық.

Кесте 1 жалғасы
Клиенттің алдында қандай мақсат барына қарамастан профессионалды этикадан шықса да кеңес беруші көмек сұраған адамдарға көмектесуге міндетті.

Психотерапиялық кеңес беру процесінде маман келесі тапсырмаларды шешуге міндетті:



  1. клиенттің жекелік қасиетін білу;

  2. проблеманың негізін білу;

  3. клиенттің проблеманы шешуге ынтасын білу;

  4. мақсатты болжау (проблеманың шешілмегенін клиент қалай түсінеді);

  5. клиентпен бірге отырып мақсатқа жету алгоритмін жасау;

  6. клиенттің осы проблемалық тұрғыдан себебін түсінуіне қол жеткізу;

  7. келешекте болатын проблемелердың алдын алуға клиентті үйрету;

  8. клиентке керек болған жағдайда оның тұлғалық ерекшелігін және оның проблемасының негізі туралы ақпаратты жеткізу.

Осылай психотерапиялық кеңес беру психологиялық көмектің бір түрі ретінде қарастырамыз, яғни, клиентті оркестр түрінде қарастырамыз, яғни ол өмірлік ситуациялардан, жекелік ұқсастықтардан тұрады, ал мамандық композитор- дирижер ретінде қарастырамыз, оның міндеті «клиенттің психологиялық проблемасын шешу».

Кеңес беру процесінің қорытындысын төмендетуші факторлар.

Психотерапиялық кеңес берудің астарында екі тұлғаның- кеңес беруші мен клиенттің қарым-қатынасы. Кеңес беру процесінің қортындысының төмендегі факторлар әсер етеді: тұлғалық фактор, уақыттық, кеңістік, экономикалық.


  1. Тұлғалық фактор. «Адам көп нәрсесіз күн көре алады, тек адамсыз ғана емес» (Л.Берне). Бірақ адамның жан дүниесі «сәйкес келмесе» онда олар бір-бірінсіз өмір сүре алады.

  2. Уақыттық фактор. Клиенттің проблеманы шешуге бос уақытының болмауы (клиенттің жұмыс кестесінде бос уақыттың болмауы).

  3. Кеңістік фактор. (Өмір сүру орнының ауысуы).

  4. Экономикалық фактор. Егерде клиенттің жекелік кеңес берушіге көмекке жүгінсе, яғни клиенттің қаржылық жағдайы келмесе, онда оның психологиялық проблемасының шешілуіне кедергі болады.

Кесте 2 - Қорытындының төмен болуына клиенттің позициясы және оның себептері




Кеңес берушілік процестің қорытындысының төмен болуына клиенттің позициясы

Оның себептері

  1. Ойланып табылған проблеманы қарастыру.

2. Проблеманы шешуге деген ынтаның жоқ болуы.



  • өзіне көңіл аудартуға жақын болу;

  • жалғыздық.

  • Орын ауыстыруға деген қорқыныш.

Психотерапиялық кеңес беру тәжірибесінде ата-аналар мен мектепке дейінгі балалардың арасындағы қарым-қатынастарында болатын келесі проблемалық нұсқалар болады:

Нұсқа 1. Әке мен ана болып үлгерген жас отбасыларында 1-3 жасқа дейінгі балаларымен қарым-қатынасындағы әртүрлі қиыншылықтар. Бұл қиыншылықтар көбінесес бала шектен тыс белсенді болғанда немесе керісінше, бала пассивті, барлық нәрсеге үстіртін қарағанда кездеседі. Балада бұл екі ерекше мінез-құлықтың болуы ата-аналарда қорқынышты тудырады.

Нұсқа 2. Ата-ана жасөспірім балаларының арасында дұрыс қарым-қатынас орнамағандығын және олардың арасында конфликт болатынын айтып шағымданады.

Нұсқа 3. Жасөспірімнің өзіндік бағалауы төмен болғанда.

Нұсқа 4. Баланың мектепке барғысы келмейді, ал бұл жағдай ата-аналарды алаңдатады.

Нұсқа 5. Мектептік жастағы баланың психикасы мен мінез-құлқынан жас ата-аналар оларды алаңдататындай көрініс көреді.

Нұсқа 6. Оқушының өздерінен талап ететін барлық нәрсені жасап бағады. Бірақ осыған байланысты ата-аналарда мәселе туындайды.

Нұсқа 7. Ата-аналар балаларын мектепке ерте жастан бергісі келеді, бірақ олар баланы ерте жастан оқуға бергенін дұрыс деп есептемейтіндеріне сенімді емес.

Осы қарастырылған әрбір жағдайға психотерапиялық кеңес беру ерекшеліктеріне тоқталып өтсек.

Жағдай 1. Балада дағдарыс басталады және бала жоғарғы психологиялық дамуына ие болады, ал мұны ата-аналар байқамайды. Сондықтан ата-аналар балаға деген қарым-қатынасын уақытында бекітпейді және сол уақытта баланың ата-анамен қарым-қатынасында дағдарыс басталады.

Баланың ата-анасын тыңдамау-баланың ата-анасының өзіне деген қарым-қатынасына қанағаттанбау. Яғни ата-ана баланың бір жасқа болсын өскенін байқамайды және балада жаңа қызығушылықтар мен қажеттіліктер пайда болады. Баланың өздігінен жүруін шектей отырып, үлкендер балалық жаңа қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне кедергі жасай отырып баланың өздеріне деген қарсылықтарын тудырады.

Осы проблемаға байланысты кеңес алуға көмекке келген ата-аналарға психолог кеңес беруші ең біріншіден осы жайттарды ұғындыра отырып, ата-аналарға арнайы осы тақырыпқа арналған педагогикалық-психологиялық әдебиет ұсыну қажет. Бұл әдеби кітап маман емес адамдарға қолайлы болуы керек және баланың жасерекшелік дамуының дағдарысында ата-аналарға берілетін кеңестер мазмұны болуы қажет.

Сонымен психотерапиялық кеңес беру – практикалық психологияның аймағы, мақсаты – психологиялық көмек көрсету, яғни, арнайы ұйымдастырылған әңгіме түрінде өтеді.

Кеңес беру әдісі мен түрлері:

1. Теориялық қабылдау қабілеті бойынша (психоаналитикалық, тәртіптік, гуманистік, гештальт кеңес беру аясында);

2. Клиенттің жасы бойынша (бала, жеткіншек, ересек);

3. Ұйымдастыру түрі бойынша (іштей бетпе-бет сөйлеу, хат арқылы, интернет, телефон арқылы);

4. Клиенттердің саны бойынша (жеке, топтық);

5. Психологиялық проблема бойынша (тіл табысу проблемалары, жеке проблемалар, көңіл-күй проблемалары);

6. Қосымша жүйе (мектептік, жұмыстық, жанұялық, ерлі-зайыптылық, бизнестік). Психологиялық кеңес беру түрлеріне тоқталатын болсақ, ол әр түрлі адамдар мұқтаж болып және түрлі жағдайлармен келетіндіктен психологиялық кеңес беруді клиенттердің жеке ерекшеліктеріне байланысты және олардың проблемалық мүшелеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады.

Ең бірінші, жеке тұлғалық психологиялық кеңес беру. Бұл түрге адамдардың жеке проблемаларына байланысты кеңес алу жатады. Мысалы, адамның арылғысы келетін психологиялық және мінез-құлықтық кемшіліктері немесе адамдармен қарым-қатынас арасындағы жеке басына қатысты проблемалар, әр түрлі қарым-қатынастар, жолы болмаушылық, психогенді аурулар жатады. Бұл жерге соныымен қатар, адамның өз-өзіне көңілі толмауын, интимді проблемаларды да жатқызуға болады. Екінші түріне, психологиялық кеңес беруде көп кездесетін және өте маңызды мәселе отбасының кеңеске жүгінуі. Бұл жерге отбасындағы немесе отбасы мәселесінде туындайтын әр түрлі жағдайдағы кеңес беруді жатқызамыз. Сонымен қатар, болашақ жарды таңдауда да психологиялық кеңес өте маңызды. Үшінші түрі педагогикалық- психологиялық кеңес беру. Бұл жерде кеңес берушінің клиентпен тәрбие, оқу мәселесі жөніндегі әңгімелерін ересек адамдардың педагогикалық біліктілігін жоғарлату педагогикалық басшылық, балалар және ересек адамдардың топтарымен басшылық жасау секілді мәселелер бойынша туындайтын проблемалардың шешімін табуға бағытталады. Арнайы практикалық психологиялық білім деп психолог-кеңес берушінің практикалық қызметіне, оның адамдармен жұмыс жасау барысындағы психологиялық әдістерді меңгеруіне байланысты білімді айтамыз. Бұл жерде арнайы практикалық психологтарды жоғарғы оқу орындарында дайындау барысында берілетін, меңгерілетін білім жайында айтуы керек.

Практикалық жұмыста психолог-кеңес берушіге өте мол тәжірибе қажет. Себебі, ғылым мен психологияны үйретумен емес, адамдардың шынайы өміріндегі қиын және күрделі проблемаларымен жұмыс жасауы қажет. Жоғарғы оқу орындарында алынған білім практикасыз, тәжірибесіз еш нәтиже бермейді. Психолог консультанттың ұшырасуы мүмкін жағдайларының ешқайсысының алдын-ала қаралынбайды, анықталмайды. Сондықтан кез-келген жағдайда психолог-кеңес берушіге тәжірибе ауадай қажет. Осы айтылғандардың барлығы психолог-кеңес берушінің жақсы-жаман болуы үшін де маңызды. Біліммен қатар психолог-кеңес берушінің жеке басының да жақсы, сапалы қасиеттерінің болуы керек. Мысалы, ол адамдарды жақсы көруі қажет, олардың жағдайын, күйін сөзсіз түсінуі, ұғына білуі да маңызды рол атқарады. Сонымен қатар, психолог-консультант шыдамды, жомарт жан болуы да оңтайлы болып табылады. Ең бастысы, нағыз психолог-кеңес берушінің қасиеті «клиентті түсінуге ұмтылу» оған өзін жақсы жағынан көрсете білуіне, жақсы қасиеттерін игере білуіне, өзін тұлға ретінде қабылдауға көмектесу. Психологиялық кеңес беру психолог пен клиенттің жеке кездесуімен, сұхбаттасуымен басталады.

Сұхбат кезінде, яғни алғашқы сұхбатта танысу, одан соң кеңес қандай жағдайда берілу туралы нақтылық айқындалады. Консультант психолог клиентімен ауызша ғана танысуы керек, алғашқы кездесуде клиент туралы карточка толтырылмайды. Клиент өзін таныстырған соң консультант клиентке өз проблемаларын ұқыпты, шыдамды түрде баяндап беруін сұрайды. Уақыт өте келе психолог-консультант клиентке сұрақ қоя бастайды, яғни өзіне жағдайларды нақтылау үшін. Психолог-консультанттың сұрағы клиенттің баяндап отырған тақырыбынан ауытқымайтын, әңгімесін тоқтатып қоймайтын және клиентке ауыр тимейтін жағдайда болуы шарт. Консультант-психолог тыңдау кезінде адам есімдерін, уақыттарын, нақты фактілерді өзіне оңай болуы үшін есте сақтауы керек. Бұл, әрине, оның дұрыс түсінуіне және дұрыс кеңес беруіне байланысты болады. Кейбір клиентпен жұмыс кезінде психолог-консультантқа клиентті түсіну, кеңес беру қиынырақ келеді. Ол үшін психолог-консультант клиентпен арнайы бетпе-бет кездесулер ұйымдастырады. Ал кей жағдайларда клиентті нақты және оның проблемаларын жүйелі шешу үшін психологиялық тесттерді қолданады. Тест жалпы психолог үшін маңызды нәтижелерге әкеледі [39].

Кеңес беру психологиясы мынадай кезеңдерде жүргізіледі:

1. Дайындық кезең – бұл кезеңде психолог-консультанттын клиентпен танысуын, клиенті жайлы тіркеу журналына тіркелуі керек. Оның 20-30 минутқа созылуы шарт.

2. Қалыптастыру кезеңі – бұл кезеңде психолог-консультант жеке кездесіп, өзін клиентпен жұмыс істеуге қалыптастыруы керек және ол клиентке де қатысты. Бұл барлығы дайын болған жағдайда 5-7 минутті қажет етеді.

3. Диагностикалық кезең – бұл кезеңде психолог-консультант клиентті ұқыпты тыңдап, талдауын анықтап, проблемасын нақтылағаны жөн. Бұл кезеңнің жалпы мазмұны клиенттің өз проблемасын баяндауымен шектеледі және осыған байланысты кедергі келтіретін жайттар болмау керек, яғни бөлмеде психолог пен клиенттен өзге адамдардың болмауы, клиентке уақыт та жеткілікті болуы керек. Кейде кеңес беру психологиясының бұл кезеңі 4 сағаттан 6-8 сағатқа дейін созылуы қажет.

4. Кепілдемелік кезең – психолог консультант бұл кезеңде алдыңғы болған кезеңдердегі ақпаратты жүйелеп, тығырықтан шығу жолдарын клиентпен бірлесе отырып жасауы керек. Осы кезеңде ұысыныстар нақтыланады. Бұл кезең 40 минуттан 1 сағатқа дейін созылады.

5. Бақылау кезеңі – бұл кезеңде психолог-консультант клиентпен бірлесе отырып болған жағдайларды талқылайды. Психолог-консультанттың кеңесі мен ұсыныстары қаншалықты жағдайда бағалы болғанын анықтайды. Осы кезден бастап психолог-консультанттың алдағы еңбектері сараланады, яғни қосымша сұрақтарға жауап бере алатынын көрсете алады.

Жалпы орта жағдайдағы психологиялық көмек 20-30 минутқа ғана созылмақ. Ал егер клиент жағдайы ауыр болатын болса, психологиялық тесттен бөлек 2-3 сағаттан 10-12 сағатқа созылады. Яғни, бұл барлық 5 кезеңнің қорытындысы бойынша. Психологиялық кеңес беру процедуралары. Кеңес берудің жалпы процедураларының көмегімен психологиялық кеңес берудің тапсырмалары, мәселелері шешіледі. Осының бәрі кеңес беру психологиясы процедураларының нәтижесіне байланысты. Процедура негізгі нақты психологиялық кезеңдермен сабақтас. Осы кезеңдер арқылы оны бөліп қарастыруға болады. Кеңес беру псхологиясының бірінші кезеңінде қарастырғандай процедурада да нақты процедуралар қабылданбайды, жиі кезеңде процедура қабылданады. Кеңес беру жүреді, клиенттің эмоционалды қолайлылығы қалыптасады. Клиентпен кездесу процедурасы клиенттің психологпен кездесу алдындағы нақты бір іс-әрекет өзіне қосады. Бұл кезеңде психолог-консультанттың жағдай сұрауы және алғашқы кеңес беруі клиент үшін өте маңызды. Көптеген клиенттерде психолог-консультантқа келгенде психологиялық кедергі мен комплекс пайда болады. Ол психолог-консультантқа және басқа да адамдарға байланысты. Әсіресе, психологиялық кедергі мен комплекс танымайтын адамдарға байланысты пайда болады. Оған мысал ретінде психолог-консультантпен алғашқы кездесуін алуымызға болады. Осы бейтарап мүмкіндікке жағымсыз іс-әрекет комплексі және психологиялық кедергіні алу үшін арнайы процедура «Психологиялық кедергіні алу» қолданылады. Бұл процедураны қолдану барысында психолог-консультант клиентімен нақты бір іс-әрекеттерді қолдану арқылы клиентті тыныштандырып, қауіпсіз психологиялық күйге, өзінің сеніміне кіргізеді. Кеңес беру психологиясының үшінші кезеңінде эмпатикалық тыңдау процедурасы белсенді жұмыс жасайды. Эмпатикалық тыңдау тапсырмасы тереңірек.

Психолог-консультант клиентті эмоционалды жағынан түсініп әңгімелерін басынан-аяғына дейін қабылдауы тиіс. Клиенттің сөздеріне яғни жағдайына ойланып, қобалжып кетуге болмайды. Клиентті тыңдай отырып, психолог-консультант клиенттің бейнесіне, роліне еніп, ойланып, өзін психологиялық қалыпқа келтіреді, яғни психологиялық жағынан көмек беруге дайындалады. Кеңес беру психологиясының төртінші кезеңінде мынадай процедуралар қолданылады: анықтау, көзін жеткізу, детальдарды айқындау, нақтылау. Осы прцедураның барлығы практикалық ұсыныстар мен кеңестердің клиентке саналы әсер етуімен байланысты. Бұл процедуралардың мақсаты клиентке терең және толық түрде шешімдерін түсіну, яғни бұл жерде психолог-консультанттың тікелей қатысуымен байланысты. Ал кеңес беру психологиясының бесінші кезеңінде төртінші кезеңдегі процедуралар қолданылады. Бұл жерде нақты қолданылатын жағдай клиентке өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көмектесу [51].





    1. Психотерапиялық кеңес беру жұмыстарындағы психологиялық

бағыттар
Психотерапия (немесе терапия) психикалық, жекебасішілік мәселелер және қақтығыстармен күрделі мәселелерге дәстүрлі негізделген. Ол адекваттылықты қалпына келтірумен айналысады. Психотерапия үшін келесі ерекшеліктер тән: а) өткен шақ туралы ойлау; ә) өзгеруге емес түсінуге екпін жасалады; б) психотерапевттің шектелуі; в) терапевт эксперт рөлінде болады. Психотерапиялық кеңес беру жұмыстарындағы психологиялық бағыттар өте көп. Олар: когнитивті психотерапия бағыты, транзактылы талдау, жеке басқа негізделген кеңес беру бағыты, экзистенциалды кеңес беру бағыттары және т.б.

Когнитивті психотерапия – Аарон Бек құрған психотерапиялық әдіс. Бұл әдіс бағалау және өзінің мінез –құлқын бағалаудың оңтайлы тәсілдеріне негізделген. Бұл әдістің негізі ретінде мынандай пікір қалыптасты: таным арқылы кез келген эмоция туады. Психикалық бұзылыстардың пайда болуы (алғашқы –депрессиялық күй) өзін -өзі танудың бұрыстығының себебі. «Мен өзімді қалай көремін?», «Менің болашағым қандай?» және «Қоршаған әлем қандай?» деген сұрақтарға пациенттер бұрыс жауап береді. Мысалы, депрессияға ұшыраған ауру адам өзін жарамсыз сезінеді және қолынан ештене келмейді деп ойлайды. Мұндай баға шындыққа лайық емес, бірақ пациент барлық мүмкіндіктерден қашып қорқақтайды. Бұған сәйкес когнитивті психотерапияда пациент алдында өз жағдайын, пікірін түсіну, өзін дұрыс тану әдісіне үйрену мақсаты қойылады. Бұл әдісүш кезеңнен тұрады. Логикалық талдау кезеңінде пациент пікірлердің қате екенін анықтайды. Бұл пікірлер аффективті жағдайда туындайтынын байқайды. Эмпирикалық талдау кезеңінде обьективті жағдай элементтерін қабылдау тәсілдерін сәйкестіреді. Прагматикалық талдау кезеңінде -өзінің әрекеттерін оңтайлы талдау құрайды. Бұл әдіс невроздың басқа түрлерін емдеуде кең қолданылады [59].

Психотерапиялық жұмыстың мақсаты патогендік талдау жүйесін анықтау және жою, себебі ол эмоциялық және мінез –құлықтық реакцияларының бұзылуына әкеп соғады. Онға жуық иррационалды пікірлер жазылған. Бұл арқылы пациент өзіне және қоршаған ортаға баға береді. Логикалық пікірлер арқылы пациентөзін және әлемді бағалау жүйесін түсіну керек, олардағы иррационалды компонентті шектеу керек және шындық принципіне сүйеніп, жаңа тәжірибе алу керек. Ол бұл кезде өзінің шығармашылық потенциалын түсінеді.

Когнитивті психотерапияның пайда болуы туралы сұрақта пікірлер әртүрлі. Эллис және Бек бойынша когнитивті бағыттың дамуына А.Адлер мен К.Хорни ұсынған психотерапиялық модель ықпал етті [64].

ХХ ғасырдың 60 –жылдарының басында Аарон Бек депрессия зерттеу нәтижелерін басылымға шығарды. Фрейдтің депрессия моделін тексеріп, автор қорытынды жасады: депрессия мәні –бұзылған когнитивті үрдіс, яғни үмітсіздіктің белгісі. Бұл үмітсіздік пациенттің өзінің өмірлік тәжірибесін қате түсінуі. Кейінгі зерттеулерде анықталған психопатологиялық күй (фобия, үрей, гопоманиакальды бұзылыс, ипохондрия, жүйкелік анорексия, суицидтік мінез –құлық және т.с.с.) когнитивті үрдістердің бұзылған формасы болып табылады. Пациенттерді өздерінің ойлары мазалайды. Сондықтан емдеу кезінде бейімделмейтін ойларды өзгерту керек. Когнитивті терапия нысанасы бұрыс ойлар, пікірлер және бейнелер болып табылады. Эмоциялық бұзылыстарды когнитивті емдеу адамның өзіне деген көзқарасын өзгертеді. Бұның нәтижесінде адам өзін қателесуге құқылы екенін түсінеді. өзінің ойындағы қателерді анықтағанда ғана адам толыққанды өмір сүре алады.

Когнитивті терапияның басты тұжырымдамасы ағзаның толық өмір сүруінің шешуші факторы ақпаратты қайта талдау болып табылады. Егер бізде қоршаған ортадан ақпаратты қабылдау үшін қызмет аппараты болмаса, өмір сүре алмас едік.

Әртүрлі психопатологиялық күйде (үрей, депрессия, мания, параноидты күй, обсессивті –компульсивті невроз және т.б.) ақпаратты сіңіруге жүйелік алдын алу әсер етеді. Бұл алдын алу әртүрлі психопатологиялық бұзылыстарға тән. Басқа сөзбен айтқанда пациенттердің ойлауында тенденция бар. Депрессивті пациент қоршаған ортадан түскен ақпаратты жоғалту немесе жеңілу тақырыптарына мән береді, ал үрейі жоғары пациенттер қауіп –қатер тақырыптарға назар аударады.

Адамдар белгілі өмірлік жағдайда өзінің тәжірибесін талдайды. Мысалы, кенет өліп қаламын деп қорқатын адам, денесіндегі ауырсынудың өлімге апаратын белгі деп үрейленеді.

Когнитивті жылжуды компьютерлік бағдарлама ретінде елестетуге болады. әрбір бұзылысқа тән бағдарлама болады. Бағдарлама ақпарат түрін көрсетіп, оны сіңіру әдісін анықтайды. Үрей кезінде өмір сүру үшін күрес «бағдарламасы» жұмысқа қосылады. Индивид ақпарат ағымынан «қауіп –қатер сигналдарын» таңдайды және «қауіпсіздік сигналдарын» қамайды. Мұндағы мінез –құлық нәтижесі адам қауіпсіз белгілерді қауіпті деп қабылдап, одан қашқалақтайды.

Белсенді бағдарлама ақпаратты сіңірудегі когнитивті жылжу үшін жауап береді. Қалыпты бағдарлама «депрессивті бағдарлама», «үрейлену бағдарламасы» болып ауысады. Бұл кезде индивид депрессия, үрейге ұшырайды, абыржиды. Жеке бас когнитивті құрылым арқылы қалыптасады. Бұл бала кезден тәжірибе негізінде қалыптасады. Адам өзі, басқалар, әлем туралы тұжырым қалыптастырады. Бұл тұжырымдамалар пікірлер, құндылықтар және ұстанымдарды қалыптастыруға әер етеді.

Сызбалар дисфункционалды болады. Олар берік когнитивті құрылым болып табылады.

Ауытқушылығы бар пациенттердің бұзылыстары бала кезінен пайда болады. Мысалы, «Менімен бір нәрсе болды», «Адамдар мені қолдау керек». Мұндай адамдарда эмоциялық бұзылыстар туады.

Депрессияға бейім пациенттерде кездесетін шартты пікірлер: «Мен жетістікке жетпесем, мені ешкім сыйламайды», «Егер мені адам баласы сүймесе, онда мен соған тұрмаймын». Мұндай адамдар жеңіліске ұшырағанша, мұндай пікірде болады. Мұндай адамдарды қысқа уақыттық терапияда түзеуге болады, кейде ем ұзаққа созылады.

Терапиялық өзгеріске когнитивті, эмоционалды және мінез –құлықтық аңғарлар әсер етеді. Алайда когнитивті емдеу басты болып табылады.

Когнитивті өзгерістер үш кезеңде жүзеге асады: 1) шартты ойлауда; 2) үздіксіз немесе автоматты ойлауда; 3) пікірлер мен болжауда. әр бір деңгей талдауға ыңғайлы және берік (тұрақты).

Талдау үшін тиімді, бірақ тұрақсыз: шартты ойлау, себебі ол қалау бойынша туады және уақытша. Келесі деңгейде –эмоционалды және мінез –құлық реакцияларын тудыратын автоматты ойлау. Автоматты ойлау неғұрлым берік, бірақ пациенттерді танып, оларды қадағалауға үйретуге болады. Мұндай ойлар пікірлер негізінде туады. Пікірлер өте берік болады. Емдеу кезінде бұл пікірлердің эффектісіне қарсы болады.

Автоматты ойларды дұрысырақ қарастырайық.

Автоматты ойлар –бұл әртүрлі жағдай әсерінен кенет туатын ойлар. Бұл ойлар оқиға немесе ынта және эмоционалды, мінез –құлық реакциялар арасында болады.

Пациенттер автоматты ойларды толық сезінбейді. Пациент зейін аударуға үйрену керек. Пациенттер айтатын автоматты ойлардың жалпы мінездемелері болады. Олар нақты және бөлінген. Олар стенографиялық түрде туады. Олар ойлану, рефлексия, талқылау нәтижесі емес. Мұнда кезеңдердің логикалық байланысы болмайды, мақсат, міндет қойылмайды.ойлар рефлекторлы түрде келеді. Олар автономды, пациент ешбір күшін салмайды.

Автоматты ойлар шындыққа сай. Пациенттер оларды даусыз қабылдап, олардың шындыққа сайлығын, логикалығын тексермейді. Мұндай ойлар шыншыл. Алайда, пациент шынайы емес ойға сенеді. Пациент мұндай ойларға қарсы тұра алмайды. Бұл ойлар олар емдегенше болады.

Аарон Бек «автоматты» ойлар өздігінен шартсыз туады деп айтты [67]. Автоматты ойлар шартсыз болады. Бірақ оларды Фрейдтік санасыздыққа жатқызуға болмайды (шығару, басу). Бек бұл ойды ұйықтай алмайтын адаммен ұқсастырып түсіндіреді. Оған жағымсыз дыбыстар әсер ететінін түсінбейді. Адам автоматты ойыларды елемеуі мүмкін. Сондықтан, когнитивті терапияның ең маңызды қадамдарының бірі пациентке автоматты ойларын анықтауға көмектесу. Пациент үрейіне себепкер көптеген жағдайларды айтуы мүмкін. Психозақымдаушы жағдайға жауап реакциясы ретінде ойды қайта қалпына келтіреді.

Автоматты ой жылдам болғандықтан, түсініксіз болуы мүмкін. Сонымен қатар, пациент бұл ойды уайымдайды. Бұл ойлар емге берілмейді. Автоматты ойлардың тамыры терең тұңғиықта жатады. «Мен жарамсыз адаммын» сияқты жағымсыз ойлар немесе «Мен бірінші болмасам, адам емеспін» деген шартты ойлар қалыптасып кетеді.

Автоматты ойлар шындықты жансақ көрсетеді. Олар оны дезадаптацияға ұшыратады. Психотерапия төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – бейімделмейтін ойларды тану. Бұл мақсатта бірнеше әдістерді пайдаланады. Шынайы психозақымдаушы жағдаяттарда туатын ойларға зейінді шоғырландыру (in vivo бақылау). Имагиналды әдісте (in vifro бақылау) пациентке еске түсіру арқылы психозақымдаушы жағдайда қайта жаңғырту ұсынылады. Бұл кезде пациент туатын «автоматты» ойларды бақылайды. Қойылатын сұрақтар арқасында пациент сезінбеген терең ойларын түсінуге тырысады. Бек бойынша, сократтық диалог –бұл когнитивті психотерапияда ең тиімді әдіс. Бұл кезде терапевт пациентке, біріншіден, жеке мәселесін анықтауға, екіншіден, жеке ойларын тануға мүмкіндік беретін сұрақтар қояды.

Екінші кезең – бейімделмейтін ойларды қашықтату. Бұл кезеңде пациент жеке ойларына обьективті түрде қарайды. Яғни олардан алыстайды. Бірінші кезеңде пациенттің: «мен әлсізбін» деген ойы эмоциялы және мінез –құлықтық мәселелер тудырса, екінші кезеңде пациент мәселесіне болжам жасап, оны бақылайды. Шектету үш копоненттен тұрады.

1. «Жаман» ойларды түсіну. Мен бейнесін бөгде екенін сезіну.

2. «Жаман» ой азаптандыратынын түсіну.

3. Бейімделмейтін ойларға күмандану. Мысалы: «Бақытты болу –ол ешқашан қателеспеу»

Үшінші кезең – бейімделмейтін ойлардың ақиқаттылығын тексеру. Бұл кезеңде пациентойларын тексереді. Бұл мақсатта когнитивті және мінез –құлықтық терапия әдістері пайдаланылады. Пациент бұл ойлардың пайдасы жоқ екенін түсінсе, олардан құтылуға тырысады. Пациент бұл ойлардың мінез қасиеттерімен байланысты екенін түсінеді. Содан кейін пациент бейімделмейтін ойларын өзгертеді.

Бұл өзгеріске төртінші кезең барысында жүзеге асады. әр адамның әлсіз жағы болады. Бұл, Бек айтқандай, жеке бастың құрылымына байланысты. Жеке бас когнитивті жүйе жиыны. Ол жеке бастың өмірлік тәжірибесінде қалыптасады. әрбір бұзылыстардың жеке басқа тән когнитивті мазмұны болады. Бек бойынша, когнитивті депрессиялар, үрей және тағы басқа бұзылыстар әртүрлі және әртүрлі терапиялық бағытты қажет етеді. Бұл когнитивті терапияның Эллистің рационалды–эмоциялы психотерапиядан айырмашылықтарының бірі.

Когнитивті терапияның мақсаттары: ақпаратты қате қабылдауды түзету және пациенттерге пікірлерін өзгертуге көмектесу. Басында когнитивті терапия белгілерді, мәселелі мінез – құлықты жоюға және логикалық жансақтарды түзетуге бағытталады, бірақ соңғы мақсаты ойлаудағы жүйелі қателіктерді жою болып табылады.

Когнитивті терапия мыналар үшін арналған:



  • дисфункционалды (иррационалды) ойларды қадағалау;

  • когниция, аффект және мінез – құлық арасындағы байланыстарды түсіну;

  • дисфункционалды автоматты ойлардың «иә» және «жоқ» дәлелдемелерін зерттеу;

  • дисфункционалды автоматты ойларды неғұрлым шынайы талдаулармен өзгерту;

  • тәжірибені жансақ қабылдауға әсер ететін пікірлерді жекелендіру және өзгерту.

Когнитивті терапия қазіргіге негізделген бағыт болып табылады. Ол директивті, белсеңді, мәселеге бағытталған.

Бек айтқандай, когнитивті бағыт өзінің ойы мен фантазияларын талдауға жақын адамдар үшін жарамды. Мәселе нақты және когнитивті бұзылыстар болған кезде ғана когнитивті терапияны қолданған жөн. Когнитивті терапия – бұл жеке бас өсуінің әдісі емес. Когнитивті терапияны депрессия және психоз кезінде жалғыз әдіс ретінде пайдалануға болмайды.

Когнитивті терапияны жүзеге асыруға бөгет жасайтын факторлар мыналар:


  • когнитивті терапия және терапевт туралы жағымсыз пікір;

  • пациентте жоғары деңгейдегі үрей;

  • терапияға келісім жоқ;

  • пациенттің рефлексияға қабілеті жоқ;

  • психикалық адекватсыздық (жемісті психопатологиялық үрдіс –галлюцинациялар және т.с.с.)

Алғаш рет когнитивті психотерапия жекелей формада пайдаланылады. Енді ол отбасы терапиясында және ерлі –зайыптылар терапиясында және де топтық формада пайдаланылады. Ол фармакотерапиямен сәйкес қолданылады.

Когнитивті терапияны эмоциялы бұзылыстар мен униполярлы депрессия кезінде кең пайдаланады. Когнитивті терапияны антидепрессантты емімен салыстырғанда, зерттеулер когнитивті терапияны тиімділігін көрсетті. Каталинестикалық зерттеулер ұзақтығы 3 айдан 2 жылға дейін, ем нәтижесін тексеру фармакологиялық емге қарағанда, когнитивті терапияда тиімді. Егер пациент дәріден бас тартып психологиялық емді қаласа, онда когнитивті терапияны таңдайды. Егер антидепрессанттар нәтижесіз болса, онда когнитивті ем пайдаланылады.

Когнитивті терапияның басқа бағыты Рационалды – эмоциялы терапия – Альберт Эллис құрған (Ellis, 1962) және неврозға шалдыққан пациенттердің иррационалды пікірлерін жоюға негізделген когнитивті психотерапия формасы. Бұл әдістің философиялық ойы: адам өз тағдыры үшін өзі жауапты. «А –В –С –теория» моделі ұсынылған. Соған сәйкес эмоцияның жағымсыз қасиеті (күйзеліс, өкініш) немесе жағымсыз мінез –құлық (С) бір тікелей оқиғадан пайда болмайды (А), тек тану мен талдау жүйесі арқылы (В) пайда болады.

Эллис бойынша ойлау және эмоция мінез – құлықпен әрекеттеседі. Адам ой мен эмоция негізінде әрекет етеді, ал олардың әрекеттері ой мен сезіміне ықпал етеді. Эллис анықтамасы бойынша РЭТ бұл «когнитивті –аффективті бихевиоралды теория және психотерапияның тәжірибесі.»

Эллис когницияларды «суық», «жылы» және «ыстық» деп бөледі. Суық когнициялар әлсіз немесе сезімдердің мүлдем жоқтығын көрсетеді. Жылы және ыстық когнициялар бағалаушы болып табылады. Жылы когнициялар – бұл рационалды ойлар. Сезімге күшті әсер етеді. Ыстық когнициялар жоғары ойдан және күшті сезімдерден тұрады. Рационалды –эмотивті терапияда когнициялар өзара байланысты. РЭТ көзқарасы бойынша обьективті емес оқиғалар жағымды немесе жағымсыз эмоциялар тудырады. Біз не ойлаймыз, соны сезінеміз.

Эмоциялы өрістегі бұзылыстар когнитивті өрістегі бұзылыстар нәтижесі болып табылады. Бұл когнитивті өрістегі бұзылыстарды Эллис иррационалды ой деп атады. Иррационалды ой рационалды – эмоциялы бағыттың орталық түсінігі болып табылады. Олар:



  • өмірлік мақсатқа жетуге бөгет жасайды;

  • әлеуметтік топқа зақым келтіреді;

  • ригидті болып табылады;

  • шынайы емес және шындыққа қарсы;

  • қарама – қайшы.

Рационалды – эмоциялы психотерапия адамдар сабыр сақтамайды, иррационалды ойда болады және өздеріне талап қояды («Мен істеуім керек») деп санайды. Тиімді психотерапияның мақсаты когнитивті, эмоциялы және мінез – құлықтық әдістерді пайдаланғанда клиенттер мынаны түсінеді:

  • олар «істеуім керек» және «міндеттімін» деген пікірлер қоюға болмайды;

  • олар өз өмірінің философиясын тамырымен өзгерте алады;

  • олар иррационалды ойға қарсы тұра алады.

А.Эллис бойынша, иррационалды идеялардың терең биологиялық тамыры болады және де адамдар олардан бас тарта алмайды. Адамдардың әлеуметтік үйренуден бас тарта алмайды. Ауытқушылық белгілер биоәлеуметтік үйренудің нәтижесі болып табылады: адамдар иррационалды, эмпирикалық негізделмеген идеяларға бейім. Себебі олар адам баласы.

Транзактылы талдау (латын тілінен аударғанда transaction –мәмле және грек тілінен аударғанда analysis – бөлу, мүшелеу) – Эрик Берн (Берн, 1998) жасаған топтық және жекелей өсудің психотерапиялық әдістемесі. Берн теориясы жеке бас құрылымын талдауға негізделген. Жеке бас құрылымы ретінде «Мен» бейненің үш күінің ерекшеліктері мен өзара әрекеттесуі қарастырылады («Ата – ана» - «Бала» - «Ересек»). «Ата – ана» индивидтің авторитарлы тенденциясын көрсетеді, «Бала» - бағынушы позицияны, «Ересек» - өз пікірін дәлелдеп, басқа адамдармен тең қатынасты ұйымдастыра алады.

Транзактылы талдау терапияның басты мақсаты оның жеке басты өзгертуге бағыты. Жеке бас мәселесін түсіну соңғы мақсат емес. Керісінше, оны түсіну жеке бастың өзгеруі үшін құрал болып табылады. өзгеріс туралы шешім қабылдау керек. Содан кейін оны жүзеге асыру керек. Мұндай бағыт кезінде транзактылы талдау іс – тәжірибесі ұзақ болмайды. Сонымен бірге қысқа мерзімдік терапия транзактылы талдаудың жалғыз бағыты емес. Көптеген мәселелерді шешу үшін клиент және терапевт ұзақ уақыт жұмыс істеуі мүмкін. Транзактылы талдау теориясы негізінде жатқан бірнеше шешуші идеялар бар.

Эго – күй моделі (АЕБ моделі). Транзактылы талдау негізі эго – күй моделі болып табылады. Эго – күй – бұл мінез – құлық, ойлар және сезімдердің бір – бірімен байланысы. Олар біздің жеке басымызды көрсетеді. Модель үш әртүрлі эго – күйлерді көрсетеді.

Егер мен өзімді «қазір және мұнда» принципі бойынша ұстасам, онда мен Ересек эго – күйіндемін. Кейде мен ата – ана ойымен ойлануым мүмкін.бұл мезетте мен Ата – ана эго – күйіне ие боламын. Кейде мен өзімді балаша ұстаймын. Сонда мен Бала эго – күйінде боламын.

Транзактылы талдау іс – тәжірибесінде мен Балада, Ата – анада немесе Ересектемін дейді. Осы үш эго – күйді біріктіргенде үш мүшелі эго – күй моделін аламыз .

Карл Роджерс жеке басқа негізделген кеңес берудің негізін қалады. Жеке басқа негізделген кеңес берудің мақсаттары клиенттің мәселесіне емес, оның жеке басына бағытталады. Роджерс адамдарды жағдайды жеңуге үйрету керек деп есептеді. Мұның ең басты әдісі клиентке толық өмір сүруге көмектесу. Мұндай адам өзгеруге және жеке бастың өсуіне ұмтылады. Ол тәжірибені меңгеруге дайын болады; өзінің қабылдануына сене бастайды; өзін - өзі тануға ұмтылып «Мен» бейнесін жоғары бағалай алады. Сонымен қатар, толық қызмет ететін және бастың өзіне және басқаларға қатынасы жақсара бастайды. Ол шешімді дұрыс қабылдауға үйренеді.

Клиент өзінің потенциалы мен қорын пайдаланып, кіріктіре алады. (Boy & Pine , 1982, Miller, 1996). Роджерс (Roders,1961) бойынша жеке басқа негізделген кеңес беруді қолдану нәтижесінде клиент неғұрлым шыншыл, өзіне сенімді, сезімін еркін білдіре алатын, стреске аз шалдығатын және оларды оңай жеңетін жеке тұлға болу керек. Жеке басқа негізделген кеңес берудің негізгі мақсаты. Шындық пен клиенттің «мен –концепциясын» қабылдауынын арасында үйлесімдікті құру болып табылады. (Benjamin & Cooby, 1998).

Кеңес берушінің рөлі кіріктірілген болып табылады. Ол клиент үшін жағымды климат тудырады. Бұл қолайлы жағдайда клиент өзін еркін түсінеді. Роджерс бойынша бұл қатынас клиент – кеңес беруші: «Мен – Сен» аймағында құрылады. Кеңес беруші клиентті вербалды және вербалды емес қарым – қатынас арқылы түсінеді. Кеңес беруші де, клиентте кеңес беру барысында пайда болатын жаңа мақсаттарды болжай алмайды. Кеңес беруші клиентке күн тәртібін дайындауға рұқсат береді. Кеңес берушінің кәсібі – жетекші емес фасилитатор болу. Жеке басқа негізделген бағытта кеңес беруші эксперт ретінде болады. Мұнда шыдамдылық қажет.

Кеңес берушілер психологиялық тесттерді абайлап пайдаланады. Олар бұл тесттерді клиенттің сұранысы бойынша ғана пайдаланады. Кеңес беруші тесттерді қолданған жағдайда, клиент үшін маңыздылығын ескереді. Ол тесттік көрсеткіштерге аса мән бермейді. Клиенттің ерекшеліктерін анықтау үшін Q – іріктеу әдістемесі пайдаланылады. Тестілеу үш кезеңнен тұрады. Ең алдымен клиентке «мен ақылдымын» немесе «мен өзімді жек көремін» типтегі сөйлемдері бар 100 карточка беріледі. Содан кейін клиентке өзіне тән келетін карточкаларды іріктеп, тоғыз бағанға құру ұсынылады. Ары қарай клиенттен бұл карточкаларды араластырып, «мен – идеалына» сәйкес қайта іріктеуді сұрайды. Үрдістің қорытынды кезеңі екі іріктеу арасындағы корреляция дәрежесін құрудан тұрады. Тестілеу кеңес беру үрдісінің алдында, сол уақытта немесе кеңес беруден кейін өткізілуі мүмкін.

Жеке басқа негізделген кеңес беруде диагнозды пайдаланудан бас тартады. Себебі диагноз бағытты мақсаттарына философиялық тұрғыда сәйкес емес. Диагноз адамдарды ұғымдарға бөледі. Сонымен қатар, кеңес берушіге қосымша міндеттер жүктеледі: егер диагноз қойылса, онда келесі кезеңде емдеу жоспары құрылу керек.

Кеңес берудегі экзистенциалды бағыт бір сарынды емес. Экзистенциализм әртүрлі әйгілі американдық теоретиктер жұмысында көрсетілген. Олар: Сидней Жорард, Абрахам Маслоу, Ирвин Ялои, Ролло Мэй, Клеммон Вонтресс және Кларк Мустакас. Кеңес берудегі экзистенциалды бағыттың философиялық негізі еуропалық авторлардың шығармаларында бар (Серен Кьеркегор, Федор Достоевский, Жан – Поль Сартр, Альбер Камю, Эдмунд Гуссерль, Фридрих Нищце, Мартин Бубер, Виктор Франкл және Мартин Хайдеггер).

Экзистенциалистер азаптану, құндылықтар, еркіндік пен адам өмірі үшін жауапкершілік және де өмірдің мәнін іздеуге көмектесу сияқты пікірлерді қабылдайды. Сонымен бірге, бұл бағыттардың екпіндері де бар. Мысалы, Достоевский санаға мән берді, Кьеркегор адамның үрейі мен қорқынышына зейінін тұрақтандырды, Бубер адамдарды емдеуге бағытталды. Ролло Мэй және Виктор Франкл экзистенциалды кеңес берудің неғұрлым әйгілі теоретиктері болып табылады.

Экзистенциалды кеңес берудің мақсаттары клиенттерге жауапкершілік, еркіндік және потенциалдың мәнін түсінуге көмектесу. Кеңес берушілер кеңес беру барысында клиенттерге өмірі үшін жауап беруге тартады [77].

«Терапияның мақсаты пациентке шынайы өмірді түсінуге көмектесу». Бұл үрдісте клиент оқиғаны бақылаушы рөлінен шығып, өзінің белсенділігін арттырады.

Клиент кеңес беруші құрған қатынас арқасында неғұрлым жауапты бола бастайды. Бұл қатынаста клиент өзінің бас бостандығын түсіне бастайды. Кеңес берудің негізгі мақсаты сыртқы жүйеден ішкі жүйеге ауысу. Клиент басқалардың пікіріне тәуелсіз болып, өз әрекетін өзі бағалайды. Кеңес берудің басқа да мақсаттары бар: клиентке өмір сүрудің мәнін түсінуге көмектесу, оның қайталанбастығын көрсету, клиентке басқа адамдармен өзара әрекеттесуін жақсартуға көмектесу, өмірдің мәнін іздеуге көмектесу және клиентке шешім қабылдауда қолдау жасау.

Экзистенциалды бағытта жұмыс істейтін кеңес берушінің жалпы бір рөлді ұстанбайды. Әрбір клиент қайталанбас ерекше тұлға. Кеңес берушілер клиенттің барлық ерекшеліктеріне мән береді: дауысына, жүріс – тұрысына, мимикасына, киіміне, қимыл – қозғалысына. Кеңес берушілер клиентпен терең сенімді қатынас құруға мән береді. Кеңес беруші клиентпен өз сезімдерімен бөліседі. Мұның нәтижесінде клиент адамға уайым, үрей сезімдері табиғатынан тән екенін түсінеді. Бюлер және Эллен бойынша, экзистенциалды кеңес берушілер адамдар арасындағы өзара түсінушілікке мән береді. Кеңес берушілер Виктор Франклдың ойына ортақтасады. Клиенттермен жұмыс барысында диалог әдісін кең қолданады. Экзистенциалды кеңес берушілер жекелей потенциалды жүзеге асыру және шешім қабылдау әдістерін қолданады. Ол бар күшімен клиентке көмектесуге тырысады. Жұмыстың мақсаты - өткен шақта ұмытуға және қазіргі шақта өмір сүруге көмектесу. Кеңес берушілер өмір сүрудің негізгі сұрақтарына мән береді (өлім, бостандық, жалғыздық және өмірдің мәнін жоғалту сезімі).

Гештальт – терапия гештальт – психологиямен байланысты. Gestalt термині біртұтас дегенді білдіреді. Гештальт – психология және терапия психоанализ және бихевиоризм сияқты психологияның басқа мектептері негізінде пайда болды. Гештальт – теория адамзат қызметін біртұтас ретінде қарастырады. Бұл бағытты Фриц Перлз 1960 жылы дамытты. Ол адамдарға өз жеке басының әртүрлі аспекттерін түсінуге көмектесті. Лаура Перлз (Фрицтің әйелі) және Пол Гудман Перлзге оның ерекше идеяларын дамытып жетілдіруге көмектесті. Бас теоретиктер Жоан Фэйган және Ирму Ли Шеперд бұл моделді ары қарай дамытты, бірақ терапия Перлздің арқасында пайда болды.

Гештальт – терапия мақсаттары нақты анықталған. Олар «қазір және мұнда» принципіне негізделген. Мұнда ең басты «қатынас» сөзі сенсорика және моторикаға тікелей байланысты. Гештальт – терапияның басқа мақсаттарында клиенттердің назарын вербалды және вербалды емес экспрессияға аудару. Мұнда клиент өткен шақтағы міндеттерді орындап аяқтайды. Яғни клиенттің рухани құндылығы артады. Рухани жағынан дамып өсу адамның эмоционалдық, танымдық және мінез – құлықтық аспекттеріне байланысты. Басты міндет – бұл адамның сезімдер мен әрекеттерді толық басынан кешіруі. Олар «қазір» сөзіне мән береді. Перлз бұл сөздің мағынасын білдіретін формуланы құрастырды: «Қазір = уайым – сезім = түсіну = шындық. Өткен шақта, болашақта жоқ. Қазіргі күн ғана бар».

«Қазір» принципін әрекет ету үшін адам невроздық тенденциялардан құтылу керек. Перлз өзімен қатынасқа түсуде бөгет жасайтын невроздың бес деңгейін көрсетеді: жалған (өтірік), фобия, күйзеліс, келісу және күйгелектік. Адам өзін басқаша көрсетеді. Ол көп қиялдайды. Адамдар жағдаятты дұрыс қабылдағанда, ол қиындықты жеңуге үйренеді.

Фобийлер – адам жасырып қашатын аспекттер. Адамдарды шынайы келбетін жасырады. Олар өздерін керексіз сезінуден қорқады.

Адам бұл жағдайда өзін қамқорсыз сезінеді. Ол өзін тығырықтамын деп ойлайды.

Келісу және күйгелектену (ашулану) бірге қарастырылады. Бұл сезімдерді басынан кешіретін адамдар сезімтал және жүрегі жаралы болады. Алайда, адам бұл сезімдерден бас тартса, олар өз уақытында басқа сезімдер арқылы көрініп жатады. Адамдар өз сезімдерін түсіне білсе, «қазіргі күн» мәселесін шеше алатын болады [64].
1 бөлім бойынша тұжырымдама
Психотерапиялық кеңес беру жұмыстарының ғылыми-теориялық негіздері психологиялық зерттеулерді негізге ала отырып, ашылды. Психотерапиялық кеңес берудегі психотерапиялық бағыттар когнитивті психотерапия, экзизистенциалды психотерапия, рационалды-эмотивті терапия, трансактілі талдау және т.б.псхотерапиялық кеңес беру жұмыстарында қолданудың тиімділігі қарастырылды. Психотерапиялық кеңес беру жұмыстарының кезеңдері, әдІстері оны практикалық психологияда қолданудың негізгі жұмыс кезеңдеріне тоқтала отырып, төмендегі міндеттерді шешуге болатындығын көре аламыз. Біріншіден, жағдайдың өзін өзгерту; екіншіден, жағдайға бейімделу үшін өзін өзгерту; үшіншіден, оның жағдайдан шығуы; төртіншіден, сол жағдайда өмір сүру жолдарын таба білу.

Психолотерапиялық кеңес беру туралы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялык тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялық кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындағы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан псхологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: жасөспірімдік) рөлі зор. Психотерапиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.

2 Психотерапиялық кеңес беру жұмыстарының ерекшеліктері
2.1 Психотерапиялық кеңес берудің жалпы құрылымы
Психотерапиялық кеңес берудің жалпы құрылымында медициналық, психологиялық, әлеуметтік және философиялық модельдері туралы айтуға болады.

Психотерапия (медициналық моделі) адамның эмоциясына, өзіндік санасына вербальды және вербальды емес әсер ету арқылы кешенді ем болып табылады. Мұндай психотерапия көптеген психикалық, жүйкелік және психосоматикалық аурулар кезінде пайдаланылады.

Бірақ ғылымда психотерапияның психологиялық моделі орын алады. Яғни психотерапияны практик психологтың іс- әрекетінің бағыты ретінде қарастыруға болады. Психотерапиялық көмек психологиясы сау адамдарға қиын жағдайда көрсетіледі [55]. Себебі біз психотерапияның тек психологиялық моделін ұстанамыз. Кейін «клиент» және «пациент» терминдерін бірдей пайдаланамыз.

Практик психолог клиникалық психотерапевт сияқты сол әдістерді пайдаланады. Айырмашылығы олардың мақсаттарында. Психологтың маңызды міндеті ауру белгілерін түсіру немесе жеңілдету емес. Ол жеке бастың оңтайлы қызметі үшін және дамуы үшін жағдай тудыру. Бүкіл әлемдік деңсаулық сақтау ұйымының декларациясында былай деп жазылған: «Деңсаулық – бұл жалпы физиологиялық, ақыл – ойлық және әлеуметтік жағынан өзін жақсы сезіну болып табылады.». бұл сөйлемде психотерапия адамның жалпы гармонияда сезінуіне бағытталғаны туралы айтылады.

Психотераияны кең салада қолдану 1990 жылы Страрбург қаласында Еуропалық психотерапия ассоциясында қабылданған психотерапия бойынша Декларацияда бекітілген. Бұл декларацияда келесі мағлұматтар тіркелген:


  • психотерапия гуманитарлы ғылымдардың саласынан ерекшеленетін пән болып табылады. Онымен айналысу еркін және тәуелсіз кәсіпке айналады.

  • психотерапиялық білім жоғары деңгейдегі клиникалық және теориялық дайындықты талап етеді.

  • әртүрлі психотерапиялық әдістерге кепілдеме берілген.

  • психотерапиялық әдістер туралы білім беру кірістіріліп жүзеге асу керек: ол теориядан, жеке терапиялық тәжірибеден және іс – тәжірибеден тұрады.

  • мұндай біліктілік гуманитарлы және қоғамдық ғылымдар саласынан алдын ала дайындық арқылы жүзеге асады.

Психотерапияны медициналық модель аймағында қарастырған кезде де, оның басқа емдік әдістерден айырмашылығына назар аудару керек. Психотерапия кезінде фармакологиялық, физиологиялық әдістер емес, тек психологиялық әдіс – тәсілдер пайдаланылады. Пациент ретінде әртүрлі психикалық зақымдары бар адамдар, ал маман ретінде психология негіздері саласынан кәсіби дайындығы бар өкілдер қызмет етеді.

Соңғы жылдарда, ауру белгілерін жеңілдетуге немесе жоюға бағытталған, клиникалық бағытталған психотерапияны және адамның қоршаған ортаға және жеке басына қатынасын өзгертуге көмектесетін жекелей бағытталған психотерапияны ерекше атап көрсетеді.

Клиникалық бағытталған психотерапияда көптеген дәстүрлі түрде гипноз, аутогенді жаттығу, өзін - өзі сендірудің әртүрлі әдістері пайдаланылады.

Жекелей бағытталған психотерапияда көптеген мектептер мен ағымдардың концептуалды модельдеріне негізделген әртүрлі әдіс – тәсілдер бар.

Сонымен қатар, психотерапияда барлық бағыттарды біріктіретін жетекші идеялар туралы айтуға болады – шектеулер мен тыйымдарды жою арқылы жеке бас дамуына ықпал ету. Психотерапия негізінде адамның «Мен» бейнесін өзгерту идеясы бар.

Басқа сөзбен айтқанда, өзіндік санаға әсер ету

Бағыты және мазмұны әртүрлі психотерапиялық әдістердің жалпы міндеттерін көрсетуге болады:


  • клиенттің психологиялық мәселелерін зерттеу және оларды шешуге көмектесу;

  • субьективті сезімдерді жақсарту және психикалық саулықты күшейту;

  • адамдармен жақсы қарым – қатынас негізін құру үшін жекебасаралық өзара әрекеттесудің психологиялық заңдылықтарын, механизмдерін және әдістерін зерттеу;

  • ішкі және мінез – құлықтық өзгерістер негізінде пайда болатын эмоционалды бұзылыстарды алдын алу немесе түзету үшін клиенттің өзіндік сананы арттыруы және өзін - өзі зерттеуі;

  • жеке бастың даму үрдісіне ықпал ету, өмірлік іс - әрекеттің оңтайлы деңгейіне жетуде және бақыт пен сәттілікті сезіну, шығармашылық потенциалды жүзеге асыру.

Кез келген психотерапиялық ықпалдың басты мақсаты клиент өміріне қажетті өзгерістер енгізуге көмектесу. Оны қалай істеуге болады? Бұл сұраққа психотерапияның әрбір бағыты өзінше жауап береді, психотерапияның тиімділігі пациенттің жағымды өзгеруіне байланысты. әрине, кез келген психотерапиялық мектеп пациентке көмектесуге бағытталған. Оған күмәнданатындар жеке тәжірибесінде көре алады. Қазіргі уақытта тәжірибеде ересек пациенттер үшін психотерапияның 400 түрі, ал жеткіншектер мен жасөспірімдер үшін 200 түрі қолданылады [64].

Психотерапия нәтижесінде пациенттің жеке басында жағымды өзгерістер пайда болғаны туралы мәліметтер естуге болады. Мұндай психотерапия жеке басты өзгертеді деп те айтуға болады. Терапия барысында немесе нәтижесінде жеке баста жаңа бір қасиеттері қалыптаспайды, жеке бастың әрбір қасиеті берік болады. Бұл психикалық құбылыстар жас ұлғайғанда да өзгеруі мүмкін емес. Жеке бастың өзгеруі оның жағдаятты қабылдауына байланысты. Жеке баста жаңа қасиеттер құрмай – ақ, психотерапиялық әсер өмірлік жағдаятты да өзгертуге ықпал етеді. Мұндай әсер ету кейбір психикалық бұзылыстарды жоюда оң нәтиже береді [9].

Бүгінгі таңда дәрігерлік және психологиялық тенденциялар бірігеді. Дәрігерлер психологтар сияқты батыс мектептер мен әдістерге қызығушылық танытады.

Психотерапия – бұл неврозға шалдыққан адамдарға емдік әсер ету мақсатында арнайы әдістер қолдану. Ал психокоррекция – бұл дезадаптацияға шалдыққан және невроздық реакция білдіретін адамдарға әсер ету. Бұдан мынандай пікір қалыптасады: ауруға әсер ету бұл психотерапия, ал сау адамға әсер ету бұл психокоррекция. Психотерапиямен дәрігерлер, ал психокоррекциямен психологтар айналысады. Психотерапия емдеу әдісі, ал психокоррекция алдын алу әдісі болып табылады.

Мұндай адамға ықпал етудің екі саласында, психологтың «психологиялық шекраны» қорғауы жатыр.

Жеке бастың өсуі немесе емделуі бағытында, психотерапия туралы сөз қозғалады. Кеңес берушінің міндеті клиентке жағдаятты, мәселені түсінуге көмектесу: мұнда кеңес беруші клиентке кеңес береді, сезімі мен мінез – құлқын білдіруге көмектеседі, оны қолдайды, тыныштандырады. Сонымен бірге, клиентпен психотерапиялық немесе кеңес беру жұмыстарын орнату қиынға соғады. Шетел әдебиеттерінде «терапия» және «психотерапия» терминдері синонимдер ретінде пайдаланылады.

Қазіргі уақытта психотерапия тәжірибесінде әртүрлі белгілер бойынша классификация жасауға болатын жүздеген мектептер мен бағыттар бар. Сонымен қатар, өзінің тұжырымдамалық негіздерімен ерекшеленетін бірнеше тұжырымдамалық бағыттар бар. Мұнда жеке бас дамуының механизімінде, терапия механизмде және оның эффективтілігінде айырмашылықтар бар.

Қарастырылатын психотерапия түрлерінде әртүрлі психотерапиялық әсер етудің «нысанасы» бар. Биоқуаттық талдауда «нысана» - дене, ал клиентке негізделген кеңес беруде – уайымдар, когнитивті терапияда – бұрыс ойлар мен қиялдың басқа белгілері.

Психотерапиялық бағыттарды шартты түрде екіге бөлуге болады: 1) мәселеге бағытталған; 2) клиентке бағытталған, бірінші түрде клиентті мәселеге шоғырландырады. Егер пациент бұдан бас тартса, ол психотерапиялық әсерге қарсылық ретінде түсіндіріледі. Пациент мәселесін «жар жағалаудың» эффективтілігі болмайды.

Екінші типтегі психотерапияда, керісінше, клиентке еркін таңдау ұсынылады. Егер клиент зінің мәселесі туралы айтпаса, онда оның бұған құқығы бар.

Қарастырылатын терапия түрлерінде (директивті, мәселеге бағытталған, директивті емес, клиентке бағытталған) үрдістік аспектте айырмашылықтары бар. Директивті емес терапияда клиент өзінің мұқтаждықтарын терапевтке тасымалдамайды. Біріншіден, клиент терапия үрдісінде терапевтке тәуелсіз және екіншіден, терапевт клиент үшін жұмбақ емес. Терапияның түрлері әртүрлі мазмұнмен жұмыс істейді: «адам ойыншық ретінде» және «адам өзі үшін жауап береді». Бұл терапиялардың айырмашылықтарын тізіп айта беруге болады.

Психотерапиялық әсер ету «нысанасының» әртүрлілігіне қарамастан, психотерапиялық кеңес беру бұл барлық мектеп пен бағыттарға ортақ стратегиялық және әдістері бар үрдіс. Оларға мыналар жатады:

- психотерапиялық үрдістің кезеңдері;

- алғашқы кеңес беру принциптері және психотерапиялық араласу әдістері;

- психотерапиялық жұмыстың вербальды және вербальды емес әдіс – тәсілдері;

- психотерапиялық кеңес беру үрдісінде метафораларды құрып пайдалану;

- психотерапевтің (кеңес берушінің) жеке басына қойылатын талаптар;

- психотерапевт (кеңес берушінің) этикасы.

Психотерапиялық кеңес беруді жүргізер алдында жасөспірімдерде болатын түрлі психологиялық мәселелерді анықтап алу қажет. Сол себепті ең алдымен түрлі психологиялық диагностика әдістемелерін жүргізу керек. Осындай психологиялық диагностикалардың қатарына тестілеуді жатқызуға болады.

Психотерапиялық кеңес беру мен тестілеу. Психодиагностикалық әдістемелерді мүлтіксіз пайдалану психолог жұмысының тиімділігін жоғарылататын бірден – бір шарт. Кейбір психологтар психологиялық тесттерді іс – тәжірибе кезінде пайдалану клиентпен жұмыста бөгеттер тудыратынын айтады [63].

Клиент жеке бас қасиеттерін ашуға қауіптенеді. Сонымен бірге, ол тестілеу үрдісіне пассивті қатысады.

Өз алдына психолог тестілеу нәтижесінде клиентпен қатынас нашарлайды деп санайды. Ол тестілеу нәтижесіне сенбеуі де мүмкін. Сонымен бірге, психолог қажетті тесттерді таңдай алмайды және нақты міндеттерді шеше алмайды.

Тестілеудің қолданудың бірнеше жағымды қасиеттері бар.

- Тесттік әдістемелер арқасында клиенттің жеке бас қасиетін дәл анықтауға болады. Стандартты әдістемелер психологқа негізгі ақпарат береді.

- Стандартты әдістемелерді қолдану тестердің басқа түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.

- Тесттік нормалардың статистикалық көрсеткіштері арқылы әртүрлі клиенттердің нәтижелерін салыстырып, терапиялық жұмыс барысында өзгерістерді бағалауға мүмкіндік туады.

- Қысқаша тесттер психологқа көп мәлімет беріп, жұмысты оңайлатады. Соның арқасында психолог күрделі міндеттерді шешеді.

Сонымен қатар, психологиялық тесттерді дұрыс пайдалану кезінде:

- Клиенттің психологиялық ерекшелігі мен күйін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

- Клиентпен қатынас құруға көмектеседі.

- Клиенттің сенімін қалыптастыру мен қолдауды жеңілдетеді.

- Әңгімеге бастау болады.

- Клиенттің белсеңділігін арттыруға мүмкіндік береді.

- Клиентке ықпал ету әдісі болып табылады.

Кеңес берудің мақсаты мен шартына тәуелді әртүрлі тесттік әдістемелерді пайдалануға болады. Олар экспресс әдістемелер және тереңдетілген диагностика әдістері.

Психологиялық экспресс тесттердің ерекшеліктері:

- ықшамды;

- қарапайым;

- белгілі бір психологиялық критерийлер бойынша қауіп тобын анықтау;

- клиенттің бейімделіктерін диагностикалауға бағытталған.

Терең психологиялық диагностикаға арналған тесттердің ерекшеліктері:

- валидтілік пен беріктілік;

- әмбебап және бағалау мүмкіндігі кең. Кең ақпарат;

- топтық және компьбтерлік тесттілеуге ыңғайлы;

- қабілеттіліктерді диагностикалау мүмкін.

Психологиялық диагностика әдістемелері:

- клиенттің жасырын мотивтерін, қатынасын, ойын, санасын, мазмұнын және санадан тыс өрісін анықтауға болады;

- адамның жекелей субьективті түсініктерін анықтауға негізделген;

- арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалануды талап етеді.

Стандартты психологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану психологтың білімін, дағдысын және біліктілігін қажет етеді. Психолог тесттердің мазмұның біліп, клиентті зерттеуді жоспарлай алу керек. Және сол зерттеу мәселеге сәйкес болу қажет. Психолог стандартты емес міндеттерді шешу үшін дайын болу керек. Ол анкета, тест және жаңа әдістерді құрай алу керек. Бұған өлшеу және шкалалау негізінде білім қажет. Сонымен бірге, компьютерлік техниканы білген дұрыс.

Кеңес беруде психологиялық тесттерді пайдалану кезінде қандай қателіктер болады?


  1. Адекватты емес тесттік әдістемелерді таңдау.

Бұл қателер қойылған міндеттерге сәйкессіз тесттерді таңдаумен байланысты. Бұған себеп: 1) әдістемелердің психометриялық қасиеттерін білмеу; 2) әдістемелердің субьективті тартымдылығын немесе сыртқы тиімділігі; 3) экспресс тесттерді қолдану арқылы уақыт пен күшті үнемдеуге тырысу.

2. Бұрыс диагностикалық шешімдер қабылдау.

Бұл қателер диагностикалық көрсеткіштерді бұрыс талдаудан пайда болады. Олар былай түсіндіріледі: 1) зерттелген құбылыстар туралы білімнің жеткіліксіздігі; 2) қолданылатын әдістемелердің дәлелдігін асыра бағалау.

3. клиентке психологиялық диагностика нәтижелерін дұрыс жеткізбеу.

3.1. Клиентке тестілеу нәтижесін жазбаша немесе басылған түрде беру.

Өкінішке орай, кейбір психологтар диагностика нәтижесінің қорытындысын клиенттің қолына береді. Бұны қате деп қарауға болады. Клиентке ауызша нәтижені айтқанда, ол түсінгенін ғана қабылдайды. Психологиялық зиян келтіретін ақпарат ұмытылады. Сонымен қатар, әңгіме үрдісінде клиенттің реакциясын бақылап, оны түзетеді. Керісінше, клиент нәтижені оқығанда, реакция жаман болады. Содан кейін клиентті емдеуге тура келеді.

Бұл қателіктер мыналардан туады: - диагностика нәтижелерін ауызша айтуға қиындықтар;- тестілеу нәтижесін айтуда уақытты үнемдеуге тырысу; - клиенттің сұраныстарынан.

3.2. клиентпен алдын ала жұмыс істемей тестілеу нәтижесін айту.

Психологтар кейде клиентке тестілеу нәтижесін айтуға асығады. Ең алдымен клиентпен танысып, қатынас құрған жөн. Тестілеудің нәтижесін өндегенде бақылауды және қосымша мәліметті ескеру керек. Клиенттің мәселесін, сұранысын, күйін ескермеу, кері байланыстың болмауы, клиентпен жұмыста келесі нәтиже береді:

- қысым ретінде қабылдайды;

- клиенттің сенімін жоғалтып, қатынас бұзылады;

- клиент алынған ақпаратты түсініп қабылдамайды;

- клиентке мәселесін шешуге кедергі жасайды және де кеңес берушімен әрекеттік қатынас құруға кедергі жасайды.

Мұндай қателерге мыналар себеп болады: - кеңес беру үрдісі мен принциптері туралы білімнің болмауы; - клиентпен жұмысты аяқтауға тырысу.

3.3. Жеке бас туралы дұрыс емес түсініктерді пайдалану.

Дәстүрлі көріністер жеке басты жағдаятқа сәйкессіз қасиеттердің көрінуіне қатынастың болмауы.

Бұл үрейлену, агрессия, ұстамдылық, өзіне сенімділік, өзін -өзі қадағалауға қабілеттілік, жауапкершілік, зейінсіздік сияқты терминдерді қолданумен көрінеді.

Клиенттің мінезі туралы айтылады. Бұл клиентте өзі туралы түсінікті қалыптастырады.

Клиентке қасиеттері қандай жағдайда көрінетіні туралы өте сирек айтылады. Клиентке жанама түрде әркез көрінетін қасиеті туралы айтылады.

Клиент өз кемшіліктері туралы ақпаратты жиі алады. Кейде хабарландыру тестілеудің жағымсыз нәтижелерімен шектеледі. Мұнда клиентте болатын, мәслелер, қиындықтар, қабілеттіліктер туралы ақпарат беріледі.

Нәтижесінде клиентте мінез – құлық, жағдайды таңдауда альтернатива болмайды. Клиент мәселені жеңуде үмітінен айырылуы мүмкін. Клиентке тек жағымсыз қасиеттерін айтатын психологтың қызметі нашар деген сөз. Ең бастысы клиент бұған сеніп, осындай қылық көрсетеді.

Клиенттің жеке басына байқап баға беру үшін келесі принциптерді пайдалану керек.

Денаминализация принципі – жеке бас қасиетінің мінездемесін қайта тұжырымдау. Психолог денаминализация принципіне сәйкес клиенттің сезімдері мен әрекеті туралы айтады.

Контекстуализация – жеке бас қасиеттері бақыланатын жағдаят мазмұнын көрсету. Бұл принципке сәйкес психолог адамның мінез –құлқы туралы айтады.

Жағымды реинтерпретация принципі – адамның мінез – құлқындағы бас тартуларды көндіруге өзгерту («жоқ» деп айтқызбау). Жағымжы реинтерпретация кезінде психолог «болмайды», «мүмкін емес», «қолымнан келмейді» деген сөздерді қолданбайды.

Мысалы, шешім қабылдай алмайтын адамға шешім қабылдауға біртіндеп үйрету. Тыңдамайтын адам, өзінше әрекет ететін адам ретінде қабылдануы мүмкін.

Жеке бас қасиетін өзгертуде мыналар көмектеседі:

- өзінің жеке психологиялық ерекшеліктерін немесе басқа адамның ерекшеліктерін дұрыс және дәл түсіну;

- белгілі жағдайда әдістерді таңдау мүмкіндігін кеңейту;

- әртүрлі жағдаяттарда бағыт білу, жағдаятты таңдау.

Кез келген психотерапиялық ықпалдың басты мақсаты клиент өміріне қажетті өзгерістер енгізуге көмектесу. Психотерапия нәтижесінде пациенттің жеке басында жағымды өзгерістер пайда болғаны туралы мәліметтер естуге болады. Мұндай психотерапия жеке басты өзгертеді деп те айтуға болады. Терапия барысында немесе нәтижесінде жеке баста жаңа бір қасиеттері қалыптаспайды, жеке бастың әрбір қасиеті берік болады. Бұл психикалық құбылыстар жас ұлғайғанда да өзгеруі мүмкін емес. Жеке бастың өзгеруі оның жағдаятты қабылдауына байланысты. Жеке баста жаңа қасиеттер құрмай – ақ, психотерапиялық әсер өмірлік жағдаятты да өзгертуге ықпал етеді. Мұндай әсер ету кейбір психикалық бұзылыстарды жоюда оң нәтиже береді.

2.2 Психотерапиялық кеңес беру процесінің кезеңдері мен принциптері


Психотерапия немесе терапия психикалық, жекебас ішілік мәселелер және қақтығыстармен күрделі мәселелерге дәстүрлі түрде негізделген. Белгілі бір мәселеге байланысты психотерапиялық кеңес алуға келген клиентке көмек көрсету кезектілікті талап етеді. Яғни психотерапиялық кеңес беру үрдісінің кезеңдері сақталынуы тиіс.

Кеңес беру сұқбаты бес қадаммен жүзеге асады. Мұны психотерапевтер ұстанады:

1) қатынас құру және клиентті жұмысқа бағыттау;

2) клиент туралы мәлімет жинау, «Мәселе неде?» сұрағын шешу;

3) нәтижені түсіну, «Қандай жетістікке жеткіңіз келеді?» сұрағына жауап беру;

4) балама шешім жасау, оны «бұл мәселе бойынша тағы не істей аламыз?» сұрағымен белгілеу;

5) психолог клиентпен өзара әрекеттесу нәтижесін түйіндеме формасында жалпылайды.

Бірінші кезең. Бірінші кезеңде психотерапевт клиенттің көмекті қажет ету себебін, мотивациясын анықтайды. Ең алдымен терапевт пен клиент арасында оңтайлы қатынас құруға мән беріледі. Мұнда психотерапиялық әрекеттесу принциптері құрылады.

Мұнда клиенттің психотерапевтке келудің себептерін атап көрсету маңызды.

1. Ата – аналарының, достарының қысымымен бағытталған пациенттер. Алғашқы сұқбат қиынға соғады. Мұнда клиент әлеуметтік типтегі арыздар білдіреді. Пациенттерді «құрбан» деп қабылдауға болады. Жиі ем сәтсіз болады. Егер пациент көптеген адамдармен әрекеттесу кешенінде қарастырылатын болса, нәтиже жағымды болуы мүмкін. Алғашқы сұқбат ерекше шеберлікті қажет етеді. Пациенттің пассивті пікірі белсеңді пікірге айналады (мысалы, пациент келесі кездесудің уақытын өзі белгілейді). Мұндай пациенттерге айналадағы адамдарға баға беруге мүмкіндік жасамау керек. Оның жақындарына да терапиядан өтуді ұсыну керек.

2. терапияға сараң пациенттермен алғашқы сұқбат күрделі болады. Мұндай пациенттер аналитикке әртүрлі сұрақтармен шабуыл жасайды. Олар тез жалығады. әңгіме кезінде олар өзін қадағаламай, үмітсіздікті білдіреді. Олар неше түрлі фантазияларды ойлап табады. Олар агрессивті және жағымсыз баға береді. Олар күйзеліске төзімсіз және терапияға жылдам келіседі.

3. мотивациясы төмен пациенттерге қарама – қайшы мінездеме тән. Олардың белгілері қызмет етуші соматикалық бұзылыстарда анықталады. Бұл тежелетін, пассивті, өзінің мәселесін сезінбейтін пациенттер. Олар аурудың психикалық табиғатын түсінбейді, оларға терапия мақсатын таңдау қиын.

4. Білімді пациенттер (психотерапиялық білімі бар) – ақпараттанған және өздігінен жұмыс істей алады. Тән ерекшеліктер: жүрекке әмір жүреді, эмоцияны тежейді, рационалды. Мұндай пациенттерді терапияға қуана қабылдайды, бірақ ерекше табандылық қажет.

Клиент мәселесін зерттеу үшін стандартты және стандартты емес сұқбаттасу, тесттер, клиенттің вербалды емес мінез – құлқы бақыланады, өзін - өзі бақылау нәтижесі, мәселені суреттеу үшін арнайы әдістер пайдаланылады. Мысалы, бағытталған қиял, проективті әдістемелер, рөлдік ойындар. Бұл әдістер психотерапияның аралық және соңғы нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.

Психотерапияның алдында әртүрлі диагностикалық процедуралар пайдаланылады. Психотерапиялық мектептер клиенттің мәселесін көре алушылықпен, мақсатты құра алушылықпен ерекшеленеді. Клиент туралы ақпарат жинау үшін пайдаланылатын сұқбаттасудың толық сызбасын келтіруге болады.

1. Демографиялық мәліметтер (жынысы, жасы, немен айналысады, отбасылық жағдайы).

2. Мәселенің туу тарихы: клиент бұл мәселеге қашан шалдықты? Бұл кезде тағы не болды? Мәселе мінез- құлыққа әсер ете ме? және денеге әсері қандай? Клиент оны уайымдай ма? Бұл мәселе оны қаншалықты алаңдатады? Оған қатынасы қандай? Оның көрінісіне қандай да бір оқиғалар ықпал ете ме? ол қандайда бір адамдармен байланысты ма? Кімнің араласуы оны күшейтеді немесе әлсіретеді? Қандай қиындықтар тудырады? Клиент қалай шешпекші болды? Нәтижесінде не болды?

3. Бұл мәселеге байланысты клиент психиатриялық немесе психологиялық көмек алды ма?

4. Білімі, немен айналысады? Сыныптастарымен қатынасы (мұғалімдермен), жұмысқа қанағаттануы (әріптестеріне), бұл өрістегі неғұрлым стреске итеретін факторлар қандай?

5. Денсаулық жағдайы (аурулар, қазіргі уақытта немен ауырады? Ата- аналар деңсаулыққа қамқорлық жасай ма (отбасында)? Ұйқының, тәбеттің бұзылуы, қандай дәрілерді қабылдайды және т.с.с.)

6. Әлеуметтік дамуы (өмірдегі неғұрлым маңызды оқиғалар, қазіргі өмірлік жағдай, күнтәртібі, жұмыс, сабақтар, немен айналысады? Қарым- қатынас, хобби, құндылықтары, наным- сенімі).

7. Отбасы, отбасылық жағдайы, қарсы жыныспен өзара қатынасы, секс. Ата – аналар, олармен қатынас туралы мәлімет, клиенттің пікірі бойынша ата- анасынан жеке – жеке қандай қасиеттерді тұқымқуалады, олардың бірігіп айналысатын істері. Апайлары, ағалары туралы мәлімет, олармен қатынасықандай? Клиент олардың қайсысын жақсы көреді, ата – анасы қайсысын көбірек жақсы көреді. Қарама – арсы жыныспен қатынасы, неге ажырасты? Ерлі – зайыптылардың қатынасы. Балалар (қанша? жасы нешеде?). клиентпен кім өмір сүреді. Сексуалды тәжірибе, сексуалды белсеңділік формасы.

8. Әсер ету стереотиптері. Бұл клиенттің вербалды емес мінез –құлқын бақылау арқасында жүзеге асады.

Бұл сызба бойынша құрылған сұқбат клиенттің психологиялық орнын, жалпы өмірлік жағдайын бағалауға, мәселені түсінуге мүмкіндік береді. Берілген сұқбаттың барлығын пайдаланудың қажеті жоқ. Ары қарай жұмыс істеу үшін бұзылу дәрежесін, ағзаның кемшілігін және клиенттің психиатриялық көмекті қажет етуін түсіну қажет.

Психотерапевт клиенттен психотерапия нәтижесінде нені күтетіні туралы сұрайды. Мұндай әңгіме адекватты емес мақсаттарды қолданудан бас тартуға мүмкіндік береді. Ол саналы мақсаттар жүйесіне ықпал жасайды. Бұл кезде қатысушылар жақын арада орындалатын нәтижелерге бағытталады.

Ең алғашқы клиенттің мәселе туралы айтуын «арыз» ретінде қабілдауға болады. Ары қарай жұмыстың жалғасуы үшін сұраныстар белгілеу керек. Алайда бұл сұраныс нақты анықталмайды. Бұл жағдайда клиенттің сұранысы бойынша бөлек жұмыс жүргізу керек. Кейде сұраныс психотерапиялық көмекке сәйкес келмейді.

Сұраныстың әртүрлілігі төрт негізгі стратегияларға жатады. Олар мынаны қалайды [69]:

- жағдайды өзгертуді;

- жағдайға бейімделу үшін өзін өзгертеді;

- жағдайдан шыға алады;

- бұл жағдайда өмір сүрудің жаңа әдістерін табады.

Қалған сұраныстар құрылымды, тиімді емес және кеңес беру үшін бөлек уақытты қажет етеді.

В.В.Столин пікірі бойынша (1983) клиенттің кенет айтылған арыздары келесі түрмен құрылуы мүмкін.

1. Субьективті және обьективті арыз. (неге және кімге)

Субьективті арыз бойынша бес түрі бар:


  • балаға (оның мінез – құлқына, дамуына, денсаулығына);

  • тұтастай отбасылық жағдайға (отбасында «барлығы нашар», «барлығы жаман»);

  • зайыбына (жарына), (мінез – құлқына, ерекшеліктеріне) және ерлі –зайыптық қатынасқа («өзара түсінушілік, махаббат жоқ»);

  • өзіне (мінезіне, қабілетіне, ерекшелігіне);

  • үшінші бір өкілге немесе отбасы мүшелеріне (апасы, атасына).

Обьективті арыздардың түрлері төменде берілген:

  • психосоматикалық деңсаулықтың немесе мінез – құлықтың бұзылуы (энурез, қорқыныштар);

  • жынысына, жасына, әйел немесе күйеу орнына, бала, ене, өзінің рөлдік мінез- құлқына;

  • психикалық нормаларға сәйкес көзқарастар мінез – құлқына (мысалы, баланың ақыл- ойының даму нормасына);

  • жекелеме психикалық ерекшеліктерге (тым шектен тыс белсеңділік, сылбырлық, «еріксіздік», эмоциясыздық);

  • психологиялық жағдаятқа (қатынастың жоғалуы, түсінбеушілік);

  • обьективті жағдаятқа (қиындықтар: тұрмыс жағдаймен байланысты қиындықтар, жұмыспен, уақытпен, ажырасу).

2. Өзіне диагноз қою – бұл клиенттің отбасы және адамдармен қатынасы туралы, өзі туралы ойы. Клиентте психикасының бұзылысы болған жағдайда өзіне диагноз қояды. Кең тараған түрлері:

- «шектен тыс еркіндік» - ережелерге қарсы келу және оларды түсінбеу;

- «психикалық анамалия» - өкілді психикасы ауру адамдар қатарына жатқызу;

- «ағзадағы кемістік» - бұл өкілдің кемщілігі бар деп қабылдау;

- «генетикалық бағдарлама» - мінез – құлықты тұқымқуалаушылыққа байланысты дейді;

- «жекелей ерекшеліктер» - кез келген мінез – құлықтық ерекшеліктерді мінезге итермелейді;

- «бұрыс әрекеттер» - өзінің қазіргі немесе өткендегі мінез – құлқын бағалау;

- «жеке бас кемшіліктері» - үрейлену, сенімсіздік, пассивтілікті бұрыс мінез – құлық нәтижесі ретінде бағалау;

- «үшінші адамның ықпалы» - ата – ананың, апасының, жарының, атасының, мұғалімдердің;

- «жағымсыз жағдай» - ажырасу, мектептегі қақтығыс, баланың шамдануы, шаршау, ауру және т.б. - өзі немесе жары үшін;

- «бағытталу» («мені сізге жіберді», және арнайы орган, директорды немесе басқа жетекшіні атайды).

3. Мәселе – бұл клиенттің өзгерткісі келетін, бірақ шамасы жетпейтін обьект.

Кең тараған мәселелер төменде берілген:

- сенімсізбін, сенімді болғым келеді (шешім қабылдауда, бағалауда және т.с.с.)

- қолымнан келмейді. Үйренгім келеді (ықпал ету, сендіру, қақтығысты жою, көндіру, шыдау және т.с.с.).

- түсінбеймін. Түсінгім келеді (баламды, оның мінез – құлқын, күйеуімді, оның ата – анасын және т.с.с.).

- не істерімді білмеймін. Білгім келеді (кешіруді, жазалауды, емдеу, кету және т.б.)

- мен жоқ, бар болғанын қалаймын (ерік, ерлік, сабырлық, қабілет және т.с.с.)

- қалай істеітінін білемін, бірақ қолымнан келмейді. Қосымша ынта керек.

- шамам келмейді. Жағдайды өзгерткім келеді.

- сонымен бірге, ауқымды тұжырымдар болуы мүмкін: «Бәрі жаман. Не істеймін? Қалай өмір сүремін?»

Клиенттің мәселесін және арызды ажырату керек. Егер клиент бойынша оның әйелі (күйеуі), баласы түсінбесе, онда ол бір нәрсені білгісі келеді деген сөз емес және т.с.с.

4. Сұраныс – клиенттің кеңес беруден күтетін көмек формасын нақтылау. Ідетте мәселе мен сұраныс мағынасы жағынан байланысты. Мысалы, клиент мәселені тұжырымдайды: «Қолымнан келмейді. Үйренгім келеді», онда сұраныс «үйретіңіз» деген болады. Алайда сұраныс та, мәселе болуы мүмкін.

Келесі сұраныстарды белгілеуге болады:



  • эмоциялық және моральдық қолдауды сұрау («менің ойым дұрыс қой? Мен жақсы адаммын ғой? Мені ңшешімім дұрыс қой?»)

  • талдауға көмектесуді сұрау («бұл туралы не мәлім?»)

  • дағдыларды игеруге көмек сұрау («менің қолымнан келмейді. Үйретіңіз.»)

  • ұстанымды қалыптастыруда көмек сұрау («ол көзіме шөп салады. Не істеуге болады? Ол үшін баламды жазалауға бола ма?»)

  • отбасы мүшесіне ықпал етуді сұрау («оның қорқынышын жоюға көмектесіңізші. Оны балалармен қарым – қатынасқа түсуге үйретіңізші.»)

  • клиенттің қызығушылығына байланысты отбасы мүшесіне ықпал ету («оны тыныштандырыңызшы, оны мені сыйлауға үйретіңізші»).

Кенет түскен арыздың белгілі сюжеті бар.

Арыздың ашық және жасырын мазмұны жоғарыда жазылған параметрлер бойынша талданады. Кейде жасырын арыздар болмайды.

Арыздар сәйкес келмейді. Мысалы, баланың мінез – құлқына түскен арызда әкесінің баланы тәрбиелегісі келмейтініңде жатыр.

Адам арыз білдіргенде, оның пантомимикасы басқаны айтуы мүмкін.

Мәселеге байланысты сәйкессіздік болуы мүмкін. Мысалы, «білмеймін, білгім келеді». Мұнда жасырын мазмұн «қолымнан келмейді, үйренгім келмейді».

Сұраныстарды талдаған кезде сәйкессіздік анықталады. Сұраныс мазмұны – көмек сұрау: «ол көзіме шөп салса, не істеймін?», ал жасырын – жеке қызығушылықтарға ықпал етуді сұрау: «оны ұстап қалуға көмектесіңізші». Арыздың жасырын мазмұны - бұл санасыздың емес, тек толық ашылып айтылмаған мазмұны.

Бірінші күннен бастап жасырын мазмұнды ашып, сәйкес сұрақтарды тұжырымдаған дұрыс. Бұл жағдайда клиенттердің реакциялары жағымды болады. Псикатерапевт клиентпен бірге сұраныс мәселені білдіре ме, жоқ па алдын ала анықтайды. Психтерапевт клиентке сұрақты дұрыс қоюға көмектеседі. Психотерапиялық көмектің ерекшеліктерін анықтайды.

Екінші кезең қатынас құруға арналған. Психотерапиялық үрдістің қатысушылары әріптесттік келісім шартқа отырады,психотерапевт психотерапия моделін жасайды. Жиі клиент психотерапевтке доктор ролін ұсынады.Себебі доктор пациенке нақты диогноз қойып, кеңес береді. Бұл кезеңнін неғұрлым маңызды сәті өзара жауапкершілік қатынасын құру. Психотерапияның жетістігі клиенттің жұмыс істеуге белсенділігіне байланысты. Психотерапия үрдісінде жеке бастың өзгеруі мүмкін мұнда психотерапевтің міндеті бұл жетістікті клиентпен талқылау. Оның санасы мен санадан тыс түсінігі не кейбір әдеттерден құтыламын деген ой болады. Психотерапиялық әрекеттесудің ерекшеліктері, психотерапевттің өзін өзі көрсету дәрежесі жұмыс бағытына тәуелді. Алайда психотерапияның барлық мектептерінде жалпы ерешеліктер сақталады,қолдау көрсету, қабылдау және клиентке қызығушылық білдіру. Жұмыс шарты әріптестік болғандықтан, психотерапевт клиенттің күтуін, қарым қатынас стилин ескереді. Клиентті еркін, ашық әңгімеге тартады. Әріптестік және сенімді қатынасты сақтау психотерапияның келесі кезеңдері үшін өте маңызды. Қатысушылармен қатынас моделдері психотерапияның мектептерінде әр түрлі жолмен қалыптасады. Клиент психотерапевке сенуге күдіктенеді, оны тексереді. Егер клиент психотерапевтке ашылып сөйлесе, еш нәрсе жасырмаса, онда жақсы қатынасы орнады деген сөз. Бұл кезде психотерапияның келесі кезеңіне көшу керек.

Келесі үшінші кезеңде мақсаттар анықталады. Психотерапевт психотерапиялық стратегияны белгілейді. Терапевт стратегияны таңдағанда клиенттің мәселесіне,жеке бас ерекшелігіне сүйенеді. Клиент психотерапияның метафорасын меңгеріп, бұл бағыттың негізгі мінездемесімен танысады. Өзінің мәселесіне байланысты мақсатты тандауға қатысады. Ол жұмысқа белсенді қатысушы ретінде қосылып, белгілі психотерапиялық бағытты немесе психотерапевтті таңдайды. Жұмыс барысында клиенттің жауапкершілігі мен белсенділігі арттылыуы керек. Вербалды немесе сөзсіз ол өзінің қалауларын білдіреді. Психотерапевт оның пікірін ескеріп, өзінің әдістемеліп жинағына сәйкестіреді. Бірақ клиенттің айла - амалына да берілмеуге тырысады. Клиенттің психотерапияға белсенді араласуы оның жетістігіне жағымды әсер етеді.

Жұмыс мәселені зерттеуден басталады. Мәселені сұраныстан ажырату маңызды. Зерттеу барысында клиент өз эмоцияларын сезіне бастайды. Сезім білдіргеннен кейін қысым түсе бастайды . Клиент бас тартқан сезімдерін растайды. Психотерапевт жеке мысал келтіріп, клиентке сеземдерін қабылдауға түрткі жасайды. Клиент өз сезімдерін басынан кешіріп, оны сезіп қана басқаратының түсінеді. Ол мұндай жол арқылы ол эмоцияларын баспай, түсіреді.

Сезімдерін білдіру әрқашан оңтайлы әдісі болып табылмайды. Мысалы, ол депрессияға ұшыраған клиенттерге жарамсыз, күйзеліске ұшыраған клиент зақымдалған уайым – сезімдерді оятуға қарсы тұрады және оң нәтиже болмайды. Алайда, жалпы стратегияны суреттегенде, қысымнан құтылғаннан клиент өзін түсінуге мүмкіндік алады. Сондықтан, келесі манызды қадам сезімдерді білдіруден оларды түсінуге көшуболып табылады. Жұмыста басты назар уайымдау тәжірибесін түсініп кіріктіруге ауады.

Инсайт түсінігінің мазмұны өте ұзақ. Онда уайы, фантазия, эмоциялық күйталданады. Интеллектуалды және эмоционалды инсайт болады. Көптеген теоретиктер клиенттің өмірін өзгерту үшін эмоционалды инсайтқа жетуді ерекше белгілейді. Басқа да көзқарас бар: когнитивті бағыт өкілдері бейімделе алмаушылық, қате түсініктерді өзгертіп түзету керек. Эмоционалды инсайт неғұрлым терең өзгерістерге әкеледі, алайда, психотерапиялық үрдістің қатысушыларынан көп еңбектенуді талап етеді.

Мінез –құлықты өзгетуге бағытталған терапиялық жұмыстың арнайы белгілері бар. Сондықтан, мұндай жұмыс инсайтты өзіне қоспайды. әртүрлі мектептер жұмыс мақсатын түрліше тұжырымдайды. Психотерапия нәтижесінде клиент өмірлік стилін бейімдеуге тырысады (жекелей психология), бұрын бас тартқан жеке бас қасиеттерін қабылдайды (гештальт терапия), өзгереді (аналитикалық психология), өмірге деген шығармашылық бағытты қалыптастырады (гуманистік психология). Бұл мақсаттарға жету стратегияларыда әртүрлі: бұл психотерапияның шартсыз жағдайында зақымдаушы тәжірибені басына кешіру, денемен жұмыс істеу, жаңа дағдыларды үйрету. Психотерапевт өткен шақ, қазіргі күн немесе болашаққа негізделеді. Ол эмоциямен, бейнемен, оймен немесе мінез –құлықпен жұмысқа тұрақталады.

Төртінші кезеңде қойылған мақсаттармен жұмыс істеледі. Бұл теориялық модель психотерапевтке әдіс таңдауға түрткі болады. Психотерапевт клиенттің эмоциясына, көзқарасына, мәселесіне бағытталып, онымен жақсы, сенімді қатынас құрады. Мысалы, егер клиенттің зайыбы аналық рөлге ие болса, ондай клиентпен бұл мәселесі бойынша жекелей психотерапиялық жұмыс өткізу қиынға түседі.

Қолданылатын әдістер мәселенің мінездемесіне қарай таңдалады. Терапиялық жұмыстын әдісін таңдау терапевттің мәселені шешу мүмкіндігіне байланысты. Клиенттің мәселесі барлық кезеңдерді шешіледі, сондықтан терапевттің әдісті таңдауына байланысты мәселе тиімді және жылдам шешіледі.

Бесінші кезеңде ішкі өзгерістерді сыртқы мінез – құлыққа көшіру мақсаты қойылады. Психотерапияның кейбір кезеңдерінде бұл шектеледі (психоанализде), басқаларда екпін жасалады (мысалы, бихевиоральды психотерапияда). Бұл кезең барысында жаңа мінез – құлық үлгілерін игереді.

Алтыншы кезең – психотерапия қорытындалады. Әртүрлі факторлар теңеседі: өзгеруге, емделуге қажеттілік өзгереді. Мұнда клиентте психотерапиялық күйзеліс болады, оның төлем ақысына таң қала бастайды. Емдеуде тоқтату шешімін қабылдамас бұрын, алынған нәтиженің сандық және сапалық мінездемесін бағалау керек. Психотерапевт клиенттен оның алғашқа белгілері туралы сұрайды және клиент өзіне қолдау көрсете алатынына көзі жетеді [66].

Кейбір терапевттер клиентке келесі сөйлемдерді белгілеуді ұсынады:

- мен психотерапиядан көп нәрсені алдым және өзімнің жағдайыма қанағаттанамын;

- мен психотерапиядан кетуді ойлап жүрмін;

- мен (немесе менің психотерапевтім) сыртқы жағдаяттарға байланысты терапияны жалғастыра алмайды;

- менде, психотерапевтте бірге жұмыс істеу қолымыздан келмейді;

- мен психотерапевтпен жұмыстан көп нәрсені алдым;

- өзіме қажет нәрсенің бәрін алдым, ары қарай жалғастыру қажет емес;

- менің психотерапевтім жұмыстың аяқталуға жақын екенін айтты;

- ары қарай жалғастыруға ақшам немесе уақытым жоқ;

Психотерапевт клиенттің қалауын құрметтейді. Алайда ол клиенттің психотерапияны тоқтату шешімін қарастырады.

Клиент ойын сыртқы жағдайларға байланысты айтып қалуы мүмкін. Бұған басқалардың ықпал, бөгет жасау, қарсылығы әсер етеді. Сондықтан оның пайда болу негізін зерттеген маңызды. Егер сеанстардың мазмұны болмаса, клиент шаршап, үй тапсырмасын орындамайды, психотерапияны аяқтағысы келеді. Бұл қарсылықты клиентпен әңгімелісіп, себебін анықтап, мотивін жоғарлату қажет. Психотерапияны аяқтау – ұзақ үрдіс. Ол бір айдан артық жалғасуы мүмкін. өйткені психотерапияның өзі бір жылға созылады. Мұнда қатысушылардың өзара әрекеттесуі маңызды терапиялық фактор ретінде қарастырылады (мысалы, психоаналитиканың).

Психотерапия жетістігінің бір шарты емдеудің бастапқы кезеңінде ұзақтылығын анықтап алу. Олардың мазмұны қарастырылуы керек.бірінші сеанстарда емдеуді аяқтау туралы шешім қабылданады. Психотерапияның күрделі динамикасы, қиындықтары туралы клиентті ескертеді. Жұмыс барысындағытиімді қатынас аралық нәтижелерге шоғырлануға кедергі жасайды. Қорытындылаушы кезеңде психотерапия кезіндегі өзгерістер анықталады. Егер өзгерістер болмаса, себептері анықталады. өзгерістерді әрекетте көруге болады.

Егер клиент тәуелсіз болып, өзінің мәселесі үшін жауап бере алса, олардың шешімін тапса, онда психотерапия аяқталады.

Терапевттер бір ақиқатты білді, бірақ оны жарияламайды терапевттер клиенттермен жұмысын жарияламайды. Сондықтан мамандар психикалық саулық саласында стреске көп ұшырайды.

Бұл қандай ақиқат? Клиенттерді өзгерту өте қиын. Олар біртіндеп қана өзгереді. Көбі мәселені ұмытпай, азаптанады. Дағдарыс кезінде де клиенттер өзгергісі келмейді. Олар тек тығырыққа тірелгенде ғана, өзгереді. Бұл аянышты, себебі клиент көп күшін, эмоциясын жоғалтады, уақыты кетеді.

Клиенттер мынандай амаладар іздеуге тырысады

- жанама пайда. Сыртқы қолдау клиенттің: «Ештене өзгертпеген дұрыс» деген пікірін растайды.

- әлеуметтік қолдау «менің өзгергенім адамдарға ұнамайды»

- құндылықтардың қарама қайшылығы. Клиент құндылықтарын өзгерткісі келмейді «өзгерген дұрыс емес»

- іштей келісімділік. Бұрынғы мінез – құлқы көп нәрселермен байланысты. Оны қайта қарау клиенттің бүкіл өмірін өзгертуді қажет етеді «өзгерістің бағасы тым жоғары».

- қорғаныш «өзгеру өте қауіпті».

- бәсекелестік «мен ешкімнің айтқанын істемеймін».

- тәуелділік «мен өзгерсем, сіз керек болмайсыз».

- сиқырлы айығу «өзгеру үшін аса тырысудың қажеті жоқ». Бұл тез және ешбір қиындықсыз болуы керек.

- мотивация «мен өзгертуді қажет етпеймін. Мен онсыз да бақыттымын».

- қарсы келу «мен не айтып тұрғаныңызды түсінбеймін».

- мінез-құлықтағы қателіктер. Сеанстарды босату, прициптерді жоққа шығару; сеанстағы жұмысты орындамау және сабақтан тыс уақытта қоңырау шалу; төлемеу; емдемейді деген арыздар айту. Бір терапевттен екіншісіне бару; алғашқы терапевттерге арыздар айту. Тек дағдарыс кезінде терапевтке бару.

Мұндай мінез-құлықтардың алдын алуға болады. Егер клиент терапияны бұзуға бейім болса, кеңес берудің бастапқы кезеңдерінде қате мінез – құлықтардың тізімін жазуды ұсыныңыз. Егер ол кеңес беруді бұзғысы келсе, қандай әдісті пайдаланатынын сұрай керек. Мұндай қылықтарды талдай керек.

Клиенттің әрбір мінез – құлық әдісін бөлек атау керек. Болжам жасау керек. Мұны клиентпен талқылаған дұрыс. Деструктивті әдістерден пайдалы әдістерді ажыратуды үйрету керек.

Кейбір клиенттер кеңес беруді театрлық шоу деп қабылдайды. Мұнда клиент басты кейіпкер, ал терапевт көрермен.

Көптеген психотерапиялық бағыттар клиенттер үшін тиімсіз. Бірақ клиенттер терапияда белсеңді болады. Кейде клиенттер мұндай кеңесті тақтатады.

Клиентке өзін - өзі алдаудан құтылуға –көмектесу үшін, оның назарын мәселеге аударту керек. Бұл кезде клиенттің ішкі және сыртқы пайдасын ескеру керек. Мұны клиентке көрсетіп, оның мақсатына жетуде қандай ықпал ететінін жеткізу керек. Клиентті мақсатқа жетудің неғұрлым тиімді әдістеріне үйрету керек.

Соңғы жетінші кезеңде психотерапияның тиімділігін бағалауды көрсету керек. Жетістікке байланысты психотерапияныі тиімділік критериилері белгіленеді. Мұнда клиенттің жағымды өзгерісі, белгілердің жоғалуы, клиенттің психотерапевт пікіріне қанағаттануы, тестілеудің көрсеткіші қарастырылады [64].

Психотерапия нәтижесінде өзгерістерді зерттеу үш сауалға жауап берумен жүзеге асады.

1. Психотерапия барысында клиент өзгерді ме?

2. Бұл өзгерістер психотерапия нәтижесі болып табылады ма?

3. Оның жағдайын жақсарту үшін бұл өзгерістер жеткілікті ме?

өзгерістер тек психотерапиялық емес, одан тыс факторлардың ықпалынан пайда болады. Үшінші сұраққа жауап психотерапияны аяқтауға мүмкіндік береді.

Психотерапиялық кеңес беру процесі кезінде міндетті түрде алғашқы кеңес берудің принциптері қарастырылуы тиіс.

Клиентпен алғашқы кездесу бірнеше міндеттерді орындауды қажет етеді. Бұл: жекебас аралық, диагнотикалық және терапиялық [76].

Жеке бас аралық жоспарда кеңес берушінің міндеті клиентпен қатынас құру. Клиент шынайы, сенімді қатынасты қажет етеді. Психологиялық қатынастың пайда болуының маңызды шарты кеңес берушінің шынайылығы.

Диагностикалық қатынаста кеңес берушінің міндеті клиенттің мәселесін анықтау және жұмыс болжамын құру. Клиенттің мінез – құлқын бақылау, онымен өзара әрекеттесу, айтылған оқиғалардыталдау негізінде кеңес беруші клиенттің ішкі әлемінің моделін құрып, терапиялық стратегия таңдайды.

Терапияның мақсаты кеңес беру кезінде клиентке психологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік беру, жағдай жасау. Алғашқы кеңес берудің терапиялық мақсаты – клиенттің қажеттіліктеріне жауап беру. Клиент психологиялық көмекті дағдарыс кезінде сұрайды. Кеңес берушінің міндеті клиенттің психологиялық мұқтаждықтарына эмоционалды жауап беру, оны түсіну.

Кеңес берудің басы:


  • Танысу

  • Уақытпен таныстыру

  • Вербалды және вербалды емес қолдау көрсету

  • Ашық сұрақтар қою

  • Тыңдау, қайталау және анықтау

  • Клиенттің арыздарын белгілеп, есептеу

  • Қадағалау және белсеңділік дәрежесін жоспарлау

Кеңес берудің ортасында:

  • Тікелей бақылаңыз

  • Жаңа тақырып ашыңыз

  • Әрбір тақырыпты ашық сұрақ қоюдан бастаңыз

  • Тақырып соңында жабық сұрақтар пайлаланыңыз

  • Бағытты дұрыс ұстаңыз

  • Жаңа түскен ақпаратқа назар аударыңыз

  • Жаргон сөзді қолданбаңыз

  • Болжамдау үшін талдауды пайдаланыңыз

  • Егер клиенттің хабарламасы қарама – қайшы болса, конфронтацияны пайдаланыңыз

  • Эмоцияны ынталандыру үшін сезімді білдіру және кері байланысты пайдаланыңыз

Кеңес беруді аяқтау:

  • Әңгіме мазмұнын есептеңіз

  • Қажеттілікті тыңдауға дайындықты көрсетіңіз

  • Клиенттің күтулерін сұраңыз

  • Ақпарат немесе кәсіби кеңес беріңіз

  • Келесі қадамды талқылаңыз [38].

Кеңес берудің басы. Бірінші кездесудің басталуы клиенттің жағдайы мен күйіне тәуелді. Кез келген жағдайда клиентке кездесу мақсатын, уақытын атау керек. Содан кейін бірінші сұрақты қоюға болады. Клиенттің көңілін аудару үшін ашық сұрақтан бастау керек. Ол сұрақтарға клиент «иә» немесе «жоқ» деп жауап бере алмау керек. Мысалы, «психологқа қандай себеппен келдіңіз?» немесе «неден бастағыңыз келеді?». Егер алғашқы сұраққа жауап нақты болмаса, онда келесі сұрақты тұжырымдауға болады: «Сол туралы айтып бере аласыз ба?»

Клиентпен қатынас құрудың жақсы әдісі қолдау болып табылады. Қолдау – вербалды емес (езулі жағымды мейірімді мимика) және вербалды («иә», «мен тыңдап тұрмын», «сол туралы көбірек айтшы»). Вербалды және вербалды емес қолдау сәйкес болу керек.

Кеңес берудің бастапқы фазасы – бұл клиенттің кеңес беруге келуінің себептерін айтуға ынталандыру уақыты. Кеңес беру кезінде қысқа кідіргі болады. Бұл – мәселені ойлау. Кідіріс ұзаққа (2 минут) созылса, клиентте үрей , сенімсіздік, ыңғайсыздық пайда болады.

Клиенттің мәселесін мұқият тыңдап, оның субьективті суретін түсіну кеңес берідің бастапқы кезеңінің негізгі міндеттерінің бірі. Сіз клиентке оның көзқарасын білдіруге көмектесесіз.

Әңгімелесудің бастапқы фазасының соңында клиенттен: «сізді тағы не алаңдатады?» деп сұрау керек. Содан кейін арыздарды есептеу керек. Есептеу қызметі клиент арызын түйіндеу болып табылады.

Есептеу әдісімен сеанс барысында мәселені жазып отыру тығыз байланысты. Арыздарды жазбаша тіркеу өте маңызды. Яғни ары қарай жұмыста пайдасы бар. Алайда, бұл барлығының қолынан келмейді. Егер кеңес беруші дәптерге үніліп жазып отырса, онда сенімді қатынас орнамайды. Сондықтан, тек қысқаша тіркеумен шектелу керек немесе мүлдем жазбау керек. Егер мңызды сәттерді жазу керек болса, клиентке: «реңжімісеңіз мен жазып алайыншы. Бұл ары қарай жұмыс үшін маңызды.» деп айту керек. Содан кейін дәптер мен қаламды шетке қойып, ары қарай қатынасты жалғастыру керек.

Әңгімелесудің бастапқы кезеңінде белсеңділіктің қажетті деңгейін анықтау керек. Әңгімелесудің алғашқы сәттерінде, ақпарат құрылымын жасағаннан кейін, пассивті позицияны ұстану қажет. Клиент сөйлеген кезде тыңдап, кеңес беру стратегиясын жоспарлау керек. Мысалы, көп сөйлейтін клиенттермен белсеңді болу керек. Себебі уақыт босқа кетеді. Және керісінше, мәселені байытып, асырып айтатын клиенттерді бақылып мәселені терең зерттеу керек. Алайда бұл жағдайда уақытты шектеген дұрыс. Яғни қалған уақытта белгілі тақырыптарда әңгімелесу өтеді.

Кеңес берудің ортасы. Бұл кезеңнің негізгі міндеті – клиент мәселесіне болжам жасау және қосымша ақпаратжинақтау арқылы тексеру. Егер қажетті ақпарат алсаңыз, қадағалаңыз. Егер клиент әңгімесінде мазмұны аз болса, онда белсеңділік танытыңыз. Қадағалаудан қорықпаңыз. Клиенттің сөзін сыпайы түрде бөлуге болады. Кейде клиент мәнсіз жағдайды асрып бағалайды.

Жаңа тақырыпты зеттемес бұрын зерттеудің алғашқы саласын аяқтау керек. Жаңа тақырыпқа еліктегендіктен, клиент мәселесінің мәнін түсінуде қиындықтар туады.

Клиенттің жаңа тақырыпқа кенет көшуі келесідей болады: «бұл сіз үшін маңызды екенін білемін, бірақ алдынғы жұмыстағы мәселеңіз туралы айтыңызшы». Клиентке жаңа тақырып ұсыну керек. Сонда ол әңгіменің барысын түсінеді.

Кәсіби жаргондарды қолданбаңыз. Диагностикалық және психологиялық түсініксіз, ашылмаған мәселелерді анықтау керек. Мысалы, клиент депрессия туралы айтса, кеңес беруші былай деуі мүмкін: «Сіз депрессияда болғанда нені сезінгеніңізді анық айтыңызшы».

Эмоциялар байқалғанда, эмпатияны білдіріп, қолдау жасаған дұрыс. Клиентті аяуға болмайды. Клиент арыз айтқанда жанашырлықтан аяушылыққа көшуге болмайды. Эмпатия – бұл басқа адамның психологиялық күйін түсіну, оған жанашу.

Эмоцияны білдіруде сезімді көрсету сияқты әдістер сәйкес («сіздің дауысыңызда өкініш бар; Сіз мәселені шештім деп ойладыңыз, бірақ кінә сезімі пайда болды»), кері байланыс («Сіздің көзіңіз жасқа толды») және сұрақтар («сізді не ашуландыратынын айтып беріңізші»)

Кеңес беруді аяқтау. Әңгімелесуді аяқтау кезеңі бірнеше міндеттерден тұрады: кеңес берудің қорытындысын жасау, мәселелі жағдайды шешу қадамын анықтау, клиенттің күтуін анықтау және түзету. Кеңес беруді аяқтау үшін белгілі уақыт бөліну керек.

Сонымен қатар, клиенттің сезімдерін де ескеру қажет. Бұл кезде кеңес беруді аяқтауға асықпаған жөн.

Кеңес беру қорытындысын жасауға он минут уақыт бөлу керек. Мәселені тіркеп есептегеннен кейін клиенттен: «Сіздің негізгі мәселеңіз не? Сол мәселе бойынша жұмыс істейміз». Мұндай сұрақ клиенттің мотивациясын ынталандырар, ары қарай әрекетті жоспарлауға мүмкіндік береді. Келесі кездесу туралы ақылдасады.

Клиент маңызды мәселе туралы сеанстың соңында айтады. Сондықтан: «Маңызды нәрсені тастап кеткен жоқсыз ба?» деп сұрау керек. Бұл сұрақтың арқасында жаңа ақпарат пайда болуы мүмкін. Мұндай сұрақ клиенттің қажеттілігін білуге құштарлықты көрсетеді.

Кеңес беруді қорытындылау кезеңінің бір мақсатында клиенттің күтулерін анықтау принципі бар. «Мұнда келгеннен бері өзініңді қалай сезінесіз?» немесе «өзгерістер күтулеріңізге сәйкес пе? Қаншалықты?» деген сұрақтар клиенттің күтуін анықтауға көмектеседі. Мұндай сұрақ кеңес берушіге қиынға соғады. Бірақ мұнда клиенттің күтулерін түзетуге мүмкіндік бар. Себебі бір кездесуден күтулер ақталмайды.

Әңгімелесудің қорытынды фазасы – бұл клиентке кәсіби ұсыныстар беру уақыты. Кейбір мәселелерді бірнеше рет қарастыру керек. Мысалы, жыныстық қатынас мәселесі, психологиялық немесе сексуалдықатынастардың бұзылуынан пайда болуы мүмкін. Сондықтан, психологиялық көмектен басқа, клиент психиатрдың, заңгердің, сексологтың көмегін қажет етуі мүмкін.

Ары қарай жұмыс жалғасатыны туралы айту керек. Әңгіме барысын жазу өте қиын болса да, жазылмаса маңызды ақпарат жоғалуы мүмкін. Алғашқы кеңес беру клиенттің ары қарай жұмыс істеуге шешімін ояту мен мазмұндалады. Клиент ары қарай жұмыста өз мәселесін шешуде жауапкершілікпен қарау керек.

2.3 Психотерапиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру және өткізу
Психотерапиялық кеңес беру жұмысы клиенттің (жасөспірімдердің) бойындағы жағымсыз қасиеттерді жоюға немесе төмендетуге бағытталған.

Психотерапевттің этикалық принциптері. Маманның іс -әрекетінде басты рөлді этикалық принциптер ойнайды. Олар психотерапиялық үрдіске қатысушыларының қатынас түрін, құқығы мен жауапкершілігін бекітеді. Кәсіби қоғамдастық психотерапевт жұмысының міндеттері мен нормаларын құрайды. Біздің елде мұндай қызметтерді орындайтын авторитарлы қоғамдастықтар жоқ. Біліктілігі жоқ мамандардың кеңес беруі және де психологтардың этикалық нормаларды бұзуы біздің еліміздегі психотерапевт имиджін бұзады.

Мұндағы ерекше мәселе: клиент құқығы заңды түрде қорғалмайды. Психотерапиялық үрдіске қатысушылардың құқығы қарастырылмайды. Бұл жағдайда этикалық нормалар мәні ерекше. Төменде психотерапиялық үрдістің кәсіби нормасымен қамтамасыз ететін жалпы принциптер берілген.

1. Жауапкершілік. Психотерапевт психотерапияны ұйымдастыру, өткізу және нәтижесі үшін жауап береді. Оның жұмысы клиенттің қызығушылығын ескеру негізінде құрылу керек. Бұл қызығушылықты дұрыс түсінген дұрыс. Мысалы, клиент қамқорлық пен аяушылықты қажет етеді. Егер терапевт клиенттің шынайы сезімдері мен қажеттіліктерін түсінбесе, психотерапияда жетістікке жету мүмкін емес. Клиент өзінің инфантильді қажеттіліктеріне ғана қанағаттанады.

Басқа да жағдай мүмкін: клиент қарсылық білдіреді (үндемейді). Онда психотерапевт күзеліске ұшырайды. Алайда, мәселені шешудің жауапкершілігі тек психотерапевттің мойнында емес. Бірақ клиент терапияның нәтижесі үшін жауап береді. Ол психотерапевттің білімі, тәжірибесі және қолдауына сүйеніп, мәселені жеңу керек.

Когнитивті жауапкершілікті арнайы түрде қарастыру керек. Психотерапевт өзінің құзыреттілігін біліп, өз білімі үшін жауап береді. Мысалы, нақты психиатриялық диагноз қою үшін және оны түзету психиатрдың қатысуын қажет етеді. Белгілі салада маман болып психотерапевт кәсіби дайындық негізінде білікті әрекетті жүзеге асыру керек. Бұл шығармашылық бағыт пен ізденіске қарсы тұрмайды. Алайда, ізденіс жемісті болу үшін жағдайда терең түсіну қажет.

Психотерапевттің тәжірибеге құқығын дәлелдейтін сертификат болады. Психотерапияда мамандану үшін жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық, медициналық психология, патопсихология, психодиагностика саласында білім болу керек. Теориялық дайындықтан басқа психотерапевттің арнайы дағдылары мен білігі болу керек. Оның белгілі жеке бас қасиеттері болады. Ең алдымен психотерапевт өзінің мәселелерін түсініп шеше білу керек. Мысалы, қабылдауды қажет ететін кеңес беруші керемет доктор ойынына қатысады. Психотерапевт клиент үшін модель. Сондықтан оның күйін өзгерістер анықтайды.

Психолог түсіне білу қасиетін дамыту керек. Ол өзінің терең қажеттіліктерін қанағаттандыру керек.

2. Құпиялылық психотерапевт жұмысындағы тағы бір маңызды принцип. Клиенттің қызығушылығын ескеріп, сеанстағы болған жағдайды құпиялы түрде сақтаған дұрыс. Бұл кезде психотерапевттің пікірі мен орнын ескеру қажет. Ол клиент туралы ақпаратты басқа бір лауазымды өкілге жарияламау керек. Жұмыстың мазмұны туралы ата –аналарға да айтудың қажеті жоқ. Сұраныс ата –аналар тарапынан келсе де. Ең алдымен психотерапевт клиенттің құқығын қорғайды. Бұл принциптерді сақтау арқасында, қатысушылардың арасында сенімді, жақсы қатынас туады.

Сонымен бірге, құпиялылықтың шегі болады. Сол туралы клиентке алдын ала ескерген жөн.

Егер клиент өзінің өміріне, бақытына қаупі туралы ақпарат берсе, терапевт оны жоюға тырысу керек. Бұл басқа адамдардың араласуын қажет етеді. Мысалы, психотерапевт өзіне қол жұмсау немесе үйден кету туралы хабарламаны назарсыз қалдыра алмайды. Клиенттермен мәселені талқылау жұмыстың бастапқы кезеңінде жүзеге асады. Топта жұмыс істегенде де құпиялылықты сақтау керек. Психотерапевт топта сенім атмосферасын құру үшін жауап береді.

3. Клиентке қатынасы клиентті қабылдауға негізделеді. Сонда клиент те өзін қабылдайды. Бұл жағдайдың түйіні адам өзін қабылдағанда ғана өзгере алады. Психотерапевттің ұстанымы күнәні бағалау, кеңес беру емес, жеке бастың өсуіне көмектесу болып табылады. Клиент психотерапия түрін өзі таңдайды.

Психотерапевттің маман, азамат және адам ретінде өзінің құндылықтары бар. Өзінің құндылықтарына қарамастан, ол клиенттің пікірін айла – амал арқылы өзгертпейді. Психотерапевт «дұрыс жолға» салмайды.

Тұжырымдамалар жұмыстағы бағыт үшін қажет. Бірақ психотерапевт клиентке өздігінен шешім қабылдауға, мәселені шешуге үйрету керек. Сондықтан, кеңестер мен айла – амалдар тиімсіз болады. Психотерапевттің басты мақсаты – клиентке өзінің қажеттілігі мен мінез –құлқы үшін жауапты екенін түсіндіру.

Психотерапиялық кеңес беру барысында көрсетілетін көмектің нәтижелі болуы үшін келесі жаттығу түрлерін өткізуге болады. Осы берілген жаттығулар арқылы психотерапиялық кеңес берудің өткізілу жолдарын анық көруімізге болады [32].

Үндемей кіріспеу дағдыларын артыруға арналған жаттығулар.

«Клиент – терапевт» жұптар былай отырады: клиент қабырғаға қарап, ал терапевт оның артында отырады. Клиентке арналған нұсқау: еркін ассоциациялар тәртібінде кез келген нәрсе туралы айту. Терапевтке арналған нұсқау: мұқият тыңдау, қажет кезде иығын ұстап, қолдау.

Нұсқаудың қарапайымдылығына қарамастан, бұл жаттығуды орындауда клиент күшті эмоцияларды сезінеді. Бұл жағдайда клиент өзімен - өзі қалғандай сезінеді. Клиент рөліндегі қатысушылар өзі үшін мәселелерді тереңінен ашады.

Егер терапевт пен клиент визуалды қатынасқа түссе, клиентте еркін ассоциациялар дағдысы дамымайды, кедергілер пайда болады.

Клиенттің пікірі мен сезімдеріне араласпау керек. Кейде терапевттер өздірінің сезімдерін тасымалдамайды. Бұл клиентті толық түсінуге мүмкіндік бермейді.

Қадағалаушы сұрақ дағдыларын дамыту жаттығуы.

Бұл жаттығу 6-7 адамнан тұратын шағын топтарда орындалады. Қатысушылардың әрбір тобына тән нұсқаулар беріледі: сұрақтарды сұрақ ретінде түсінбеу, сөйлемге аудару.

Олар:


  • Сіз неше жастасыз?

  • Біліміңіз қандай?

  • Отбасы жағдайыңыз (үйленген, тұмыстасыз ба?) қандай?

  • Балаңыз бар ма?

  • Жұмыс істеп жүргеніңізге қанша болды?

  • Пациенттеріңіз қанша?

  • Өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?

  • Мен өз мәселелерімен сіздің есіңізді шығарған шығармын?

  • Мұндай арыздар мен бақытсыз жағдайға қалай шыдайсыз?

  • Мен кеше күні бойы біздің жұмыс туралы ойладым. Сіз гипнозды пайдаланасыз ба?

  • Мен ойланып үлгерген жоқпын. Сіз оны айтып отырсыз. Қалай қолыңыздан келеді?

  • Сіз мұндай мәселеге шалдыққанда не істейсіз?

  • Мен өзімді басқара алмаймын. Маған гипноз қолданыңызшы!

  • Ары қарай қалай өмір сүремін?

  • Маған бір кеңес беріңізші?

  • Менің қылығым дұрыс па?

  • Сіздің сүйікті клиентіңіз бар ма?

Егер алдындағы жаттығуда сөйлеудің қажеті болмаса, онда бұл жаттығуда ақпарат беру қажет. Жеке ақпаратты ашып көрсетпеу үшін, ол бұл сұрақтарды қабылдап, жанама түрде жауап береді. Клиентті дұрыс түсіну үшін терапевт оның сұрақтарынан бас тартпайды, тек қатынас құруға тырысады. Келесі терапевт клиент үшін қатынас кеңістігін сақтау керек. Клиентке уақытты аямау керек.

Бұл жаттығу гипотеза (болжам) және талдау жасау дағдыларын арттыруға бағыттталған. Талдау жасау жағдайға байланысты. Жағдаяттар талдануға сәйкес болған сайын бұл жаттығудың потенциалы жоғары болады.

Жаттығуды орындау кезінде, терапевт кез келген талдау жасайды. Жас терапевттер үшін дағдыны арттырған дұрыс. Клиенттердің сұрақтарын дұрыс қабылдап, кейбіреулеріне ғана жауап беруді білу керек.

Дағдылардың екінші тобы – бұл өзінің уайымдарымен жұмыс істеу дағдылары: оны қадағалау, түсіну және талдай білу. Қатынас теориясы бойынша бұл дағдылар маңызды. Себебі психоаналитикалық талдау клиентпен өзара әрекеттесуге айналады. Психоанализ материалы үшін дәстүрлі әдістен бүгінгі жоспарға көшу, паценттің мінез – құлқының мәселесін қарастыра білу керек. Бұл ақпаратты, пайиентті бақылап және өзінің уайымдарын бақылап алады. Терапевт өзінің мәселелерін біліп түсіну керек. Бұл клиенттің де мәселесін түсінуге мүмкіндік береді. Терапевт өзінің уайымдарын талдағанда, клиентпен өзара әрекеттескенде оның обьекттік қатынасы туралы күшті ақпарат береді.

Бұл бағыт мәселені шешуде тиімді. Жас мамандар (терапевттер) үшін алғашқы қабылдау кәсіби өзіндік бағалау үшін маңызды, тасымалдауды талдау – кәсіби рөлін жақсы өтеу [33].

Тасымалды анықтауға арналған жаттығу.

Бұл жаттығуды үш адам орындайды: «терапевт – клиент –супервизор». Терапевт рөліндегі қатысушылар супервизорды таңдау керек. Жаттығу үш кезеңнен тұрады.

Супервизор бір – бірінен алшақ тұрады. Кеңістік терапиялық кабинетке бөлінеді.

Терапевттерге арналған тапсырмалар: «Клиенттің сезімдерін түсініп диалогқа түсу». Супервизорларға арналған тапсырма: «Терапевттің әр клиентпен өзара әрекеттесуін бақылау. Диалогтағы қиындықтарға назар аудару және уақытты қадағалау».

Клиенттер терапевттерді ауыстырып бар мәселе туралы айтып беруді ұсынылады. Бұл жағдайда бір ғана тақырып қозғалады.

Жаттығудың бір бөлімінде клиент төрт терапевт ауыстырады. Әрбір қабылдаудың ұзақтылығы 7 минут.

Жаттығудың екінші бөлімінде тек терапевт – супервизор жұптары қатысады. Клиент болған қатысушылар демалуды қажет етеді.

Терапевттерге тапсырма: «Супервизорлармен өзара әрекеттесудің күрделі жағдайларын тасымалдау. Мұндай эмоциялық күй мәселеден қалай туындағанын талдау».

Үшінші кезеңді барлық топ талқылайды. Клиенттердің, терапевт және супервизорлардың пікірлері талданады.

Бұл жаттығу «пациенттер мен терапевттердің күшті эмоциялық реакцияларын тударады ».

Өз мәселелерін жасыра алмайтындығын және қиындықтары туралы әңгімелегенде, күшті эмоцияларды сезінетін клиенттер түсінеді. Қауіпсіз жағдайда тақырыпты өзгертуге болады. Ішкі үрдістер динамикасының үздіксіздігі терапевттер ауысқанда, пациенттердің тырысуына байланысты екені анықталады. Терапевт жұмысын талдағанда, өзара әрекеттесуде ғана айырмашылықтар байқалады.

Терапевт үшін бұл жаттығу өте күрделі, оның ішкі тұрақтылығы мен табандылығына жоғары талаптар қояды. Клиенттерді жедел ауыстыру интенсивті эмоциялы реакцияларды тудырып, басқаның мәселесіне еніп кету қаупі туады. Терапевт тақырыптармен дұрыс жұмыс істей алмаса, клиентпен өзара әрекеттесуі бұзылып, мәселе шешілмейді. Мұндай жағдайлар терапевттің де мәселелерін көрсетеді.

Талдауды тасымалдау дағдыларын арттыруға арналған жаттығулар.

Жаттығу жұпта орындалады: «терапевт – пациент».

Бірінші кезеңде пациент өз мәселелері туралы айтады. Терапевт оны мұқият таңдап, әңгіме барысындағы өз сезімдерін қадағалайды. Екінші кезеңде терапевт өзінің эмоциялары туралы айтады, ал пациен үндемей, өзіне түңіліп, бұл сезімдердің өз мәселесінесәйкестігін түсінуге тырысады.

Үшінші кезеңде терапевт сезіміне талқылау жасалады.

Бұл жаттығудың теориясында тасымалдау түсінігі бар:

1) терапевттің өзінің тасымалы (клиент терапевт үшін «жақын дос» ретінде болғанда немесе терапевт клиенттен өзінің бейнесін көргенде);

2) сәйкестік (терапевт пациенттің санадан тыс сезімдерін түсінгенде);

3) және қосымша тасымал (терапевттің клиенттің айналасындағыларының сезімдерін байқағанда).

Тасымалдау терапевттің клиентті түсінуіне байланысты.

Терапевт пациенттің санадан тыс уайым – сезімдерін анықтай алса, онда оның мәселені шешуде ары қарай жұмыс істеуіне түрткі болады.

Терапиялық жағдайды талдау дағдыларын арттыруға арналған жаттығу.

Жаттығу жұпта орындалады: «клиент – терапевт». Бұл кезде клиенттер өздігінен терапевтті таңдайды.

Бірінші кезеңде белгілі бір терапиялық жағдай туындайды, екінші кезеңде қосымша нұсқау беріледі: терапевттің жұмысы мен клиенттің мәселесі қаншалықты байланысты екенін анықтауға тырысу.

Бұл жаттығу терапиялық жағдайды тасымалдауға бағытталған. Ортақ талқылау кезінде жаттығудың қатысушылары мәселелер арасында байланысты анықтайды. Мұнда терапевт не «жақын дос», не «клиент» орнына енеді. Бірінші жағдайда клиент өткен уайымды басынан кешіреді, екінші жағдайда партнерлеріне тән сезімдерді сезінеді.

Терапиялық жағдаятты талдау кезінде басқа нұсқа мүмкін. Мұнда қатысушылар клиентпен терапевттің мәселелерінің сәйкестігін анықтайды. Егер терапевтпен жұмыста клиентте ауыр сезімдер туындаса, онда клиент былай деуі мүмкін: «сен мені түсінеді деп ойлағанмын». Егер терапевт мәселені щеще алса, онда жұмыста жетістіктер болады.

Дағдылардың үшінші тобы. Дағдылардың үшінші тобы шартты түрде дағдылардың белгісі деп аталуы мүмкін. Бұл терапиялық үрдісте белгілерді құрай білу. Белгілер қою – бұл санасыздықтың тілі. Санасыздықтын пайда болуы, (белгілер, түс көру) терапевттің белгілерді пайдалануы санасыздықпен тікелей қатынасқа түсуге мүмкіндік береді.

Белгілерді көру – белгілер жасау үрдісі өте маңызды. Сондықтан жас терапевттер терапиялық материалдардан клиенттердің белгілерін тауып, жұмыста соған сүйену керек.

Мұнда К. Юнгтың түсінігін пайдаланған дұрыс: «сөз немесе бейне бір белгіге » айналады. Бұл неғұрлым кең «санасыз аспект» ол толық түсіндіріліп, нақты анықталмайды. (Юнг, 1971). Бұл көзқарас бойынша клиенттің кез келген метафорасын, ұқсастыруларын, бейнелерін белгілер ретінде қарастыруға болады. Белгілер үрдісі адамға тән болғандықтан, Юнгтің келесі сөздерінде жақсы айтылған: «өсімдік гүл шоғын тудырғандай жанның да өз белгілері болады» [36]

Белгілерді түсіну дағдыларын дамытуға арналған жаттығу.

Жаттығу 6-7 адамнан тұратын, миға шабуыл тәртібінде, шағын топтарда орындалады. әрбір топқа белгілер мен психосоматикалық аурулар жазылған тізім беріледі. Олар бұл белгілердің психологиялық мәнін анықтауға тырысу керек.

Ол үшін қатысушылар психологиялық және физиологиялық үрдістің ұқсастарын іздеу ұсынылады. Бұл кезде олар еркін ассоциацияларды пайдаланады. Аурулар (DSM – III (1980)).



  • семіру – ару;

  • ауа тамырларының демігуі;

  • қан қысымынын жоғарлауы (гипертония);

  • нейродермит және басқа тері аурулары;

  • диабет;

  • ревматизмді артрит;

  • тиреотаксиноз (қалқанша без қызметінің жоғарылауы);

  • жара ауруы;

  • аутоимунды аурулар;

  • остеохондроз.

Тізімде кейбір адамдарға тән, бірақ бұзылыссыз белгілер болуы мүмкін, мысалы:

- тағамды жақсылап шайнап, асықпай тағамдану;

- тамақты дұрыс шайнамай жұту, жылдам тамақтану;

- жиі дөрекі және балағат сөздерді пайдалану [46].

Бұл жаттығу белгілердің негізгі құралы – еркін ассоциацияны арттыруға бағытталған. З.Фрейд еркін ассоциацияны терапиялық іс –тәжірибеге психоанализдің негізгі ережесі ретінде енгізді. К.Юнг жұмысында бұл әдіс ары қарай дами түсті. өзінің міндеттері мен орындау формасына байланысты бұл жаттығу Юнгтін еркін ассоциация бағытына жақын. Кез келген жағдайда бұл пациенттік және терапиялық пікір үшін маңызды дағды. Клиенттік тәжірибе аз болғандықтан, бұл жаттығуда соған сүйенуге болмайды. Берілген тапсырма еркін ассоциацияға үйретеді және қатысушылардың клиенттік міндеттерін шешеді. Жаттығудың топтық формасында қосымша мүмкіндіктер бар.

Психосоматикалық аурулардың мәнін іздеуде қатысушылар азға бұзылыстарын білу керек. Сондықтан топта дәрігер болмаса, өзі жауап беруге дайын болу керек. Психологтардан құралған топтар неғұрлым түсінікті аурулар немесе бөлек белгілерден тұратын тапсырма құру керек.

Сұрақтар қою жаттығуда сияқты, тапсырма белгілер мәнін іздеуде емес, қатысушылар әртүрлі мүмкіндіктер іздеуге бағытталған. Жауаптар нұсқасы көп болған сайын, белгілерді уайымның көрінісі деп қабылдауға болады. әртүрлі пациенттердегі бірдей белгілердің мәні әртүрлі болады. Ал бір пациенттегі әртүрлі белгілердің мәні бір болуы мүмкін.

Тапсырманың неғұрлым қиын нұсқасы – клиентке тән мінез – құлық белгілерін жазу. Мысалы:

- өте жылдам сөйлеу;

- қатынасты аяқтау, қоштаспау;

- қатынасты аяқтау кезінде, ұзақ қоштасу;

- қатынасты аяқтау барысында себеппен немесе себепсіз рахметін айту және т.б.

Бұл жағдайда нұсқау қосымша тұжырымдалады: пациентпен обьекттік қатынас туралы болжам жасау, бұл жаттығу терапевттің сезімдеріне сүйену арқылы орындалады.

Белгілерді құру дағдыларын арттыруға арналған жаттығулар.

Жаттығу жұпта орындалады: «клиент – терапевт». Терапевтке арналған нұсқау: клиенттің сөздерінен уайым – сезімдеріне байланысты бейнелер, ұқсастықтар, салыстыруларды байқап, оларды мүмкіндігінше диалогта пайдалану.

Бұл жаттығу терапиялық диалог барысында клиентпен бірге белгілер құруға үйретеді. Нұсқау нақты емес, себебі бағдарламаға қатысушылар мақсатқа жетудің әртүрлі әдістерін қолданып көру керек. Сонда олар бұл қабілеттіліктердің кеңдігін көре алады. Мұнда клиенттің сөзіне ғана екпінделмей, тікелей сұрақтар да қойылады «Бұл неге ұқсайды?» немесе мынанадай сөйлем: «Бұл қалай? ...» және т.с.с. Ең маңыздысы қатысушылар терапевттің белгілерді пайдалануы кезінде клиенттің эмоциясын байқау керек.

Клиент материал көрсеткенде белгілер мәнін анықтауға арналған жаттығу.

Жаттығу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар жұптарға бөлініп, қандай да бір түстері туралы айтады. Содан кейін партнерлерімен ауысып, тағы түстерін айтып береді. Қай түсті айтуды (өзінің немесе партнердің) өздері таңдайды. Партнердің түсін айтса да, өз атынан айтады. Ары қарай олар тағы да партнерлерімен ауысады. Енді оларда айтатын түс көп. әрбір қатысушы 4-5 түс жинағанша, жаттығу жалғасады.

Екінші кезеңде топ «терапевттер» және «клиенттер» болып бөлінеді. Клиентке нұсқау: кез келген естіген түсті таңдап терапевтке өз атынан айтып беру.

Бұл жаттығуда ұсынылған мәлімет өте кең. Мұндай жаттығуды бірнеше міндеттерді шешу үшін пайдалануға болады. Бұл тренингте осы жаттығу уайымдар белгілерін көруге арналған.

Жаттығу нәтижесі топта қалай талданатынын қарастырайық. Біріншіден, басқа түстермен терапиялық жұмыс өте тиімді. Клиент айтқан түсі қаншалықты бөгде екен деген сұрақ туындайды. Әрине, клиент кез келген 4-5 түстің біреуін таңдай алады. Ол өзінің уайымына сәйкес түсті таңдайды. Юнг түс көру мазмұнына мінездеме береді. Егер біз түсті белгі ретінде қарастырсақ, онда клиент үшін бөтен белгі өзінің белгісі ретінде қабылданады.

Екіншіден, терапевттер бұл жағдайда түстегі әрбір бейне жасырын сезімдер бар екенін біледі. Терапевттің міндеті клиенттің уайымы мен түс бейнелерінің байланысын табу. Терапевт клиенттің не айтқысы келіп тұрғанын байқап анықтау керек. Клиент не туралы айтса да, өзі туралы айтып отыр деп түсіну, бағдарлама қатысушылары үшін маңызды болып табылады. Клиенттің есіне тақырыпты түсірудің қажеті жоқ. Терапевт клиент әлеміне еніп, сол бөтен тақырып ішінде клиентті түсінуге тырысу керек.

Жаттығулардағы дағдыларды және оларды терапиялық үрдісте қолдануды бақылау үшін, үйретудің тағы бір формасы бар. Ол -демонстрация. Демонстрацияда қатысушылар жұбы «терапевт – пациент» терапиялық сессия эпизодтарын ойнайды. Терапевт қиналғанда, топтан көмек сұрай алады немесе жүргізуші өзі тоқтатып, топпен талқылау жүргізеді. Демонстрацияны талдау кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін келесі сызба бойынша жұмыс істеген ыңғайлы.

1. «Пациент»: жұмыс барысында және жұмыстан кейінгі сезімдер. Терапевт қатынасты құрды ма?

2. «Терапевт»: сессия барысындағы сезімі, таңдалмаған терапиялық болжамдар және ары қарай әрекет етудің бағыттары.

3. топта талқылау.

4. «Терапевт»: талқылауда не маңызды болды? Өзіңіз үшін қандай ескерту жасадыңыз?

Қорытындылай келе, психолог психотерапиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру және өткізу барысында талапқа сай этикалық принциптерді сақтау керек және клиенттің (жасөспірімнің) жеке бас ерекшеліктерін ескеруі тиіс [20].


2 бөлім бойыша тұжырымдама

Білім мекемелерінде психологиялык қызметті қалай жүргізуге болатындыгы, жас өспірімдердің жеке басын қалыптастыруда психологиялык кеңес берудің маңыздылығы туралы зерттеулерді О.М.Анисимова, Н.М.Владимирова, М.Д.Дворяшина, М.В.Зюзько, Н.С.Копеина, Б.Б.Коссов, Н.Н.Обозовтардың еңбектерінен кездестіре аламыз.

Қазақстанда осы мэселемен айналысып жүрген Т.А.Абдрашитова (психологиялык кеңес беруді психологиялык белсенді заттарға тәуелді адамдарға қолдану), А.Р.Ерментаева (психологиялык тәжірибенің студенттің субъект-бағдарлы дамуына ықпалы), Е.Г. Ким (оқытуда эриксондық гипнозды қолдану) және т.б. бірқатар зерттеушілердің еңбектерімен таныспыз. Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялык тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады.

Психологиялық  қызметте  кеңес  беру  бағыты  бойынша  қызметкерлер  нақты  міндеттерді  шешеді:

1.Оқу-тәрбие  мекемелерінің  әкімшілігіне,  мұғалімдерге,  тәрбиешілерге,  ата-аналарға,  мастерлерге  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу  және  бірлесіп  жұмыс  істеу  мәселесі  бойынша  кеңестер  береді.

2.Балаларға  оқу,  жетілу,  өмірлік  және  кәсіби  өз-өзін  анықтау,  ересектермен  және  құрбыларымен  өзара  қарым-қатынас,  өз-өзін  тәрбиелеу  және т.б.  мәселелері  бойынша  жеке  және  топтық  кеңес  беріледі.

3.Жеке  және  топтық  кеңес  беру  арқылы   педагогикалық кеңестерге,  әдістемелік  бірлестіктерге,  жалпы  мектептік  және  кластық  ата-аналар  жиналысына  қатысып,  дәріс  оқу  арқылы  педагогтардың,  ата-аналардың,  мастерлердің,  қоғамдық  өкілдердің  психологиялық  мәдениетінің  жоғары-лауына  септігін  тигізеді.

4. Бала  тағдырында  мүмкін  болатын  өзгерістерді  (арнайы  оқу-тәрбие  мекемелеріне  жіберу,  ата-ана  құқығынан  айыру,  бала  асырап  алу  ж.т.б.) анықтауға  байланысты сәйкес  инстанциялардан  дұрыс  шешім   шығару  мақсатында,  халықтық  соттың,  қамқорлық  көрсету  ұйымдарының  сұранысы  бойынша  баланың  психикалық  жағдайы,  психикалық  даму  ерекшеліктері  туралы  сұрақтар  бойынша  шешім  қабылдаған  кезде  кеңесші-сарапшы ретінде  кеңес  береді.

5.Өзін-өзі басқаруды  ұйымдастыру  сұрақтары  бойынша  нақты  балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас  ерекше-ліктеріне  сәйкестендіріп,  психологиялық  ерекшеліктерінің  негізінде  оқу-тәрбие  шараларын  жоспарлауға  кеңесші  ретінде  қатысады.

Бүгінгі таңда жастар арасындағы өз іс-әрекеттеріне есеп бермей әр түрлі жағдайларға баруының алдын-алу жұмыстарының бірі психотерапиялық кеңес беру жұмыстарын жүйелі, мақсатты түрде жүргізу болып табылады.


3 Психотерапиялық кеңес беру жұмыстарын эксперименттік –зерттеу бөлімі

Психотерапиялық кеңес беру – тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен байланысты әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс. Онда әсер етудің негізгі құралы ұйымдастырылған әңгіме және психотерапиялық жаттығулар болып табылады.

Психотерапиялық кеңес беруде келесі принциптер орындалу керек.



  1. Психолог өте байқампаз болу керек. (Клиентті тоқтатып маңызды ақпаратты сараптайды).

  2. Психологтың іс−әрекеті құрастырмалы (құрастырмалы емес); ол басқа адамға ақылмен әсер етуге тырысады.

  3. Психолог клиенттің мәселесін шеше отырып, оның жағдайын жеңілдетуге тырысады.

  4. Психолог түсіну мен жанашырлық арқылы клиентке ықпал ету керек.

Психотерапиялық кеңес беру бүгінгі таңда жасөспірімдер үшін өте маңызды болып табылады. Жасөспірімдермен жұмыс барысында мектеп психологы олардың кеңеске келу шешімін өз қалауына қарай қабылдауын қолдайды.

Алайда, қарым−қатынастағы қақтығыстар мен дағдарыс жағдайын басқа да, жасөспірімнің өзі сезінбей жүрген мәселелер де болады. Бұл мәселе жеке бастың өзіндік санасына байланысты. Жасөспірім бұл мәселелерді шешу үшін оны көріп тануға және сезінуге үйрену керек. Сондықтан, мектеп психологы жасөспірімдерге жекелей және топтық формада психотерапиялық кеңес береді.


Зерттеу базасы Семей қаласының № 38 жалпы орта білім беретін мектеп − лицейі, ал зерттеу объектісі 10-11 сынып оқушылары.

Психотерапиялық кеңес беруде психодиагностикалық, психотерапиялық әдістерді пайдаландық.


Зерттеу бөлімі үш кезеңді қамтыды:

І-ші кезең: Анықтаушы

ІІ-ші кезең: Қалыптастырушы

ІІІ-ші кезең: Қорытынды


Г.Айзенктің «Жеке бастың психикалық күйін бағалау» әдістемесі (Қосыша А) арқылы жасөспірімдердің үрейлену, күйзеліс, агрессия және ригидтілік деңгейін анықтадық. Зерттеуге 10-11 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 10 - сыныпта 25, ал 11 - сыныпта 24 оқушы. Зерттеу жұмысының нәтижесінде 10 −сыныпта 1 оқушы, ал 11 - сыныпта 3 оқушының үрейлену, күйзеліс, агрессия және ригидтілік деңгейі жоғары көрсеткішпен анықталды. Нәтижені төменде кесте түрінде көрсетеміз.
Кесте 1 - 10-сынып оқушыларының психикалық күйінің қорытынды кестесі




Оқушының аты−жөнінің бастапқы әрпі

Үрейлену

Күйзеліс

Агрессия

Ригидтілік

Қорытынды және ұсыныстар

1

А. А.

О

О

О

О




2

А. Д.

Ж

Т

Т

Ж




3

А. Р.

Т

Т

О

Т




4

Б. А.

Т

О

Т

Т




5

Д. А.

Ж

Т

О

Ж




6

Қ. Н.

Т

Т

Т

Т




7

Қ. С.

Т

Т

Т

Т




8

Қ. А.

Ж

Ж

Ж

Ж

Психотерапиялық кеңес беру

9

Қ. М.

Т

О

О

О




10

М. М.

Т

Т

Ж

Ж




11

М. А.

Т

Т

О

Т




12

Н. Д.

Ж

О

Ж

О




13

С. М.

Т

Т

О

О




14

С. Е.

Т

Т

Т

Ж




15

С. Н.

О

Т

Ж

Ж




16

С. О.

Ж

О

Т

Ж




17

Т. Т.

Т

О

О

О




18

Т. М.

Ж

О

Т

О




19

Т. Е.

Т

Т

Т

Т




20

Ш. Е.

Т

Т

Т

Т




21

Д. Д.

Ж

О

Т

Т




22

А. А.

Ж

Ж

О

О




23

М. С.

О

О

Т

Т




24

Д. М.

О

О

О

О




25

А. Б.

Т

Т

О

Т




Зерттеу нәтижесінде үрейлену−32% жоғары, күйзеліс− 8% жоғары, агрессия− 16% жоғары және ригидтілік−28% оқушыларда жоғары көрсеткіште болды.

Психотерапиялық көмек тек барлық параметрлер жоғары оқушыға көрсетіледі. Себебі, мұндай оқушыға психологиялық көмек міндетті түрде қажет. Бұл әдістемені жүргізудің тиімділігі төрт критерийдің көрсеткіші анықталады.

Бұл сыныпта бір оқушы психотерапиялық топқа енгізілді.


Сурет 1. 10-сынып оқушылардың психикалық күйінің пайыздық көрсеткіші

Кесте 2 - 11-сынып оқушылардың психикалық күйінің қорытынды кестесі



Оқушының аты−жөні

нің бастапқы әрпі



Үрейлену

Күйзеліс

Агрессия

Ригидтілік

Қорытынды және ұсыныстар

1

А. Б.

Ж

О

Т

Ж




2

А. Б.

Ж

Ж

Ж

Ж

Психотерапиялық кеңес беру

3

А. Д.

Т

Т

Т

Т




4

А. М.

Т

Т

Т

Т




5

А. М.

Т

Т

О

Т




6

А. Ш.

Т

Т

О

О




7

Ғ. Р.

Т

Т

Т

О




8

А. М.

Ж

Т

Т

Т




9

Д. М.

Т

Т

Т

О




10

Е. Е.

Т

Т

Т

Т




11

Ж. Д.

Т

Т

Т

Т




12

Ж. Д.

Т

Т

Т

Т




13

И. Ә.

О

Ж

Ж

Ж




14

Н. А.

Т

Т

Т

Ж




15

С. А.

О

Ж

Ж

Т




16

С. А.

Ж

Т

Т

Т




17

С. Е.

Т

Т

О

Т




18

Т. А.

Т

Т

Т

Т




19

Т. А.

Ж

Ж

Ж

Ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет