«python бағдарламалау» пәні бойынша



Дата03.10.2023
өлшемі0,57 Mb.
#183523
Байланысты:
Шұғыла пайтон зерт 2
Тест-1, 160781, Adil ikt

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс университеті
«IT-инжиниринг» кафедрасы

«PYTHON БАҒДАРЛАМАЛАУ» пәні бойынша
№2 зертханалық жұмыс
Орындаған: Балтабек Шұғыла
Тобы: СИБк 22-2
Қабылдаған: Сейтқали Ғ.

2023ж



Зертханалық жұмыс №2.
СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМДЕР МЕН ПРОГРАММАЛАР
Жұмыстың мақсаты: Компьютерде есептерді шешуге үйрену үшін алдымен қарапайым сызықтық алгоритмдер мен олардың негізінде құрастырылатын программаларды орындауға машықтану.
Сызықтық алгоритм дегеніміз есепті шешуге арналған барлық амалдар бір тізбек бойынша, тек бір бағытта орындалатын есептеу процесі. Мұндай алгоритмнің негізінде құрастырылған программаның операторларының орындалу тәртібі жазылу тәртібімен бірдей болады. Ондай алгоритмді орындау үшін меншіктеу, енгізу және шығару операторларымен шектелуге болады.
Мысал 1. Қабырғалары берілген үшбұрыштың периметрін табу алгоритмі. Математика пәнінен белгілі тәртіп бойынша, алдымен қабырғалардың мәндерінің үшбұрыш құрайтындығын тексеру керек. Осыдан кейін оның алгоритмін келесі түрде сипаттауға болады.
1. Берілген үшбұрыштың қабырғаларының мәндерін 𝑎, 𝑏, 𝑐 компьютер жадына енгізу.
2. Үшбұрыштың периметрін есептеу
𝑝 = 𝑎 + 𝑏 + 𝑐.
3. Есептің нәтижесін экранға шығару.
a=4 b=6 c=5 p=a+b+c print('p=',p)
Нәтижесі:
p= 15
Мысал 2. Куб қабырғасының ұзындығы a берілген. Кубтың көлемі V = a 3 мен оның ауданын S = 6·a 2 табыңыз
Енді осы амалдардың компьютерде орындалуы қарастырылсын:
a = 5
V = a*a*a
S = 6*a*a
print(V)
print(S)
Мысал 3. Берілген арифметикалық өрнектің мәнін есептеу. Тұрақты әрі белгілі шамалар 𝑎,𝑏,𝑐 мен мәні енгізілетін шама 𝑥 үшін келесі функцияның мәнін есептеу керек болсын:
𝑦 = 𝑎 ∙ 𝑥 2 +𝑏 ∙ 𝑥 + 𝑐.
Енді осы амалдардың компьютерде орындалуы қарастырылсын:
a=5
b=7
c=9
x=3
y=a*x*x+b*x+c
print(x,y)
Мысал 4. Жоғарыда көрсетілген 𝑦 = 𝑎 ∙ 𝑥 2 +𝑏 ∙ 𝑥 + 𝑐 функциясының айнымалыларының мәнін пернетақтадан енгізу арқылы есептеу бағдарламасын қарастырайық
a = int( input())
b = int( input())
c = int( input())
x = int( input())
y=a*x*x+b*x+c
print(x,y)
Мысал 5. Қарапайым пайыз бойынша депозитке салынған ақшаның алғашқы мөлшері екі жылдан кейін қаншаға тең болатынын есептеу. Ол есептеудің формуласы белгілі:
summa = summa ∗ (1 + r ∗ n), мұндағы r = 5% −жылдық пайыз мөлшері, summa =1000 – депозитке салынған ақшаның алғашқы мөлшері. Екі year=2 жылдан кейінгі ақшаның мөлшерін табу үшін келесі амалдар орындалады:
summa =1000
rate = 0.05
year = 2
summa = summa*(1+year*rate)
print(summa)
Нәтиже: 1100.0
Осы мысалдарда келтірілген алгоритмдердің операцияларының жазылу тәртібі бойынша, ешбір ауытқусыз орындалады. Әрине, практикада мұндай алгоритмдер таза күйінде кездеспейді; олар күрделі алгоритмдердің құрамында ғана болады.
Мысал 6. Күрделі пайыз бойынша депозитке салынған ақшаның үш жылдан кейінгі шамасын анықтау керек болсын. Есептеу формуласы келесі:
summa = summa ∗ (1 + 𝑟)𝑛, мұндағы r = 5% −жылдық пайыз мөлшері, summa =1000 – депозитке салынған ақшаның алғашқы мөлшері. Үш year=3 жылдан кейінгі ақшаның мөлшерін табу үшін келесі амалдар орындалады: summa=1000
rate=0.05
year=3
summa=summa*(1+rate)**year
print(summa)
Есептеудің нәтижесі: 1157.6250000000002

Өзіндік жұмыс



Бақылау сұрақтары:


1. Сызықтық алгоритмдердегі операциялардың орындалу тәртібі қандай?
2. Меншіктеу операторы қандай амалдарды орындайды?
3. Алгоритмдік тілде қолданылатын шығару операторы қандай түрде жазылады?

1. А лгоритмнің басы


Мәліметтерді енгізу
Меншіктеу
Нәтижелерді шығару
Алгоритмнің соңы

2. Меншіктеу операторы.Кез келген программалау тілінің негізгі операторларының бірі болып меншіктеу операторы саналады. Меншіктеу белгісі (:=). Бұл оператор бойьінша берілген өрнектің нәтижесі табылып, оның мәні белгілі бір айнымалыға меншіктелінеді. Айнымалы меншіктеу белгісінің (:=) сол жағына, өрнек оң жағына жазылады-


Жазылу жалпы түрі: <айнымалы>:= <өрнек>;

3. print(“”)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет