ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек


Амбулаториялық-емханалық деңгейде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру



бет3/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
аку 2
Сөйлем мүшелері, приложение, Заметка 3 июня 2023 г.15 40 55, Question 1, АФО стомат 2016
Амбулаториялық-емханалық деңгейде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
11. Амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмек амбулаторияларда, емханаларда, соның ішінде МСАК және КДК көрсететін медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.
12. Акушер-гинеколог дәрігер әйелдерге жүктілік кезінде, босанудан кейінгі кезеңде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетеді және отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулығын сақтау, көбею жүйесінің гинекологиялық ауруларын алдын-алу, анықтау және емдеу бойынша қызметтерді мынандай жолмен ұсынады: 
1) "қауіп факторлары бойынша" жүкті әйелдерді 5 топқа бөле отырып, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде асқынуларды алдын алу және ерте анықтау мақсатында диспансерлік бақылау жүргізеді;
2) пренаталдық скрининг жүргізу – жатыр ішіндегі ұрықтың хромосомалық патологиясы және туа біткен даму кемістіктері (бұдан әрі – ТДК) бойынша қауіп топтарын анықтау мақсатында жүкті әйелдерді жаппай кешенді зерттеп-қарау жүргізеді;
3) перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидаттарын сақтай отырып, экстрагениталдық патологиямен күндізгі стационарларға, перзентхананың жүкті әйелдер патологиясы бөлімшелеріне, бейінді емдеу мекемелеріне уақтылы емдеуге жатқызуды қажет ететін жүкті әйелдерді анықтайды;
4) жүкті, босанатын және босанған әйелдерді медициналық байқаумен жоғары мамандандырылған көмек алу үшін республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарға жібереді;
5) босануға, оның ішінде серіктестік босануларға дайындау бойынша жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі оқытуды жүргізеді, жүктіліктің қауіп белгілері, тиімді перинаталдық технологиялар, ана болу қауіпсіздігі, емшек сүтімен қоректендіру және перинаталдық күтім қағидаттары туралы ақпараттандырады;
6) көрсетілімдер бойынша жүкті және босанатын әйелдердің патронажын жүргізеді;
7) отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультация беріп, қызмет көрсетеді;
8) бейінді мамандарға жіберу үшін жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (бұдан әрі – ЖЖБИ) анықтайды және алдын-алу туралы ақпараттандырады; 
9) экстрагениталдық, гинекологиялық патологияларды уақтылы анықтау және оларды диспансерлік есепке алу үшін қосымша әдістерді пайдалану және бейінді мамандарды тартумен терең зерттеп-қарау қажеттілігі бар фертильдік жастағы әйелдерді зерттеп-қарайды;
10) зерттеп-қарау нәтижелері бойынша әйелді жоспарланатын жүктілікке уақтылы дайындау үшін соматикалық денсаулығының жағдайына қарай динамикалық байқау топтарына бөледі;
11) экстрагениталдық ауруларды ерте анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық қарап-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
12) гинекологиялық аурулары бар науқастарды заманауи медициналық технологияларды пайдалана отырып зерттеп-қарайды және емдейді;
13) мамандандырылған медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызуға дайындау үшін гинекологиялық аурулары бар науқастарды анықтап және зерттеп-қарайды;
14) оңалту және санаторийлік-курорттық емдеуді қоса алғанда, гинекологиялық аурулар бар науқастарды диспансерлік есепке алады;
15) заманауи медициналық технологияларды пайдалана отырып, шағын гинекологиялық операцияларды жасайды;
17) жүктілік, туу және гинекологиялық аурулар бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізеді, жұмыскерді денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа ауыстырудың уақытша немесе тұрақты мерзімдерін анықтайды, еңбекке жарамдылықты тұрақты жоғалту белгілері бар әйелдерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдайды. 
19) персонал мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, инфекцияның таралуының алдын алу үшін санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындайды;
20) ақпараттандыру саласында іс-шаралар өткізу және саламатты өмір салтының әртүрлі аспектілері бойынша халықтың санитариялық мәдениетін арттыру, әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, емшек сүтімен қоректендіру, отбасын жоспарлау, аборттар мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, соның ішінде АИТВ-инфекциясы және басқа әлеуметтік мәні бар аурулар профилактикасын жүргізеді;
21) акушерлік-гинекологиялық бөлімшелер (кабинет) жұмысының көрсеткіштеріне талдау жасап, статистикалық есепті, медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын бағалауды жүргізеді, акушерлік-гинекологиялық көмекті жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
22) халықпен, дәрігерлермен және акушерлермен жеке және топтық әңгімелесулер, дәрістер, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар (теледидар, радио және интернет) білім беру жұмыстарын жүргізеді. Білім беру жұмысын жүргізу саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен бірлесіп жүзеге асырылады. Атқарылған жұмыстарды есепке алу медициналық ұйымдардың ақпараттық-білім беру жұмысын тіркеу журналында № 907 бұйрықпен бекітілген 038-1/е нысаны бойынша тіркеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет