Публицистикалық шығармашылық негіздері


Публицистикалық шығармашылық негіздері



бет24/25
Дата31.12.2019
өлшемі2,01 Mb.
#53907
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Публицистикалық

шығармашылық негіздері



типтік оқу бағдарламасы

Көлемі – 3 кредит (135 сағат)

3-семестр
Авторы:

филология ғылымдарының докторы Жақып Б.Ө.

Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы,

профессор Елеукенов Ш.Р.;

тарих ғылымдарының докторы, профессор Қозыбаев С.Қ.

Алғы сөз

Бұл типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік білім стандартының және типтік оқу жоспарының талаптарына толық сәйкес жасалды. Бағдарлама жоғары оқу орындарында кредиттік технология бойынша оқитын, “050504-журна-листика”, “050422-баспа ісі” мамандықтары бойынша дәріс алатын студенттерге арналған. Типтік оқу бағдарламасын жа-сау кезінде әлемдік және отандық публицистика тарихын, теориясын, тәжірибесін зерттеген ғалымдар еңбектері негізге алынды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Әуезов сынды көсемсөз хақында толғамды ой айтқан ұлыларымыздың еңбектері басшылыққа алынды. Профессорлар Қ.Н.Бекхожин, Т.С.Амандосов, Б.Кенжебаев, Т.Қ.Қожакеев, Ш.Р.Елеукенов, К.С.Смайылов, М.К.Барманқұлов, Ә.Ы.Ыдырысов, С.Қ.Қозы-баев, Н.О.Омашев, А.Қ.Егеубаев, М.А.Құл-Мұхаммед, А.С.Сәрсенбаев, Д.Н.Назарбаева, Г.Ж.Ибраева т.б. еңбектеріне сүйендік. АҚШ пен Еуропаның, Ресейдің көптеген зерттеуші-лерінің публицистика туралы тұжырымдары негізге алынды.



Пәннің мақсаты мен міндеттері

Қазақ публицистикасының түпқайнарын айқындап, қалып-тасу, даму арналарын түсіндіріп, публицистикадағы тақырып-тық, проблемалық, жанрлық, пішіндік өзгерістерді біртұтас бірлікте студенттерге түсіндіру – пәннің мақсаты болып табы-лады. Мақсатты ашу үшін мынадай міндеттер алға қойылды:

- публицистика табиғатын айқындап беру;

- публицистика мен көркем әдебиеттің, сондай-ақ публи-цистика мен журналистиканың арақатынасын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету;

- көне түркі жазба ескерткіштеріндегі публицистикалық белгілерді анықтап беру;

- қазақ публицистикасының фольклорлық дәстүрін аңдату;

- жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарындарды айқындап беру;

- шешендік сөздердегі публицистикалық белгілерді көр-сету; публицистикасының жазба публицистикаға көшуіндегі жаңаша көрініс, түр табуындағы ерекшеліктерді саралау;

- қазақ тіліндегі алғашқы қазақ басылымы – “Түркістан уаялаты газіндегі” публицистиканың баспасөзбен тоғысуын байыптап-бағалап беру;

- “Дала уалаяты газетіндегі” көрнекті публицистер шығар-машылығымен таныстыру;

- “Айқап” журналындағы ұлттық публицистиканың алғаш-қы нышандарын, жанрлық, түрлік көріністерді таныту;

- “Қазақ” газетіндегі ұлттық публицистиканың қалыптасу ерекшеліктерін көрсету;

- публицистикадағы шығармашылық даралық ұғымын М.Әуезовтің алғашқы кезеңдегі шығармашылығы негізінде түсіндіру;

- Кеңес дәуіріндегі публицистиканың негізгі даму бағыт-тарын, типологиясын ұғындыру;

- публицистика жанрларын бүгінгі көзқарас тұрғысынан түсіндіру;

- қазақ публицистикасының қалыптасып, даму жолын көр-сету және дәуір-дәуірге бөліп аңдату;

-Тәуелсіздік тұсындағы қазақ публицистикасындағы тақы-рыптық және проблемалық ізденістерді бүгінгі көзқарас тұр-ғысынан жеткізу;

- студенттердің бұл мәселелерді толық түсінуі үшін хрестоматиялық жинақтар мен газет-журналдарда жарияланған публицистикалық шығармалар үлгі ретінде ұсынылады;

- сондай-ақ болашақ мамандарды қазақ публицистика-сының бай мұрасы негізінде жаңа шығармалар жазуға баулу.

Пәннің мазмұны



Кіріспеде оқулықта қозғалатын мәселелердің өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, нысаны мен қамтитын хронологиялық ауқымы, теориялық және методологиялық, теориялық және практикалық маңызы көрсетіледі.

Негізгі бөлім

Публицистика табиғаты




Публицистиканың пайда болуы

Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адам-дардың бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Адамзат қоғамында қарым-қатынас құралы тілдің пайда болуы – публи-цистикаға дейінгі алғашқы құбылыстардың бірі еді.



Шешендік өнердің пайда болуы – публицистикаға негіз болған екінші бір құбылыс болып саналады. Адамзат дамуында жазудың пайда болуы мен дамуы – қазіргі публицистиканың пайда болуына ықпал еткен үшінші құбылыс болып саналады. Қоғамдық маңызды мәселелерді қозғайтын публицистика - бірнеше ғасырлардағы адамзат ақыл-ойының жемісі екендігіне дәріс кезінде көз жеткізіледі.

Журналистика, көркем әдебиет және публицистика


Публицистика деген сөздің шығу төркіні – латынның publicusқоғамдық деген сөзінен шыққан. Владимир Дальдің түсіндірме сөздігінде публицист сөзіне былайша анықтама берілген: “Публицист”, писатель более газетный, журнальный, по современным общим вопросам, по народному праву”. Бұл тақырып аясында публицистикаға анықтама беріледі, оның табиғаты журналистикамен, көркем әдебиетпен байланыста ашылады. Публицистика туралы теориялық ұстанымдар көрсетіледі.

Қазақ публицистикасының

тарихи негіздері

Көне түркі жазба ескерткіштері – публицистика бастаулары

Күлтегін, Тоныкөк, Талас, Енисей ескерткіштеріндегі пуб-лицистикалық белгілер айқындалады. Көне жазбаларда нақты өмірде болған оқиғалар, тұтас шайқастар көріністері, жеңіс пен жеңілістер, құлдырау мен өрлеуден тұратын ерте заманғы саяси ахуал бейнеленеді. Сол дәуірлердегі өмірде болған тарихи шындық баяндалатындықтан, бұл ескерткіштерді – алғашқы публицистикалық жазбалар ретінде қарастыруға толық негіз бар. Көне түріктердің қоғамдық-саяси өмірі туралы нақты дерек, дәйектердің келтірілуі, жаугершілік замандағы жер-су аттары, ру-тайпа аттары мен өмірде болған тарихи тұлғалы адамдардың аттары аталуының өзі – бұл мұраларды публицистикалық жазбаларға жақындата түседі.

Публицистикадағы “факт” терминінің баламасы “оқиға” деген түйіндер айтылып жүр. Күлтегін, Тоныкөк жазбаларын-дағы публицистикалық белгілердің бірі – “осы оқиғалар” дер едік. Ескерткіштерде бірнеше оқиға бірінен кейін бірі хронологиялық нақтылықпен жалғасын тауып отырады. Онда Бумын қаған, Естеми қаған, Елтеріс қаған, Білге қаған, Күлтегін естеліктері уақыт жағынан кезең-кезеңімен, өмірдегі билік құру уақытымен кезеңдестіріліп баяндалады. Тағы бір назар аударарлық жайт Талас және Енисей бойындағы жазбалардың тексі бір-біріне ұқсас келеді.


Батырлар жыры – ауызекі публицистика үлгісі


Қазіргі публицистиканың қайнар көзі жазба әдебиетінен де бұрын пайда болған. Белгілі бір тайпаның көсемі өз сарбаздарының алдында сөйлеп тұрып, оларды ерлік көрсетуге шақырды, батырлық пен батылдықтың нұрын септі, яғни жауынгерлерінің жеңіске деген пікірін қалыптастырды. Елді, жерді қорғауға публицистикалық тұрғыдан әсер етті. Бұл әрине әлдеқайда кешірек пайда болған кәсіби публицистика емес. Бірақ бүгінгі публицистиканың бастау алған тұстары – сол кездер деп айта аламыз. Дәлірек айтқанда публицистиканың бастауы – фольклорда жатыр.

Жалпы публицистикалық сарын дегеніміз – екінші сөзбен айтқанда көне замандағы жазылған шығармалардағы публи-цистикалық белгілер жиынтығы екенін айта кетуіміз керек.

Батырлар жырларында өз елін терең сүю сарыны басым. Мұнда жеке бастың қамынан гөрі әлеуметтік, жалпыхалықтық мүдде алдыңғы шепке шығады. Ел аузына қараған батырлар сөзі, ойы арқылы батырлар жыры өз кезеңінде қоғамдық пікірді қалыптастырып отырған. Қарапайым халық ішінде бел-гілі бір елдік мәселелер туралы қоғамдық пікір қалыптастыру-дың өзі – публицистиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі екендігі белгілі. Орыстың ауыз әдебиетін зерттеуші, академик Б.А.Рыбаковтың: “... жылнама да, батырлар жыры да шындық өмір” – деген пікірі ойымыздың дұрыстығына дәлел болады. Сөйтіп батырлар жыры – қазіргі публицистиканың нағыз бастау, бұлақтарының бірі деп батыл айтуға негіз бар.

Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын


Жыраулар поэзиясындағы басты публицистикалық белгі – оның мемлекетті басқару құралына айналғандығы болып табылады. Жыраулар хан сарайы төңірегінде қызмет етті, көпшілігі әскери жорықтарға бірге шығып, өз көзімен көрген батырлар ерлігін, хандар қаһармандығын, жеңістер мен жеңілістерді, қанды шайқастарды суреттеп жырлады, дәуір үнін, замана шындығын (ХV-ХІХ ғ.ғ.) жеткізді.

Тақырып бойынша Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Жанақ, Ма-хамбет жырларындағы публицистикалық белгілер сараланады.


Шешендік сөздердегі публицистикалық белгілер


Ғалым М.Балақаев пернелі шешендік сөздерді публицис-тиканың сөйлеу ретіндегі түрі, – деп айқын көрсетіп кеткен. Тақырып бойынша шешендік сөздердің дәл осы қыры қарастырылады, Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты шешендердің тарихи шындықты көрсететін асыл сөз маржандарының публицистикалық сипатына мән беріледі.

Қазақ публицистикасының баспасөз бетінде қалыптасуы

Шоқан, Ыбырай, Абай публицистикасы

Ш.Уәлихановтың публицистикалық мақалалары мен очерктері, хаттары. Ы.Алтынсариннің “Оренбургский листок” газетіндегі публицистикалық мақалалары, очерктері мен хаттары. А.Құнанбаевтың қарасөздері – сол заманның ащы шындығы, қоғам көрінісінің, қазақтардың тұрмыс-тіршілігінің айнасы. Абай өлеңдерінің публицистикалық сипаты.


“Түркістан уалаяты газетінде” публицистиканың қалыптасуы


Қазақ тіліндегі алғашқы газеттегі айдарлар. Ондағы публи-цистикалық жырлардың алғашқы көріністері. Газеттің шығару-шылары, редакторлары, авторлары. Заметка, шолу, жолсапар очерктері, мақалалардың тұңғыш жарияланымдары. Сол кезде-гі қоғамдық-саяси ахуалдың баспасөздегі көрінісіне мән беріледі.

“Дала уалаяты газетіндегі” ұлттық публицистика


Қазақ тіліндегі екінші газет Омбыда шығарылды. Газеттің қазақша нұсқасында қазақтың ұлттық публицистикасы қалып-тасты. Екі ғасыр тоғысындағы ірі публицистер Дінмұхаммед Сұлтанғазин, Қорабай Жапанов, Отыншы Әлжанов, Рахымжан Дүйсенбаев, Асылқожа Құрманбаев шығармашылығы жан-жақты ашылады.

“Айқап” журналындағы публицистика


Қазақтың тұңғыш баспа журналы көтерген қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге мән беріледі. ХХ ғасыр басындағы ұлттық публицистиканың ерекшеліктері Мұхаметжан Сералин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов публицистикалық шығармалары негізінде көрсетіледі.

“Қазақ” газетіндегі публицистика


ХХ ғасыр басындағы қазақ саяси өмірі мен қоғамдық ойының белсенді өкілдері осы ұлттық басылым төңірегінде топтасты. “Қазақ” газеті – сол заманның шындық шежіресі, өмірлік айнасы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қалың көпшілікке жол сілтеген, ұлттық сана-сезімді оятуға үлес қо-сып, болашаққа бағыт-бағдар берген қоғамдық ойдың өлшемі еді.

“Қазақ” газетіндегі ұлттық публицистиканың қалыптасуы – Әлихан Бөкейханов, Райымжан Мәрсеков, Ғұмар Қарашев шығармашылығы негізінде көрсетіледі.


Публицистикадағы шығармашылық даралық


Шығармашылық тұлға ретінде ұжымдық және жеке тәжі-рибелердің ауқымынан шығып, жетістіктерге жеткен кез-кел-ген адамды танитын болсақ, белгілі бір саланың шеңберінде, нақты қызмет аясында өзінің жақсы мақсаттарға жеткенін көрсететін, өзінің дәстүрлі мектебі қалыптасқан адамды, жазғандары басқалардан өзгешеленіп, шоқтығы биік тұратын дара шығармашылық иесінің еңбегін ғана шығармашылық даралық ұғымымен астастыра аламыз. Публицистикадағы шығармашылық даралықты автордың өз бейнесі және өзгеше жазу стилі айқындайды. Қазақ публицистикасында өзінің ал-дындағы алыптар шығармашылығынан үйрене отырып, өзіндік публицистік лабораториясын қалыптастырған, әрі өзінен кейін шыққан қазақ публицистеріне үлгі болған Мұхтар Әуезовтің публицистік мектебі. Бұл тақырып аясында М.Әуезовтің “Алаш”, “Сарыарқа”, “Абай”, “Жас азамат”, “Таң”, “Шолпан”, “Ақ жол”, т.б. басылымдарда жарық көрген публицистикалық шығармалары қарастырылады. Сөйтіп М.Әуезовтің өзіндік публицистикалық қолтаңбасы айқындалады.

Қазақ публицистикасының жаңашылдық түрі ретінде дамуы

Кеңес дәуіріндегі публицистика

Бұл тақырып бойынша 1917-1990 жылдар аралығындағы қазақ публицистикасының өсу-өркендеу жолдары қарастыры-лады. Кеңестік дәуірде газет-журналдардың көбеюімен бірге қазақ публицистикасының өрісі кеңейіп, дамудың жаңа сатысына көшті. Бұл кезеңдегі публицистикаға кеңестік кезеңнің саясаты, орыс публицистикасының дамуы ерекше әсер етті. Соның нәтижесінде публицистикадағы пішіндік, жанрлық жаңашылдық белгілер айқын көрініс бере бастады. 20-30 жылдардағы публицистикадағы қоғамдық-саяси бағыт, көркемдік бағыт, сыншылдық, сатиралық бағыт Сәкен Сейфуллин, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин шығарма-шылығы негізінде ашылады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы публицистика, 60-70 жылдардағы публицистика, 80 жылдар-дағы публицистика өзгешеліктері М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, Ә.Нұршайықов, С.Төлешов, Б.Қыдырбекұлы, Ә.Нұрпейісов, З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, Ғ.Қайырбеков, Ш.Мұртаза, К.Смайылов, Қ.Найманбаев, Т.Жанұзақов, О.Бөкеев, А.Сейдімбек, Ж.Елшібеков, М.Қабанбаев, Ж.Аупбаев шығармашылықтары арқылы айқындалады.

Публицистика типологиясы


1. Публицистиканың тектік тұрғыдан алғандағы жүйелерін үш топқа жіктеуге болады: а) ақпараттық-оқиғалы публицис-тика; ә) талдамалы публицистика; б) көркем публицистика.

2. Публицистиканың түрлік жағынан алғандағы типология-сы: а) қоғамдық-саяси публицистика; ә) экологиялық публи-цистика; б) моральдық-этикалық публицистика; в) әдеби пуб-лицистика; г) сыни публицистика; ғ) ғылыми-танымдық публицистика.

3. Жанрлық тұрғыдан алғанда, ақпараттық-оқиғалы пуб-лицистика тобына: заметка, есеп, репортаж, сұхбат; талдамалы публицистика тобына: корреспонденция, мақала, шолу, рецен-зия, қамту (обозрение), түсіндірме (комментарий), баспасөзге шолу, хат (эпостолярлық жанр ретінде), саяси портрет, журналистік тексеріс; көркем публицистика тобына: суреттеме, очерк, эссе, фельетон, памфлет жанрларын кіріктіруге болады.

4. Публицистикалық шығармаларды стильдік тұрғыдан:


а) полемикалық (қақпайлы) публицистика; ә) үгітшілік публицистика; б) насихатшылық публицистика; в) сатиралық публицистика; г) эпистолярлық публицистика; ғ) талдамалы-сыни публицистика; д) деректі публицистика; е) іскерлік публицистика деп жіктей аламыз.

5. Бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуына орай: а)газет публицистикасы немесе баспасөздегі публицистика; ә)радиопублицистика; б) телепублицистика; в) фотопублицис-тика; г) кинопублицистика; ғ)интернеттегі публицистика болып жіктеледі.


Тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы

тақырыптық, проблемалық пішіндік ізденістер

Бұл тақырып бойынша азат ойдың, еркін сөздің дәуіріндегі публицистикадағы жаңалықтар қамтылады. Публицистердің бұрын жазуға болмайтын, бұрын айтуға болмайтын мәселе-лерге еркін қалам тербегендігіне назар аударылады. Ел тәуел-сіздігімен бірге мәселенің мәнісін тез ашатын, қоғамдағы оқиға, құбылысқа жедел түрде үн қататын жаңа публицистиканың заманы туғандығына дәлел-дәйектер келтіріледі.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет